Материалдар / Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 7–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 7–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 7–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2024
118
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 7–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары

1-нұсқа

Оқу мақсаты:

7.2.5.1 мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.

7.3.4.1 Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу. (дискуссивті эссе)

7.4.3.1фразеолизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану.

Оқылым. Мәтінді оқып, проблемалық сұрақтар құрастырыңыз

Дос деген – киелі түсінік. Көңілі бір, ортақ адамдар ғана бір-бірімен дос бола алады. «Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам», «Өз басыңды дауға берсең де, жолдасыңды жауға берме», «Жаман туған болғанша, жақсы жолдасың болсын», «Досы көпті жау алмайды», «Жолдас көптің олжасы көп» дейді халқымыз. Жақсы дос ағайын-туыстан да жақын болып кетеді. Өйткені өзін шынайы дос санайтын адамның көңілі кіршіксіз келеді. Досына деген пейілі ақ, көңілі пәк болады.

Достар – бір-біріне ұқсас жандар. Бір-бірін толықтыратын, бір-бірінің кемшілігін жауып тұратын адамдар. Соның арқасында екеуінің де кемшілігі көрінбей қалады. Ойы мен санасы бір, көзқарасы мен пікірі ортақ жандар да бір-бірімен дос болуға бейім келеді. «Дос – көңілдің күмбезі» деп айтылатыны содан. Орыс халқында «досыңды әкеп көрсет, сонда сенің кім екеніңді айтамын» деген нақыл бар. Яғни, көңілі мен пейілі ортақ жандар ғана бір-бірімен дос бола алады. Олардың қызығушылығы да, ойы да бір. Соның арқасында жолдас, туыстас болып кетті. Мұны халқымыз «екі жақсы қосылса, өле-өлгенше дос болады» деп бір ауыз сөзбен жеткізген.

Бұл өмірде туған-туыспен, дос-жаранмен тату-тәтті, ұйымшыл, бір болғаннан артық қандай бақыт бар? Әрдайым туған-туысыңа да, достарыңа да қол ұшын беріп, көмектесіп жүрсең, өзің де елдің алдында абыройлы, беделді боласың. Сөйтіп досың да көбейеді. Досқа деген пейілің жақсы, көңілің күмбез болса, досыңа дос қосылары хақ.



Тапсырма. Мәтін бойынша 4 проблемалық сұрақ құрастырыңыз.(1 балл)

1.

2.

3.

4.











2) Жазылым. (3 балл)

Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасыңызды жазыңыз (дискуссивті эссе).

«Өмірде шынайы достық бола ма? Нағыз дос қандай болуы керек?» Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыптан ауытқымай, берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары мен себептеріне өз көзқарасыңызды білдіріп дискуссивті эссе жазыңыз 120-130 сөз

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


3) Әдеби тіл нормалары. (1 балл) Фразеолизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану.

Берілген мәтін бойынша достық тақырыбына қатысты фразеологизм, мақал-мәтел жазыңыз.

Мақал-мәтел

Фразеологизм































Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсырма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.

1

Мәтін бойынша 4 проблемалық сұрақ құрастырыңыз.



1

Жазылым


Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасыңызды дәлелдеп, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз (дискуссивті эссе).


2

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл);

- даму желісін сақтайды (0,5 балл);

- берілген мәселенің шешу жолдары мен себептеріне өз көзқарасын дәлелдеп жазады (0,5 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

Фразеолизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану.

3

Берілген мәтін бойынша достық тақырыбына қатысты фразеологизм, мақал-мәтел жазыңыз.

1

























Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары

2-нұсқа

Оқу мақсаты:

7.2.6.1 Оқылым стратегияларын қолдану; комментария жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу

7.3.4.1 Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу. (дискуссивті эссе)

7.4.3.1 Етістіктің есімше,көсемше, тұйық етістік, шақ,рай түрлерін тілдесім барысында қолдану;

  1. Оқылым. (1б) Оқылым стратегияларын қолдану:коментарий жасау,іріктеп оқу,зерттеп оқу

1-тапсырма. Мәтінен нақты ақпаратты іріктеп алыңыз

2-тапсырма.Оқылым стратегияларын қолданып,нақты ақпаратқа коментарий жасаңыз.

Алғашқы компьютерлер жарық көргеннен кейін, оларды біртұтас желіге біріктіріп, ақпаратпен жылдам алмасу идеясы пайда болды. АҚШ үкіметінің белсенді қолдауымен, бұл тапсырманы орындауға ARPA деп аталатын ғылыми жобалар агенттігі кірісті.

Олар 1967 жылы ARPANET пакеттік желісін ұсынып, 1969 жылы 2 қыркүйекте Леонард Клейнрок бастаған ғалымдар тобы кабель арқылы бір компьютерден екінші компьютерге деректерді табыстау арнасын құрды. Екі компьютерді бірден желіге қосу амалы сәтсіз аяқталғанымен, бұл бағытта үлкен қадам жасалды. 1969 жылдың 29 қазанында бір-бірінен 640 км қашықтықта орналасқан екі компьютер арасында желілік байланысты орнату әрекеті жасалды.

Осы жолы ғалымдар өз мақсатына жетіп, бұл сәтті Интернеттің туған күні деп атауға болады. 1973 жылы ARPANET халықаралық деңгейде дамып, Ұлыбритания мен Норвегиядағы желілерді біріктірді. 1983 жылы 1 қаңтарда ARPANET NCP хаттамасынан TCP/IP-ге ауысты, бұл хаттама қазіргі уақытта да желілерді біріктіру үшін қолданылады. 1984 оларға «NSFNet» деп аталатын мықты бәсекелес табылды. Оның құрамына көптеген шағын желілер кіріп, өткізу қабілеттілігі ARPANET-ке қарағанда едәуір жоғары болды. Осы фактор, NSFNet компьютерлік желісінің алдынғы қатарға шығуына себеп болды. Біз білетін бүкіләлемдік интернет желісінің іргесін британдық Тим Бернес-Ли есімді ғалым қалады. Ол көптеген гипермәтіндік құжаттарды бірыңғай жүйеге біріктіріп, оларға желідегі кез-келген техникалық тораптан қосылуға мүмкіндік жасады.


1.Мәтіннен 3 нақты ақпаратты іріктеп алып жазыңыз.

1.______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2.______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3._________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2.Оқылым стратегияларын қолданып,нақты ақпаратқа коментарий жасаңыз.

1._________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2.____________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3.____________________________________________________________________________________________________________________________________________________


  1. Жазылым (3 б)

Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасыңызды жазыңыз (дискуссивті эссе).

«Ғаламтордың пайдасы мен зияны қандай?»Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыптан ауытқымай,берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары мен себептеріне өз көзқарасыңызды білдіріп дискуссивті эссе жазыңыз 120-130сөз

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3)Әдеби тіл нормалары (1б) Етістіктің есімше,көсемше,тұйық етістік,шақ,рай түрлерін тілдесім барысында қолдану.

Эссе мәтінінен етістіктің есімше,көсемше,тұйық етістік,шақ,рай түрлерін тауып кестені толтырыңыз.

Есімше

Көсемше

Тұйық етістік

Шақ

Рай





































Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсырма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

Оқылым стратегияларын қолдану:коментарий жасау,іріктеп оқу,зерттеп

1

-Мәтінен нақты ақпаратты іріктеп алыңыз (0,5)

-Оқылым стратегияларын қолданып,нақты ақпаратқа коментарий жасаңыз.(0,5 б)



1

Жазылым


Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасыңызды дәлелдеп, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз (дискуссивті эссе).


2

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл);

- даму желісін сақтайды (0,5 балл);

-берілген мәселенің шешу жолдары мен себептеріне өз көзқарасын дәлелдеп жазады (0,5 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

Етістіктің есімше,көсемше,тұйық етістік,шақ,рай түрлерін тілдесім барысында қолдану.


3

-эссе мәтінінен көсемшені табады (0,25 балл);

- мәтіннен есімшені табады (0,25 балл);

- етістіктің шақ,рай түрлерін табады (0,25 балл);

-сауатты жазады (0,25 балл).

1























7-сынып


Төмен көрсеткіш 1-2 балл

Орташа көрсеткіш 3-4 балл

Жоғары көрсеткіш 5 балл

Оқылым

Оқылым мәтінінен нақты ақпаратты іріктеп ала алмайды,нақты ақпаратқа коментарий жасай алмайды

3-4 қате жібереді

Оқылым мәтінінен нақты ақпаратты іріктеп ала алады,нақты ақпаратқа коментарий жасай алмайды

1-2 қате жібереді.

Оқылым мәтінінен нақты ақпаратты іріктеп ала алады,нақты ақпаратқа коментарий жасайды,

шығармашылықпен жұмысты орындай біледі.

Жазылым

Эссе құрылымы мен даму желісін сақтамайды, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің жолдарын оңтайлы шешуде өзіндік көзқарасы айқын емес. (дискуссивті эссе) 5-6 грамматикалық қате жібереді.


Эссе құрылымы мен даму желісін толық сақтамайды, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын білдіруде 1-2 қате жібереді.

Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарына өз көзқарасын жазады.

Әдеби тіл нормалары

Эссе мәтінінен етістіктің есімше,көсемше,тұйық етістік,шақ,рай түрлерін ажырата алмайды.кестені толтыра алмайды,орфографиялық,пунктуациялық,стильдік ,грамматикалық сауаттылығы өте төмен.


Эссе мәтінінен етістіктің есімше,көсемше,тұйық етістік,шақ,рай түрлерін ажырата алады.кестені толтырады.,орфографиялық,пунктуациялық,стильдік қателер

(5-7) жібереді

Эссе мәтінінен етістіктің есімше,көсемше,тұйық етістік,шақ,рай түрлерін ажырата алады.кестені толтырады,сауатты жазады.




























Қазақ тілі пәнінен 7–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары

3-нұсқа

Оқу мақсаты:

7.2.6.1 Оқылым стратегияларын қолдану; комментария жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу

7.3.4.1 Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу. (дискуссивті эссе)

7.4.4.3 шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану;



Оқылым. (1б) Оқылым стратегияларын қолдану:коментарий жасау,іріктеп,зерттеп оқу

1-тапсырма. Мәтінен нақты ақпаратты іріктеп алыңыз (0,5 б)

2-тапсырма.Оқылым стратегияларын қолданып,нақты ақпаратқа коментарий жасаңыз.(0,5 б)



Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қантдиабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдыналу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.

Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спорт пен шұғылдану, күйзеліс пен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаныжас, белсенді болып жүруіңізге болады.



Нақты ақпарат

Коментарий








2) Жазылым. (3б)

Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасыңызды жазыңыз (дискуссивті эссе).

«Дұрыс тамақтану үшін не істеу керек? Фаст-фуд тағамдарынан қалай бас тартамыз?»Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыптан ауытқымай,берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары мен себептеріне өз көзқарасыңызды білдіріп дискуссивті эссе жазыңыз 120-130сөз


__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



3)Әдеби тіл нормалары.(1б) Шылау түрлерін ажырата білу,орынды қолдану

Эссе мәтінінде шылау түрлерін орынды қолданып, шылауларды ажыратып,кестені толтырыңыз


Cептеулік шылау

Жалғаулық шылау

Демеулік шылау











































Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

Оқылым стратегияларын қолдану:коментарий жасау,іріктеп оқу,зерттеп

1

-Мәтінен нақты ақпаратты іріктеп алыңыз (0,5)

-Оқылым стратегияларын қолданып,нақты ақпаратқа коментарий жасаңыз.(0,5 б)



1

Жазылым


Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасыңызды дәлелдеп, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз (дискуссивті эссе).


2

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл);

- даму желісін сақтайды (0,5 балл);

-берілген мәселенің шешу жолдары мен себептеріне өз көзқарасын дәлелдеп жазады (0,5 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

Шылау түрлерін ажырата білу,орынды қолдану

3

-мәтіннен септеулік шылауды табады (0,25 балл);

- жалғаулық шылауды табады (0,25 балл);

- демеулік шылауды табады (0,25 балл);

-сауатты жазады (0,25 балл).

1




















7-сынып


Төмен көрсеткіш 1-2 балл

Орташа көрсеткіш 3-4 балл

Жоғары көрсеткіш 5 балл

Оқылым

Оқылым мәтінінен нақты ақпаратты іріктеп ала алмайды,нақты ақпаратқа коментарий жасай алмайды

3-4 қате жібереді

Оқылым мәтінінен нақты ақпаратты іріктеп ала алады,нақты ақпаратқа коментарий жасай алмайды

1-2 қате жібереді.

Оқылым мәтінінен нақты ақпаратты іріктеп ала алады,нақты ақпаратқа коментарий жасайды,шығармашылықпен жұмысты орындай біледі.

Жазылым

Эссе құрылымы мен даму желісін сақтамайды, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің жолдарын оңтайлы шешуде өзіндік көзқарасы айқын емес. (дискуссивті эссе) 5-6 грамматикалық қате жібереді.


Эссе құрылымы мен даму желісін толық сақтамайды, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын білдіруде 1-2 қате жібереді.

Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарына өз көзқарасын жазады.

Әдеби тіл нормалары

Эссе мәтінінде шылау түрлерін орынды қолдана алмайды,шылау түрлерін ажырата білмейді,орфографиялық,пунктуациялық,стильдік ,грамматикалық сауаттылығы өте төмен.

Эссе мәтінінде шылау түрлерін орынды қолданады,шылау түрлерін ажырата білмейді,орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (5-7) жібереді

Эссе мәтінінде шылау түрлерін орынды қолданады,шылаудың мағыналық түрлерін ажырата алады,сауатты жазады.





























Қазақ тілі пәнінен 7–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары

4-нұсқа

Оқу мақсаты:

7.2.6.1 Оқылым стратегияларын қолдану; комментария жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу

7.3.4.1 Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу. (дискуссивті эссе)

7.4.4.3 шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану;

Оқылым. (1б) Оқылым стратегияларын қолдану:коментарий жасау,іріктеп,зерттеп оқу

1-тапсырма. Мәтінен нақты ақпаратты іріктеп алыңыз (0,5 б)

2-тапсырма.Оқылым стратегияларын қолданып,нақты ақпаратқа коментарий жасаңыз.(0,5 б)



Мамандық таңдау – адам өміріндегі маңызды қадам

Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау десек қателеспейміз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілігі мол әрі маңызды іс. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып саналатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар екен.

Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін-өзі дамыту үшін білім алып, соған сай мамандыққа машықтану керек.




Нақты ақпарат

Коментарий








2) Жазылым. (3б)

Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасыңызды жазыңыз (дискуссивті эссе).

«Мамандық таңдау – адам өміріндегі маңызды қадам» Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыптан ауытқымай,берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары мен себептеріне өз көзқарасыңызды білдіріп дискуссивті эссе жазыңыз 120-130сөз


__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



3)Әдеби тіл нормалары.(1б) Шылау түрлерін ажырата білу,орынды қолдану

Эссе мәтінінде шылау түрлерін орынды қолданып, шылауларды ажыратып,кестені толтырыңыз


Cептеулік шылау

Жалғаулық шылау

Демеулік шылау



















































Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

Оқылым стратегияларын қолдану:коментарий жасау,іріктеп оқу,зерттеп

1

-Мәтінен нақты ақпаратты іріктеп алыңыз (0,5)

-Оқылым стратегияларын қолданып,нақты ақпаратқа коментарий жасаңыз.(0,5 б)



1

Жазылым


Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасыңызды дәлелдеп, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз (дискуссивті эссе).


2

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл);

- даму желісін сақтайды (0,5 балл);

-берілген мәселенің шешу жолдары мен себептеріне өз көзқарасын дәлелдеп жазады (0,5 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

Шылау түрлерін ажырата білу,орынды қолдану

3

-мәтіннен септеулік шылауды табады (0,25 балл);

- жалғаулық шылауды табады (0,25 балл);

- демеулік шылауды табады (0,25 балл);

-сауатты жазады (0,25 балл).

1




















7-сынып


Төмен көрсеткіш 1-2 балл

Орташа көрсеткіш 3-4 балл

Жоғары көрсеткіш 5 балл

Оқылым

Оқылым мәтінінен нақты ақпаратты іріктеп ала алмайды,нақты ақпаратқа коментарий жасай алмайды

3-4 қате жібереді

Оқылым мәтінінен нақты ақпаратты іріктеп ала алады,нақты ақпаратқа коментарий жасай алмайды

1-2 қате жібереді.

Оқылым мәтінінен нақты ақпаратты іріктеп ала алады,нақты ақпаратқа коментарий жасайды,шығармашылықпен жұмысты орындай біледі.

Жазылым

Эссе құрылымы мен даму желісін сақтамайды, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің жолдарын оңтайлы шешуде өзіндік көзқарасы айқын емес. (дискуссивті эссе) 5-6 грамматикалық қате жібереді.


Эссе құрылымы мен даму желісін толық сақтамайды, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын білдіруде 1-2 қате жібереді.

Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарына өз көзқарасын жазады.

Әдеби тіл нормалары

Эссе мәтінінде шылау түрлерін орынды қолдана алмайды,шылау түрлерін ажырата білмейді,орфографиялық,пунктуациялық,стильдік ,грамматикалық сауаттылығы өте төмен.

Эссе мәтінінде шылау түрлерін орынды қолданады,шылау түрлерін ажырата білмейді,орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (5-7) жібереді

Эссе мәтінінде шылау түрлерін орынды қолданады,шылаудың мағыналық түрлерін ажырата алады,сауатты жазады.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!