Материалдар / «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытуда пәнаралық байланыстың орны
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытуда пәнаралық байланыстың орны

Материал туралы қысқаша түсінік
баяндама «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытуда пәнаралық байланыстың орны тақырыбына жазылды. Пәнаралық байланыстың алдына қоятын мақсаты сан алуан. Бірі пәнаралық байланыс бойынша білімнің теориялық негізін күшейтуді көздесе, екіншісі, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды, үшіншісі осы мәселе негізінде оқушылардың практикалық дағдылары мен шеберліктерін дамытуды тағы басқа сол сияқты түрлі- түрлі мақсаттарды көздейді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың оқу-танымдық қызметі мен оқытушының оқыту қызметінің өзара байланысын күшейту мәселесі де қарастырылуы мүмкін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2022
819
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілін оқытуда пәнаралық байланыстың орны

 

  Ақтөбе қаласы

26 орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Есбусинова Г.Б


Қазіргі кезде білімнің интеграциялануын қамтамасыз ету, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті негізгі мәселелердің біріне айналып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына жолдауында «…ғаламдану жағдайында қазақстандықтардың интеллектуалдық қабілеттері біздің жоспарларымыздың негізгі факторлары болып табылады», ал кез келген «…ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен анықталады» деп атап көрсетеді.

         Бұл стратегиялық міндеттің ойдағыдай жүзеге асырылуы отандық білім беру жүйесінің жетілдіруін талап етеді, өйткені мемлекетіміздің кемелденуі жас ұрпақтың алатын білімінің деңгейіне тікелей байланысты. Осы аспектіде жалпы білім беретін мектептің біртұтас педагогикалық үрдісінде қазіргі оқушыларды, оның ішінде жасөспірімдік шақ кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін пәнаралық байланыстың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы, әсіресе өнер түрлерімен өзара байланыста дамыту үлкен маңызға ие бола түседі.
Сондай міндеттердің бірі - сабақта пәнаралық байланыстарды тиімді қолдана білу. Пәнаралық байланыс туралы ғылыми әдебиеттерде 30-дан астам анықтамалар берілген. Мәселен, педагогикалық сөздікте: «пәнаралық байланыс - оқу бағадарламаларының өзара үйлесімділігі» деп анықталған. Бұл жерде мектептің оқу-тәрбие процесін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыруы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігі, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді. Пәнаралық байланыстардың бір пайдалы жағы ол бүкіл оқыту ісін, бір мектептің барлық жұмысын бір жолға салуға, барлық мұғалімдерге бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерде ортақ мүддені шешуге жұмылдырады.

      Пәнаралық  байланыстың алдына қоятын мақсаты сан алуан. Бірі пәнаралық байланыс бойынша білімнің теориялық негізін күшейтуді көздесе, екіншісі, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды, үшіншісі осы мәселе негізінде оқушылардың практикалық дағдылары мен шеберліктерін дамытуды тағы басқа сол сияқты түрлі- түрлі мақсаттарды көздейді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың оқу-танымдық қызметі мен оқытушының оқыту  қызметінің өзара байланысын күшейту мәселесі де қарастырылуы мүмкін.  

    Ал мектеп тәжірибесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруда мұғалімдер біршама қиындықтарға кездесіп отырғаны белгілі. Атап айтқанда оқыту процесін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ ұғымдарды, заңдылықтарды бір-бірімен өзара байланыстылықта қарастыру, оқушылардың танымдық, ізденушілік қабілеттерін, іс-әрекеттерін дамыту, алған білімдерін жинақтау, тәжірибеде қолдана білуге үйрету және тағы баска мәселелер дидактикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді. 

Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың жолдары мынадай: 
• Әрбір жеке пәнді оқытқанда басқа пәндерді оқыту ісіне өз ықпалын тигізетіндей болуын көздеу; 
• Түрлі пәндерді оқып үйренуде – өтілетін материалдарды уақыт жағынан үйлестіріп отыру. 
• Оқушылардың ғылыми теориялар мен заңдылықтарды игеруін, олардың жинақтылығымен әдістерімен, дағдыларымен сабақтастыра қалыптастыру. 
• Жалпы теориялық білім алуды және практикалық іскерліктер мен дағдыларды бірыңғай әдіспен жүзеге асыру.
• Оқушыларға (білім алу, икемділік пен дағдыларды қалыптастыру барысында) бірдей талап қою. 
• Оқушылардың бір пәннен білім алуға икемі мен дағдыларын пайдалана білуге әдеттендіру. 
• Әр түрлі пәндердің зерттеу әдістерінің ортақтық ерекшеліктерін көрсете білу.
• Әр пән сабақтарында оқылатын құбылыстардың өзара байланысын ашып, дұрыс дидактикалық дүниетаным қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың икемділік пен дағдылары анағұрлым күшті дамитындығын педагог-ғалымдар дәлелдеген. Оқу үрдісі нәтижесіндегі игерілген икемділік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік екендігінің белгісі болып табылады. Оқу пәндерінің ерекшеліктеріне қарай оқушыларға түрлі икемділік пен дағды пайда болады. Оқу үрдісінің барысында оқушылар танымдық, тәжірибелік мақсатты-бағдарлы іс-әрекеттермен шұғылданады. Осы іс-әрекеттің нәтижесінде оқушыда пәнаралық байланыс іскерлігі қалыптасады. 

Сабақ беруде пәнаралық байланысқа мән бермеу оқу пәндері материалдарының бірін - бірі қайталауға, оқушылардың көптеген ұғымдар мен заңдылықтарды тар шеңберде түсінулеріне әкеліп соғады. Білім мазмұнын меңгеру пәнаралық байланысты ескермейінше мүмкін емес. Өйткені ол – өзара жақын пәндердің бағдарламасындағы оқу материалын үйлестірудің және іріктеудің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Әрбір жеке пән мұғалімдері оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, бір пәннен    алған   білімін   екінші бір пәнге пайдалану жағын қарастырады. Оқушылар әрбір пәннің өзіндік заңдылықтарын меңгермейінше, сол пәннен тиянақты да терең білім ала алмайды. Сондықтан оқушылардың әрбір пән бойынша практикалық дағдыларын қалыптастырғаны жөн. Осындай жүйелі практикалық дағдылар негізінде ғана оқушылардың жеке пән бойынша танымы жинақталып, басқа пәндерден алған білімімен ұштастырылады, тереңірек білуге мүмкіндіктер туады. Демек, жеке пәндерді терең меңгерту нәтижесінде ғана пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.

    Жалпы білім беретін мектептің негізгі деңгейінде «Қазақ тілі» пәні барлық пәндермен байланысқа түседі. Қазақ тілінің лексика тарауында барлық пәнге тән терминдер, кәсіби сөздер, жалпы халықтық қолданыстағы сөздер қамтылады. Сөзжасамда биология, география, астрономия, физика, химия пәндеріне қатысты ұғым атаулары меңгертіледі. Морфологияның сөз таптары аясында математика, тарих, қоғамтану, өнер, технология, валеология, т.б. пәндерге қатысты терминдердің табиғаты мен тұлғалық ерекшеліктері танытылады. Синтаксис пен стиль салаларында мектептегі оқу пәндерінің сөйлем жүйесі мен қолданылу ерекшеліктері игертіледі.

Қазақ тілі пәнінің әдебиет, музыкамен байланысы өте күшті. Өйткені әдебиет адамтану ғылымы болса, музыка сол адамның жан азығы. Оқушыларға  қазақ тілі сабақтарында әдістемелік түрлі мақсаттарда көрнекілік үшін, эмоциялық әсерді күшейту үшін түрлі бейнелеу өнерін (сурет, портрет, иллюстрация, мүсін т.б.) музыкалық шығармалар пайдаланылады.

Қазақ тілі сабағында арнайы шығарылған оқу фильмдерін көрсетіп, кейбір фрагменттерін пайдалануға болады. Мұның өзі пәнаралық байланысты (интеграция) жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы:

«Терминдер табайық» ойыны. Ойынға оқушыларды мөлшерлеп қатыстырған жөн. Әр бала «грамматикалық», «математикалық», «физикалық», «географиялық, ауылшаруашылық» деген сөздер жазылған бірнеше карточкалар дайындайды. Бастаушы ірі етіп жазылған терминдер мәтінін тақтаға іліп қояды да ойын тәртібін түсіндіреді. Оқушылар іштерінен мәтінмен танысады. Бастаушы мәтіндегі сөздерді атағанда, оқушылардың қолдарындағы карточкаларының бірін көтеріп әлгі сөздің қай термин екенін білдіреді. Жаңылысқан оқушылардың аттары аталып, тақтаға жазылады. Кейін қорытындысы шығарылады.

Терминдер мәтіні

Агроном, экватор, звено, эквивалент, демеулік, механизация, тепе-теңдік, ойпат, қысым, витамин, тотық, түбір, абитуриент, қалдық, материк, комбайн, үстеу, қой фермасы, плюс, компас, есімше, автономия, молекула, анықтауыш, атом, , жұрнақ т.б.

