жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ тілі. 7 сынып. 1-бөлім.Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика.
Қысқа мерзімді жоспар
Пәннің аты: қазақ әдебиеті
-
-
Бөлім
1-бөлім.Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика.
Педагогтің аты-жөні
Кошерова Н. А.
Күні:
30.04.2021ж.
Сынып:
7
Сабақтың тақырыбы
Ауаның ластануы.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары
7.3.3.1мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу;
7.4.2.1 сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану (буын үндестігі);
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушы орындай алады: берілген графиктік мәтінді оқиды, мазмұнын анықтайды, сөйлеу тіліндегі интонацияны қолдана алады.
Көпшілігі орындай алады: Берілген ақпараттарды ауызша талқылып сипаттай алады және үндестік заңы түрлерін ажырата алады;
Кейбір оқушы орындай алады: Мәтін құрылымын детальді мәлімет бере отырып сақтайды, графиктік мәтін түрінде берілген процесті сипаттап жазады, сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдана алады;
Бағалау критериі
-
мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтін түрінде берілген процесті сипаттап жазады;
-
сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу , түсіну, қолдану
-
-
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңі (уақыт) |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу.
|
Оқушылар бір-біріне бір сөзбен жылы лебіз, тілек айтады. Бейнероликті көру арқылы сабақ тақырыбын болжайды. |
Ауызша кері байланыс |
Оқулық, видеожазба |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 30 минут |
«Ой қозғау» әдісі бойынша оқушылар жаңа тақырып туралы білетін ақпараттарымен бөліседі. - Ауаның ластануы туралы не білеміз? - Қазақстанның қай өңірлері экологиялық аймаққа жатады? - Үндестік заңы туралы не білеміз? Мысалдармен дәлелдіңіз Осылайша жетекші сұрақтарға жауап бере отырып, сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлері айқындалады. 1-тапсырма. -Берілген суреттер бойынша білгендеріңді ортаға салыңдар. -Суреттен нені көріп отсыңдар? -Бұл суреттер не үшін берілді деп білесің? Дескриптор: Сурет бойынша өз ойларын айтады. 2-тапсырма. -Берілген графиктік мәтіннің мазмұнын анықтаңдар. -Мәтінде берілген ақпараттарды ауызша талқылап сипаттаңдар. Дескриптор: Мәтіннің мазмұнын анықтайды. Мәтінді ауызша талқылап, сипаттайды 3-тапсырма - Мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік кестелерге «Ауаның ластануы» туралы мәліметтерді сипаттап жазыңыздар. (сурет, сызба) -Ауаны тазартудың қандай жолдары бар?
-Мәтіндегі сөздердің буын үндестігі туралы айтыңдар. Дескриптор: Сурет, сызбалар бойынша мәтін құрылымын сақтай отырып «Ауаның ластануы» туралы сипаттап жазады. Сөздерден буын үндестігін табады. 4-тапсырма. Түбір сөздер мен қосымшаларды үндестік заңына сай жалғап жазыңдар.
Дескриптор: Түбір сөздер мен қосымшаларды үндестік заңына сай жалғап жазады. |
Оқушылар ой қозғау сұрақтарына жауап береді. Ғаламтордан өз бетінше ізденіп, карта бойынша әңгімелейді.
1.Суреттерге қарай отырып, сұрақтар бойынша өз ойларын білдіреді.
2.Графиктік мәтінге қарай отырып, ауызша талқылайды.
3.Ауаның ластануы қазіргі таңда аса маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Атмосфералық ауаның құрамында әр түрлі зиянды заттардың болуы адам организміне кері әсерін береді. Үлкен қалаларда ауа таза емес, себебі өнеркәсіптер мен үлкен зауыттардан, автокөліктерден ауаға зиянды газдар бөлініп шығады. Ал, бұл газдардың бөлінуі адамдардың түрлі ауруларға шалдығуына әкеледі. Ауаның ластану процесі табиғи және жасанды (антропогенді) жағдайда кездеседі. Табиғи ластану процесіне табиғатта орын алып жатқан түрлі процестер, яғни жанартаулардың атқылауы, шаңды дауылдар, өртену немесе жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары жатады. Ал жасанды ластану көздеріне өнеркәсіп, көліктер, жылу энергетикасы, немесе тұрмыстық қоқыстарға байланысты пайда болады. Осы аталған құбылыстар ауаның ластануымен қатар тірі ағзалардың жою қаупін туғызады. Сондықтан, ауаны таза ұстаудың әдістерін қарастыру керек. Ауаны таза ұстаудың ең басты әдістердің бірі – көгалдандыру. Қоршаған ортаға көбірек ағаштарды отырғызып, ауадағы шаңды, майлы заттарды тазартуға болады. Орман, саяжай, бақтар ауаны шаңнан, күйеден сақтайды. Өсімдіктерді отырғызу арқылы атмосферадан көмірқышқыл газынан тазартуға көмектеседі. Сонымен, осы аталған әдістер арқылы біз қоршаған ортамызды таза ұстай аламыз.
4. Үндестік заңына сәйкес кестені толтырады. |
Өзін-өзі бағалау парағы
Аты-жөні: Сынып:7
3. Мұғалімнің бағалауы: Мәтінді құрылымын сақтап, сипаттап жазуына қарай 1-5 баллдық жүйе бойынша бағалайды. |
kk.wikipedia.org оқулық |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 5 минут |
«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. |
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша білген, ой түйген мағлұматтарын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. |
«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды. «Жарайсың», «жақсы», «талпын». |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау қалай жүргізілді? Нәтиже немесе жауап бойынша саралау жүргізілді. |
|
|
|
|
шағым қалдыра аласыз








Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген