Материалдар / ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ Т2. 11-СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ (оқыту орыс тіліндегі мектептерге)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ Т2. 11-СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ (оқыту орыс тіліндегі мектептерге)

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ Т2. 11-СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ ЖАЙЛЫ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2024
97
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ

Т2. 11-СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЕН

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

(оқыту орыс тіліндегі мектептерге)


Жамбыл облысы

Тараз қаласы

18 орта мектебі КММ

Усенкулова Айбиби Аманбаевна



«Білім алу – батылдық, оны толықтыру – даналық,

ал шебер қолдана білу – өнер»

Сіздер, 11-сынып білім алушыларын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қорытынды аттестаттауға дайындық жүргізу жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолын қарастырып көрдіңіздер ме?

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – жалпы орта білім беру ұйымдарында өткізілетін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің көлемін игеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін процесс. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, мектеп бітіруші түлектер үшін қорытынды аттестаттаудың форматы өзгерді.

Әдістемелік нұсқаулықта мұғалімдерге білім алушылармен қорытынды аттестаттауға дайындық жүргізу барысында қолдануға 11-сыныптың оқу бағдарламасындағы 13 бөлім бойынша (Қосымова Г., Бисенбаева М., Берденова К. Қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы, 11-сынып. «Мектеп» баспасы) 39 нұсқадан тұратын қорытынды аттестаттау тапсырмалары жинақталып жасалды. Сондай-ақ, қорытынды аттестаттау тапсырмалары Google дискіде жинақталып сақталды. Google Forms-ы - бұл сұраныстар мен сауалнамалардың барлық түрлерін ыңғайлы құру мүмкіндігін беретін танымал сервис. Google Docs — құжаттар бұлтшалар арқылы сақталатын, оларды жаппай толтыру/өткізу, қарау әрі түзеуді кез-келген құрылғы арқылы жүзеге асыруға болатын мәтінді веб-редактор. Оның қолданысы жыл санап артып келеді.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар және әрбір бөлім аяқталған соң, білім алушылардың бөлім бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында нәтиже сабаққа құрылған қысқа мерзімді жоспар құрылған, білім алушыларға арналған жұмыс дәптері жасалған.

Мақсаты: қорытынды аттестаттауға дайындық барысында  білім алушының шығармашылық қабілеттерін пәннің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізіп, алған білімдерін нақты өмірде  қолдана білуге дағдыландырудың тиімділігі бойынша көмек беру.

Міндеттері:

Білім алушыны мәтінде берілген астарлы ойды, идеялар мен аргументтерді өңдеп, барынша жан-жақты тиімді қолдана білуге дағдыландыру;

Берілген сұрақ төңірегінде кең ауқымды қиялы мен ойының тереңдігін білдіріп, жеке көзқарасын жоғары деңгейде жүйелі жеткізе білу қабілетін дамыту;

Лексикалық сөздік қоры мол және тілдік құрылымдарды шебер қолдануға баулу;

Жүйелі және нақты жауап беруге, сауатты, күрделі тілдік құрылымдарды орынды пайдалануға үйрету.

Ал енді күтілетін нәтижеге тоқталсам:

біріншіден, білім алушылар қорытынды аттестаттауға дайындық барысында АКТ құралдарын пайдаланудың жоғары нәтижеге жетудегі тиімділігін түсінуі;

екіншіден, ақпараттық технологияларды терең меңгеруі мен күнделікті өмірде қолдана білуі;

үшіншіден, уақытты ұтымды пайдалануы;

төртіншіден, мұғалім мен білім алушылар арасында кері байланыс жасаудағы тиімділігі;

бесіншіден, мұғалімдер қағазбастылықтан арылады.

Барлық Google өнімдері сияқты, формалар тек жұмыс үстелінің шолғышында ғана емес, сонымен бірге Android және ІOS бар мобильді құрылғылар, смартфондарда да қол жетімді.

Shape1 Picture 5 -


1-сурет. Білім алушының QR арқылы тапсырмаға қосылу сәті.

2-сурет. WhatsApp желісінде жіберілген сілтеме арқылы тапсырманы орындау кезі.

Бұл платформамен жұмыс жасау үшін мұғалімде Google account болу кажет. Болмаған жағдайда account ашу қиындық тудырмайды. Білім алушылар немесе мектеп бағдарламашысы (программист) көмекке келеді. Ғаламтор жүйесін толық меңгерсеңіз немесе You Tube сайтын пайдаланып өзіңіз де жасай аласыз. Google Forms мүмкіндіктерін айта кететін болсам, бұл арқылы білім алушылардан  үйде отырып, қашықтықтан тапсырмалар жіберіп, орындатуға, сауалнама алуға болады. Уақытымызды үнемдеуге таптырмас құрал.

Whatsapp , Telegram желілері арқылы сілтемелерін (ссылка) жібереміз.

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdBYV7XcfouyJcQx9z6G6ljyjtRYFZ41may_MiXL0Mq5AkLFg/viewform?usp=sf_link

Сондай-ақ, мектеп жағдайында интербелсенді тақта бетіне де сілтемені

шығарып қоюға болады, QR кодын пайдаланып, жүйеге қосыла алады. Жіберілген сілтемелер арқылы кіріп, тапсырманы орындамас бұрын білім алушы алдымен өзі жайлы мәліметтерді толтырады. Бұл міндетті орындалатын процесс, себебі толтыру қажет деп көрсетілген жолақтар толтырылмаса, бағдарламаны жөнелту мүмін емес.


Shape2

6-сурет. Міндетті толтырылатын қажетті ақпараттар:

білім алушының электронды

поштасының логині ,

сыныбы,

аты-жөні.

Shape3

Shape4 Shape5

3, 4-сурет. Бөлімдер бойынша берілетін тапсырмалар.


Одан әрі берілген тапсырмаларды орындайды. Тапсырманы орындап болған соң, нәтижесін сақтау белгісін басқанда, мұғалімнің Google Forms accountына автоматты түрде түсіп отырады.

Жауаптар бөлімін бассаңыз барлық жауаптардың қорытындысын көруге болады немесе білім алушының жауаптарын жеке қарап шығуға болады.

Әдістемелік нұсқаулықтың нәтижелілігі:

Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға дайындық барысында қазіргі қоғам сұранысына сай, АКТ құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Заманауи АКТ құралдарымен қорытынды аттестаттауға дайындық жүргізу:

- ұқыптылыққа;

- басты мәселеге назар аударуға;

- нақтылыққа;

- берілген тапсырмаларды нәтижелі орындауға;

- дұрыс шешім қабылдай алуға жеткізеді.

Мұғалімге білім алушымен кері байланыс жүргізу үшін де өте қолайлы. Электронды поштаға түскен жауаптарды тексеріп, мұғалімге өз пікірін жолдау мүмкіндігі бар. Әрбір білім алушыға жекелей немесе сыныпқа папка ашып, мониторинг жасап, білім деңгейін әрбір бөлім бойынша салыстырып отыруға болады.

.


Shape6 Shape7


5, 6-сурет. Орындалған тапсырмалардың сыныптар бойынша қорытындысы.


Shape8 Shape9


7, 8-сурет. Әрбір білім алушы жұмысының жекелеген нәтижесі.



Shape10


9-сурет. Жауаптарды Google таблицаға аудару арқылы Excel формадағы нәтижесі.

Бұл платформа оқытудың он-лайн, оффлайн режимінде де жұмыс жасауда өте тиімді болып табылды.


Голландиялық философ Бенедикт Спиноза: «Біз, даналықты үш жолмен үйренеміз: ойлану - ең ізгі жол; еліктеу – ең жеңіл жол; тәжірибе жолы – ең ауыр жол» - деген. Бір-бірімізден жақсылығымызды аямайық, үйрете жүріп, өзіміз де үйренуден жалықпайық!



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!