Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақ тілі 4 сынып 33-36 сабақ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тексерілді:
Білім беру ұйымының атауы |
№24 лицей МКМ |
|||||
Пәні: |
Қазақ тілі |
|||||
Бөлім: |
|
|||||
Педагогтің аты-жөні: |
Иманбекова Ж |
|||||
Күні: |
04.11.2024 ж |
|||||
Сынып: 4 « Д » |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
№33 Сөйлем мүшелерін еске түсіремін 1-6- жаттығу |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
4.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма, сызба, кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу 4.2.4.1 мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау 4.3.6.1 каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу техникасын жетілдіру |
|||||
Сабақтың мақсаты: |
- сызба бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды және өз ойын дәлелдей алады; -мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтайды және ондағы негізгі ойды тұжырымдап айтады; -каллиграфиялық нормаларды сақтайды, жазу техникасын жетілдіріп жазады. |
|||||
Құндылықты дарыту |
Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңдері: |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Басы 10 мин |
І.Психологиялық ахуал қалыптастыру. Күлім қағып қолымызды қошеметпен соғайық, Қатар тұрған көршімізге қолымызды бұлғайық. Жылы шырай жүзбенен, мейірімді көзбенен, Бүгінгі күнге баршамызға сәттілікті тілейік. ІІ.Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) «Серпілген сауал» әдісі арқылы өткен сабақты бекіту. ІІІ.Ой қозғау Сөйлем мүшелерін еске түсіру Бүгінгі сабақ тақырыбы хабарланады. |
Оқушылар сабақ тақырыбы мен мақсатымен танысады. |
«Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру. |
суреттер Слайд 1 Слайд 2 |
||
Ортасы 25 мин |
Жаңа сабақ 1-тапсырма 1-жаттығу.Суретке мұқият қара. • Өз отбасың туралы бірнеше сөйлем құрап айт. Отбасының басында кім тұрады және оның мүшелері кімдер? Сөйлем құрамындағы сөздердің қызметі де отбасына ұқсайды. Сөйлемнің басында бастауыш тұрса, соңында баяндауыш тұрады. Олар тұрлаулы мүшелер деп аталады. Ал тұрлаусыз мүшелер сөйлемдегі ойды толықтырып тұрады. 2-тапсырма.Жұппен жұмыс 2-жаттығу.Кестені ауызша толтыр. • Сөйлем мүшелері туралы айт. Мысал келтір. Тұрлаулы мүшелер Бастауыш-кім? не?Кімдер? Нелер? Баяндауыш-не істеді? Не қылды? Қайтті? Тұрлаусыз мүшелер Анықтауыш-қандай? Қай? Қанша?неше?Кімнің? нені? Толықтауыш-кімді? Нені? Кімге? Неге? Кімнен? Неден? Кімде? Неде? Кіммен? Немен? Пысықтауыш-қайда? Қайдан?қашан? қалай? Қайтіп? Не ұшін? ЕБҚ тапсырмасы 3-тапсырма. 3-жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жаз. Ойлаумен ой толады, Ойнаумен бой толады. • Сөйлем мүшелеріне талда. • Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсет. 4-тапсырма 4-жаттығу. Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзбен екі сөйлем құрап жаз. Ол сөз бірінде бастауыш, екіншісінде баяндауыш болсын. • Бір сөздің екі сөйлемде екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқару себебін түсіндір. • Екінші сөйлемде сызықшаның қойылу себебін түсіндір. Ребустың шешуі: оқушы 1.Оқушы кітап оқыды. 2.Марат-үлгілі оқушы. Бастауыш та, баяндауыш та атау септіктегі зат есімнен болғанда сызықша қойылады. ЕБҚ тапсырмасы 5-тапсырма. 5-жаттығу. «Мұражайда» тақырыбына берілген сызба бойынша әңгіме құрап жаз. Мен мұражайға бардым. Мұражай әдемі, жарық екен. Маған мұражай қатты ұнады. Менің достарыма да ұнады. |
Сурет бойынша әңгімелейді. Өз отбасы туралы бірнеше сөйлем құрап айтады. Жұппен тапсырманы орындайды. Кестені толтырады. Мақалды оқып, жатқа жазады. Ребусты шешеді. Шешуіндегі сөзбен екі сөйлем құрап жазады. «Мұражайда» тақырыбына берілген сызба бойынша әңгіме құрап жазады. |
Дескрипторы: - Сурет бойынша әңгімелейді;(1б) - Өз отбасы туралы бірнеше сөйлем құрап айтады.(1б) Дескрипторы: - Кестені ауызша толтырады;(1б) - Сөйлем мүшелері туралы айтып, мысал келтіреді.(1б) Дескрипторы: - Мақалды оқып, жатқа жазады;(1б) - Сөйлем мүшелеріне талдайды;(1б) -Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсетеді.(1б) Дескрипторы: - Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзбен екі сөйлем құрап жазады;(1б) - Екінші сөйлемде сызықшаның қойылу себебін түсіндіреді.(1б) -«Мұражайда» тақырыбына берілген сызба бойынша әңгіме құрап жазады.(1б) |
Слайд 3 Суреттер Слайд 4 Слайд 5 Слайд 6 Слайд 7 |
||
Соңы 10 мин |
Сабақты бекіту Үй тапсырмасы: 6-жаттығу.Берілген тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып, «Мәңгілік ел» қақпасы туралы әңгіме құрастыр. Тірек сөздер: «Мәңгілік ел» тәуелсіздік қақпасы, монумент, сәулет, «Отан-ана», «Әйел-ана» мүсіні, «Ақсақал» мүсіні, тұрақтылық, «Тайқазан» мүсіні, қонақжайлылық. Жоспар: 1. Қақпаның жалпы көрінісі. 2. Қақпадағы мүсіндер. 3. Қақпаның маңызы. Бағалау Рефлексия |
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін көрсетеді |
Оқушылар 1-10 балдық жүйемен бағаланады. |
Слайд 8 Слайд 9 |
Білім беру ұйымының атауы |
|
|||||
Пәні: |
Қазақ тілі |
|||||
Бөлім: |
|
|||||
Педагогтің аты-жөні: |
|
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: 4 « » |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
№34 Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері 7-11- жаттығу |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
4.2.5.1* - дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау 4.3.6.1 каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу техникасын жетілдір |
|||||
Сабақтың мақсаты: |
- дереккөздерден қажетті ақпараттарды табады, ақпаратты қорытындылайды, бағалай алады; -каллиграфиялық нормаларды сақтайды, жазу техникасын жетілдіріп жазады; |
|||||
Құндылықты дарыту |
Денсаулық ,достық және айналадағыларға құрметпен қарау |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңдері: |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Басы 10 мин |
І. Психологиялық дайындық Қайырлы күн, көздерім! Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды). Қайырлы күн, құлақтарым! Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды). Қайырлы күн, қолдарым! Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды). Қайырлы күн, аяқтарым! Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу). Қайырлы күн, мұғалім! Біз ояндық!. (Күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады ІІ. Өткенді бекіту. «Сұрақ ілмегі» әдісі бойынша алдыңғы білімді пысықтау. Бүгінгі сабақ тақырыбы мен мақсаты хабарланады. |
Оқушылар сабақ тақырыбы мен мақсатымен танысады. |
«Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру. |
суреттер Слайд 1 |
||
Ортасы 25 мин |
Жаңа сабақ 1-тапсырма. «Ойлан,салыстыр, талда» 7-жаттығу.Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді салыстыра оқып, қарамен жазылған сөйлем мүшелеріне сұрақ қой. Не байқадың? 1.Дара мүшелер: Арнұр мұражайға келді.(не істеді?) Кесенеде үлкен (қандай?) Тайқазан бар. Тайқазанның салмағы – екі (қанша?) тонна. 2.Күрделі мүшелер: Әли әкесімен Отырарға келе жатыр. Кітапханада өте үлкен кітап бар. «Тәуелсіздік» ескерткішінің биіктігі – жиырма сегіз метр. Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасала береді. Жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесін дара мүше деп атайды: Екі не одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесін күрделі мүше деп атайды: 2-тапсырма. Жеке жұмыс 8-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз. Толағайдың торы ала аты бар. Толағай, торы ала атыңды тағалатып ал. • Күрделі мүшені тап, оның қай сөзбен байланысқанын сызып көрсет. • Күрделі мүшенің айтылуы мен жазылуын салыстыр. Күрделі мүшенің айтылуы мен жазылуында өзгеріс бар.Бұл-дыбыс үндестігі. ЕБҚ тапсырмасы 3-тапсырма.Топпен жұмыс 9-жаттығу. Мәтіннен күрделі мүшелерді тауып, неліктен күрделі мүше болатынын дәлелде. Мұхаммед Құсайын, мырзаның, ата-баба, құйып өсті, жүріп өткен, жатқа білетін, іс-әрекеттері, мақтаныш тұтатын, бала күннен бергі, мақсаты еді, үнсіз қалды. Мұхаммед Хайдардың . • Ойыңды дәлелдеп үйрен. • Дереккөздерден Мұхаммед Хайдар Дулати туралы ақпарат ізде. Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар 1499-1551 жылдар аралығында өмір сүрген. Әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғалстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. ЕБҚ тапсырмасы Тобының көмегімен орындайды. 4-тапсырма.Жұппен жұмыс 11-жаттығу. Суреттерге қарап, сөйлемдердің күрделі мүшелерін тауып жаз. • Күрделі мүшелер сөйлемнің қандай мүшесі екенін айт. • Күрделі мүшелер қай сөз табынан жасалған? 1.Тұлпар бәйгеде озып келді. (күрделі мүше) 2.Байжан сурет салды.(күрделі мүше) 3.Бақта жеміс-жидек көп.(күрделі мүше) 4.Оқушылар шахмат үйірмесіне жазылды. Күрделі мүшелер(бастауыш, зат есім),( баяндауыш, етістік) сөз таптары мен сөйлем мүшелерінен жасалған. ЕБҚ тапсырмасы |
Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді салыстыра оқып, қарамен жазылған сөйлем мүшелеріне сұрақ қояды.
Жаңылтпашты оқып, жатқа жазады. Күрделі мүшенің айтылуы мен жазылуын салыстырады.
Топпен тапсырманы орындайды.
Мәтіннен күрделі мүшелерді тауып, неліктен күрделі мүше болатынын дәлелдейді.
Дереккөздерден Мұхаммед Хайдар Дулати туралы ақпарат іздейді.
Суреттерге қарап, сөйлемдердің күрделі мүшелерін тауып жазады. |
Дескрипторы: - Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді салыстыра оқиды;(1б) - қарамен жазылған сөйлем мүшелеріне сұрақ қояды.(1б) Дескрипторы: - Жаңылтпашты оқып, жатқа жазады;(1б) - Күрделі мүшені тап, оның қай сөзбен байланысқанын сызып көрсетеді;(1б) - Күрделі мүшенің айтылуы мен жазылуын салыстырады.(1б) Дескрипторы: -Мәтіннен күрделі мүшелерді табады;(1б) -неліктен күрделі мүше болатынын дәлелдейді.(1б) - Дереккөздерден Мұхаммед Хайдар Дулати туралы ақпарат іздейді.(1б) Дескрипторы: - Суреттерге қарап, сөйлемдердің күрделі мүшелерін тауып жазады;(1б) - Күрделі мүшелер сөйлемнің қандай мүшесі екенін айтады.(1б) |
Слайд 2 Слайд 3 Слайд 4 Слайд 5 Слайд 6 |
||
Соңы 10 мин |
Сабақты бекіту Үй тапсырмасы: 10-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз. 1. Талабы жоқ бала білімнен құр қалады. 2. Ол Құрманғазының «Айжан қызын» тарта жөнелді. 3. Мұғалім оған түсіндіре бастады. 4. Сәуленің әкесі ұзын бойлы адам екен. 5. Біздің мектепте сегіз жүз оқушы бар. • Сөйлем мүшелеріне талда. Олардың қайсысы дара, қайсысы күрделі мүше екенін айт. Күрделі мүшелер қай сөз табынан жасалған? Бағалау Рефлексия |
«Данышпан үкі » әдісі арқылы бүгінгі сабақтан түсінген, түсінбегендерін айтады. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін көрсетеді |
Оқушылар 1-10 балдық жүйемен бағаланады. |
Слайд 7 |
||
|
||||||
Білім беру ұйымының атауы |
|
|||||
Пәні: |
Қазақ тілі |
|||||
Бөлім: |
|
|||||
Педагогтің аты-жөні: |
|
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: 4 « » |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
