Материалдар / «Қазақ мемлекетінің саяси және әлеуметтік құрылымдары»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қазақ мемлекетінің саяси және әлеуметтік құрылымдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
IV-IVII ғасырдағы Қазақ хандығының басқару жүйесін, ұлттық құрылымын, әкімшілік құқықтық нормалардың еререкшеліктерін көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1388
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық сабақ жоспары


Пәні: Қазақстан тарихы
Тақырыбы: «Қазақ мемлекетінің саяси және әлеуметтік құрылымдары»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: IV-IVII  ғасырдағы Қазақ хандығының басқару жүйесін, ұлттық құрылымын, әкімшілік құқықтық нормалардың еререкшеліктерін көрсету. Дамытушылық:  Қазақ хандарының билігімен таныстыра отырып, жүйелі ойлау мен талдай білуге, жан – жақты іздене білуге, еркін сөйлеп, ойын жеткізе білуге үйрету. Тәрбиелік: Өз елінің тарихын жетік білуге ұмтылу. Бойына ұлтжандылық сезімін қалыптастыру, Отанын қастерлеп, бағалай білуге, құрметпен қарауға, қасиет тұтуға тәрбиелеу. Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ жабдығы: Интерактивтік тақта, слайдтар, хандар бейнесі, кеспелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, география, математика.

Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі (3 мин) «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»

а)Амандасу ә) Оқушыларды түгендеу б) Хандар бейнесі арқылы студенттерді топ-топқа бөлу ІІ.Үй тапсырмасы. («Жылдар сөйлейді» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұралады) (6 мин)

  • 1. 1456-1473жж. 11. 1580-1582жж.

  • 2. 1473-1480жж. 12. 1582-1598жж.

  • 3. 1480-1511жж. 13. 1598-1628жж.

  • 4. 1511-1518жж. 14. 1613-1627жж.

  • 5. 1518-1523жж. 15. 1628-1652жж.

  • 6. 1523-1532жж. 16. 1680-1715жж.

  • 7. 1533-1534жж. 17. 1718-1726жж.

  • 8. 1534-1535жж. 18. 1726-1730жж.

  • 9. 1535-1537жж. 19. 1720-1740жж.

  • 10. 1538-1580жж. 20. 1771-1781жж.

ІІІ. Үй тапсырмасын кубик лақтыру (кубизм) ойыны арқылы бекіту (4 мин)

1. Қазақтың ұлы билерін ата.

2. Қазақтардың қандай ержүрек батырларын білесіңдер?

3. Қазақ хандығының 550 жылдығы қай қалада тойланды?

4. Қабанбай батырдың шын есімі?

5. Суреттегі батырдың аты – жөні?

6. «Жеті жарғы» заңдар жинағын шығарған ханды ата.

ІҮ. Жаңа сабақ (13 мин) Жаңа сабақтың жоспары: «Оқу инемен құдық қазғандай»

  • 1. Хандық үкіметтің басқару жүйесі

  • 2. Ұлыстық құрылым

  • 3. Әлеуметтік құрылым

  • 4. Әкімшілік-құқық нормалары мен қылмыстық іс

  • 5. Сот жүйесі

  • 6. Меншік мәселесі

  • 7. Салықтар мен міндеткерліктің түрлері

Дәріс жоспары:

Қазақ хандығында15-16 ғ басқарудың ұлттық жүйесі қалыптасты.Басқару жүйесінде бұрыннан келе жатқан ру-тайпалық тәртіп берік сақталды.Қазақ хандығының құрылымы жеті сатыдан қаланды:

1.Ауыл- қазақ халқының ең бірінші қоғамдық ұйымы.Ол туыстас, қандас жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан құралды.Әрбір жеке ауылды басқаратын адамды ауылбасы деп атады.

2.Ата аймақ- жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралды.Ата аймақты басқаратын адамды ақсақал деп атады.Ата аймақтағы ауыл адамдары ақсақалдың ақыл – кеңестерін тыңдап, оның шешімін мүлтіксіз орындап отырған.

3.Ру – негізінен он немесе он бес аймақтан құралатын болған.Руды басқаратын аймақты рубасы деп атады.Рубасы көпті көрген,мол тәжірибелі, өте білікті, білгір адам болған.

4.Арыс – бірнеше рудан құралды.Осы бірнеше рудан құралған арысты басқаратын адамды би деп атаған.Бүкіл қауым бидің шешімін, оның билігін орындауға міндетті болды.

5.Ұлыс – бірнеше арыстан құралды.Ұлыстың билеушісін сұлтан деп атады.Сұлтандар әдетте хандар мен ақсүйектердің әулетінен  шыққандар болды.

6.Жүз – бірнеше ұлыстан құралды.Қазақ жүздері ХY – XYI ғасырларда тайпалар одағы негізінде қалыптасты.Жүздің билеушісін хан деп атады.Әрбір жүз өзінің ханын сайлайтын.Ұлы жүз құрамына жалайыр,албан, суан, дулат, сарыүйсін, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, шанышқылы және қаңлы тайпалары кіреді. Орта жүз руларына арғын, найман, уақ, керей, қыпшақ, және қоңырат тайпалары кіреді. Кіші жүз құрамына 12 ата Байұлы (адай,алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, есен-темір, ысық, қызылқұрт, шеркес;),жетіру (табын,тама, кердері, керей, жағалбайлы, телеу, рамадан;),Әлімұлы (қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей,шекті:)

7.Хандық – үш жүзден құралды.Хандықтың ең үлкен әміршісі қаған деп аталды.Хандарды ақсүйек шонжарлардан сайлау қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ежелгі ата дәстүріне айналған.

Қазақ ханын сайлау.XYI ғасырдағы қазақ хандары жалпы қазақ халқының қоғамдық әдет - салтына байланысты  сайланып қойылатын болған.Қазақтың ханын сайлауға барлық рудың атақты, сыйлы шонжарлары қатынасты.Ру басшылары хан болып сайланатын адамды ақ киізге отырғызып көтереді.Осыдан соң хан отырған киізді, ханның хан сайланғанға дейін киген киімдерін жапырақтап кесіп, хан сайлауға қатынасқандықтарының белгісі ретінде үлестіріп алады.Жиналғандар ханның бүкіл малын бөлісіп алып үйлеріне тарайды.Мұндай дәстүр «ханталапай»  деп аталады....

15 ғ-ң екінші жартысынан бастап өалыптаса бастаған Қазақ мемлекеттігі Тәуке ханның тұсында өзін басқа көршілеріне мойындатқан Орталық Азиядағы мемлекеттердің біріне айналды.Оның бұл кездегі ішкі құрылымы мен сырқы жағдайынан дербес мемлекеттікке тән негізгі белгілерді анықтауға болады.

Қазақ хандығының әлеуметтік құрамы.

XYI – XYII ғасырларда Қазақ хандығында халықтың әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның таптық құрылымын бейнеледі.Қазақ хандығы негізгі екі топқа – феодалдар тобы мен қарашаға – қарапайым халыққа бөлінді....

Билер кеңесі.Қазақ хандығында жазалау құқығы ханның және билер мен ру тайпа басшыларының қолында болды.Кейбір істі таларкер мен жауапкер тұратын ауылдың билеушілері шешкен.Куәгерлер болмаған жағдайда ант беру талап етілген.

XVII ғасырдағы мемлекет нышандары.

Ортаазиялық дәстүрлі түркілер қоғамында тек хандар ғана сайланды.Бұл салт қазақтарға да тән еді, ал хандық билік Шыңғысхан ұрпағы саналатын төре (сұлтан) тұқымына ғана тиесілі болды. Қарадан хан сайланған емес. Хандық билік әкеден балаға мұраға өткен. Қазақ хандығында мемлекеттіктің барлық негізгі белгілері болды. Хан- мемлекет басы, ал оның жанында тұрақты билер кеңес жұмыс жасады. 17 ғ билер институтының белсенділігі өсіп, олар күнделікті құқық, шаруашылық, әскери және идеологиялық істерді жүргізуде маңызды орынды иемденді. Хан сарайы жанында сенімді адамдардан құралған қарулы топ- төлеңгіттер ұсталды. Төлеңгіттер жекелеген ірі сұлтандар жанында да болды. Төлеңгіттер жекеленген ірі сұлтандар ішіндегі ең маңыздысы, әрине, халықтан алым-салық жинау.

«Қасымханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» атты заңдық ережелер, кейін оларды ауыстырған «Жеті Жарғы» қоғамдық қатынастарды реттеп отыруда жетекші міндет атқарды.

«Жеті Жарғы».

Қазақ қоғамындағы түбегейлі әлеуметтік және саяси өзгерістерден заңдық ережелер жинағы «Жеті жарғы» өмірге келді.Ереже сол уақыттағы заман талабына бейімделген нұсқасы еді.Онда қоғамдық өмірдің мынандай жеті саласындағы даулы мәселелерді заңдық тұрғыдан шешіп отыруды көздеді.Ережеге құл өмірі құнсыз,ол қожайынның билігінде бап енгізілді.

Салықтар мен міндеткерліктер.

