Материалдар / «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 5 класс
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 5 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 тапсырмадан тұрады. Бірінші тапсырма - тыңдалым, екінші тапсырма - оқылым, үшіншісі - жазылым және тілдік бағдар, төртінші тапсырма - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2020
2291
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Боқаева Гүлжан Мұхамбетқызы Тыңдаушының портфолиосы А және Б бөлімі

Ақтөбе қаласы «ПШО» ЖМ филиалы « Бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау»

бойынша курстар


4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу


Ұзақтығы: 40 минут

Тыңдалым- 8 минут

Оқылым – 12 минут

Жазылым – 20 минут

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)

Балл саны: 30


Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 тапсырмадан тұрады. Бірінші тапсырма - тыңдалым, екінші тапсырма - оқылым, үшіншісі - жазылым және тілдік бағдар, төртінші тапсырма - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмалар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл




1




5.1.6.1 Тыңдалым

материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру


Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар



Білім алушылар 129-130 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтінді 2 рет аудиоқұралдар арқылы тыңдайды.


Мұғалім берілген сұрақтарға қысқа жауап бере алуын бағалайды.


Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып жазады.


8 минут


5


4

2

2


3

2




1

5.3.3.1 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау


Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар



Білім алушылар тақырыпқа қатысты 168 сөзден тұратын көркем әдеби мәтінді түсініп оқиды,ат қояды.



МShape1 әтін мазмұны бойынша( ) сәйкестікті табады


Білім алушылар мәтінді оқиды, 2 шын ақпаратты [+] белгілейді.

12 мин

5





6

2

4


3

2

3

5.4.1.1 Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу


Жазба

ша толық жауап

ты қажет ететін сұрақ

тар

Бұл тапсырмада білім алушылар ресми стильдің тілдік ерекшеліктерін дұрыс қолдана отырып, «Батыр туса –ел ырысы» атты мектепішілік шараның өткізілуіне хабарландыру жазады.

20


4

5.2.6.1 Тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Берілген суретті тірек сөздердің көмегімен сипаттайды (әр білім алушыға 2 минут),тірек сөздердің дұрыс қолдануын бағалайды.


Тыңдалым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)


10

Барлығы

40 минут

30

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан

бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 5 класс

Тыңдалым

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Ол- көне замандардан басталған тарихы аса бай ел. Қазақ елі - ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Мемлекетіміз көп ұлтты болып саналады. Олар: орыстар, өзбектер, ұйғырлар, кәрістер, гректер т. б ұлт өкілдері қазақ халқымен тату - тәтті өмір кешуде. Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір адам өз Отанын жанындай жақсы көреді, сүйеді, көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Қазақстан – көпұлтты, зайырлы, тәуелсіз мемлекет. Әлем таныған Отанымызда жүз отыз ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай достық пен татулықта, жарасымды бірлікте қоян-қолтық өмір сүруде. Біз – ынтымағы жарасқан елміз. Қиын-қыстау кезеңде тағдырлары табыстырған халқымыз бір шаңырақтың астында сүттей ұйып отыр. Бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі достықтың бай тәжірибесі ұлттық татулық пен ұлттық ерекшеліктерді, тілдердің бір-біріне деген құрметін қамтамасыз ете алатынын көрсетті.Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында татулығы мен бірлігі жарасқан,әлемді аузына қаратқан көп ұлтты тәуелсіз мемлекетпіз.Жаңа Қазақстан мемлекетін әлем таныды.

( 129 сөз) (Білімділер порталы кз)

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға қысқа жауап беріңіз.

1.Мәтінде қазақ елі қандай ел болып сипатталады?

_____________________________________________________________[1]


2.Отанымызда ұлттар қалай өмір сүруде?

_____________________________________________________________[1]


3.Қиын-қыстау кезеңінде халқымыз нені қамтамасыз ете алатынын көрсетті?