№35 Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері 12-16- жаттығу |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
4.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма, сызба, кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу 4.2.5.1* - дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау 4.3.6.1 каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу техникасын жетілдіру |
|||||
Сабақтың мақсаты: |
- мәтіннің тақырыбы мен берілгенсурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды және өз ойын дәлелдей алады; - дереккөздерден қажетті ақпараттарды табады, ақпаратты қорытындылайды; - каллиграфиялық нормаларды сақтайды, жазу техникасын жетілдіріп жазады. |
|||||
Құндылықты дарыту |
Жауапкершілік, денсаулық, достық және айналадағыларға құрметпен қарау |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңдері: |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Басы 10 мин |
І.Психологиялық ахуал қалыптастыру. ІІ.Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) ІІ.Қызығушылықты ояту. «Сағаттың тілімен» ойыны. Оқушылар әуен жүріп жатқанда жерде жатқан сөздерді айналып жүреді. Әуен тоқтағанда қай сөздің қасында болса, сол сөзбен сөйлем құрастырып айтады. Сөйлемдегі зат есімнің қай септікте тұрғанын айту. мәдени мұра ескерткіш тарих бағалы кесене күмбез ғимарат ұлы ойшыл арналған орналасқан Кесене– қабір, бейіт, зират, мола басына салынған күмбезді мәдени-тарихи ескерткіш; Бүгінгі сабақ тақырыбы хабарланады. |
Оқушылар сабақ тақырыбы мен мақсатымен танысады. |
«Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру. |
суреттер Слайд 1 Слайд 2 |
||
Ортасы 25 мин |
Жаңа сабақ 1-тапсырма. Топпен жұмыс 12-жаттығу. Суреттерде не бейнеленген? Ол қай қалада орналасқан? Сұрақтарына берген жауабыңның дұрыстығын дәлелде. 1.Қожа Ахмет Яссауи кесенесі –Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында орналасқан.Бұл ғимарат орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. 2.Тайқазан-Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі алты ғасырлық тарихы бар қасиетті, алып қазан. Бұл қазан әйгілі қолбасшы Әмір Темірдің тапсырысымен 1399 жылы 25 маусымда Түркістан қаласының батысында 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде құйылған. ЕБҚ тапсырмасы Төмендегі сөйлемдерде асты сызылған мүшенің дара ма, күрделі ме екенін анықтаңыз: Қарлығаш жылы жаққа ұшып кетті. Әжем көңілді әңгіме айтты. Біз үлкен мектеп салдық. 2-тапсырма. Тыңдалым 13-жаттығу. Мәтінді мұқият тыңда. • Мәтіннің алғашқы үш сөйлемін көшіріп жазып, ондағы сөйлем мүшелерінің қайсысы дара, қайсысы күрделі екенін анықта. 3-тапсырма.Жұппен жұмыс 14-жаттығу.Төмендегі графикалық модельді басшылыққа алып, ішінде күрделі мүшесі бар сөйлем құра. 4-тапсырма. 15-жаттығу. Дара және күрделі мүшелерді соларға сай келетін сөйлемдермен сәйкестендір. ЕБҚ тапсырмасы Мұғалімнің көмегімен тапсырманы орындайды. 5-тапсырма. 16-жаттығу. Келесі беттегі суреттерге қара. Қайсысы табиғи мұраға, қайсысы мәдени мұраға жатады? • Оқы. ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасына Қожа Ахмет Ясауи ескерткіші мен Сарыарқа табиғи қорынан басқа Қазақстанның 33 тарихи нысаны енді. • Дереккөздерден бүкіләлемдік мұра нысаны болып табылатын Қазақстанның тарихи ескерткіштері туралы ақпарат тауып, тізімін жаса. Табиғи мұралар: Таңбалы тастар, қатпарлы жартастар. Мәдени мұралар: Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі, «Алтын адам» ескерткіші. Бүкіләлемдің мұра нысаны болып табылатын Қазақстанның тарихи ескерткіштер тізімі |
Топпен тапсырманы орындайды.
Сурет бойынша әңгімелейді. Сұрақтарға жауап береді.
Мәтінді мұқият тыңдайды.
