Материалдар / Қазақ тіл және әдебиеті олимпиадасы. Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тіл және әдебиеті олимпиадасы. Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Олимпиаданың ашылу салтанаты. Ауданның құрметі азаматын жиынға шақырылды.Балұлы Бақыт ағай еліміздің білім жолына біраз еңбек сіңірген жан. Оның осы еңбек жолын ескере отырып, жоғары көлемде шаралар өткізілуде.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қазан 2022
445
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Армысыздар қонақтар!

Бақыт Балұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық олимпиадасына қош келдіңіздер! 

Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.Ол-ұстаз!

Заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Бағалай білмегенге бақ қонбайды,
Қуана білмегенге құт қонбайды»деген сөзі бүгінгі іс –шараның дәлелі іспеттес. Барымызды бағалау,ұлыларымызды ұлықтау-саналы ұрпақтың ісі. Бүкіл ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған Балұлы Бақыттай ұстазға жасалып жатқан бұл игі іс-көпті қуантарлық жағдай.

1.Ауданнан келген қонақтарға сөз кезегі беріледі.

2.Балұлы Бақыт ағайға сөз беріледі.

Бүгінгі кештің ашылу салтанатының Абай орта мектебінде өткізілуінің де өзіндік себебі бар.

Бақыт ағай ұстаздық қызметінің көп жылдарын киелі қара шаңырақ Абай мектебінде шәкірт тәрбиелеумен өткізді. Аталмыш іс-шараның алдағы уақытта жаңалықты жаны сүйер жас мамандардың ортасынан оза шауып, шыңдалуына зор ықпал етеді деген сенімдеміз.

Қазақ тілге мұндай тұлға,сірә, бір бақ,

Сол бақтар тек қолдаумен суарылмақ.

Шыңдалу мектебінен ұстаз шыңдап,

Білгенін кейінгіге мұра қылмақ!

Иә,шындығында ,жақсы адамның артында жақсы қолтаңбасы қалары хақ!

1. Бала Бақыттан дана Бақыттың өсу жолдарын өлеңмен өрнектеген өнерпаздарымызға кезек берейік. Олай болса, ортада 8-сынып оқушылары!





Кәусар:

Білімменен, ғылым және бай дарынға,

Бақыт ағай ерлікке байлануда.

МАҢҒЫСТАУДЫҢ момын қара баласы еді,

Ал, бүгін қара нарға айналуда!


Мерей:

Фаризадай серік боп ақын арда,

Көпті көріп, таңын ағай атырарда,

Зейнолла, Жүсіп, Қадыр тұлғалармен,

Бірге білім іздеген Атырауда!


Ақтілек:

Әр сабағы болып өтіп тағылым,

Әр шәкірттің оятатын танымын

Мейлі, есейіп кетсе де сол ұл-қызы

Санасында жүре берер әлі күн


Дана:

Қазақ тілге мұндай тұлға, сірә, бір бақ,

Сол бақтар тек қолдаумен суарылмақ.

Шыңдалу мектебінен ұстаз шыңдап,

Білгенін кейінгіге мұра қылмақ!



Ақкенже:

Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегі

Ұлы ұстаз, ардақты әке білемін

Отбасының тірегі әрі қамқоры

Ұрпағының тілегін тілеп жүреді.



Нурхат:

Бар өнеге, тәлім жатыр түсінсең,

Айтқан ақыл, салмақты, шырын сөзінде

Гулраушан, Айдар, Асқар, Гүлжаны

Әке жолын қуған ұрпақ бүгінде

















2.«Ұстазға арнау» оқитын Джингилбаев Нурлан


Жүзінен жайма шуақ атып арай,

Аты да ерекше бір затына сай.

Ұстаздардың ұлықтар ұстазындай.

Бейнеудің мақтанышы –Бақыт ағай.



Бұл ағай – Маңғыстаудың қара нары.

Ғасырға жайлап жүріп барады әлі.

Жыңғылы Жыңғылдының жылап тұрып,

Тұлпардай төрт тұяғын тағалады.



Арманы асуындай тұнып алдан,

Шақырған Ақжайықтың үні маржан.

Жарысып ағысымен ерке толқын,

Атыраудан сарқылмас білім алған.



Болашақ ойға балап,бағамдашы,

Зейнолла Қабдоловтың қаламдасы,

Дарыған ұлылардың батасы бар,

Ұлы ақын Фаризаның замандасы.



Ағайды білім шыңы қылған жандар,

Білімнен бұлақ іздеп бүр жарғандар.

Ұстаздың жолын жалғар шәкірттері,

Шыңдалу мектебінде шыңдалғандар!


Соқпақтар басталған да жол тынығар,

Шынымен шыңдалмаққа болды құмар.

Сәуле мен Кларасы шын қайралып,

Шыңдалған Раушан менен Толқыны бар...


Маңғыстау маң өлкенің мұралындай,

Бекеті құдай жолы ұранындай...

Бақыт ағай білімнің шырағындай,

Немесе сарқылмайтын бұлағындай



Балұлы Бақыт ағайдың шәкірттерінің лебіздері

3.Хор: Ұстазым мектеп мұғалімдері.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!