Материалдар / Қазақ тілі , 3 сынып, Болымды және болымсыз етістік
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақ тілі , 3 сынып, Болымды және болымсыз етістік

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен, “Болымды және болымсыз етістік” тақырыбында қысқа мерзімді жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Сәуір 2024
62
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Бөлім

Атақты тұлғалар

Педагогтің аты - жөні

Балтабаева Қ.А.

Күні

21.02.24

Сынып: 3 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны

Пәні

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

Болымды және болымсыз етістік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.4.2.5 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау

Сабақтың мақсаты

Болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, жауап береді



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі /уақыты

Педагогтің

әрекеті

Оқушының

әрекеті


Баға

лау


Ресурстар


Сабақтың басы

10 минут






Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім оқушыларға «Жүрек» әдісі арқылы психологиялық ахуал жасатады. Оқушыларға психологиялық ахуал орнатады.




Оқушылар назарын мұғалімге аударады.

«Жүрек» әдісі бойынша психологиялық ахуал жасайды.




Жарайсыңдар!

ҚБ












Сабақтың ортасы

28 минут


















Жаңа сабақты бастау.

«Ойлан, тап!»

Мұғалім тақтаға болымды және болымсыз етістіктер бойынша кесте құрып қояды. Және кестенің астында етістіктер беріледі.

-Оқушылар, тақтадан көріп отырғандарындай кесте берілген. Бұл кестеге біз болымды және болымсыз етістіктерді жазуымыз керек. Қазір сендерді бір-бірлеп тұрғызып, қай етістік болымды етістікке, қай етістік болымсыз етістікке жататынын айтатын боласыңдар.

Мұғалім оқушыларды бір-бірлеп тұрғызып, кесте бойынша болымды және болымсыз етістіктерді естеріне түсіреді.





1-тапсырма

Мұғалім оқушыларға Төле би туралы қысқаша ақпарат айтып кетеді.

Кейін Төле би туралы мәтінді оқушыларға оқытады. Келесіде оқушыларға оқылған мәтіндері бойынша сұрақтар қоятын болады. Яғни оқушыларды бір-бірлеп тұрғызып, оларға сұрақтар қояды.

1.Төле бидің кім екенін айт.

2.Ол билікке неше жасынан бастап араласты?

3.Төле би кімнің кеңесшісі болды?





2-тапсырма

«Тірек сөздер»

Мұғалім оқушыларға мәтіннен тірек сөздерді көшіріп жазу керек екендерін айтады.

-Оқушылар, қазір дәптерлеріңе осы мәтіннен тірек сөздерді көшіріп жазасыңдар.



3-тапсырма

«Құмыра» әдісі

Мұғалім тақтаға «болымды етістік» деген жазуы бар құмыраның суретін іліп қояды.

-Оқушылар бұл құмыраның ішінде болымды етістіктер бар. Енді бізге бұл болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдыру керек. Ол үшін қазір тақтаға рандомайзер арқылы сендерді шақыратын боламын. Бір оқушы келіп, осы құмыра ішіндегі болымды етістікті оқып, оны болымсыз етістікке айналдыруы керек болады.

Болымды етістіктер:

Жалтақта, жүгір, көшір, сығала, мазала, сыбырла.



4-тапсырма

Мұғалім тақтаға кестені көрсетеді. Яғни кестеде етістіктер беріледі.

-Оқушылар, осы кестеде берілген етістіктерді түрлеріне қарай ажыратуларың керексіңдер.

Осы кестені дәптерлеріңе сызып алыңдар.




Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдайды. Тақтадан кестені көреді. Мұғалімнің нұсқауы бойынша, тақтада жазылған етістіктерді болымды және болымсыз етістіктерге ажыратып жазады.

Болымды етістік: жетеле, тұрғыз, ойна, өрнекте, жүгір.

Болымсыз етістік: айқайлама, ұмытпа, шаршама, ашылма, секірме.























Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдайды. Төле би туралы мәтінді мұқият оқып шығады. Кейін мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді.

1.Төле би – қазақ халқының атақты шешені, қоғам қайраткері.

2. Ол билікке 15 жасынан бастап араласты.

3. Төле би Тәуке ханның басты кеңесшісі болды.





























Оқушылар мәтіннен тірек сөздерді көшіріп жазады.

Тірек сөздер: Төле би, шешен, Ұлы жүз, Тәуке хан, Қазыбек би, Әйтеке би, әділдік, билік, кеңесші, нақыл сөз.











Оқушылар тақтаға рандомайзер арқылы шығатын болады. Кейін құмыра ішіндегі болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдырады.

Болымсыз етістіктерге айналдыруы:

Жалтақтама, жүгірме, көшірме, сығалама, мазалама, сыбырлама.

























Оқушылар кестені дәптерлеріне сызып алады. Кейін тапсырманы орындайды.



Дескриптор

Етістіктерді болымды және болымсыз түрлеріне қарай бөледі.

1 б

ҚБ



































Дескриптор

Төле би туралы мәтінді оқиды.

Мұғалімнің сұрағына жауап береді.

2 б

ҚБ



































Дескриптор

Мәтіннен тірек сөздерді көшіріп жазады.

1 б

ҚБ











Дескриптор

Болымды етістікті болымсыз етістікке айналдырады.

Дәптеріне көшіріп жазып алады.

2 б

ҚБ























Дескриптор

Кестені дәптерлеріне сызып алады.

Негізгі етістікті, туынды етістікті, болымды және болымсыз етістікті ажырата алады.

4 б

Интербелсенді тақта















































Интербелсенді тақта

































































Интербелсенді тақта






Сабақтың аяғы

7 минут

Кері байланыс

Оқушыларды бүгінгі сабақ бойынша бағлайтын болады.Кейін «word wall» платформасы бойынша оқушыларды тақтаға шығарып, тапсырмалар орындатқызады.


Оқушылар кері байланыс жасайды. Кейін «word wall» платформасы бойынша тақтаға шығып бүгінгі тақырып бойынша сұрақтарға жауап беретін болады. Осылай кері байланыс жасай алады.


Интербелсенді тақта





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!