Материалдар / Қазақ тілі мен әдебиеті «Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет» бөлімі бойынша № 5 жиынтық бағалау, 7 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақ тілі мен әдебиеті «Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет» бөлімі бойынша № 5 жиынтық бағалау, 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті «Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет» бөлімі бойынша № 5 жиынтық бағалау, 7 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2022
821
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

7 – сынып, 3- тоқсан Қазақ тілі мен әдебиеті

«Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет» бөлімі бойынша

5 жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

7.1.3.1 - әлеуметтік - мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну;

7.2.6.1 - кесте, диаграмма, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттау;

Бағалау критерийі: Білім алушы

Мәтін мазмұнынан негізгі ақпаратты анықтайды

Кесте, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі: Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты: 15-20 минут

Оқушының аты-жөні ___________________________________________________

Сыныбы_______________________________________________________________

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

Ақпараттарды дұрыс/бұрыс/айтылмаған нұсқасымен сәйкестендіріңіз.

1985 жылы Apple компаниясының негізін салушы Стив Джобс: «Компьютер – адам баласы ойлап тапқан керемет құрал. Оны мәтіндік процессор, байланыс құралы, есептегіш машина, жоспарлаушы, безендеру құралы түрде қолдануға болады, яғни компьютердің қызметі көп саласы. Ол адамның күнделігі тұрмысын жеңілдетіп, жыл сайын көптеген мүмкіндіктер ашады», деп айтқан.

Шынында, технологияның даму қарқыны жылдан-жылға артып жатыр, әсіресе, компьютердің ыңғайлылығы, жұмыс жылдамдығы, өлшемі күннен-күнге жетіліп жатыр. Қазір адам компьютерді қайда жүрсе де өзімен бірге алып жүре алады. Компьютер арқылы адам үйден шықпай-ақ білім алуға, жұмыс істеуге, мәлімет алуға мүмкіндік алды. Әсіресе компьютердің ақпаратты сақтау, мәлімет іздеуші, есептегіш құрал ретінде маңызы артып жатыр. Ақпараттық технологиялар адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып, «Coogle» , «Яндекс», т.б кезеңіне аяқ басты.

  1. Керекті сөздерді түсіп қалған сөйлемде жазыңыз.[2]

1) Компьютер – адам баласына қауіпті.


А) дұрыс

2) Компьютер арқылы адам үйден шықпай-ақ білім алуға, жұмыс істеуге, мәлімет алуға мүмкіндік бермейді.

В) айтылмаған

3) 1985 жылы Apple компаниясының негізін салушы Стив Джобс.

С) бұрыс


  1. Сурет бойынша сөйлем құрастырыңыз. [4]

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


  1. Сурет бойынша сөйлемдерді пайдаланып, «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» тақырыбына жұпта (2-3 минут ішінде) диалог құрастырыңыз.


_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Бағалау критерийлер

тапсырма

Дескриптор

балл

Мәтін мазмұнынан негізгі ақпаратты анықтайды

1

мазмұны бойынша ақпаратты сәйкестіреді.


1

1


Суреттерде берілген

ақпаратты сипаттайды,

сөйлем құрастыра алады.

2-4

сурет бойынша сөйлем

құрастыра алады.

1

1

1

1

Суреттерде берілген ақпаратты сипаттап,өзара сөйлесе алады.

5

2-3 минут ішінде қарапайым диалог құрастырып, мазмұнын ашады.

2

барлығы



8


9 – сынып, 3- тоқсан Қазақ тілі мен әдебиеті

«ЭКСПО 2017» - Қазақстан белесі» Н.Ә. Назарбаев «Тәуелсіздік толғауы» бөлімі бойынша № 5 жиынтық бағалау


Оқу мақсаттары

9.1.3.1.Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну;

9.2.5.1. Сөйлеу барысында түрлі стильде берілген тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды қолдану, диалогте, полилогте сенімді сөйлеу.


Бағалау критерийлері: Білім алушы:

  • Сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсінеді;

  • Тақырыпқа сай аргументтерді қолданып, диалог, полилогке қатысады.


Ойлаудағдыларыныңдеңгейі:Қолдану

Орындау уақыты: 25 минут


Тапсырма

  1. тапсырма. Мәтінді 2 рет тыңдап, берілген сөздер мен сөз

тіркестеріне сәйкес мағыналарын тап.

15 одақтас республикалар -

Европа елдері –

Азияелдері –

Жаздан-күзге дейін -

Жарық, Күш, Таза –

Бір тоқсан -

4 тәулік –

Құрылыс материалдары –

Жер шарының -

Ерікті –

Қазақстан посткеңестік кеңістікте өз аумағында кең ауқымды көрме өткізу құқығына ие болған бірінші ел болды. Жалпы, Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Австралия, Австрия, Бельгия, Италия, Канада, Испания, Бразилия, Оңтүстік Корея, Португалия, Германия, Қытай және Түркия сияқты елдер өз кезінде бүкіләлемдік көрме өткізген. Ал, сол тізімнің ішінде болу айтарлықтай абырой, мәртебе.

