Материалдар / Қазақ тілі. Емтихан тапсырмалары. Емтихан материалы. 10-сынып Т1 ҚГБ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақ тілі. Емтихан тапсырмалары. Емтихан материалы. 10-сынып Т1 ҚГБ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2024
101
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

10-сынып.

  1. Оқылым. (1 балл).

Мәтінді оқыңыз.

Компьютерлік графиканың таңғаларлық түрі саналатын фракталды өнер математикамен, табиғатпен және технологиямен тығыз байланысты.

Латын тілінен аударғанда ұсақталған, сынған, бөлінген дегенді білдіретін "фрактал" ұғымы алғаш рет 1975 жылы пайда болды. Бұл ұғымды енгізген ғалым Бенуа Мандельброт табиғаттың өзі осы туындыларды қалыптастыратынын айтты. Ол жапырақтағы ирек сызық, қар ұшқыны, терезедегі өрнек, гүлдер мен жемістер фракталды құрылымға ие екенін алға тартты.

Технологияның дамуымен бірге зерттеушілер математикалық теңдеулерді әдемілігі көз тартарлық картиналарға айналдырды.

Осы бағытта еңбек етіп жүрген суретші ретінде Джулиус Хорстуисті атауға болады. Оның алғашқы "фракталды" инсталляциясы 2013 жылы пайда болды.

Джулиус ұзақ уақыт бойы киностудиялармен бірге жұмыс істеді. Оларға визуалды эффектілер дайындады. Енді соңғы үш жылдан бері ол фракталды көркем сурет бағытында еңбек етуде.

Мұның барлығы математикадан бастау алған. Зерттеушілер өз теңдеулерін елестетуді меңгерген кезде олар ғылымның жаңа бір тармағын ашып қана қоймай, технологияның дамуына жаңа серпін берді.

Фракталды "кескіндеу өнері" – бұл ғылым, технология мен өнердің қоспасы. Көрермен бірде мұхит түбіне тереңдеп, енді бірде ғарыш кеңістігіне саяхаттайды. Бір қарасаң фэнтези әлеміне аяқ басып, фракталдар кеңістігін тамашалай алады.

Музыкамен сүйемелденген қайталанатын көріністердің қозғалысы ұшып бара жатқандай немесе фридайвингпен айналысқандай әсер береді.

Бүгінде технологиялар фракталды өнер көмегімен бүтіндей бір кеңістік пен виртуалды әлемді құрастыруға мүмкіндік береді.

Көп жағдайда фракталды инсталляциялар кинематографияда визуалды эффект ретінде қолданылады.

Мұндай инсталляциялар "Интерстеллар", "Бастау", "Құмырсқа адам" фильмдерінде қолданылды.

Джулиус Хорстуистың пікірінше, бұл өнердің болашағы жарқын.

1-тапсырма. Берілген мәтіннен «фрактал» сөзінің ұғымын талдап көрсет.

2-тапсырма. Көтерілген мәселе бойынша өз ойыңды тұжырымдап, көзқарасыңды білдір.

2) Жазылым. (3 балл).

«Жаһандану дәуіріндегі фрактальді өнерді қолдану қаншалықты маңызды?» тақырыбында қажетті клишелерді қолдану арқылы лексика-грамматикалық нормаларды сақтай отырып, оқылым мәтініндегі көтерілген мәселе бойынша эссе жаз.

3) Әдеби тіл нормалары (1 балл).

Эссе мәтінінен бір жай сөйлемді алып, сөйлем мүшелеріне талдап көрсет.

Бағалау критерийлері:


Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

-белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу

1

  • мәтіндегі негізгі ойды талдап жазады (0,5 балл);

  • көтерілген мәселе бойынша көзқарасын білдіреді (0,5 балл).

1

Жазылым


-қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу.

2

-қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады (1 балл);

-мәтіндегі берілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдей отырып, мазмұнын толық ашады (1 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтайды

3

-сөйлемдегі жай сөйлемді ажыратады (0,5 балл);

-сөйлем мүшелеріне талдайды (0,5 балл);

1



Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы

(оқыту қазақ тілінде)

р/с

Сөйлесім әрекеті

Балл қою нормативі, ең жоғары балл

5-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

30-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

1

Оқылым

1-тапсырма - 0,5 балл;

2-тапсырма - 0,5 балл

1

6

2

Жазылым

- құрылымын сақтауы – 0,5 балл;

- мазмұны - 2 балл;

- лексика-грамматикалық норманы сақтауы – 0,5 балл

3

18

3

Әдеби тіл нормалары

1 балл

1

6




5

30








  1. Оқылым. (1 балл).

Мәтінді оқыңыз.

Экономикалық интеграция (экономикалық бірігу)

  • түрлі елдердің ұлттық шаруашылықтары арасындағы ынтымақтастық және олардың толық (немесе ішінара) бірегейлендірілуі;

  • осы елдер арасындағы саудада кедергілерді жою;

  • бір үлкен (ортақ) нарық құру мақсатымен жекелеген елдердің әрқайсысының нарықтарын жақындату, экономикалық объектілердің жуықтасуы, өзара астасуы (бірлесуге дейін).

Экономикалық бірігу үдерісі түрлі деңгейлерде жүргізіледі. Деңгейлес (компания бәсекелестің компаниясын өзінің бақылауына алады немесе өндірістік үдерістің бірдей сатысындағы бірдей салада істейтін компанияларды қосып алады) және сатылaс экономикалық бірігу (компанияның қызметі ақырғы өнімді өндірудің технологиялық тізбегіндегі екі не одан көп буынды қамтиды; ол өнімді өндіру мен өткізудің барлық сатысын: шикізатты өндіруден көтерме немесе бөлшек саудаға дейін қамтуы мүмкін) түрлеріне бөлінеді.

Экономикалық бірігу халықаралық сипатта болады және ұлттық шаруашылықтарды бірыңғай халық шаруашылығына бірігуге дейін жақындастыруды көздейді. Экономикалық бірігу - шаруашылық өмірдің интернационалдануының жоғары нысаны. Оның негізін капитал мен өндірістің интернационалдануы құрайды, ол әуелі микродеңгейде (фирмалар мен банкілер деңгейінде) болады, сонан соң макродеңгейге (мемлекеттер деңгейіне) шығады. Сонда экономикалық бірігу халықаралық келісімдермен және шарттармен ресімделеді. Экономикалық бірігу өзінің жогары көрінісінде институттық сипат алады, яғни тұрақты әрекет ететін халықаралық органдар нысанында болады.

Халықаралық интеграциялық бірлестіктердің басты нысандары: еркін сауда аймағы, кеден одағы, ортақ нарық, экономикалық және валюталық одақтар — экономикалық бірігудің жоғары нысаны. Қазіргі кезде әлемде экономикалық бірігудің жоғары сатысында Еуропа одағы (ЕО) тұр, ол ортақ нарық сатысынан өтті. Еркін сауда аймағына НАФТА (Солтүстік-американ еркін сауда қауымдастығы) үлгі бола алады. Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан арасындағы Кеден одағы туралы келісім жасалынды.


1-тапсырма. Берілген мәтіннен «экономикалық интеграция» сөзінің ұғымын талдап көрсет.

2-тапсырма. Көтерілген мәселе бойынша өз ойыңды тұжырымдап, көзқарасыңды білдір.

2) Жазылым. (3 балл).

«Жаһандану дәуірінде экономикалық интеграцияны дамыту қаншалықты маңызды?» тақырыбында қажетті клишелерді қолдану арқылы лексика-грамматикалық нормаларды сақтай отырып, оқылым мәтініндегі көтерілген мәселе бойынша эссе жаз.

3) Әдеби тіл нормалары (1 балл).

Эссе мәтінінен бір жай сөйлемді алып, сөйлем мүшелеріне талдап көрсет.

