Материалдар / Қазақ тілі 4 сынып ҚМЖ келер шақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі 4 сынып ҚМЖ келер шақ

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ қазақ тілі 4 сынып келер шақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2024
230
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ямышев ЖОББМ
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Қазақ тілі Келер шақ

Бөлім:

7 – бөлім. Ғарышқа саяхат.

Ғарыш дегеніміз не?

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Жанпеисова М.Г.

Күні:

08.04.2024

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Келер шақ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.4.2.9 – етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) қолдану.

4.2.4.1 – мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау

Сабақтың мақсаты/смарт мақсат

етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) қолдана алады. Мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтай алады және ондағы негізгі ойды тұжырымдай алады

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

«Психологиялық ахуал»

Күлімдеп күн бүгін

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін

Қарады саған да,

Күлімдеп күн бүгін

Қарады баршаға.


Өткенді қайталау. Үй тапсырмаларын тексеру

Дескриптор:

  • Үй тапсырмаларын дұрыс орындайды 1 балл


қайталайды



















Қызығушылықты ояту

Планеталар туралы әңгімелеу

Сабақтың тақырыбын анықтау.

Бұл не?

Жұлдық деген сөзге байланысты сөйлем құрастырып оны үш жақта айтамыз




Оқушылар алдындағы сабақта алған білімдерін қайталайды




















Балалалр тапсырманы орындайды

















Үлестірме қағазы



























https://youtu.be/Wh5GhkHxPy0?si=_HVImBN-I2icWWqH

Негізгі бөлім

Етістік дегеніміз не?

Етістіктің шақтары қандай?

Сабақтың тақырыбын анықтау

Сабақтың мақсатын анықтау

Етістікті естеріне түсіреді



1-тапсырма

Жұлдыздар қалай пайда болды? (ертегі)

Ерте, ерте, ертеде, көптеген ғасырлар бұрын аспанда қазіргі кездегідей көп жұлдыз болмапты. Түнде аспан ашық болған кезде тек бір ғана жұлдызды көруге болады екен. Ол жұлдыз бір күні қатты жарқырап тұрса, бір күні көмескі, күңгірт тартып тұратын болған. Бір күні Ай жұлдыздан былай деп сұрапты: - Жұлдыз, неге сенің жарығың әртүрлі: кейде түннің өзін самаладай жарық етіп жібересің, кейде білінер-білінбес күңгірттеніп тұрасың? Жұлдыз ұзақ үнсіз қалды да, терең демалып, жауап берді: - Мен жалғызсыраған кезде менің жарығым күңгірттенеді. Себебі менің жанымда мен сияқты, маған ұқсайтын бірдебір жұлдыз жоқ. – Ал қай кезде сен жарқырай түсесің? – деп сұрады Ай. – Мен асығып кетіп бара жатқан жолаушыны көргенімде одан сайын жарқырай түсемін. – Сен олардың қайда асығып бара жатқандығын білдің бе ? - деп сұрады Ай. – Иә,- деді Жұлдыз. - Бір күні мен осы сұрақты жолда көп уақыт жүрген жолаушыдан сұрадым. Оның жол жүруден әбден шаршағаны, қатты жүдегені көрініп тұрды. Бірақ көздері…. - Ал оның көздері қандай еді? – деп ай таңдана сұрады. «Бақыт пен шаттықтан олардың көздері жарқырап тұрды», – деп жауап берді де, терең демалып, қайта жалғастырды. – Сенің көздеріңнен бақыт пен қуаныш көріп тұрмын, себебі не, жолаушы? Жолаушы былай деп жауап берді: Себебі үйде мені сағына, тағатсыздана күтіп отырған отбасым бар. Олардың бақытты жүздерін көру үшін, мен мүмкін емес нәрселерді жасауға дайынмын. Жұлдыз сәл үндемей тұрып, былай деді: «Міне, өз үйіне, өз отбасына асығып бара жатқан жолаушылардың жолын жеңілдету үшін, мен оларға жарық сыйлауға тырысамын». Ай Жұлдызға қарады да, былай деп сұрады:

