"Қазақ жүздері"10 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазақ жүздері"10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге тәжірибе алмасуға
Материалдың қысқаша нұсқасы

А қтөбе облысы,Ырғыз ауданы,Шеңбертал ауылы

Шеңбертал жалпы білім беретін орта мектебінің

Тарих пәні мұғалімі:Тұрмағанбет Нұржайнар

Қазақстан тарихы

Сыныбы: 10

Күні:

Тақырыбы: Қазақ жүздері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақ жүздері туралы мәлімет беру,таралған аймағын,шыққан руларын баяндау. Оқушыларға түрлі әдіспен сабақты өткізу.

Сабақтың түрі: түсіндіру,әңгімелесу,топтық жұмыс

Көрнекілік: қазақстан картасы,слайд

Сабақта қолданған әдіс тәсілдер: АВСД тәсілі,Жигсо әдісі,3,2,1 әдісі

Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасу;

  2. Оқушыларды түгелдеу;

  3. Назарларын сабаққа аударту;

  4. Сергіту сәті. «Көңіл күйді» анықтау

ІІ. Үй тапсырмасы

Қазақ халқының қалыптасуы

Сабақ сұрау түснігін айту.

Сабақты бекіту: АВСД тәсілі тест

1) ІХ-Х ғасырларды “қазақ” атауы әлеуметтік мағынада қолданылған жер

А) Жетісуда

В) Түркістанда

С) Египетте

Д) Шығыс Дешті Қыпшақта

2) Өзбек ұлысында (ІV ғ) үш халық болғандығы. Оның ішінде ең көбі ержүректер “қазақ” екені жайлы хабар айтқан:

А) В. Рубрук

В) Ш. Уәлиханов

С) М. Дулатов

Д) Рузбихан

3) “Алаш” сөзі шамамен қай ғасырларда алғаш рет айтылды

А) VII-VIII ғ.

В) VIII-IX ғ.

С) IX-X ғ.

Д) X-XI ғ.

4) Қазақ жүздерінің құрылу себебін жазған ғалым

А) А. Құнанбаев

В) Ы. Алтынсарин

С) Ш. Уәлиханов

Д) С. Торайғыров

5)ХІІІ ғасырға дейін “қазақ” атауының қолданылып келген мағынасы

А) еркін адамдар

В) жауынгерлер

С) көшпенділер

Д) егіншілер

6)Қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар өздерінің ен-таңбаларын салған жартас

А) Жетісу

В) Таңбалы Нұра

С) Алтын Орда

Д) Ноғай Ордасы

7) “Алаш” сөзін жиі кездестіретін қазақ халқының аңызы

А) “Қорқыт ата”

В)”Алаш хан”

С) “Оғызнама”

Д) “Ақсақ құлан”

8) Қазақ халқының құрамына байланысты “қазақ” атауы біржола этникалық сипатқа ие болған уақыт

А) ХІV ғ. ІІ жартысында

В) XV ғ.

С) XV ғ. ІІ жартысынды

Д) XV ғ. І жартысында

9) Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде “қазақ” сөзінің мағынасы

А) зор, күшті, көшпелі

В) еркін, азат, алып

С) мықты, берік, алып

Д) күшті, еркін, мықты

10) “Қазақ” сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған ғасыр

А) XVII ғасыр

В) XVI ғасыр

С) XIV ғасыр

Д) XV ғасыр

ІІІ.Жаңа сабақ

Тақырыпты жасырынған суреттермен ашу

Қазақ жүздері”

Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады:

  • Ұлы жүз

  • Орта жүз

  • Кіші жүз

Қазақтың “жүз” деген сөзін арабтың “джуз” –бір нәрсенің “басты бөлігі”, “тармақ” деген сөзімен сәйкестендіреді. Шығыс деректерінде жүздер жөнінде жанама мәліметтер XVII ғасырдың ортасына қарай кездеседі.

Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша , “Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған”.

Н. А. Аристовтың ойынша, “жүздегі бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан”.

С. Аманжолов: “Қазақ елі, жер үш жүзге моңғолдарға дейінгі кезеңде-Х-ХІІ ғасырларда бөлінді”,-деп есептейді.

Шығыстанушы Т. Н. Сұлтанов жүздердің құрылуы жөнінде нақты деректердің тапшылығын айта келіп: “ХVІ ғасырдың ІІ жартысында ұлыс жүйесі біртіндеп жүздерге ауысқан”,-деген болжам айтады.

Ұлы жүз

тайпалары

Таралған аймағы- Жетісу, Шу, Талас өңірлері, Қаратау,Сырдарияның орта ағысы

Орта жүз

тайпалары

Таралған аймағы- Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан

Кіші жүз

тайпалары

Таралған аймағы- Батыс Қазақстан

Жигсо әдісі

Жаңа сабақтың тапсырмасы:

  1. Таныстырылым (постер);

  2. Сахналық көрініс (рафт әдісі);

  3. Хронологиялық кесте

Жаңа сабақты бекіту: “3,2,1” әдісі

ІҮ. Үйге тапсырма: Қазақ жүздері

Ү. Оқушыларды бағалау.













































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.11.2018
574
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі