Материалдар / Қазақ отбасының дәстүрлері

Қазақ отбасының дәстүрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Тыңдаған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау. Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалану. Мәтіндерден жалқы және жалпы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2017
725
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: қазақ тілі

Мектеп: №14 мектеп-гимназиясы, Астана қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Капанова Марьям Есентаевна

СЫНЫП: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Тақырыбы: Қазақ отбасының дәстүрлері

дәстүрлері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Т2. Тыңдаған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.

5.А2. Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалану.

5. ТБ.1. Мәтіндерден жалқы және жалпы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

оқушылар мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалану, жалқы және жалпы есімді ажыратады.

Кейбір оқушылар орындай алады:


  • жалғау түрлерін дұрыс жалғайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Тыңдаған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді және нақты ақпаратты анықтайды, мәтіннен жалқы және жалпы есімді ажыратады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Қария,немере, ой-арман, себеп, дәулеті, қарым-қатынас

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:




  • Discuss the chart that is created. Which is the most popular fruit choice? How do we know?

  • Has every learner’s choice been recorded? How can we check?

  • Ask learners if they can think of other questions that we might have investigated. If ideas are not forthcoming, ‘lead’ the discussion by suggesting – what else could we have put in the basket? What other things could we try, to see if people have favourites? What other questions could we have asked about our fruit basket?

  • Take ideas and ask – What do you think the result might be? What would the pictogram look like?


Талқылауға арналған сұрақтар:

Қазақ отбасының дәстүрін не үшін білу керек?

Дәстүрлердің қандай түрлерін білесіңдер?

Отбастарыңның дәстүрін сақтайсың ба?

Отбасында қандай мерекелерді бірге қарсы аласыңдар?

Не себепті …. деп ойлайсыз?


Алдыңғы оқу:

Отбасы туралы түсініктері бар. Қазақ халқының дәстүрлері туралы білімдері жетік.

Жоспар

Жоспарланған уақыт


Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы


10 минут


Ұйымдастыру кезеңі

Амандасып, оқушыларды түгендеу .

Оқушыларды сабақ тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критериін көрсету

Психологиялық ахуал

Шеңберге тұрғызу

Ойға толы санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату-тәтті боламыз.

Үй тапсырмасын тексеру.

«Бес қадам» әдіс-тәсіл арқылы үй тапсырмасын тексеру

Ортаға 4 оқушы шығады суға қатысты 5 сұраққа жауап бере отырып, қадам жасайды .

  1. Отбасы мүшелерін ата.

  2. Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  3. Отбасында қандай дәстүрлер бар?

  4. Отбасы негізі неде деп ойлайсыңдар?

  5. Отбасы тақырыбына бір мақал-мәтел айтыңдар.













Ортасы


30 минут


Интербелсенді тақта арқылы суретпен жұмыс. Суреттерде қандай салт-дәстүрлерді көріп тұрсыңдар?

Рисунок 3 Picture 13





Picture 1




Сонымен бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз

«Қазақ халқының дәстүрлері» деп аталады.


Бағалау: «Үш шапалақ»


1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

  • Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, сұраққа жауап беріңдер.

Балаға ат қою

Қазақта бала туғаннан кейін ел ішіндегі аса құрметті қарияға немесе баланың атасына, әжесіне немересінің атын қойғызады. Ат қоюдың өзінен бүкіл бір халықтың ой-арманы, түсінігі ап-айқын көрініп тұрады. Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі тілек-мақсаттарға байланысты да болып келеді. Бала дәулеті де бай болсын деген тілекпен: Дәулет, Алтынбек, күшті де батыл болсын деп: Арыстан, Ербол, Батырбек. Басқа республикалармен шет елдермен достық қарым-қатынас жасаудың арқасында тілімізде Марат, Арсен, Жанна есімдер пайда болған. Жалпы адам есімі тілге жеңіл, жүрекке жылы, мағыналы әрі мәнді, әрі сәнді болуы қажет, себебі есім өмір бойы адаммен бірге болады.


  • Баланың атын кімге қойғызады?

  • Есімді қандай тілекпен қояды?

«Тірек сөздер арқылы мәтінді талдау» әдісі бойынша мәтін мазмұнын талдаймыз.

Оқушылар шеңберге отырады. Екі көмекші сайланады, 1 –оқушы тақтаға жазады, 2-оқушы мәтінді оқиды. Мәтінді абзацтарға бөледі. Оқушылар әр абзацтан тірек сөздер мен сөз тіркестерінің астын сызады, ал көмекші оқушы ол сөздерді тақтаға жазып тұрады. Отырған оқушылар мәтінді жауып қояды. Теріп жазылған сөздер мен сөз тіркестері арқылы сөйлемдер құрастырады. Екінші көмекші мәтінді оқып, мазмұнын салыстырады. Оқушылар жұмыстарын талқылайды,тексереді.


Бағалау: «Үш шапалақ»


Сергіту сәті. «Мен қазақпын»


2-тапсырма. Берілген мәтін бойынша жалқы және жалпы есімдерді табыңыз.(5 жалқы, 5 жалпы). Оларға дұрыс жалғау жалға.


Жалқы есім

Жалпы есім

1.

1.

2.

2.

3.

3.

4.

4.

5.

5.


Бағалау


Дескриптор: Білім алушы

  • мәтіннің мазмұнын түсінеді

  • сұрақтарға жауап береді

  • түсінгенін айтып береді

  • мәтіннен 5 жалпы, 5 жалқы есімді анықтайды, кестеге орналастырады.


ТShape2 Picture 25 Picture 22 Shape1

Қазақ халқының

дәстүрлері

ірек сызба әдісі. Тірексызба арқылы нақты тақырыпты қорытындылайды.

Picture 16





Picture 19 Shape5 Shape3 Shape4


суреттер







Интерактивті тақта









































https://www.youtube.com/watch?v=J846twhH8PA

Соңы

5 минут



Кері байланыс:

Тапсырманы орындай алдыңыз ба?

Тапсырманы орындау оңай/қиын болды ма?


Рефлексия: «Бес саусақ» әдісі бойынша оқушылардың бүгінгі сабақ бойынша нені білгендерін сұрау арқылы қорытындылау.

Бас бармақ – мен үшін қызықты

Сұқ саусақ – маған қиын болды

Ортан терек – мен үшін жеткіліксіз болды

Шылдыр шүмек – менің көңіл-күйім

Кішкентай бөбек – ұсыныстарым


Үй тапсырма: Қазақ халқының дәстүрлері туралы қосымша деректер жинау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