Бағалау критерийлері:


Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

-белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу

1

  • мәтіндегі негізгі ойды талдап жазады (0,5 балл);

  • көтерілген мәселе бойынша көзқарасын білдіреді (0,5 балл).

1

Жазылым


-қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу.

2

-қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады (1 балл);

-мәтіндегі берілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдей отырып, мазмұнын толық ашады (1 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтайды

3

-сөйлемдегі жай сөйлемді ажыратады (0,5 балл);

-сөйлем мүшелеріне талдайды (0,5 балл);

1



Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы

(оқыту қазақ тілінде)

р/с

Сөйлесім әрекеті

Балл қою нормативі, ең жоғары балл

5-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

30-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

1

Оқылым

1-тапсырма - 0,5 балл;

2-тапсырма - 0,5 балл

1

6

2

Жазылым

- құрылымын сақтауы – 0,5 балл;

- мазмұны - 2 балл;

- лексика-грамматикалық норманы сақтауы – 0,5 балл

3

18

3

Әдеби тіл нормалары

1 балл

1

6




5

30








  1. Оқылым. (1 балл).

Мәтінді оқыңыз.

Ұлттық мәдениет және қазіргі архитектура

Қазіргі қазақстандық архитектураның да ерекшелігі сол – заманауи сәулет ғимараттарына ұлттық нышан мен нақыштың келбетін беруге назар аударуы. Алайда бұл ерекшелік құрылыс пен архитектурада басқа да басым бағыттар жоқ дегенді білдірмейді. Қазір негізгі басымдық архитектура ісіне инновациялық шешімдердің, жаңа технологиялардың көптеп енуіне беріліп отыр.

Есімдері әлемге танымал архитекторлар Қазақстанның жаңа астанасына келіп, заманауи келбетке сай ұлттық нақыштарды сәулет өндірісіне енгізіп, ғаламдық жаңалықтарға қол жеткізді.

Мәселен, елордада Хан-Шатыр кешенін салған Норман Фостер құрылыс бастамас бұрын көшпенділердің тарихын зерттеп, тарих жылнамаларында хан ордаларында шатырлардың сән-салтанат құрып, асқақтап тұратынын дәл тапқан. Содан киіз үй бейнесін кешеннің бейнелік шешімі ретінде алды.

Сондай-ақ, елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайының (Пирамида) құрылысын жобалау кезінде енгізген жаңалығының арқасында Норманның есімі архитектура тарихына жазылды. Бұл – ғимараттың тарих пен мәдени құбылыс болудан өзге, Арқа төсіндегі астананың ауа-райы мен климаттық жағдайына ыңғайланып жасалған техникалық шешімнің көрінісі. Арқа беліндегі қатты жел ғимараттың құрылысына да зиянын тигізе алмайды, сондай-ақ арқаның құбылмалы темпетурасына да төтеп бере алады.

Ал Самұрық құс жұмыртқа басар ұя мифтік желісінен бой көтерген Бәйтерек монументалды бейнесі бүкіл Қазақстанның символына айналды.

Елордада ғимараттар ғана емес, көше мен қаланың құрылыс салу жобасы да ұлттық мәдениет белгілерімен байланыстырылып құралды. Мәселен, Президенттік мәдениет орталығы түркі мәдениетінде жүздеген жылдар бойы келе жатқан "төртқұлақ" принципімен жобаланған. Ең ұзын жолдың бойында, қос көшенің қиылысында орналасқан бұл ғимарат құрылысына төрт құлақ пішініндегі ұлттық мәтін енгізілді.


1-тапсырма. Берілген мәтіннен ұлттық өнер мен қазіргі сәулет өнерінің байланысын талдап көрсет.

2-тапсырма. Көтерілген мәселе бойынша өз ойыңды тұжырымдап, көзқарасыңды білдір.

2) Жазылым. (3 балл).

«Қазіргі сәулет өнеріндегі ұлттық құндылықтардың көрінісі» тақырыбында қажетті клишелерді қолдану арқылы лексик

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!