Жұппен тапсырманы орындайды.Графикалық модельден күрделі мүшесі бар сөйлем құрап жазады.
Дара және күрделі мүшелерді соларға сай келетін сөйлемдермен сәйкестендіреді.
Дереккөздерден бүкіләлемдік мұра нысаны болып табылатын Қазақстанның тарихи ескерткіштері туралы ақпарат тауып, тізімін жасайды. |
Дескрипторы: -Сурет бойынша әңгімелейді;(1б) - Сұрақтарына берген жауабының дұрыстығын дәлелдейді.(1б) Дескрипторы: -Мәтінді мұқият тыңдайды;(1б) - Мәтіннің алғашқы үш сөйлемін көшіріп жазады;(1б) - сөйлем мүшелерінің қайсысы дара, қайсысы күрделі екенін анықтайды.(1б) Дескрипторы: -Төмендегі графикалық модельді басшылыққа алады;(1б) - Күрделі мүшесі бар сөйлем құрайды.(1б) Дескрипторы: -. Дара және күрделі мүшелерді соларға сай келетін сөйлемдермен сәйкестендіреді. (1б) Дескрипторы: - Суреттерге қарап, қайсысы табиғи мұраға, қайсысы мәдени мұраға жататынын анықтайды;(1б) - Қазақстанның тарихи ескерткіштері туралы ақпарат тауып, тізімін жасайды.(1б) |
Слайд 3 Суреттер Слайд 4 Слайд 5 Слайд 6 Слайд 7 |
||
Соңы 10 мин |
Сабақты бекіту Үй тапсырмасы: Бағалау Рефлексия |
«СМС» әдісі арқылы бүгінгі сабақтан түсінген, түсінбегендерін айтады. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін көрсетеді |
Оқушылар 1-10 балдық жүйемен бағаланады. |
Слайд 8 |
Білім беру ұйымының атауы |
|
|||||
Пәні: |
Қазақ тілі |
|||||
Бөлім: |
Уақыт |
|||||
Педагогтің аты-жөні: |
|
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: 4 « » |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
№36 Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері 17-21- жаттығу |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
4.1.3.1 сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу 4.2.5.1* - дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау 4.3.2.1 тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін (мақала, мінездеме, сұхбат) жазу |
|||||
Сабақтың мақсаты: |
- сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатыса алады; - дереккөздерден мәтіннен қажетті ақпараттарды табады, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтай алады; -тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін (мақала, мінездеме, сұхбат) жазады. |
|||||
Құндылықты дарыту |
Ынтымақтастық ,жауапкершілік |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңдері: |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Басы 10 мин |
І.Психологиялық ахуал қалыптастыру. Қайырлы күн, көздерім! Ояндыңдар
ма? (қабақтарын
сипайды). Ояндыңдар
ма? (құлақтарын
сипайды). Ояндыңдар
ма? (қолдарымен
шапалақтайды). Ояндыңдар
ма? (аяқпен жерді
тебу). Біз ояндық!. (Күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады ІІ. «Woordwall» қосымшасы арқлы өткенді бекіту. Бүгінгі сабақ тақырыбы хабарланады. |
Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды Оқушылар сабақ тақырыбы мен мақсатымен танысады. |
«Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру. |
суреттер Слайд 1 |
||
Ортасы 25 мин |
