ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі: Нәбиғаппарова Толғанай
Ермекқызы «№34 жалпы білім беретін орта мектебі»
КММ
Көптеген электронды оқулықтар
мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалады
және жасалып та жатыр. Сондықтан, бүгінгі таңда қазақ тілі пәні
мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық –
коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады. Жаңа ақпараттық
технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап,
оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі
компьютер болып табылады. Компьютер – мұғалімнің басты көмекшісі.
Ең біріншіден, ол мұғалімнің еңбегін жетілдіреді. Көптеген
материалдарды, дайын сабақтарды реттеп сақтауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, компьютердің арқасында мұғалім әр сабаққа оқушылардың
ерекшелігіне қарай және сабақтың мақсатымен міндетін ескере отырып,
әртүрлі кеспелер, материалдар дайындай алады. Үшіншіден, сабақтың
формаларын түрлендіре алады, яғни көрнекілік, әдістемелік, аудио
және бейнематериалдар қолдана алады. Мұндай жұмыс сабақтың әр
кезеңінде іске асырылады.Сонымен бірге, ақпараттық коммуникативтік
технология сабаққа дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді.
Интернеттің іздеу жүйесі арқылы қызықты мәліметтер, көрнекіліктер
таба аламыз. Сол жағынан да сабаққа дайындалу барысында әдістемелік
көмек береді. Компьютер арқылы тұсаукесер сабақтарын, компьютерлік
формадағы бақылау сабақтарын дайындауға болады. Компьютерлік
тұсаукесер сабақтары – жаңа сабақты диалог тәртібінде түсіндіру,
дәріс – сабақ, ғылыми конференция сабағы, жобаларды қорғау сабағы,
кіріктірілген сабақ, тұсаукесер сабағы, пікірталас сабағы.
Компьютерлік формадағы бақылау сабақтар – оқушылардың білімдерін
тест түрінде тексерудің бір түрі. Мұндай сабақтар арқылы оқушылар
өз бағаларын бірден біледі. Тұсаукесер – берілген материалды слайд,
электрондық оқулық, флипчат арқылы көрсету формаларының бір
түрі. Оның ішінде сұрақтар мен кестелер, суреттер,
көрнекіліктер мен аудио мен бейнематериалдарды, дайындаған
құжаттарды, клайстер мен танымдық жаттығуларды кіріктіруге болады.
Бұл технологияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт – бағдар беруі
арқылы өз бетімен ізденіп, жаңа мәліметтер алып, еңбектену арқылы
игереді. Білімді меңгере отырып, оқушы сын көзбен қарауға, өз ойын
еркін айтуға, өз құқықтарын қорғай білуге, ақпарат көздері арқылы
ізденуге, білімін толықтыруға жәрдемдеседі.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірі – интерактивті
тақта, мультимедиалық және онлайн сабақтары. Интерактивті тақтаны
сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту
үрдісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған.
Осыған байланысты күнделікті сабақта: -мультимедия (видео, аудио
қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды); -компьютер
(компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта); -анықтамалық
мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры); -интернет
және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже
береді. Мұндай қондырғылар біздің, яғни, оқушылардың қызығушылығын
арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға
мүмкіндік береді. Ұстаздар сыртқы түрткінің мағынасын өзгертіп,
оқуға баланың қызығушылығын арттырып, оқушыдан «оқығым келеді»,
«мен тапсырма орындап көрейінші», «менің жауап бергім келеді» деген
сияқты мотивтермен оның іштей оқуға талпынуына пайдасы зор. Оқыту
процесі барысында ақпараттық технологиялардың түрінің бірі
интерактивті тақтаның көмегімен сабақта тіл дамытуға арналған
жаттығулардың құрылуы танымдық ісәрекеттің дамуы арқылы оқушылардың
қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру. Ақпараттық технология
негіздері тұлғаның қазақ тілі пәнінен алған білім сапасы мен
сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы
жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына
қарай сабақта видео, аудио қондырғылары мен теледидарды,компьютерді
қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы
тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар
жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана
қоймай,қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын
дамытады. Ақпараттық технологияның қазақ тілі мен әдебиеті
сабақтарында қолданылатын формалары мен әдістері. Ақпараттық
технологияларды сабақ үстінде пайдаланудың формалары мынадай болып
келеді: -сабақ барысында техниканы қолдану арқылы материалды
түсіндіру, оқушыны сөйлету және пікірталас, бекіту, оқушылардың
білімін бақылау, жеке жұмыс, талдау, тестілеу, қажет ақпаратты
іздестіру; - сабақтан тыс уақытта оқушының дербес, өздігінен
қолдануы, яғни үй тапсырмасын орындау, рефераттар даярлау, өзіндік
бақылау; - мұғалімнің сабаққа даярлық кезеңінде қолдануы, яғни
арнайы материалды іріктеп алу, тапсырмаларды дайындау және т.б. АКТ
әдістерін төмендегідей бірнеше бағытта қолданып отыруға болады: 1.
Сабақтарда талдау жасау үшін компьютер немесе басқа да ақпараттық
құралдар арқылы көрнекілік ретінде суреттер, диаграмма мен
бейнероликтерді кеңінен қолдануға болады.
2. Оқушылардың есту, көру
қабілеттерін дамыту үшін табиғаттағы заңдылықтар мен үрдістерді
анимация арқылы қолдануға тиімді.
3. Мультимедиялық оқулықтар
көмегімен күрделілігі жөнінен түрлі деңгейдегі тапсырмалар мен
практикалық жұмыстарды орындауға болады.
4. Алған білімдерін тексеріп,
бекіту өте тиімді. Әсіресе тарау, тақырыпты қорытып, қайталауда
тест тапсырмаларын оқушылар қызыға орындайды.
Ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ-компьютер, интерактивті
тақта, ғаламтор) оқушының оқуға мотивациясын арттырады және
пәндерді оқу барысында мынадай мүмкіндіктерге қол жеткізеді: Оқу
материалдарының мазмұнын көрнекілікті, түсінікті, қызықты етеді;
Оқу материалдың суреттерін динамика түрінде көрсетуге (құбылыстарды
әр түрлі жағынан және әр түрлі деңгейде); Оқушылармен жылдам және
тиімді тестілеу өткізу; Оқушылармен өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру,
анықтамалық материалмен жұмыс істеуге үйрету; Жеке тұлғалық және
психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыға комфорттық
жағдай жасау; Ақпараттық мәдениетттін дамытуға бүгінгі ақпараттық,
коммуникациялық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын арттыру.
Дәстүрлі оқыту жүйесінен АКТ қолданған сабақтардың түпкі
айырмашылығы бар. Пайдаланылған
әдебиеттер: 1. Досжанов Б, Алменаева Р,
Қазақ тілінде электрондық оқулықтармен web-парақтар даярлау
әдістері. Информатика негіздері. №3. 2008ж.27-бет; 2. Білімдегі
жаңалықтар. №4, 2008ж. 12-бет; 3. Оқыту тәрбиелеу
технологиясы. №4,
2009ж. 9-бет.