Материалдар / «Қазақ сахарасының қоңырауы»Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Қазақ сахарасының қоңырауы»Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны туралы қысқаша түсінік беріледі.Шығармалары туралы талданады. Әртүрлі әдебиеттерді қолданып, Ы.Алтынсарин туралы мағұлмат беріледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2021
349
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қазақ сахарасының қоңырауы» Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл

Анарбекова Жанерке

Базылмұратова Талшын

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»КМҚК

Мамандық: 0105000 Бастауыш білім беру

Топ: 31

Ыбырай (Ибраһим) 02.11.1841,қазіргі Қостанай облысында дүниеге келген. Ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырайдың өз әкесі Алтынсары ерте қайтыс болғандықтан, ол атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өскен. Балғожа би немересін 1850 жылы Орынбор шекара миссиясының осы қалада қазақ балалары үшін ашқан жетіжылдық мектебіне оқуға береді. Ресей үкіметінің көздегені осындай мектептер арқылы жергілікті әкімші орындарға қазақтың өз ішінен қызметкер әзірлеу еді. Мектеп оқушылары отаршылдық саясат рухында тәрбиеленуге тиісті болды. Бірақ жасынан зерек. Бұл мектептің оқу жүйесі шеңберінде қалмай, дүние жүзі әдебиеті мен орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларын өздігінен оқып, нәр алды. Мектепті бітіргеннен кейін, 1857-59 ж. аралығында атасы Балғожа бидің хатшысы болды. Кейін Орынбор обл. басқармасына кіші тілмаштық қызметіге ауысады. 1860 жы басқарма Орынбор бекінісінде қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырады, сонымен бірге оны осы мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп белгіледі.

Осыдан былай Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады. Шалғай түпкірде мектеп ашу жұмысының қиыншылықтарына қарамастан ағартушылық идеяларымен қанаттанған көздеген мақсатын орындауға құлшына кірісті. Ауыл-ауылды аралап, халыққа кәсіптік білімнің маңызы мен мақсатын түсіндірді. Талабы мен қадамын халық қуаттады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салуды қолға алды. Мектеп 1864 жылы 8 қаңтарда ашылды. Осыған байланысты үлкен той болып, сол күні мектепке 14 бала жазылды. Мектеп жанынан интернат ашылды. Дүние жүзі пед. Классиктерінің гуманистік идеяларын басшылыққа алып, оларды қазақ даласында оқу-ағарту практикасына енгізген тұңғыш педагог болды. 1860—79 ж. арасында мұғалімдік, ағартушылық қызметімен қатар басқада қызметтер атқарды: 1868-74 ж. Орынбор генерал-губернаторының арнайы тапсыруы бойынша төрт рет Торғайдың уездік судьясы, 1876-79 ж. Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі болды.

Инс-мектептер ашуды қолға алды. Ең алдымен, ол облыстық уез орталықтарында уч-шелер ашуға шешім қабылдады. Содан кейін Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездеріне бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашты, олардың бәрінде де кітап кітапханалар ұйымдастыруға зор мән берді. Осыдан кейін болыстық бастауыш мектептер ашу ісін қолға алды. Бұл үшін ол«Болыстық қазақ мектептері туралы записка» жазды. Мұнда тек қазақ даласының ғана емес, Ресейдің жартылай көшпелі аймақтарының өмір тіршілігіне бейім, жазда көшіп жүретін, қыста бір жерде орнықты отыратыг мектептің жаңа түрін ұсынып, халық ағарту жүйесіне елеулі үлес қосты. 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылды. Оған Торғай, Ырғыз қалаларындағы орыс-қырғыз арасынан экономика салаларына қажетті мамандар әзірлеу ісіне ерекше мән беріп, қолөнер училищелерін ашуға көп жұмыс жұмсады. Торғайда қолөнер училищесін ұйымдастырды.