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі – Қазақстанның астанасы Астана қаласында 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтті. Ал ЭКСПО-2017 көрмесінің бойтұмары Сәуле, Қуат, Мөлдір болды.

Көрме орналасқан алаңның аумағы 174 гектарды құрайды. Оның ішінде көрме алаңы 25 гектар, ал қалған 149 гектарда тұрғын үй ғимараттары мен инфрақұрылым нысандары тұрғызылған.

Үлкен аумақтағы бірнеше павильон сәулет өнерінің ерекше пішінімен салынған. Жалпы ғимараттардың барлық кешені шеңбер ретінде жасалды. Ал дәл ортасында шар тәрізді Қазақстанның «Нұр әлемі» павильоны орналастырылды. Бұл әлемдегі ең ірі шар тәрізді ғимарат, оның диаметрі 80 метр, биіктігі 100 метрді құрайды. Яғни, ғимарат бірегей дизайн. Ол әлемдегі толық шар түріндегі алғашқы ғимарат.

Көрменің негізгі символы болып табылатын «Нұр Әлемі» шарын салу үшін 13 мың тонна металл қажет болды. Сонымен қатар, шардың беті 2800 шыны панельмен қапталған. Ал шар тәрізді ғимараттың жалпы ауданы 22 мың шаршы метрді құрайды. Бұл көрсеткіш төрт футбол алаңының аумағына тең.

Көрменің барлық нысандарын салу үшін 56 мың тонна металл және 500 мың тонна бетон қажет болды. Бұл әлемдегі екі бірдей ең биік зәулім құрылысын салуға жеткілікті.

«Нұр әлемі» павильонының айналасында жарты дөңгелек пішінді ғимараттар бой көтерген. Онда ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы елдерінің стендтері орналастырылды. Яғни, ол 115 ел мен 22 халықаралық ұйымның көрме стендтері.

ЭКСПО-2017 көрмесіне 3 айдың ішінде 178 елден 4 млн адам келіп, тамашалаған. Бұл әлемдегі мемлекеттердің 90 пайызы.

Барлық павильондарды аралауға жалпы 96 сағат кетеді. Ал көрме барысында 3500 мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ, онда бүкіл әлемнен 33 мың әртіс өнер көрсетті.

Әлемнің 53 елінің үкімет басшылары мен жетекшілері халықаралық көрменің құрметті қонақтары мен қатысушылары болды. Көрмеде 4500 волонтер жұмыс істеді.

Көрме барысында 100 миллионнан астам фотосурет жасалған. Сондай-ақ, 88 адам көрме кезінде сүйіктілеріне ұсыныс жасаған. Ал ғалымдар бұл көрмеде адамзатқа 153 ғылыми жаңалық ұсынды.

Көрменің тақырыбы болашақ энергиясы болғандықтан, ғимараттың ішінің бәрі жоғары технологиялы хай-тек стилінде жасалған. Шар тәрізді ғимараттың іші бірнеше деңгейден тұрады. Экскурсия лифтпен ең жоғары деңгейге көтеріліп, жоғарыдан төменге түсуден басталады. Әрбір деңгей – белгілі бір энергия түрін, күн энергиясы, ауа, суды және т.б. көрсетеді. Айта кету керек, көптеген қоршаулар мөлдір, сондай-ақ әйнектен жасалған.


  1. тапсырма. Ұсынылған сөйлемдерді перифраз тәсілімен қайта

өңдеп жаз.

  1. . Жалпы, Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Австралия, Австрия, Бельгия,

Италия, Канада, Испания, Бразилия, Оңтүстік Корея, Португалия, Германия, Қытай және Түркия сияқты елдер өз кезінде бүкіләлемдік көрме өткізген.

Бүкіләлемдік көрме ______________________________________________________.

  1. «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі –

Қазақстанның астанасы Астана қаласында 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтті.

«Болашақ энергиясы» тақырыбымен______________________________________.

  1. Ал дәл ортасында шар тәрізді Қазақстанның «Нұр әлемі» павильоны орналастырылды.

«Нұр әлем» Қазақстан павлионы __________________________________________.

  1. ЭКСПО-2017 көрмесіне 3 айдың ішінде 178 елден 4 млн адам келіп, тамашалаған.

  1. айдың ішінде _________________________________________________________.


  1. тапсырма. Мәтінге сүйеніп «ЭКСПО көрмесі және Қазақстан» тақырыбында диалог құрастыр.





Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсінеді;


1-2

сөздер мен сөз

тіркестеріне сәйкес мағыналарын табады:

2-ін табады

4-ін табады

6-ын табады

8-ін табады

барлығын табады



1

1

1

1

1


1

1

1

1

Сөйлемдерді перифраз тәсілімен қайта

өңдеп жазады:

1 сөйлем жазады

2 сөйлем жазады

3 сөйлем жазады

4 сөйлем жазады

Тақырыпқа сай аргументтерді қолданып, диалог, полилогке қатысады.


3

тақырып бойынша сұрақтар құрастырады

1


1


1

әр қатысушының рөліне сәйкес жауаптар

мен пікірлер жазады

әр жауап пен пікірге мәтінге сәйкес дәлелдеме аргументтер келтіреді

Барлығы

12


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!