Материалдар / Қазақ жазуын латын грфикасына көшіруде әлемдік оң тәжірибеге сүйену.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ жазуын латын грфикасына көшіруде әлемдік оң тәжірибеге сүйену.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жазу – адамзат ақыл-ойының үлкен жетістігі. Кез-келген халықтың тарихы жазба тілмен тікелей байланысты қалыптасып, барлық рухани және материалдық құндылықтар деңгейі жазба мәдениетінен көрінетіндіктен жазу тарихы жалпы адамзат тарихының бір саласы ретінде қарастырылады. Әлемдегі бүкіл халықтар секілді қазақ халқы да өзінің тарихи өрлеуі барысында саяси, қоғамдық әлеуметтік жағдайларға байланысты әр түрлі жазу үлгілерін қолданды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Наурыз 2022
428
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақаланың өзектілігі:

Біз, қазақ елі, уақыт көшіне ілесіп, қалып қоймай, әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу үшін, жалпы ұлт ретінде сақталып қаламыз десек, көп кешікпей, әліпбиімізді латын жазуына көшіруіміз керек. Бұл – бүгінгі күннің талабы.

Латын әліпбиіне ауысу – біздің ұлттық санамыздың отарсыздануының бір жолы. Бір ғана мысал, еліміздің латын әрпіндегі транскрипциясын Kazakhstan деп емес, Qazaqstan деп жазған болар едік.



Мақаланың мақсаты:

Қазақ тіл біліміндегі әріптердің айтылу, жазылу құбылыстарын анықтау, олардың латын әліпбиінде қолданылу барысын, оларға толық түсініктеме беру, меңгерту және жалпы қолданысының жолдарын көрсету болып табылады.



Мақаланың міндеті:

Халықты казақ тілі мен латын тілі ерекшеліктері туралы мәліметпен таныстыру.


Мақаланың жаңашылдығы:

Қазақстан 2025 жылы латын графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшеді. Яғни, бірер жылда ана тіліміз бен ұлттық санамызда сілкініс орнататын жүйе іске қосылады. Әрине, бұл жеңіл жүзеге асар дүние емес. Сондықтан да, Елбасы мұны іске асыруға асықпады. Тәуелсіздік алған жиырма алты жылдан кейін ғана әлемде болып жатқан рухани өзгерістерді байыптап, бәсекеге төтеп берудің жолдарын бажайлап, нақты жоспар ұсынды.



Кіріспе

Менің ғылыми ізденушілік тақырыбым «Латын әліпбиіне көшу қажет пе ?» Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім дәл қазіргі уақытта осы тақырып ересектер мен оқушылар арасында көп айтылуда. Мені де осы сұрақ ойландырды. Яғни «Латын әліпбиіне көшу қажет пе?» деген бүгінгі күннің сауалы – ел келешегін ойлаған әрбір азаматтың көкейкесті мәселесі болып отыр. Қолданылып келе жатқан әліпбиімізді латын жазуына ауыстыру бізге не береді, неден ұтамыз, неден ұтыламыз деген секілді сұрақтарға жауап іздеп өз жұмысымды бастап кеттім. Енді сол зерттеулеріме тоқталайын.

13 Қыркүйек 2017 23301 0 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Сондай-ақ, Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті.

Тілдері ұқсас, діні бір, түп негізі ортақ түркі тектес елдер осы күнге дейін әртүрлі әліпбимен жазып келеді, латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес мемлекеттердің жазуы да бірізге түсірілмей келеді, барлығына ортақ әліпби құрастыру (жазу) түркі мемлекеттерінің тарихи, рухани, мәдени байланыстарының нығаюына, ынтымақтастыққа, өзара интеграцияға алып келер еді.

Қандай да істің бастамасында қиындық болатыны белгілі, бірақ әліпби мәселесінде ондай қорқыныш болмауы керек. Себебі бұл бір-екі жылда емес, Тәуелсіздік алған жылдардан бастап сөз болып келе жатыр және Елбасы атап көрсеткендей, оқушылар ағылшын тілін оқу арқылы латын әріптерін меңгерген, ғалымдардың, барша қоғам өкілдерінің көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы қабылдануы керек, жаңа әліпби үйрететін мамандар, оқулықтар дайындалып, бір-екі жылда әдістемелік жұмыстар жүргізіледі. Яғни жаңа әліпбиге көшу бірнеше кезең арқылы жүзеге асады. Ең бастысы, жаңа әліпби төл дыбыстарымыздағы ерекшеліктердің сипатын нақты көрсете алатындай, қазір қолданылып жүрген басы артық әріптерден құтылатындай, орфографиялық заңдылығымыздың табиғатына сай келетіндей болуы керек. Бізден бұрын латын жазуына көшкен түркі халықтарының қателігі бізге сабақ болып, сол қателіктерді қайталамау үшін жаңа қабылдайтын әліпбиіміздің ғылымилығына баса назар аударғанымыз жөн.



Қазақ жазуын латын грфикасына көшіруде әлемдік оң тәжірибеге сүйену.

Жазу – адамзат ақыл-ойының үлкен жетістігі. Кез-келген халықтың тарихы жазба тілмен тікелей байланысты қалыптасып, барлық рухани және материалдық құндылықтар деңгейі жазба мәдениетінен көрінетіндіктен жазу тарихы жалпы адамзат тарихының бір саласы ретінде қарастырылады.

Әлемдегі бүкіл халықтар секілді қазақ халқы да өзінің тарихи өрлеуі барысында саяси, қоғамдық әлеуметтік жағдайларға байланысты әр түрлі жазу үлгілерін қолданды.

Қазақ мәдениеті тарихында алфавит, емле мәселесінің өз орны бар. Өйткені жазу – мәдениеттің ажырамас бір бөлшегі. Жалпы жазу – әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс, адамның рухани байлығының үлкен жетісітігі. Жазусыз мәдениет те, әдебиет те, ғылым да дамымас еді. Оның адамзат өміріндегі маңызын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде атап айтқан.

ХХ ғасыр басында тікелей оқу-ағарту ісімен немесе әдеби­етпен айна­лысқандарды ғана емес, бүкіл қазақ қоғамын алаңдатқан үлкен проблема болды. Қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты 4-5 ғасыр бойы араб жазуын пайдаланды. Көпшілікке мәлім, қазақ жа­зуын (араб гра­фи­касы негізіндегі) басқа графикаға көшіру мәселесі ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бас­тап көтерілген болатын. Сол уақыттағы бас­пасөз беттерінде араб жазуының кемшілік жақтарын, оның түркі тілдеріне жарамсыздығын айтып сынаған мақалалар көптеп кез­де­седі. Кей мақаланың авторлары араб  жазуының қазақ ті­лі­нің ды­быс­тық жүйесін толық бере ал­май­тындығын, бас әріптердің, тыныс белгілерінің жоқ­тығы оқу­да қиындық ту­ғызатынын көрсете келіп, қазақ жазуын жетілдіру керек не басқа алфавит алу керек деген пікір айтады. Қа­зақ оқы­ғандары, оның ішінде Ы.Ал­тын­сарин тәрізді ағар­тушылар, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қа­лыптастыру үшін оның дыбыстық жүйесін дұрыс бере алатын жаңа ал­фавит қабыл­дау­ды, не осы жазуды біраз жетілдіруді күн тәртібіне  қоя  бастады. Міне, осы пікір ағымын өз мақ­сат­та­рына шеберлікпен пайдаланған Н.И.Ильминский бас­таған мис­сио­нерлер араб жазуының кемшілік­терін сынай отырып, қазақ жа­зуын бірден орыс графикасына көшіру идеясын қызу уағызда­ды.

Араб жазуын жетілдіру не басқа графикамен алмастыру мәселесі ХІХ ға­сырдың екінші жар­тысында көтерілгенімен, бірақ өз шешімін таба ал­май аяқталды. Бұған нендей себеп бол­ғанын шығыстанушы Н.Яковлев былай деп көрсетеді: “Орыс графикасы миссионерлер мек­тебі арқылы таратыл­ғандықтан кейбір халықтардың ұлттық се­зіміне жағымсыз әсер етті. Бұл  орыстандыру  және зорлықпен ұлт­тық ерек­шеліктерді жою үшін істелінген іс деп есептелінді”.

