Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақ хандығы – Тәуеліз Қазақстанның негізі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы : Қазақ хандығы – Тәуеліз Қазақстанның негізі
Мақсаты:
Қазақ хандығының құрылу тарихы мен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру. Керей мен Жәнібек ханның билік саясатына түсінік беру.Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Көрнекі- құралдар: Интерактивті тақта, музыкалық аспаптар
Көрініс. «Сұлтандар
кеңесі»
/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ
ақсүйектер кіреді/
— Ассалаумағалейкум, ағалар.
— Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.
Ақсүйектер басшысы:- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді
бей – берекетсіздік басып алды. Хан — екем соғыстарды үдетіп,
салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды қудалау негізінде
ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме
екен?
Жәнібек:- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар
мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн
келді.
Керей: — Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді,
соңымыздан ереді деп сенемін.
Жәнібек:- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура
келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан
тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына
қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол
тартсақ қайтеді?
Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен
бірігейік.
Сұлтандар: — Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен
біргеміз
Автор сөзі сонымен Керей мен Жәнібек сұлтандар Моғолстанға бет алды.
Сахнаға Есен-бұға, ақсақалдар
мен билері шығып отырады.
Уәзір: Алдияр тақсыр, сізге Әбілқайыр хандығынан Керей мен Жәнібек
сұлтандар келіп тұр.
Есен-бұға: Кірсін!
Керей мен Жәнібек: Ассалаумағалейкум! – деп бастарын иіп
амандасады.
Есен-бұға: Келген шаруаларыңды айтыңдар!
Керей: Ойраттардан жеңілген Әбілқайыр хан ашу-ызасын қол астындағы
халықтардан алып, жазалай бастады.
Жәнібек: Салықты көбейтіп, тайпамыздың берекесін алуда.
Керей: Сондықтан да біз, бауырымыз Жәнібек екеуіміз, сізге
бұйымтаймен келіп отырмыз.
Есен-бұға: Бұйымтайың болса айт!
Керей: Бір аймағыңыздан бізге жер бөліп берсеңіз, сол жерде
өзіміздің тайпамызбен қоныстанып, өсіп-өнсек деген ойдамыз.
Есен-бұға: Керей, Жәнібек, мен өзімнің ақсақал, сұлтандарыммен
ақылдасайын. Сендер барып демалыңдар!(Керей мен Жәнібек шығып
кетеді)
Есен-бұға: Қандай ойда болып отырсыңдар?
1 Ақсақал: Жер халықтың байлығы, оны ешкімге беруге болмайды.
2 Ақсақал: Осы жолы ығысып Керей мен Жәнібекке орын берсек,
ертелі-кеш сол жақсылығымыз өзімізге қайтып келер.
3 Ақсақал: Әбілқайырдан өш алар кез келді! Шекарамыздың батыс
аумағын қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек, мұндай ұсынысты біз
өз пайдамызға пайдалануға болады.
Есен-бұға:Әбілқайыр менің
жауым. Яғни менің жауымның жауы – менің досым. Шу мен Талас
өзенінің бойындағы Қозыбасы жері солардың қоныстары болсын деп
ұйғардым. Шақырыңдар, Керей мен Жәнібекті!
Уәзір: Керей, Жәнібек сұлтандар, кіріңіздер!
Есен-бұға: Ойлана, ақылдаса келе былай шештік: Шу мен Талас
өзенінің бойындағы Қозыбасы аумағы сендердің мекендерің болсын!
Керей: Алдияр, біз бұл жерді құт мекенге айналдырамыз.
(Есен-бұға, ақсақалдар мен нөкерлері шығып кетеді)
Жәнібек: Уа, Сүйінші, халқым! Көптен күткен арманымыз орындалды.
Бір ту астына жиналар күн туды!
(Сахнада халық мәре-сәре болып бірін-бірін құттықтап
жатады). Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға
шыққалы тұрмыз. Өзіңіз бір бата беріңіз.
Керей:
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кертілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат — көлігің арымай,
Отбасыңмен аман — есен табысқын.
Әумин.