Қостанайда ашылғалы отырған училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырды. Ырғызда қазақ қыздары үшін жанында интернаты бар мектеп аштырды. Мұның өзі қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол патшалық әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездеріне қыздар училищелерін ұйымдастыруды өтінді. Алайда рұқсат ол қайтыс болған соң, екі жыл өткеннен кейін, Торғайда (1891), Қостанайда (1893), Қарабұтақта(1895), Ақтөбеде (1896) жанында интернаттары бар училищелері ашылды. Орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп оқуында, әсіресе, ана тілін үйретуде К.Д. Ушинскийдің ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу әдістемелік құралдар жазды. Ол орыс-қазақ училищесінде Ушинскийдің «Балалар дүниесін», Л. Н. Толстойдың «Әліппе және оқу құралын», Д. И. Тихомировтың «Грамматиканың қарапайым курсын» оқу құралы ретінде ұсынды.1897 жылы оның «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және дидактикалық оқу мәселесі жөнінде«Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» жарық көрді. Бұл екі кітапта қазақ балаларының кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды.Ресей империясының қазақ даласын отарлау, қазақ еңбекшілерінің шұрайлы жерлерін мемлекет қорын тартып алу жөнінде заң жобасына 1880жылы «Оренбургский дисток» газетінде өз наразылығын білдірді.

Алтынсарин жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосты. Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы «Қазақ христоматиясы» (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылыды.Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде «Сөз басы» деген атпен алған.Қазір бұл өлеңдер «Кел, балалар,оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар» деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді.Қазақ жастарын білім алуға,мәдениеттің жаңа дәстүрлерінигеруге,бойға сіңіруге шақырды.

«Кел, балалар,оқылық»өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.

  1. Істің болар қайыры

Бастасаңыз алдалап.

Оқымаған жүреді

Қараңғыны қармалап.

  1. Надандықтың белгісі-

Еш ақылға жарымас…

Жөн білмеген адамға

Қыдыр ата дарымас…

Бұл «өлеңнің айрықша құндылық қасиеттерінің бірі- оның халық дәстүрі,халықтың ұғым өлшемі негізінде жазылғандығында»,- деп атап көрсетеді.ғалым Ә:дербісалин «Ы.Алтынсариннің әдеби мұралары» деген еңбегінде. Мысалы мал байлығын салыстыру,білмсіз,еңбексіз байлықтың баянсыздығы т.б.

Ал «өнер- білім бар жұрттар» өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың ең басты жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімгеқолы жеткен халықтың экономикалық жағынан озықтығын әр салада көрсетеді.(«Сарай салғызды», «Айшылық алыс жер», «Көзіңді ашып жұмғанша», «Құстай ұшу», «Балықтай жүзу», « Өнер- жігіт көркі», «Сіздерге бердім батамды» т.б.

Ыбырай Алтынсариннің бір алуан өлеңдері әлеуметтік мәселелерге арналған. Бұған «Өсиет өлеңдер», «Әй жігіттер» тәрізді т.б. өлеңдерін атауға болады.Мұндай өлеңдері биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық- қарлықты,астамсу, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті,естілікті салттардың зияндығын көрсетіп, адал- еңбектің адамгершілік мінез- құлықтың артықшылықтарын бейнелейді. Мысалы:

Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен,

Кете бар, кессе басың, шыңдықпенен.

Қорек тал бейнеттен де, тәңірім жәрдем,

Телмірме бір адамға мұңдықпенен.

Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз

Азған елдің ішінен

Алыс- алыс қашыңыздар

Зияндасты кісіден.

Жақсыны көзден салмаңыздар,

Жақсыдан қапыл қалмаңыздар…

Ыбырайдың мұндай өлеңдері бүгін де ескерді, мән –мағынасы көнерді деп айта алмаймыз.

Ақынның бірлі – жарым өлеңдері табиғаттың сұлу көрністерін суреттеуге арналған. Мұндай лирикалық өлеңдер Ыбырайға дейін қазақ әдебиетінде кездеспейтін. Өйткеніпейзаждық лирика, көбінесе, жазба әдебиетке тән.Табиғат сұлулығын жырлау – орыс әдебиеттінде,т.б. елдердің әдебиетінде ХҮІІІ ғасырдан келе жатқан белгілі дәстүрлердің бірі.

