Материалдар / қазақ тілі мен әдебиет пәнінен көмекші құрал
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

қазақ тілі мен әдебиет пәнінен көмекші құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мен әдебиет пәнінен 8-сыныпқа арналған тест тапсырмалары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Сәуір 2021
1150
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

8-сынып. Т1 қазақ тілі мен әдебиет пәні ( «Атамұра» бойынша)

4-тоқсан.

Қазақ тілі. 9-бөлім: Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация

Қазақ әдебиеті. 4-бөлім: Қиял мен шындық. Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі


1.Төл сөздің тыныс белгісін анықта
Кеше кешке жолдасы Қарқаралыда әлі екі-үш күн боламыз деген болатын.
А. Қос нүкте, тырнақша, үтір, сызықша
В. Қос нүкте, сызықша, леп белгісі
С. Тырнақша, үтір, сызықша
D. Қос нүкте, тырнақша
Е. Сызықша, қос нүкте, тырнақша


2. Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылатын жерді тап
А. Сондағы оқитыным Некрасовтың өлеңдері.

В. Үңгір іші қараңғылана түсті.
С. Көңіл кірлесе, сол жаман.
D. Даланы өрлей жүрген ақын Абай әнге салды.
Е. Ұстазың үйде ұйықтап жатыр.


3. Тыныс белгілері туралы ережелер жинағы қалай аталады?
А. Пунктуация

В. Лексикология
С. Полисемия
D. Стилистика
Е. Синтаксис

4. Қос нүктенің қай сөзден кейін қойылатынын белгіле
Жалғыз кемдігім хат танымайтыным ғой.
А. Кемдігім

В. Жалғыз

С. Хат
D. Танымайтыным
Е. Ғой


5. Жай сөйлем
А. Үйге үлкендер де, кішілер де көңілді кірді.
В. Ауыл тауға көшкенде, ол қалаға кетіп еді.
С. Жерге көк шығысымен, төлдерді жайылымға жіберді
D. Оны танығанмен, Сәуле сыр бермеді.
Е. Жаз шыққанда демалысқа шығайын деп едім, бірақ болмады.


6. Сөйлем мүшесі болып есептелмейтін оқшау сөз
А. Қаратпа
В. Сын есім
С. Зат есім
D. Есімдік
Е. Етіс

7. Бұйрықты сөйлемді тап
А) Халықтан қайырымдылықты, қариядан байымдылықты үйрен
В. Сүйіп істеген іс шаршатпайды.
С. Мәуелі ағаш майысқақ.
D. Құс балапаны үшін тұзаққа түседі.
Е. Өлеңі де жақсы екен.


8. Орфографиялық заңдылыққа сай жазылған сөз
А) Бөгет
В. Тұлұм
С. Көзүлдірүк
Д. Құлұншақ
Е. Өзөн


9. Құрмалас сөйлемді тап
А) Байжан Самарқанға қарап еді, кескіні ыңғайсыздау екен.
В. Асқар белгілі мерзімде тұрды.
С. Жабай жауап қайтара алмады.
D. Ауылдарыңнан не хабар бар?
Е. Ертең күн жылы, бұлтсыз, жауынсыз болады.


10. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсет
А. Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын.

В. Көп сөз – күміс; аз сөз – алтын.
С. Көп сөз – күміс – аз сөз, алтын.
D. Көп сөз, күміс, аз сөз, алтын.
Е. Көп сөз күміс – аз сөз алтын.


11. Монолог дегеніміздің не екенін анықтаңыз.

A. Қалыпты жағдайдан әсірелеп суреттеу.

B. Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.

C. Әдеби шығармадағы оқиға желісі.

D. Бір адамның ұзақ сөзі.

E. Табиғат көркін суреттеу.


12. Мақалдың екінші жартысын көрсетіңіз.

Батыр туса – ел ырысы, …

A. Жаңбыр жауса – жер ырысы.

B. Ел үмітін ер ақтар.

C. Айласыз батыр алдырар.

D. Ел – ырыстың кілті.

E. Батыр елдің сәулеті.


13. Мінездеменің ерекшелігін анықтаңыз.

