Материалдар / Қазақ тілі 2- сынып " Зат есім"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі 2- сынып " Зат есім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақта зат есім туралы түсініктерін қалыптастыру. Зат есімнің сөз табы ретінде атқаратын ролі мен мәнін ашу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2021
422
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша «№27 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сынып

2 «А»

Мұғалім

Амирхасимова Гульнара Аймухамбетовна

Пәні

Қазақ тілі

Күні

19.02.2021

Бөлім

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Тақырып

Зат есім 10-14 жаттығу

Оқу мақсаты:

2.2.3.1 – өлең мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

2.3.5.1 – жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар білуге тиісті:

Адамға қатысты сөздерге кім? кімдер?, заттар мен жануарларға не? нелер? сұрағы қойылады

Мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы зат есімдерді сұрақ қою арқылы ажыратады

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

Туыстық атауларды біледі, өлеңді рольге бөліп оқиды

Кейбір оқушылар білуге тиіс:

Немере, немене, шөпшек туыстық атауларын түсіндіре алады


Сілтемелер

Сергіту сәті «Аяқпенен топ-топ-топ» https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=eR7kCG3I8iA

Тілдік мақсат

Туыстық атаулары: ата, әже, нағашы әже, нағашы ата, нағашы әже, сіңлі, қарындас,іні

Алдыңғы оқу

Зат есім

Ресурстар

.Жалпы орта білім берудің білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2018 жылғы 10 мамырдағы №199 бұйрықпен бекітілген)

2. Қазақ тілі бойынша тақырыптық-күнтізбелік жоспар 2- сынып 2020-2021 оқу жылы

3.Жалпы білім беретін мектептің 2-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі оқулығы 3- бөлім 44-45- бет Ә.Е.Жұмабаева,Г.И.Уайсова, Г.Т. Сәдуақас Алматы «Атамұра» 2017


Құндылықтарды дамыту

Отбасындағы сыйластыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін дамыту

Сабақтың барысы

Оқытушының іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 мин

1.Ұйымдастыру сәті

Оқушылармен амандасу

Үлкенге де-Сіз,

Кішіге де- Сіз

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз!

Оқушылардың көңілін сабаққа аудару


Сабақтың тақырыбын хабарлау

Зат есім

Сабақтың мақсатымен таныстыру

Зат есім туралы түсініктерін қалыптастыру. Зат есімнің сөз табы ретінде атқаратын ролі мен мәнін ашу


Оқушылар қайталап айтады

Формативті бағалау үнемі жүргізіліп отырады.

Гүлдердің суреттерін тарату арқылы бағалау жүргізіледі


Оқулықтар суреттер

Кеспелер


Сабақтың ортасы

30 мин

10- жаттығу

Өлеңді түсініп оқы.

Шағала көлін қорғайды,

Шопан төлін қорғайды.

Егінші жерін қорғайды,

Батыр елін қорғайды.

1.Өлең мазмұны бойынша сұрақтар қой және жауап бер.

2.Өлеңнен кім? не? сұрағына жауап беретін сөздерді тап.

Жаңа ақпарат

Адамға қатысты сөздерге кім? Кімдер? Не ? нелер? деген сұрақ қойылады.


11- жаттығу

Өлеңді қатесіз көшіріп жаз.

Ұл қызына ерген

Немереңбіз, әже.

Немереңнен өрген

Шөбереңбіз, әже.



1.Өлеңді түсініп оқиды.

2.Өлеңнен кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді табады

3. Кім? не? сұрақтары қандай сөздерге қойылатынын болжайды








1.Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап,оларды байланыстырып,көлбеу және таза жазады

Дескриптор:

Зат есімдерді анықтауға бағытталған сұрақтарға жауап беретін сөздерді таба алады











Дескриптор:

Өлеңді қатесіз көшіріп жазады


Сергіту сәті

«Аяқпенен топ-топ-топ»

Бойды сергітіп, қимылды жаттығу орындайды



https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=eR7kCG3I8iA


12- жаттығу

Саған кім болады?

Әкеңнің әкесі -.......

Әкеңнің анасы - .....

Анаңның әкесі -....

Анаңның анасы - .....

Өзіңнен кіші қыз болса -... .

Өзіңнен кіші ұл болса - ... .


13- жаттығу «Жаңылмай айт»

Мына балалар,

Немерелеріңіз еді;

Шөберелеріңіз бе?

Шөпшектеріңіз бе?

Неменелеріңіз бе?

Неменелеріңіз еді?

«Ойлан тап» әдісі

Сын тұрғысынан ойлай отырып, өлең мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтарға жауап береді





1.Жаңылтпашты бірнеше рет оқиды

2. Жаңылтпашты айтады



Дескриптор:

Туыстық атауларды атай алады








Дескриптор:

Жаңылтпашты жаңылмай айтады.


Сабақтың соңы

4 мин

«Алтын сандық» ойыны

1.Кім? кімдер? сұрағына

жауап беретін сөздерді бірінші киіз үйге орналастырады

2. Не? нелер? сұрағына

жауап беретін сөздерді екінші киіз үйге орналастырады


Дескриптор:

Адамға кім?кімдер?заттар мен жануарларға не?нелер? сұрағы қойылатынын айтады



Үйге тапсырма беру 1 мин


14. 46 бет

Күнделікке үй тапсырмасын жазады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!