Ыбырайдың «Жаз»,»Өзен» өлеңдері көркемдік келісім жағынан

(халық өмірімен байланыс,өлкетану т.б.) оқушының жан дүниесінде жайдары сезім туғызып, көңілді әсер қалдырады. Табиғат көріністерін суреттеуі жағынан да Ыбырай мен Абайдың арасында үндестік бар.Олардың орыс әдебиетімен жақсы таныстығы көрінеді.

Ыбырайдың табиғат тақырыбындағы өлеңдерінен ақындық шеберлігі де көрініп тұр.Зерттеушілер бұл өлеңдердің халық арасына кеңінен таралғандығын атап көрсетеді.

Сондай- ақ ағартушы ғалым бала тәрбиесіндегі ананың еңбегіне ерекше мән беріп, ана махаббатын терең сезіммен жырлап, сол арқылы баланың ата- ана алдындағы перзеттік парызын есіне салып, ғибратты сөздер, пайымды ойлар айтқан. Бұл өлеңдерді біз бастауыш сыныптардан-ақ жатқа айтып жүрміз. («Бұл кім?, «Ананың сүюі», « Балғожаның хаты»…)

Ыбырай Алтынсариннің жемісті еңбек етіп, едәуір жақсы шығармалар қалдырған саласының бірі- проза жанры болды.Оның « Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Надандық», «Лұқпан хакім», т.б. бірсыпыра шығармалары қоғамдық өмірдің әр алуан жақтарын суреттеуге арналған. Бұл еңбектерінде жазушы өз дәуірінің елеулі мәселелерін көтере отырып, еңбекші халықтың қоғамдық санасын оятуды, тәрбиелеуді мақсат етеді.

«Бай баласы мен жарлы баласы» - Ыбырай шығармаларының биік шыңы. Ол, біріншіден, озық ойларының жемісі әңгіме оқушысын еңбек етуге, өмірін сырын ұғына түсуге бағыттайды. Үсеннің іс -әрекеттін жазушы сүйсіне жазады. Асан мен Үсенді салыстыра отырып, олардың

Адамдық қасиеттерін еңбекке қатысына қарай бағалайды. Бұл әңгімеден сол дәуірден өмір көріністерін, көшпелі тұрмыстың беймаза тірлігін көреміз. Қазақ энциклопедиясы жазушының бұл әңгімесіне орыстың сол кездегі озық ойлы адамдарының көңіл аударғанын Н.Иванов деген журналистің орыс тіліне аударып, «Родник» журналының 1890 жылғы 6-санында жарияланғанын атап көрсетеді.

Ыбырай Алтынсаринның айтулы шығармасының бірі-«Қыпшақ Сейітқұл». Сейітқұлдың іс-әрекетінен оның өмірге жаңаша талаппен қарайтындығы байқалады. Жер шаруашылығымен айналысуы, бұл кәсіптің тиімді тәсілдерін қолдануы (шығыр салу, арық қазу,т.б), сүйтіп, оның айналасындағылардың орташа тіршілік етуге жетуінің өзі бірліктің, еңбектің нәтижесі екендігін сипаттайды. Әңгіменің тәрбиелік жағы-осындай жаңашылдық бағытында. Сол арқылы қоғамдық құбылыстармен жұртшылықты кеңінен таныстыру мақсаты көзделген.Әрі бұл әңгіме тарихи болған оқиғаның негізінде жазылса керек. Оны автордың өзі атап көрсетеді.