[1]

2-тапсырма Мәтінді тыңдай отырып , көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып жазыңыз. [көпұлтты,тәуелсіз,сындарлы]


Қазақстан – көпұлтты, зайырлы, .......... мемлекет. [1]


Татулығы мен бірлігі жарасқан,әлемді аузына қаратқан .......... тәуелсіз мемлекетпіз. [1]

Оқылым


Ертеде мыңды айдаған, азуы алты қарыс бір бай болған екен дейді. Байдың ұлы көп, ал қызы жалғыз–ақ екен дейді. Қызы көрікті, асып туған перизат, ақылды, өнерлі болыпты. Әкенің ойы- қызын хан баласына немесе ақылгөй би баласына беру. Күндердің күні сол елге өзі сұлу, әнші, күйші, сегіз қырлы, бір сырлы. бір сері жігіт келеді. Бірде жігіт байдың қызымен жүздеседі. Қыздың әкесі олардың қосылуына ризашылық бермейді. Соны білгендіктен, қос ғашық екі сәйгүлікке мініп, қашып кете барады. Талай күн, талай түн бел шешпестен суыт жүріп, Бурабайға келіп жетеді. Күміскөлдің жағасына хош иісі аңқыған жасыл жапырақ, көк балаусадан қос тұрғызады. Жігіт анау-мынау шағын кемеге бергесіз үлкен, сәнді қайық жасайды. Онымен екеуі көл бетіне шығып сайрандайды.

Бұл кезде оларды қыздың ағалары шарқ ұрып іздеп жүр еді. Оңтайлы сәтті пайдаланған қыз ағалары қапы жібермейді. Найзағайдай зу еткен сұр жебе жігіттің тура жүрегіне қадалады. Ғашық жарынан арманда айырылған аяулы ару қайғыдан зар еңірейді.. Өзін қайғымен бірге тасқа айналдырып жіберуін тілек етеді. Жасаған ие оның шын төгілген көз жасын қабыл қылады.Кейінде ата-бабаларымыз кіршіксіз махаббатқа куә сол тасты Жұмбақтас деп атапты.

(168 сөз) (Қазақ энциклопедиясы)

1-тапсырма. Мәтінді түсініп, мазмұнына сай ат қойыңыз

________________________________________________________ [1]

2Shape2 -тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша( ) сәйкестікті табыңыз


Екеуі көл бетіне


көк балаусадан қос тұрғызады

Хош иісі аңқыған жасыл жапырақ,

шығып сайрандайды

[2]















3-тапсырма. Мәтінді оқып, 2 шын ақпаратты [+] белгілеңіз.

Мәтіндегі ақпараттар

Шын

Жалған

Қыздың ағалары ғашықтарды шыр айналып іздеді

+


Байдың ұлы біреу, ал қызы жетеу екен дейді.


+

Қыз тәңірден тасқа айналдыруын сұрайды.

+


[2]


Жазылым


Ресми стильдің тілдік ерекшеліктерін дұрыс қолдана отырып, «Батыр туса –ел ырысы» атты мектепішілік шараның өткізілуіне хабарландыру жазыңыз.

_______________________________________________________________[10]



Айтылым

Берілген суретті тірек сөздердің көмегімен сипаттаңыз (әр білім алушыға 2 минут).


«Ер есімі-ел есінде»

Тірек сөздер: соғыс,батыр,ерлік,еске алу,құрметтеу,солдат, гүл шоғы.





г

[10]

Shape3 Shape4 Shape5 Shape6


Балл қою кестесі

Тыңдалым, оқылым

Дағды

Жауап

Балл

Жалпы балл

Тыңдалым

Қазақстан – көпұлтты, зайырлы, тәуелсіз мемлекет болып сипатталады.

1

5 балл

Әлем таныған Отанымызда жүз отыз ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай достық пен татулықта, жарасымды бірлікте қоян-қолтық өмір сүруде.

1

Достықтың бай тәжірибесі ұлттық татулық пен ұлттық ерекшеліктерді, тілдердің бір-біріне деген құрметін қамтамасыз ете алатынын көрсетті.

1

Тәуелсіз

1

Көпұлтты

1

Оқылым




Жұмбақтас

1

5 балл

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!