- Менің кішкентай ғана көмекшім! Ал сен өз отбасыңның болғанын қалайсың ба? – Бұлай болуы мүмкін бе? – деп Жұлдыз үмітке толы көздерімен қарады. Осыдан кейін Ай бірде-бір сөз айтпастан, ойланбастан күміс түстес киімінің жеңімен бір сілтеп қалып еді, сол арада аспанда мыңдаған жұлдыздар пайда болып, айнала жарқырай түсті. Барлығы да кішкентай Жұлдызға жарықтарын төге, жылтылдай: «Біз сенің жаныңдамыз, біз осындамыз, енді біз – бір Отбасымыз» деп сөйлегендей болды.


Түртіп алған тірек сөздер мен сөз тіркестерінің көмегімен мәтін мазмұнын айтады


Дескриптор:

  • Мәтіннен тірек сөздерді анықтайды 1 балл

  • Тірек сөздердің негізінде мәтінді мазмұндайды. 1 балл

  • Берілген етістіктерді келер шақта айтады; 1 балл


Тақтадағы

Жалғастырды, сұрады, жарқырай түсті, қарады, жауап берді деген сөздер мен сөз тіркестерінен оқушылар етістіктердің қай мезгілде болып тұрғанын табады


Дәптермен жұмыс

Дескриптор:

  • әріптердің мөлшерін сақтай отырып, талапқа сай жазады; 2 балл

  • әріптердің байланысын дұрыс салады. 2 балл


саралау: диалог арқылы

Ертегіні оқиды.


Түртіп алған тірек сөздер мен сөз тіркестерінің көмегімен мәтін мазмұнын айтады


Берілген етістіктерді келер шақта жазады.

Мәтіннен тірек сөздерді анықтайды


Тірек сөздердің негізінде мәтінді мазмұндайды.



Бағалау парағы

ҮҚ

Соңы

Семантикалық кестені толтыру

Мысалдар -

Осы шақ

Келер шақ

Өткен шақ

1

2

3

4

5

6

7

8

Ол жазды
Сіз жазып отырсыз
Сұрақ қиын болды
Ол сонда оқымаған
Қар жауып тұр
Қыс суық болды
Ол келе жатыр
Кітап оқып отырмын





Дескриптор:

-Сөйлемнің қай шаққа сәйкес келетінін белгілеу. 1 балл

-қай шақ, қай жақта тұрғанын айту 1 балл (жіктік)

Семантикалық кестені толтырады




Қосымша тапсырма

Тест .Саралау


Тапсырмалары

иә

жоқ

1

Заттың қимылын білдіретін сөздер кім?, не?сұрақтарына жауап береді.



2

Етістік не істеді?, қайтті ?деген сұрақтарға жауап береді.



3

Етістік заттың қимылын, іс- әрекетін білдіреді.



4

Не істейді?сұрағы өткен шаққа жауап береді.



5

Отырмын,жазып отырмын етістіктері осы шақ



6

Қайтті?Не істеді?сұрағына келер шақ етістіктері жауап береді.



7

Не істеймін? не істейсің?не істейді?сұрақтарына келер шақ етістіктері жауап береді




Тест тапсырмасын орындайды



Сабақтың соңы

Рефлексия. Сабақты бекіту. Ой қорытындылау.

Сабақтың мақсатына оралып, рефлексия жүргізу.

Оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту мақсатында «Қол белгісі» әдісі қолданылады.

«Мен түсіндім және түсіндіре аламын» дегендер қолдың бас бармағын жоғары бағыттайды.

«Мен түсінгеніме сенімді емеспін» дегендер қолдың бас бармағын жанына қарай жантайтады.

«Мен түсінбедім» дегендер қолдың бас бармағын төменге бағыттайды.

Осы белгілерге сүйеніп, мұғалім материалды қаншалықты меңгергенін біледі.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!