Көркем әдебиеттің күрделі жанры – әңгіме екені белгілі. Өйткені үлкен жанрдағы шығармаларға қойылатын талаптар әңгіме, новелла тәрізді (1-2 эпизодтан тұратын көркем қысқа әңгіме) шағын шығармаларға да қойылады. Бұл тұрғыдан алғанда Ыбырайдың әңгімелері түр мен мазмұн бірлігін сақтай отырып, негізгі мәселені жинақы, тартымды, әсерлі жеткізеді. Өзінің озық идеяларын жеткізуде жазушы халық тілінің байлығын шебер пайдалана білді. Оның шығармаларының бұндай қасиеттері олардың жастарға да, үлкендерге де ортақ екендігін көрсетеді.Ол қазақ жастарын, ең алдымен, оқу, өнер-білім, техниканы игеруге шақырды.(«Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар, Тілегенің алдыңнан іздемей ақ табылар»)Автор оқу-білімнің тек ізденіс,еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді.Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ, қараны айырмайтын, көрсоқыр екенін айтады.(«Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап. Надандықтың белгісі-Еш ақылға жарымас»). Оқу, білімнің пайдасы қандай ол неге керек деген мәселеге келгенде, оның өмірі үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді.(«Ата-енең қартайса, Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл-оқу»). Жастарды өнер білім, техниканы игеруге үндеу ақынның «Өнер білім бар жұрттар» деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер білімі жетілген білімдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не деген секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады.(«Адамды құстай ұшырды. Мал істейтін жұмысты, от пен суға түсірді. Отынсыз тамақ пісірді. Сусыздан сусын ішірді'). Табиғат көріністерін жеке алып, нақты суреттеу Алтынсариннің лирик, өлеңдерінен басталады. Ақын өзінің «Жаз»,«Өзен» атты өлеңдерінде жыл мезгілдерін шеберлікпен сипаттайды.

Мұнда ол Жаңа жыл басы-Наурыздағы елдің жайлауға көшкен бір сәнді кезеңін алып, оны малдың төлдеуді, ақтың көбеюімен, табиғат пен адамның өзара табысып астасқан сәтімен қатар алып суреттейді. Күн мен Жердің мейірім-шапағатын ата-ана кейіпінде, ал қызыл жасыл гүлдерді жас балаға балап көрсетеді. Осы табиғат пен адам өмірін салыстыра, астастыра бейнелеу Ыбырай Алтынсариннің қазақ поэзиясына әкелген жаңалығы болып табылады. Ыбырай Алтынсариннің төл әңгімелері қысқа да нұсқа құралып, мазмұны жағынан ұтымды келеді. Осыған орай оның «Қыпшақ Сейітқұл»,«Киіз үй мен ағаш үй» тәрізді новеллаларын тілге тиек етуге болады. Бұлармен үндес «Аурудан аяған күштірек»,«Асыл шөп», «Шеше мен Бала»,«Бай мен жарлы баласы»,«Таза бұлақ» тағы басқа әңгімелері-әсерлі де көркем шығармалар. А. Ушинский, Л.Толстой, И. Крылов, И. Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды.

Қазақ Үкіметінің 1989 жылы 22 желтоқсандағы қаулысымен Алтынсариннің туғанына 150 жыл толуына орай мерейтойы өткізіліп, ұстаздың мұраларында арналған ғылыми, тарихи, мәдени педагогикалық еңбектер жарық көрді. Арқалық қаласында Алтынсариннің мұражайы ашылды. Тобыл бойындағы Ыбырай қатысуы жанында, мүрдесі қойылған жерде, Алтынсаринге күмбезді мазар орнатылды. Қазақстанда Алтынсарин атында аудан, ауылдар, жоғары оқу орындары т. Б бар.

Ы.Алтынсарин түсінігінде білім дегеніміз айналадағы ақиқатты тану. Сондықтан , «табиғат ақыл деп жазды, - ол, - айналадағы қоршаған өмірді ғана қамтуға қабілетті, ал оны дамытып, біздің көргенімізді де білуге мүмккіндік беретін – дүниелік білім ғана»,- деді

Ы.Алтынсарин өзінің ұстаздық қызметіне байланысты қазақ жастарын оқытып-тәрбиелеу мәселесін ең негізгі, басты мәселе деп есептеді. Халқы үшін қызмет ететін білімді адамдардың қатарын көбейту аркылы қазақ қоғамынық мешеулігін жоюға болады, сондықтан жастарды оқытып, тәрбиелеуден, тәрбие ісінің құдіретінен артық ешнәрсе жоқ,- деп түйеді Ыбырай.

