Материалдар / Қазақ тілі мен әдебиеті. Қысқа мерзімді сабақ жоспары. 5 сынып

Қазақ тілі мен әдебиеті. Қысқа мерзімді сабақ жоспары. 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып үшін арналан қысқа мерзімді сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Наурыз 2021
1495
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Сабақ жоспары

САБАҚ: қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп: Ұзынкөл ауданы

"Федоров орта мектебі" КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тынынбаева Жанат Токмурзиновна

СЫНЫП: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Модуль

Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі

Сабақтың тақырыбы:


Түлкі мен қырғауыл

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т. 5.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру

А. 5.2.6.1 тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Тыңдалған ертегінің мазмұнын түсінеді, сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып сұрақтарға жауап береді.

Тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттайды.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Тыңдалым материалдың мазмұны негізінде нақты ақпаратты анықтай отырып өз бетінше сұрақтарға лайықты жауап береді және диалогқа қатысу арқылы сұрақтарға жауап береді.

Тірек сөздер мен иллюстрацияларды сәйкестендіру арқылы сипаттайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Тыңдалған материалдың мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып ашық , жабық сұрақтар арқылы диалогке қатысады.

Тірек сөздерді дұрыс қолданып, постер арқылы иллюстрацияларды сипаттайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: оқушылар сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, "Түлкі мен қырғауыл"ертегісі бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздерді дұрыс қолданып, постер арқылы иллюстрацияларды сипаттайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қырғауыл, естімейді, заман,бұйрық, зорлық қылмасын, алды-артына қарамастан, айлакер, қу, тапқыр.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Бұйрық, жарлық, бәріне ортақ заң, разы –риза болуорлық қылмас-ешкімді ренжітпеу.

Талқылауға арналған сұрақтар:Қалай ойлайсың ертегі не туралы? Түлкі қырғауылға не айтты? Түлкінің ойы қандай болды?


Не себепті ….деп ойлайсыз?

Не себепті түлкі алды-артына қарамастан, қаша жөнелді?

ишара: оқушыларға көмек көрсету, «өте жақсы», «тамаша», «жарайсың» , «әлі тырысу керек», «жаман емес» мадақтау сөздер.

Алдыңғы оқу:

Қазақстандағы жануарлар мен өсімдіктердің атауларын, жаңа сөздермен жұмыс жасауды біледі, сұрақтарды құрастырып алады, жауап береді, "Қазақстан барысы" мультфильмді көрді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы



1,5 мин





1,5 мин










1 мин














Ортасы






1,5 мин











1 мин









1,5 мин

























3 мин



















1,5 мин















1,5мин





2 мин





4,5 мин























1 мин









4 мин























1,5 мин


Психологиялық ахуал орнату.

«Ақ тілек.Әсем күлкі» әдісі.

Ол үшін оқушыларға екі сұрақ бір ұсыныс жасалады.

1. -Көңіл – күйіңіз қалай ? (бұл сұраққа оқушылар шапалақтайды "Керемет!!!").

2. -Сабаққа дайынсыңдар ма ? (оқушылыар бір-біріне қарап күлімдейді "Тамаша!!!").

3. -Ұсыныс: "Ендеше, сабағымызды бастайық!" (бұған оқушылар басбармақ арқылы жауап береді "О,о,о,о,!!!").


Өткенді еске түсіру.

"Сөйлеу минуті" әдісі. (оқушылар өткен тақырыпты бір- біріне сұрақ қою арқылы естеріне түсіреді)

Мысалы:

-Өткен сабақта біз не туралы мультфильм көрдік?

- Негізгі кейіпкерлері кімдер?

- Жарысқа қандай аңдар шықты?

-Сайыс қай аңның атымен аталатын болды?


Топтарға болу. Қиылған суреттер бойынша екі топқа бөлінеді. "Құстар", "Аңдар"

https://goo.su/1x3p




Жаңа тақырыпқа дайындалу кезеңі:


«Мюнстенберг» әдісі. Оқушыларға көптеген әріптер арасында жазылған тұтас сөздер беріледі.