ХХ ғасыр басында туған шытырман заманның түрлі қо­ғам­дық-саяси оқи­ға­ларына қазақтың көзі ашық ұлтжанды зиялы то­бының өкіл­дері бейтарап қарап отыра алмады. Олар қоғамдық дамудың алғы шарт­тарының бірі – халыққа білім беру деп танып, қалың бұқараның сауатын тез ашу үшін оқыту жүйесіне реформа жасаудан бастау ке­ректігін қазақ зиялылары жақсы түсінді. Мектептер мен мед­ре­селерде діни сабақтармен қоса әр түрлі ғылым салаларынан алғашқы мә­лі­меттер берілетін болды. Жаңа әдіспен оқы­тудың пайдалы екендігін түсінген Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов,  Исен Бейсен­ба­ла­сы т.б. ха­лықты  ана  тілінде  тез  сауаттандыру үшін төте жазумен жа­зылған жа­ңа оқу құралдарын құрастырып,  жаңа әдіспен оқытуға ар­нал­ған әліппе, емле ережелерін құрастырумен айна­лысты.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ даласында жәдид бас­та­масын батыл қолдай отырып, қазақ алфавитін түрленген жаңа жүйеге келтіруге, ежелеусіз оқу мен төте оқуды қа­лыптастыруға жол салды. Бұрынғы әліппе бойынша, ескі араб әрпімен (хадимше) түсініксіз сөздерді жат­таудың ор­нына, тура өз тілімізде оқып-жа­затын жаңа әдіс ұлт мә­дениетінің тарихында орасан зор маңызды оқиға болды.Ахмет Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың бас кезінде араб әліп­­песін қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп өз­герістер ен­гізді. Ол қазақ әліппесін жүйелеп, оқу құралдарын жасады, фонетика,  грамматика саласын зерт­теп, қазақ мәдениеті мен әдебиеті туралы зерттеулер жазды.

Кеңес үкіметінің жүргізген саясатына байланысты 1930 жылдардың ортасы мен соңына қарай ұлттық республикаларда орыс тілі ортақ қарым-қатынас құралы ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында қолданыла бастады. 1940 жылы орыс графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі қабылданды.

1990 жылдары қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі алфавитке ауыстыру мәселесі көтерілді. Біраз түркі тілдес республикаларда (Әзірбайжан, Түркменстан, Өзбекстан) қайта құру кезеңі басталғанда латын графикасына ауысты. Сол республикалардың оң тәжірибелерін зерттеп, бізде де латын графикасына көшу мәселесін қарастырып жатқан ғалымдардың еңбектерін зерделеу қазіргі күн тәртібінің өзекті мәселелерінің біріне жатады.   


Латын әліпбиінің талқылауға ұсынылған нұсқасы туралы.

Латын әліпбиіне көшуге байланысты мәселе көтерілгеннен бері еліміздің түкпір-түкпірінде әртүрлі іс-шаралар жолға қойылып, үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстары жүріп жатқандығы және оның әрі де жалғасын табатыны сөзсіз.

2017 жылдың 11 қыркүйегінде латын жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінің нұсқасы Парламент мәжілісінде талқылауға ұсынылғаннан кейін жалпы халық өз пікірін білдірді, көпшілік қауым қоғамдағы болып жатқан бұл өзгерісті бей-жай қалдырмады. Бұл – құптарлық іс.

Алдыңғы жобамен салыстырғанда диграфтардың барлығы дерлік апострофпен өзгертіліп, әліпбидегі әріптің саны 32 болып отыр.

Диграфпен белгіленген ә, ө, ү, дыбыстарының таңбаларыae, oe, ue түрінде екі дауыстының әрпі қатар тұрғаннан кейін визуалды түрде қабылдауға қиындық туғызатындығы белгілі еді, себебі а-ның да, е-нің де өзіне тән дыбыстық сипаты бар, көп жағдайда, әрине көз үйренбегеннен соң, екі дауысты сипатында қабылдауымыз мүмкін болатын және бір әріптің орнына екі әріпті жазу арқылы мәтіннің көлемі ұлғаятыны да анық жайт.