A. Шығармаға қатысушының мінезін, дүниеге көзқарасын сипаттау.

B. Оқиғаның болған жерін көрсету.

C. Табиғат көркін суреттеу.

D. Шығарманың оқиғасын желілі түрде көркем әңгімелеу.

E. Екі адамның өзара кезектесе сөйлеуі.


14. Мақалдағы көркем сөз айшығын табыңыз.

Туған жердей ел болмас,

Туған елдей ел болмас.

A. Теңеу.

B. Метафора.

C. Кейіптеу.

D. Әсірелеу.

E. Эпитет.


15. Шығарманың кейіпкері деген ұғымға лайық анықтаманы белгілеңіз.

A. Шығармадағы адамдардың көркем бейнесі.

B. Шығармадағы адамдардың мінез-құлқы, сырт пішіні.

C. Жансыз табиғаттың кәдімгі тірі адамға айналуы.

D. Міндетті түрде өмірде болған адамдар.

E. Өмірде сирек кездесетін, тіпті мүлде кездеспейтін образдар.


16. Мәтелді табыңыз.

A. «Көппен көрген ұлы той»

B. «Бірлік болмай, тірлік болмас»

C. «Жердің сәні – егін»

D. «Ат – ер қанаты»

E. «Ырыс алды – ынтымақ»


17. Роза Мұқанова қай өңірде дүниеге келген?

А. Шығыс Қазақстан облысыҮржар ауданы

В. Батыс Қазақстан олысы, Қаратөбе ауданы

С. Түскістан облысы, Бәйдібек ауданы

D. Алматы облысы, Жамбыл ауданы

Е. Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы


18.


1-МӘТІН


- Е...е...е...ей... Қашпа, менен, қашпа! Бәрібір, сені тауып аламын. Жасқандың ба, сен де менен жиіркенемісің, сен де менен қорқамысың жарық Ай?!

Ай барған сайын алыстап, сырғып барады... Мүгедек қызды да жырым-жырым болып айырылған жер бетін де менсінбей, қап-қараңғы түн серігін қолтықтап, толықсып, кергіп барады, ұзап барады. Ләйлә-қыз одан сайын дауыстап, қол бұлғап айғайлап тұр.

- Ертең де қайта оралшы. Ертең де терең сайда кездесейік. Мен сені сонда күтемін. Терең сайдан күтемін жарық Ай! Ең соңғы сөздерді айтқанда иегі кемсеңдеп, жүрегі құрғыр алай-дүлей соғып, езіліп кетті. Бұл жолы Қарауылға бет алған Ләйлә-қызға Шыңғыс тауының еңселі биік шыңы барған сайын шөгіп бара жатқандай көрінді. Бұл жолы қыз түн қойнындағы ербиіп көрінген тау белестерінен бір түрлі сескеніп, үрейленіп келеді. Әлгібір «адам рухымын» дейтін түн иесі де қартайған тау етегінен пана іздеп жүрген қаралы киімділер ме, көзі бұлдырлап кетті. Өзі тұратын Қатира тәтесінің үйіне жақындай бере тынысы тарылып, демі қалтырай шықты. Есіктің тұтқасынан қолын соза беріп, қайта тартып ала қойды. Үй ішіндегі өзіне тосырая қарайтын, ішіп-жеп қадалатын көздерді көргісі келмеді. «Жұрт ұйқыға батқанша отыра тұрсам да болар», - деп есік алдында кідіріп қалды. Сол сәт тосын шыққан дауыстан шошып кетіп, баж ете түсті. Қатира екен.

- Әй, қас қарайса жын қуғандай осы сен қайда кетесің?Не пәлең бар, а?

Ләйлә үнсіз төмен қарады. Ісініп, қызарған жанарын да, әбден сілесі қатып шаршаған күйін де тәтесіне сездіргісі келмеді. «Менің мұңымды бөлісер Қатира ма, онан да үнсіз тұрғанымның өзі жақсы». - дегендей ләм-мим деп тіс жармады.

26.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!