Жаңа сабақ 1-тапсырма.(Ж.Ж,Т.Ж) 17-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. -1970 жылы Есік қорғанынан қандай ескерткіш табылды? -«Алтын адам» ескерткіші табылды. -«Алтын адам» ескерткішін кім тапты? -Археолог Кемел Ақышев тапты. -Алтын адамның баскиімі қандай? -Биік, шошақ төбелі, ұзындығы-70 см. -«Кемел Ақышев» қарамен жазылған сөйлемде күрделі мүше болып табылады.Ол зат есімнен жасалған. • Мәтін мазмұнына сүйеніп, сұрақ-жауап түріндегі диалог құрастырыңдар. • Қарамен жазылған сөйлемнен күрделі мүшені тап. Ол қай сөз табынан жасалған? ЕБҚ тапсырмасы 2-тапсырма. 18-жаттығу. Кестені толықтыр. • Тапқан күрделі мүшені қатыстырып сөйлем құрап жаз. Сөйлемнің дара мүшелері: есік, биік, киім, табылды,тапқан, безендірілген, ұқсас, ескерткіш, оны,археолог, сақтар. Сөйлемнің күрделі мүшелері: «Алтын адам», Кемел Ақышев, баскиім, алтын әшекеймен, 4 мыңға жуық, шошақ төбелі, мемлекеттік өркениет, Есік қорғаны, 1970 жылы, қазақ киім үлгілері, сол кезде, баскиім. 3-тапсырма.Топпен жұмыс 19-жаттығу. Мәтіннен күрделі мүшелерді теріп жаз. «Қазақстан табиғат ғажайыптары» кітабынан • Маңғыстау туралы дереккөздерден өлең тауып, жоғарыдағы мәтінмен салыстыр. Қайсысы ғылыми-танымдық мәтін? Күрделі мүшелер: Байлық тұнған түбек, мың қыстау, әйел адамның, Қаныш Сәтпаевтың, теңеуі тегін емес, ата-бабаларымыздың, көктен қараған адамға құлазыған құла тұз көінетін, ұйқыдағы аруға. Маңғыстауым мұнайлы, Сондай маған ұнайды. Фантан мұнай атқылап Көктен жерге құлайды. ЕБҚ тапсырмасы Тобының көмегімен тапсырманы орындайды. 4-тапсырма.Жұппен жұмыс 20-жаттығу. «Түркістан – киелі шаһар» тақырыбында парталас жұбыңмен сұхбаттас. -Түркістан қай өңірде орналасқан? -Түркістан Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. -Түркістан қандай қала? -Түркістан көне қала. -ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасына кімнің кесенесі енген? -ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасына -Түркістанда қандай тарихи орындар бар? -Түркістанда Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі, Рәбия Сұлтан Бегім мазары,Ортағасырлық шығыс моншасы, Кылует жер асты мешіті, Арыстан-баб кесенесі бар. ЕБҚ тапсырмасы Жұбының көмегімен орындайды. 5-тапсырма. 21-жаттығу. Әлеуметтік желі арқылы келген хабарламаны оқы. Түркістанның тарихи ескерткіштері өте көп.Сізді Түркістан қаласын аралап, киелі орындармен танысуға шақырамыз. • Сөйлемдер түсінікті құрылған ба? Оларды қалай жетілдіруге болады? Қандай сөздермен толықтыра аласыңдар? |
Мәтінді түсініп оқиды.
Сұрақтарға жауап береді.
Мәтін мазмұнына сүйеніп, сұрақ-жауап түріндегі диалог құрастырады.
Кестені толықтырып жазады.
Топпен тапсырманы орындайды.
Жұппен тапсырманы орындайды. «Түркістан – киелі шаһар» тақырыбында парталас жұбымен сұхбаттасады.
Әлеуметтік желі арқылы келген хабарламаны оқиды. |
Дескрипторы: - Мәтінді түсініп оқиды;(1б) - Мәтін мазмұнына сүйеніп, сұрақ-жауап түріндегі диалог құрастырады;(1б) - Қарамен жазылған сөйлемнен күрделі мүшені табады.(1б) Дескрипторы: - Кестені толықтырады;(1б) - күрделі мүшені қатыстырып сөйлем құрап жазады;(1б) Дескрипторы: - Мәтіннен күрделі мүшелерді теріп жазады;(1б) - Маңғыстау туралы дереккөздерден өлең тауып, жоғарыдағы мәтінмен салыстырады;(1б) Дескрипторы: -«Түркістан – киелі шаһар» тақырыбында парталас жұбыңмен сұхбаттасады;(1б) Дескрипторы: - Әлеуметтік желі арқылы келген хабарламаны оқиды;(1б) -Сұрақтарға жауап береді.(1б) |
Слайд 2 Суреттер Слайд 3 Слайд 4 Слайд 5 Слайд 6 |
||
Соңы 10 мин |
Сабақты бекіту Үй тапсырмасы: Бағалау Рефлексия |
«Білім гүлі» әдісі арқылы бүгінгі сабақтан түсінген, түсінбегендерін айтады. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін көрсетеді |
Оқушылар 1-10 балдық жүйемен бағаланады. |
Слайд 7 |