Жүргізуші
Армысыздар осы кештің қонақтары
Халқымның ашық болсын атар таңы
«Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл атты кешіміздің
Беделін көтерейік тарихтағы.
Жүргізуші
Сәлем бердік кешіміздің көрермені
Қазақтың ол анық қой өнер кені
Тарихи кешімізге қош келдіңіз
Алдарыңда болашақтың өрендері
Жүргізуші
Гимн
Елбасы 2015 жыл — ұлттық
тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы
Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен
Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап
өтудеміз.
1 —оқушы Ұлдана 9
б Ия, сонымен Керей мен Жәнібек
бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды. Ол туралы
тарихшыларымыздың айтқандарына құлақ түрсек.
Мұхаммед бен Уәли былай дейді: «Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақ
аймағында өз жауларының балаларын жеңіп шыққан кезде Жошы ханның
ұлы Тоқа Темір хан ұрпақтарының кейбіреулері, мысалы Керей мен
Жәнібек бағыну мен мойынсыну шеңберінен шығып, отанынан кетіп
қалғанды жөн көрді. Олар бабаларынан мұраға алған елден бас тартып
жат жерге апаратын жолға шықты. Мойындауға лайықты адамдар тобымен
олар Моғолстанға апаратын жолды таңдап
алды.»
2 оқушы Жанар 8а М. Х. Дулати: «Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек пен Керей одан Моғолстанға көшіп кетті. Есен Бұға оларды шын ықыласпен қарсы алып, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу мен Қозыбасы округін берді. Әбілқайыр өлген соң Өзбек ұлысы бұзылып сала берді.. Оның көп бөлігі Керей мен Жәнібек хандарға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Олар енді өзбек — қазақтар деп аталатын болды. 870 жыл қазіргі біздің жыл санауымыздың 1465 — 1466 жылдары.
1 —
жүргізуші:
1465 — 1466 жылдары Керей мен
Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы
қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі
қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта — үмітін жүзеге
асырды.
2 —
жүргізуші:
Екіншіден, суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың
қазақтың мақтанышына айналды.
Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде:
«Жетісудың ағашының басы жеміс екен» десе, екі сұлтан келіп
орналасқан жер Шу туралы: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты. Мына ну
қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген
екен.
Ән Ерліктің орындауында «Қазақстан»
Жүргізуші Халқымыздың тарихында ел үшін ұрпағының болашағы үшін алысып өткен хандар мен билер, батырлар, кемеңгер ойшылдар көп болған,ең бастысы олар от ауызды орақ тілді, ақылы асып туған ерлер болып бізге танылды.
Айгерім 8б
Ежелден ел мақтаны,жыр дастаны,
Арайлы шуақ тұнған нұрлы аспаны
Атанған жер жанаты Жетісуым
Ақынның өзіңменен сырлас жаны.
Атыңнан айналайын,жерім,нұрым,
Жанардан алаулатқан көңіл гүлін.
Бергендей табиғаттың өзі дағы,
Құлпырған келбетіңе көрімдігім.
Айдана 8б
Пай!Пай!Пай! киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүрілдеп төккен жер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.
Сарылып сал-сері кеткен жер,
Басиіп,иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
Қастер 7б
Керей хан боп аталды алты алашқа,
Ғаділдіктен тарқады әрбір нұсқа,
Ханның әділ болғаны елдің бағы,
Мінезі өзгермейді жазы қыста.
Елдің басын құрады,ердің басын,
Шақырып берекеге ықыласын.
Ерте ойлап,әрбір істі алдын болжап
Кеңесіп пішуші еді істің басын.
Жүргізуші
Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас қазақ даласы, Қазақ жері , Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңізші. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз.
Жүргізуші Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымыз бен ар – ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметіміз деп қабыл алыңыздар
Рухы мен тілін жанындай
сүйген,
Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,
Аталар болды алаулы.