Адам тәрбиенің нәтижесі. Ол өмірге пешенесіне не жазылса, сонымен келмейді, оның тағдыры туысынан белгіленбейді. Адамдық қасиетінің қалыптасатын жері — өмір талқысы, әрекет етуі, тәрбиесі. Күн мен Ай бәрімізге ортақ, бәріміз де адамның баласымыз, ешкімді біріңнен бірің артықсын деп айыруға болмайды, — дейді, Ыбырай. Ол адам психологиясының қалыптасуындағы саяси-әлеуметтік, қоғамдық-тарихи факторлардың шешуші ролін жете түсінді. Ы.Алтынсариннің ойынша адамның сана-сезімін негізінен тәрбие билейді де, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» болып қалыптасуын материалдық өмір жағдайларымен емес, идеалогиялық факторлармен, ағартушылық әрекетпен тәуелді еткісі келеді. Ыбырай жеке адамның даму жолын қоғам дамуымен байланыстырып, оның адам туралы түсінігі жеке адам «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы» дейтін қағидаға сәйкес келді.

Ыбырай Алтынсарин шығармаларында көтерілген екінші бір өзекті мәселе: жастарды түрлі жақсы қасиеттерге баулу, жаман қасиеттерден жирендіру мәселесі. Оның «Хрестоматиясының» бірінші беттерінен-ақ балаларды оқуға, өнерге, ұкыптылыққа, тазалыққа, мейірімділікке шақырған әңгімелер мен өлеңдер жиі кездеседі.





Бала жанының зергері Ы.Алтынсарин әңгімелерінің бәр-бәрі де бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне орай тілі жеңіл, мазмұны тартымды, олардың жан дүниесіне әсер етерліктей етіп берілген. Осы әңгімелерді мұғалімдер мен ата-аналар балаларды ұқыптылық пен сабырлылыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу мақсатында пайдалануға болады.

Ыбырай еңбек процесінің бала тәрбиесіндегі ерекше маңызын көре білді. Сондықтан оның көптеген әнгімелерінің идеясы, Абай айтқандай, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген қағиданың төңірегіне топтасқан. Әңгімелерінде балаларды тапқырлыққа, табандылыққа үйретіп көп тұрмыс тауқыметі – еңбек екендігін, сол себепті оның болашағы жарқын, өмір сүруі адал болатындығын көрсете келіп, жастайынан еңбексіз өскен балалардың бос белбеу болбыр болатынын барынша келемеждейді. Ы.Алтынсарин әңгімелерінде еңбек процесінің адамның сана-сезімін, психологиясын қалыптастыруда ерекше орын алатынын жақсы түсінген.

«Ыбырай Алтынсарин шығармаларының маңыздылығы» тақырыбындағы курстық жұмыста жеке тұлғаны қалыптастырудағы анықталған мәселелер:

Біріншіден, әр халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерінен хабар беру принципін көздей отырып,тұлғаны өмір сүрген қоғамына қатысты халықаралық қатынасқа бейімдеу.

Екіншіден, жеке тұлғаны адалдыққа, еңбекке, ұқыптылыққа, талаптылыққа тәрбиелеу, адамгершілік жақсы қасиеттерді олардың бойына дарыту арқылы адами мінез-құлықтарын өздері игере алуларын ойластырған.

Үшіншіден, жастардың, әсіресе, мектеп оқушыларының түсінігіне жеңіл, тілі жатық әңгімелерді беруімен бала түйсігін жүйелілікпен қалыптастыруға тырысқан.

Қорыта айтқанда, Ы.Алтынсаринның өз халқын оқуға, өнерге үндеуі надандыққа, зұлымдыққа қарсы шығуы, сол кезде әлеумет өміріндегі теңсіздіктің бетін ашып, өмір шындығын көрсетуі, жастарды жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуі оның творчествосының халықтық жағы десек, қазақтың қазіргі ержеткен проза жанрының және балалар әдебиетінің ең алғашқы негізін салушы болды. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин жазба әдебиетіміздің төрінен заңды түрде орын алып отыр.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!