Тапсырма-сұраулар.

1. Қазақ тіліндегі қосымшалар термин сөздердің бәріне де үндестік заңы бойынша жалғана ма?

2. Қай термин сөздерге қосымша тек қатаң дыбыстан басталып жалғанады?

3. Қос дауыссызға аяқталатын 3-4 термин сөз тауып жазыңдар.

4. Әдеби тақырыпқа 10-15 термин тауып жаз.

Бұл ойынды лексикалық тақырыптарда өткенде қолдануға болады Қазақ тілін әсіресе тарих пәнімен ұштастыра оқыту, халқының өткен тарихынан, салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан, мәдениеті мен басқа да ұлттар мен қарым-қатынасынан афоризмдер, мақал-мәтелдер, фразеологизмдер беру арқылы ақыл-ойын даытып, тапсырмаларды іздену арқылы өздігінен орындай білуге үйрету қажет. Оқушылар өздігінен жұмыс істеу арқылы басқа пәндермен де байланысын дамытып, білімдерін тереңдетіп, қазақ тілін үйренуге деген ынталары арта түседі деп ойлаймыз.

Қазақ  тілі мұғалімі әдебиет материалдарын сабақ жүйесінде үнемі пайдаланып отырады. Бұлай етудің әрі ғылыми, әрі практикалық мәні бар. Пәнді оқыту және тәлім-тәрбие жұмыстарында тіл мен әдебиетті тығыз ұштастырып отырудың практикалық жақтан пайдасы мол. Осының нәтижесінде оқушылар ана тілін, оның сөз байлығы мен сөз өнерін үйренеді. Қазақ тілі сабағында әдебиет материалдарын пайдалана отырып, олардың сөз байлығын шоғырландырып, әдеби тілде сөйлеуге үйретіп, шығармашылық іске дағдыландырып отырған жөн. Оқушылар өз халқының өнері мен ғасырлар бойғы тарихын, оның көркем сөз өнерін әдебиет арқылы таниды. Бұл байланыс көбінесе тіл ұстарту мақсатында жұмсалады. Өйткені бағдарламада тіл ұстарту жұмысы     қазақ тілі  мен әдебиет пәндеріне ортақ. Бұл ортақтық мектепте бүкіл оқу мерзімі уақытында тіл ұстарту жұмысының жүйесін жасауға, оқушылардың сөздік қорын байытуға, олардың сөйлеуіндегі қателерді түзетуге мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу кезінде оқушылар жіберген қателерді үнемі түзетіп отыруға (дауыс ырғағын дұрыс қоя білу т. б.) жол ашылады. Орыс және шетел тілімен байланыстылығы, алдымен, грамматиканы оқытудан байқалады: ана тілі мен орыс және шетел тілдерінде кездесетін ортақ грамматикалық ерекшеліктерді, ережелерді байқауға мүмкіндік туады. Ана тілі грамматикасы орыс және шет ел тілдерінің сәйкес, ұқсас грамматикалық заңдарын игеруге септігін тигізеді. Екі тілдің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстырып ұғуға мүмкіндік береді. Орыс және шетел тілдерін оқу тіліміздегі басқа тілден енген сөздердің түп-төркінін білуге жәрдемдеседі. Тұтас алғанда, барлық пән, жеклей алғанда әрбір пән оқушылардың сөйлеуін, тілін байытуға бағытталады, емлелікк дағдылардың бірыңғай сөйлеу режимін нығайтуға жағдай жасайды, жаңа терминдерді, сөздерді дұрыс жазуға дағдыландырады. Сөйтіп өмірдің шындығын, халықтын, тарихы мен тілін жақсы біледі, ұғады. Әдеби шығармаларды ттілмен байланыстыру оқушылардың ұғымын дамытады, дүниеге көзқарасын қалыптастырып, соған қызығуы мен сүйіспеншілігін күшейтеді. Әдебиетке байланыстытақырыптар ертегілерден, жұмбақ пен макал-мәтелдерден, әңгіме мен очерктерден, өлеңдер мен поэмалардан, пьеса мен повесть, романдардан таңдалып алынады.

Қазақ тілін оқытуда пәнаралық байланыстың  алатын орны орасан зор, оқушы білімінің жүйелілігіне әсер ететін тиімді құралдардың бірі.


Пайдаланған әдебиеттер

1. Бейсенбаева А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру. Алматы. 1995.
2. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. Ана тілі

3. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика. Алматы. 2002.

 





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!