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсың естен,
Тағдыры шыншыл аталар
Ақмерей 8а
Ұлы боп көк тәңірдің саналатын
Орындап сол тәңірдің аманатын
Мәңгілік ел болуды мұрат етіп,
Бумын құрған Түріктің ұағанатын
Жауларын айбарымен алжастырған
Бумын ісін істемес жалғастырған
Тоз тоз болған халықтың басын қосып
Ұлы Түрік қағанатын заңдастырған
Армандап Түрік елін бай болсын деп
Төрт түлігі әмәнда сай болсын деп
Халқының киімі көк, қарыны тоқ,
Елі бейбіт, көңілі жай болсын деп
Сол үшін ұзақ түндер ұйықтамаған,
Қара бастың қамын еш құнттамаған
Батыр бабам Күлтегін, Тоныкөктер
Жорықтарда тамшы су ұрттамаған
Түрік жұрты осылай өсіп – өнген,
Ынтымағы жарасып жауды жеңген.
Билік- таққа таласқан аға –бауыр,
Ақыры Қағанатты екі бөлген.
Мадияр 7б
Кезінде жарты әлемді билеп тұрған,
Бірлігіне басқалар құлдық ұрған.
Ыдырап Ұлы түрік қағанаты,
Ру- тайпа өзінше хандық құрған.
Айрылып айбынды түр келбетінде
Бөрі жеп бөлінгенді әр шетінен.
Жойылды Шыңғыс ханның жорығында,
Қалалар Отырардай жер бетінен.
Түріктің бір бұтағы қазақ
еді,
Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында
Жетісу, жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында.
Ерлан 7 а
Жетісуым, жерің,таулы,далаң жаз
Көлдеріңде қиқулаған балаң қаз.
Көріктісі-ай,көкорайлы алқаптың,
Көрген сайын көңіл шалқып,болам мәз.
Көк орманға құстар қонса дүрлігіп,
Күн сәулесі жапырағыңда тұр күліп.
Ақ көңіл ғой аңқылдаған бұл далам,
Ақынынан көрген емес сыр бүгіп.
Жүргізуші
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт береке қашпасын деп,
Еліміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Басымыздан сөз асырмаған елміз
Жүргізуші
Әр адамзаттың қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің ата мекенін қалай білуімен өлшенбек. Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қашанда отаншыл, ұлтжанды болмақ.
1-жүргізуші: Жетісудың оңтүстік батысындағы Қозыбасы тауы мен Үшқоңыр жайлауы Керей ханның жайлауы болса,Елбасымыз Н.Назарбаевтың да әнге қосқан туған топырағы.
Талап Парасаттың орындауында «Үшқоңыр» әнін қабыл алыңыздар
Диана
Біз қазақпыз!
Ежелден-ақ қазақ болып аталған
Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң.
Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от
Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан
Біз қазақ ежелден-ақ ел боп келдік,
Ел қорғауда жасадық сан мың ерлік
Болашақтың атар деп жарқын таңы
Ұрпақ үшін тозақтың отын көрдік
Қалмаққа барлық қазақ қарсы тұрды,
Бас қосып хан мен билер ақыл құрды
Орыс, қытай, қалмақтан аман шығар.
Ұлт тағдырын ойлайтұғын күн туды.
Тарихта хандық құрған Керей, Жәнібек
Халық баға береді әділ хан деп
Бар қазақтың алғашқы ханы болған
Керей ханның билікте аты ерек.
2 - оқушы:
Дулат
Шайбани Әбілқайырға сақтама кек,
Ұлы көшті бастады Керей, Жәнібек
Болашақты бастаған оны өзгерткен
Ұрпақтары ұлыларға табына бермек.
Батыстан шекара Жайықтан қайтты,
Ұлы Қасым хандықтың жерін ұлғайтты.
Тәукенің заманында дана халқымыз
Алтын ғасыр болады деп тауып айтты.
Мәмілеге көреген хандар тұсында
Қазақ жері кетпеді жау уысында
Керісінше, Мәскеумен көрші елдермен
Қарым-қатынас орнатты Қасым тұсында.