Мұғалім: - Сіздердің міндеттеріңіз тез оқи отырып, сол сөздердің астын сызу және бүгінгі сабақтың тақырыбын болжау.


Тапсырма: ррргнабдтуымрдбьтиавчытүлкікоотвшрврмен ыкоқырғауылдшррнеакувцйы.




"Миға шабуыл әдісі".

- Балалар, қалай ойлайсыздар,сабақтың тақырыбы қандай?

Оқушылар: - Сабақтың тақырыбы "Түлкі мен қырғауыл".


Тыңдалым алды кезеңі.


1. Жаңа сөздермен танысу, мағынасын түсіну.

Қырғауыл,Естімейді,Заман,Бұйрық,

Зорлық қылмасын, Алды-артына қарамастан.

2. Сұрақтарға жауап беру

- Бұл қандай аңдар?

- Олар қайда мекен етеді?

- Немен қоректенеді?

- Қандай пайдасы бар?

- Қандай зияны бар?


Бағалау критерийлер

Дескриптор

Жаңа сөздерді меңгеру

1. Жаңа сөздердегі төл дыбыстарды дауыстап орфоэпия, орфография талабына сай айтады, меңгереді

2. Жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне қатесіз көшіріп жазады, естерінде сақтайды.

3. Жаңа сөздердің мағынасын сұрақтарға жауап беру арқылы түсінеді, орынды қолданады.


Тыңдалым алды жұмыс.

Аудио ертегіні тыңдау. Оқушылар тыңдалған ертегінің мазмұнын түсінеді.


Тыңдалым тапсырмасы.



"Стоп кадр" әдісі арқылы балалар сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып сұрақтарға өз бетінше жауап береді.

- Қалай ойлайсың, ертегі не туралы?

- Ертегі қалай аталады?

- Осы фильмнің кейіпкерлері туралы не айта аласыңдар?


Тапсырма.

Кестемен жұмыс.

Кейіпкерлер мен олардың әрекетін сәйкестендіріп айтады.


Кері байланыс "АВС" әдісі.

А сұрақ қояды, В жауап береді, С айтқан ақпаратты бақылайды,толық болмаса толықтырады.


Қырғауыл_____



Түлкі_________

А


В


С


Д




Саралау: Нәтиже арқылы cаралау.



Қалыптастырушы бағалау.Мұғалімнің бағалауы


«Көңіл – күй смайликтері » әдіcі




Сараланған тапсырма.


1.Берілген сөздерден сөз тіркесін құрастыр.

Ит, мысық, қасқыр, қой, түлкі, қырғауыл, түлкі, қоян, жолбарыс, елік.


2. Постер жасау.

Суреттерге мұқият қарап түлкі мен қырғауылдың иллюстрацияларын сипатау жолында постер жасайды. Тірек сөздер: құ түлкі, ақылды қырғауыл, бұйрықтың шығуы.

1 топ "қырғауыл" туралы постер жасайды

2 топ "түлкі" туралы постер жасайды



Бағалау критерийлер

Дескриптор

Берілген сөздерден сөз тіркесін құрастырады және суреттерге мұқият қарап түлкі мен қырғауылды салстырып постер жасайды

1. Сөз тіркестерін құрастырады.

2. Суртеттер бойынша түлкі мен қырғауылдың иллюстрацияларын сипатау жолында постер жасайды, әнгімелеп айтады




Қалыптастырушы бағалау: «Оң қол/сол қол». Барлығы дұрыс және түсінікті "оң қолды" көтереді, жауаптары толық емес және түсніксіз "сол қолды" көтереді.

Сараланған тапсырма.

Жұптық жұмыс.


Тапсырма. Диалогқа қатысу.

Иллюстрацияларға қарап , сәйкестендіру арқылы сипаттайды, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру арқылы диалогқа қатысады.

"Тұсбағдар" әдісі бойынша жауап береді.

Ережесі: (сұрақ қоятын бала сағат тілін (стрелканы) айналдырады да тілдің басы кімге қараса соған сұрақ қояды, бала жауап береді. Содан жауап берген балаға кезек беріледі, ол сұрақ қояды,ал келесі бала жауап береді. (осылайша ауысып отырады).

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