Міне, бір ай уақыттан кейін 2017 жылдың 9 қазанында Елбасыға латын әліпбиінің өзгертілген жаңа жобасы таныстырылды және төмендегідей өзгерістер еніпті:

Біріншіден, алдыңғы жобадағы 8 диграф апострофпен өзгертіліп, апострофпен берілген әріптердің саны 9-ға жеткен және «бір дыбыс – бір әріп» принципі сақталған;

Екіншіден, аффрикат ц әліпбиден алынып тасталған;

Үшіншіден, Уу әрпі Ww-мен таңбаланса, енді Y’y’түрінде апостроф арқылы берілген;

Төртіншіден, Іі мен Йй таңбалары Ii сипатында белгіленсе, қазіргі жобада қазақтық төл дыбысы жеке Ііарқылы, ал Ии мен Йй бір ғана І’і’ арқылы апострофпен таңбаланған;

Бесіншіден, алдыңғы нұсқадағы Йй әрпі Jj арқылы болса, қазір ол әріппен Жж белгіленіпті.

Осыларды саралай келе, бұл әліпби нұсқасындағы диграфтың апострофпен өзгертілгені, Цц-ның алынып тасталғаны, қазақ тілінде Ии дауыстысы жоқ екендігі ескеріліп, Ии мен Йй-ді бір таңба арқылы беруі, жалы алғанда, «бір дыбыс – бір әріп» принципі сақталғанғандығы көңіл құптарлық іс болып отыр.

Дегенмен, Уу-ды Ww түрінде таңбаласақ, Жж, Шш әріптерінің Zhzh, Shsh түрінде диграфпен белгіленуібұрыннан өзімізге таныс болғандықтан сол сипатында қалдырып, апострофты азайтуға мүмкіндік жасауға болар еді немесе Жж-Jj нұсқасын өзгертпей, Шш-ны Cc-мен де таңбалауға болады, себебі бұл әріп қолданылмай тұр. Уу-ды Ww түрінде таңбалауды жөн көріп отырғанымыздың тағы бір себебі Уу-ды да, Ыы-ны да YyY’y’ деп таңбалауға қатысты. Ыы мен Уу әріптері жуан-жіңішке жұпты құрайтын дыбыстардың таңбасы болмағандықтан, екеуі бірдей таңбаланып, тек апостроф арқылы ажыратылып тұрғандығы қиындық туғызатын сияқты. Ал АаӘә (AaA’a’), ОоӨө (OoO’o’) дыбыстарының жуан-жіңішке сыңарлары ретінде апострофтың қойылуы түсінікті. Сондай-ақ Ыыдыбысының жіңішке сыңарын І’і’ арқылы, ал  Ии мен Йй-ді Іі арқылы белгілеген жөн болар деген ойдамыз.

Жалпы алғанда, қазіргі ұсынылып отырған әліпби жобасында игерілмей тұрған үш әріпті (ХхСс,Ww) ұтымды пайдаланған дұрыс болар еді.

Әрине, аталған әліпби жобасының әлі бекітілмегенін, талқылауда екенін ескерсек, ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің, жалпы халықтың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, қазақ тілінің заңдылықтарына сай әліпбидің өмірге келетініне шүбә болмауға тиіс деп ойлаймын.



2.3. Латын әрпіне көшу- уақыт талабы.

Қазақ халқы кеңестік қызыл империяның пәрменімен ХХ ғасырдың 20-30 жыл ішінде 3 рет әліпбиін (алфавитін) ауыстырған екен. Мұның астарында халықтың ғасырлар бойғы жинақталған бай рухани тарихын біржолата ұмыттыру, отарлау, орыстандыру, жалған «сауаттандыру», мәңгүрттендіру саясаты жатқандығын бүгінгі ұрпақ жақсы біледі.

1929-1940 жылдар аралығында ресми түрде қолданылған латын әліпбиімен үкіметтің қаулы-қарарлары, мемлекеттік баспасөзі, көркем әдебиеті т.б. жарық көріп тұрды. Кейіннен бұл жазу кеңестік идеологияның саясатын мүлтіксіз жүргізуге кедергі келтіреді, біртұтас кеңес халқын жасаймыз, барша жұрт орыс тілінде сөйлесе, солғұрлым коммунизмге тез жетеміз деген желеумен әліпбиді кириллицаға көшіріп жіберді.

Соңғы уақытта осы латын жазуына қайта көшу немесе қайта оралу мәселесі көпшілік арасында біраз пікірталасқа айналып отыр.

Білім, ғылым, өндіріс саласына еніп жатқан жаңа технологияларға латын әліпбиі арқылы қол жеткізудеміз. Сондықтан латын әліпбиіне көшумен халықаралық ақпараттық кеңістікке шығу жеңілдейді, яғни ғаламтор жүйесін халқымызға ана тілінде меңгеруге жол ашылады. Қазір бәріміздің көзіміз ашық, көкірегіміз ояу, бірнеше тілді бес-алты айдың ішінде қорықпай, еркін үйреніп алып жатқанда, ана тіліндегі дыбыстарды басқаша таңбалауды ғана меңгеріп алу біздерге көп қиындық келтірмейді. Әрі бүгінде ұялы байланыстағы хабарламалардың көбі осы графикамен жазылуда.

Латын әліпбиіне көшу мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Тіл тазалығы мәселесіне келсек, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Қазақ тілін оқытуда басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелер қысқарып, мектептен бастап барлық оқу орнында оқыту үдерісі жеңілдейді.

Қазақстанның кириллицаны тастап латынға көшуі – көршіміз Ресеймен достық байланыстарынан бас тартуы деген сөз емес. Бұл – тәуелсіз елдің ішкі ұлттық мәдени мәселесі. Ол мәселенің көрші елдермен қатынастарға қатысы жоқ. Ресей мен Қазақстанның достық негіздегі байланыстары екі ел үшін де пайдалы екені анық. Сондықтан Қазақстанның латын әліпбиіне өтуі Ресеймен достық байланыстарды жалғастыруға еш кедергі келтірмейді.

Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренуіне де өз әсерін тигізер еді. Мәселен, бұған дейін кириллицамен жазылып келген қазақ тіліндегі сөздерді латын әрпімен таңбалайтын болсақ, тіл үйренушілер ол сөздерді басқаша қабылдайды, олардың ойында басқа ассоциация пайда болады: Қазақстан – Qazaqstan, өнер – öner, өзен – özen, өмір – ömir т.б

ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры десек, бүгінгі компьютер заманында әлемдік ғаламтор жүйесіндегі ақпарат кімнің қолында болса, сол өз билігін емін-еркін жүргізе алады. Ал ақпараттың басты құралы – жазу. Яғни ғаламтор жүйесінде үстемдік жасаушы – ол латын графикасы.

Біз, қазақ елі, уақыт көшіне ілесіп, қалып қоймай, әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу үшін, жалпы ұлт ретінде сақталып қаламыз десек, көп кешікпей, әліпбиімізді латын жазуына көшіруіміз керек. Бұл – бүгінгі күннің талабы.



Тәжірибе бөлім

Сауалнама және оның қорытындысы.

Мен осы жобамды жүргізу барысында өзімнің оқитын «Төржан » гимназиясының ұстаздары мен жоғарғы сынып оқушылары арасында «Латын әліпбиіне көшу» туралы ойларын білу мақсатында сауалнама жүргіздім. Сауалнама қорытындысы төмендегідей болды.

қ/с

Сұрақтар

Иә

Жоқ

1

Сіз латын әліпбиіне көшу қажет деп ойлайсыз ба ?

80%

20%

2

Сіз латын әліпбиінің соңғы ұсынылған жобасын көрдіңіз бе?

85%

15%

3

Сіз «Латын әліпбиіне көшу –жарқын бастама» деген оймен келісесіз бе ?

80%

20%

4

Сіз осы мәселеге ойланып, сөздерді немесе мәтіндерді л

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!