3-
оқушы: Диана 8б
Хандардың қайсысын айтпасақта бүгін
Аспанда бұлт тарқап ашылды күн
Олардың ерліктерін мәңгі жырласаң
Мәңгілік ел болуға лайықпыз, мүмкін
Қосқолан тауында жау әскерімен мол
Жеңіске сеніммен бастап келді қол
Он есе көп жауға тойтарыс берді
Салқам Жәңгір, батырлар, Орбұлақта сол
Ол хандар мәңгілік қалды тарихта
Ол хандар қалмады қиыннан ықта
Әліде тереңірек зерттесек тағы
Ашылады тарихтың қарасы ағы
Қазақтың хандары мәңгілік мақтаныш
Халқының ерлігінен алып жігер-күш
Олар заңгер, саясаткер, олар қолбасшы
Халқын біріктірді, жүзге бөлмей үш.
1-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым
алыс
Біздің жаққа келген екен жылы ағыс
Хандық құрып жеткен екен мұратқа
О, халайық ,құтты болсын қуаныш!
Ән «Қазақтай ел қайда» Парасат
2 –жүргізуші Керей мен Жәнібектен кейінгі хандар да мемелекет іргесін нығайтып, туған халқының сүйіспеншілігіне бөленіп, хандықтың туын жықпауға тырысты.
Жұлдыз Арайлым10б
Хан өтпес әділдікте Қасым ханнан
Атадан арналғандай озып туған.
Аталып «Қасым ханның қасқа жолы»
Мұра боп кейінгіге содан қалған.
Жәнібек ханның ұлы Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына тәуелсіз,дербес мемлекет есебінде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгілі болды
Альфия 8а
Аталып Тәуке хан боп ел биледі,
Айырмай жарлыы, бай деп тең биледі.
Артық қайрат,тапқыр ой болғандықтан,
Ешкім деп айта алған жоқ кем биледі.
1680-1715 жылдары хан болған Әз-Тәуке көреген саясаткер,ақылды, дипломат,құдіретті хан болды.Тәуке ханның өзіне дейінгілерден айырмашылығы хандықты ерекше әлеуметтік топты құрайтын билердің көмегімен өз үстемдігін нығайтты.
Арайлым10б
Күңіреніп ойлағанда Алаш жайын,
Жанымды орай берсе ұлы уайым,
Кеудемде күннің нұры толғандай боп
Жырлаймын алты алаштың Абылайын.
Абылай хан өз заманының көреген де ақылды саясаткері,даңқты батыры,өткір ойлы дарынды дипломаты болған болған.Ол өзінің білгір ішкі сыртқы саясатымен Қазақ хандығын мықты да біртұтас мемлекетке айналдырды.Қазақ халқының мерейі мен рухын көтерді.
2-жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін
бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата-баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі
Қизат
Айдана 9 а
Құрманғазының күйі «Адай»
орындайтын Талап Парасат
Мақпал
9б
Бұл жарыққа аяқ басып туған
жер
Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер
Жастық – алтын, қайтып келмес күнімде
Ойын–ойнап, шыбын–шіркей қуған жер.
Жаратылдым топырағыңнан, сен–түбім
Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан–тәнім
Сенен басқа жерде маған қараңғы,
Жарық болар Шолпан, Айым, сен–күнім
Тәтті суың дәмі аузынан еш кетпес
Қалың нуың, қыр суыңа жер жетпес
Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы
Жазу болып адамзатқа ер жетпес
Балақ түріп, қозы қуып, жарысып,
Батпағыңда тең құрбымен алысып,
Түнде – ақсүйек, алтыбақан, ал күндіз
Үйретем деп асау тайға жабысып.
«Адам басы – Алла добы» деген рас
Қалай қуса, солай кетпек сорлы бас
Кім біледі, мен де шетке кетермін
Туған жерім, сені тастап басым жас.
Лейла
Біз қазақ еліміз бастан не
көрмеген
Намысын қолынан ешкімге бермеген
Тұс-тұстан анталап көз сүзген жаулардан
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.
Төрімде жерімнің байрағым желбіреп,
Тұп-тұнық тұрады аспаным мөлдіреп
Қазақтың тілері ата жол салтымен
Достасу, танысу әр елдің халқымен
Қонақжай халқымыз, жомартпыз, дарханбыз
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз
Таныған жұмыр жер алаштың баласын
Қазақтың елімен даңқты даласын
Зияда
Еркіндігім
Қасиеттім
Қастерлім
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
- Уа, Еркіндік, қош келдің!
Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадіріңде жоқ онда!
... Саған жету қиын болса қаншалық
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған,
Оған да!
Уа, Еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенің, менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын –
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!
Жүргізуші 8 а сынып оқушылары Альфия мен
Жұлдыздың орындауында «Ата толғау» биін
тамашалаңыздар
Жүргізуші Арманы жүзеге асып
бабалардың,
Рухы асқақтады даналардың.
Есімі қайта қауышты ұрпағымен ,
Нақақтан шейіт болған ағалардың.
Жүргізуші
Аманаты Абылайдың орындалды,
Әлемге қазақ елі мойындалды.
Тілі діні, дәстүрі халқымыздың,
Төрінен лайықты орын алды
Алиби
Қазақта ең бірінші батыр да өткен,
Қазақта ең бірінші ақын да өткен.
Қазақтың ең бірінші ханы да бар
Ең алғаш тақтың дәмін татып өткен
Ел болдың, ерік алдың астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Нұрсұлтанның атымен басталады
Назым
Нұрсұлтан-Елбасымыз көш бастаған
Ардақтап жырына атын қоспас па адам
Асылдың сынығысың таза гауһар
Ешқашан абыройын тот баспаған,
Бағаламай болмайды ер еңбегін
Өзіңсің күллі әлемде еленгенім,
Қазақ елі гүлденді жасыл байтақ
Болған соң Нұрсұлтандай кемеңгерім.
Самғар
Тәуелсіздік! Тәу етем,һақ тағалам
Сенің биік төбеңнен бақ тараған
Тіл мен көзден сақтасын бір өзіңді
Өткен-кеткен саған бір жалт қараған.
Сенде қаны бабамның,ағалардың,
Сені сом алтынға мен бағалармын
Баға жетпес қадірің,қасиетің,
Мекені қазақ елі даналардың
Беу,азаттық, киелім орның көкте
Мен Тәуелсіздік гүлдерін үстіп өпкем.
Еңбек пен білімі тасқындаған,
Біз жетейік сол елге күшті көппен.
Оң шапақты шадыман Тәуелсіздік,
Сен үшін біз талай жыр, әуен сыздық
Мәңгілік ел шырағы сөнбейтіндей
Көрінетін болайық әлем-үздік.
1-жүргізуші: Қазақ халқының бүгінгі қол жеткізіп отырған тәуелсіздігі бізге көктен түсе қалған сый емес.Тәуелсіздік дегенде ұлан-байтақ жерімізді анталаған жауларынан қызғыш құстай қорғап, ат үстінде арыстандай арпалысып өткен асыл бабаларымыздың аманаты. Ұшқан құстың қанаты талатын, қазақтың байтақ даласын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен алған.
Арман
11б Мен қазақпын
Арайлымның орындауында «Көк тудың желбірегені» әнін қабыл
алыңыздар.
Жүргізуші
Өркендеп алға басты Қазақстан,
Бақ құсы қайта қонды қолдан ұшқан.
Қуатты, берекелі, бейбіт елмен,
Санасатын болды енді дос пен дұшпан.
Жүргізуші
Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,
Бір мүдде, бір мақсат алдына қойғаны.
Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,
Тәуелсіз Мәңгілік ел болу арманы
Сол күндер ғой жүректің
аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады.
1-жүргізуші:
Азат өлкем күндей күлген
шығыстан
Асыл елім жан жүректі ұғысқан
Ата-бабам аңсап өткен бақытым
Айналайын, байтақ елім Қазақстан!
Хор «Атамекен» әні
2-жүргізуші: Осымен « Қазақ хандығы –Тәуелсіз Қазақстанның негізі»
атты кешіміз аяқталды. Алып бәйтеректей тамырын тереңге жайған
Қазақ мемлекетінің келешегі кемел, болашағы жарқын болсын. Қош сау
болыңыздар.