16-17 ғ-да Қазақ мемлекетінде меншік қатынастары болды.

Қорыта айтқанда, Тәуке хан кезеңі қазақ қоғамында мемлекеттік басқару жүйесінің біржола қалыптасуымен сипатталады. Тәуке хан қазақ билеушілері арасында өз билігін үш жүзге түгел жая білген хан болды. Сонымен бірге Тәуке ханның өлімінен соң ол мемлекеттік жүйенің әлсіз жақтарында байқалды. Өте қуатты мемлекеттік басқару жүйесінің жоқтығы салдарынан қазақ қоғамы  тағы да феодалдық бытыраңқылық жолына түсті. Бұл жағдай, біріншіден, жоңғарлық басқыншылыққа жол ашса, екіншіден, қазақ жүздерінің біртіндеп Ресей империясының отарлық тәуелділікке ұшырауына алып келді. 


Термин сөздер:

Тағар –әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ететін салық түрі.
Сойырғал – әскери қызметі үшін мұраға түпкілікті берілетін жер.
Ихта – феодалдарға шартты түрде берілетін жер үлесі.
Вакф – дін иелерінің жерлері.
Харадж – өндірілетін жерге салынатын салық.
Баж – егінші аймақтардан алынатын салық.
Зекет – мал басына салынатын салық.

ІҮ. Ой-толғаныс кезеңі. (5 мин) Үш топқа сұрақтар беріледі. Сол бойынша студенттер топтасып жұмыс жасайды.

«Хандар» тобы: Қазақ хандығының құрылу барысы

«Билер» тобы: Қазақ хандығының аумағы мен халқы

«Батырлар» тобы: Қазақ хандарының жүргізген сыртқы саясаты

Ү. Бекіту кезеңі (7 мин)

«Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез»

1. Шешімін тауып көр. Математикалық есептерді шешіп тарихи датаны тауып, сол жылға қатысты тарихи оқиғаны атау керек.

1. 728*2+9 =1465 (Қазақ хандығы құрылған жыл)
2. 415*4+50=1710 (Қарақорымда жоңғарларға қарсы үш жүз бас қосқан жыл)
3. 560+1200-108=1652 (Салқам Жәңгір қайтыс болған жыл)
4. (842*2)-4=1680 (Тәуке ханның таққа отырған жылы)
5. 483+164+996=1643 (Орбұлақ шайқасы болған жыл) 6.
3800/2+91= 1991 жылы-Қазақстанның тәуелсіздік алған жылы

2. «Венн диаграммасы»

«Хандар» тобы - Керей мен Жәнібекті елбасы Н.Назарбаевпен салыстырады.

«Батырлар» тобы - Қазақ хандығын Қазақстан Республикасымен салыстырады.

«Билер» тобы - Қазақ хандығының аумағын ҚР территориясымен салыстырады.

3. Семантикалық карта («Жер атауы» деген қатардағы сөздерді «Лауазым атауы», «Салық атауы деген қатарға мағынасына қарау орналастыру)

Жер атауы

Лауазым атауы

Салық атауы

Ұлысбек

*


Атабек

*


Тағар


*

Ихта


٭

Вакф


٭

Даруғалар

٭


Зекет


٭

Баж


٭

Харадж


٭

Құшыр


٭

Қанат

٭


Жасауыл

٭




ҮІ. Қорытынды . (4 мин ) «Қайталау - оқу анасы»

«Сиқырлы торша» әдісі сұрақ-жауап

1. Әбілхайыр мемлекетінде өзбек, қазақ, қатаған, ноғайлы ұлыстарының рулары болды. Олардың бәрін қалай атады?

2. Жәнібек пен Керей ханды қарсы алған Моғолстан ханын ата?

3. Бетпақдаладағы Таңбалы Нұрада қандай шешім қабылданды?

4. Қазақ хандығының негізін қалаушы тұлғалар?

5. Қазақ хандығы қай хандықтың тұсында күшейді?

6. Қазақ хандығының алғашқы территориясы?

7. Қазақ атауы қандай мағынаны білдіреді?

8. Қазақ хандығының құрылған жылдары?



ҮІІ .Бағалау (2 мин ) ҮІІІ. Үй тапсырмасы (1 мин)
1. Қазақ хандығының территориясын кескін картаға түсіру. 2. Қазақ хандығының сыртқы саясаты туралы эссе жазу.





















Маңғыстау облысы

Қарақия кәсіптік колледжі









Ашық сабақ жоспары

Тақырыбы: «Қазақ мемлекетінің саяси және әлеуметтік құрылымдары»









Өткізген: Муратова Лаура Қайырханқызы
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!