Материалдар / ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА БЕЛСЕНДІ ОҚУ ТӘСІЛДЕРІН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА БЕЛСЕНДІ ОҚУ ТӘСІЛДЕРІН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқудың белсенді әдіс тәсілдерінен тиімді қолдану жолдары туралы айтылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2024
153
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА БЕЛСЕНДІ ОҚУ ТӘСІЛДЕРІН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ


Қазіргі таңда қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде, жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу жетекші орын алады.

Жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру аясында сабақты жоспарлауда оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану ұсынылады. Яғни, озық тәжірибелерді, оқыту мен оқудағы, бағалау жүйесіндегі жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізудің тиімді жолдарын күшейту, оқытудағы әртүрлі сандық білім беру ресурстарын, мектепаралық желілік өзара іс-қимылды, мектепаралық оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, «мұғалімдермен алмасуды», мектептегі пәндер бойынша оқытуда жаңа технологияларды қолданудың шеберлік сабақтарын пайдалануды кеңейту қажет.

Белсенді оқыту білім игеру процесін қазақ тілі мен әдебиет пәндерінде ұйымдастыру ұстаздың шеберлігіне тікелей байланысты.

1. Барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау.

2. Әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау.

3. Үйренушілер білімді өздігімен құрастыратын орта құру.

Белсенді оқыту – әрекет көмегімен және әрекет арқылы үйрету, ал мұндай ұстаным қомақты нәтижелерге жеткізетін ең тиімді жүйе деп есептелінеді, өйткені адамның жадында бірінші мезетте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны ғана қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций былай деген екен: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!».Сол себепті де белсенді оқыту үйренушілердің оқу процесіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары мен тәсілдері ретінде таниды. Сондықтан да белсенді оқыту оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелігін үйренушілердің есте сақтау дәрежесімен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағалайды, тек әрекет арқылы ғана үйрену ықтимал деген қағида ұстанады.Белсенді оқуда/оқытуда келесі шарттарды қадағалау міндетті деп тану керек: жағымды психологиялық орта орнату; үйренушілерде білім игеруге деген қызығушылықты (мотивация, ынта, ұмтылыс) тудыру; білім игеруде үйренушілерді сәттілікке бағыштау; білім игеру үрдісін коммуникативтік процесс деп түсініп, бірлескен әркеттерді қолдану.

Белсенді оқытуды ұйымдастыру ережелері:

1.Сыныпты жұмысқа дайындау.

2.Топқа бөлу.

3.Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау.

4.Жұмыс ережелерін қабылдау.

5.Сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыру.

6.Барлық үйренушілер жұмысқа қатысуы керек.

7.Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалуы керек.

8. Жазбаша жұмыстар.

9.Кері байланыс.

Әр сабақта келесідей дидактикалық тәсілдерді қолданған тиімді: Ой қозғау, Т-кестесі, Венн диаграммасы, Болжау, Кластерлер, Синквейн, Салыстырмалы диаграмма, Оңай және қиын сұрақтар кестесі, Ойлан, жұптас, пікірлес, Алдын-ала берілген атаулар, Үлкен шеңбер, Қос шеңбер, Атаулар туралы үш сұрақ, Еркін жазу, Білемін, білгім келеді, білдім, Дөңгелек үстел, Үш қадамды сұхбат, Топтық зерттеу, Кең көлемді лекция, Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою, Қос жазба күнделігі, Үш жазба күнделігі, Белгі қойып оқу (INSERT), Жигсо, Қайшыланған пікірталас, Аквариум, Эссе және басқалар.

Ұстаз мұнда «білім көзі» емес, ол – білімге апаратын жолды нұсқаушы, ол тек қажет кезде ғана шәкіртіне жәрдемдеседі, сұрақ қояды, тапсырма береді, ақпарат ұсынады. Дәстүрлі оқыту мен белсенді оқудың айырмашылықтары: Дәстүрлі білім беру - білімді жинақтауға негізделеді, оқыту, үйрету, білім беру, белсенді оқу – білімді өздігімен игеруге негізделеді, оқу, үйрену, білім алу, казіргі кезеңдегі кез-келген педагогикалық технология оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Белсенді сабақтарды ұйымдастыруда кең тараған құрылымдардың бірі Дэвид Колбаның эмпирикалық таным циклы. Бұл төрт фазадан тұрады, яғни бірінші фазада нақты проблема немесе тәжірибе белгіленеді, екінші фазада бақылау және ой қорыту жасалады, үшінші фазада рефлексия негізінде жаңа тұжырымдар қалыптастырып, оны төртінші фазада тәжірибеде тексеріп қарайды. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу, сабақты қызығырақ, түсініктірек оқыту мүмкін емес. Белсенді әдіс-тәсілдерді меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсер тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Қорыта келгенде, Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, дамыту болашақта білімді өз бетінше жинап алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады және пәндерді оқыту барысында көзделетін білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізуге болады.


Қолданылған әдебиеттер

1. ҚР Білім Заңы

2.Әлімов А. Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану мәселелері. – Алматы, 2013.- 448 б.



Ахмедов Азиз Худайбергенович

Түркістан қаласы «Е.Иззатуллаев

атындағы жалпы білім беретін

мектеп» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!