Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану мәселелері

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану мәселелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуға арналңан көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану мәселелері


Білім беру үрдісін ақпараттандыру-жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану арқылы,дамыта оқыту дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып,оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.Бүгінгі күннің талабына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда саласында жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса,оқушы үшін одан да маңызды.

Жаңа технологиялар оқушылардың білім сапасын арттыруға өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп мүмкіндік береді. Еліміздің болашағы қазақ тілінің дамуына,тағдырына тікелей байланысты.Осы тұрғыда жаңа технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында да кеңінен пайдаланамыз. Бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп,нәтижелер беруде. Әрбір сабақта оқытудың тиімді әдіс- тәсілдерін енгізіп жүрсек білім сапасына елеулі әсер етеді. Кез-келген сабақты қызықты өткізу үшін әрбір ұстаз жаңалыққа ұмтылып, ізденіс үстінде болғаны абзал. Әрбір сабаққа жаңалықтарды,озық тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді.Кез-келген сабағымызды тақырып бойынша жаңалықтармен таныстыру арқылы бастау дәстүрге айналды. Қызығушылықты арттыру арқылы сабақты бастау сол сабақтың аяғына дейін қызық өтуіне көмектеседі. Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа технологиялардың элементтерін қолдана отырып, деңгейлеп оқыту технологиясына ерекше көңіл бөлеміз. Өйткені бұл технология баланың жеке мүмкіндігіне бағытталған. Сабақ барысында қандай оқушы болмасын І деңгей тапсырмасын орындайды, әрбір оқушы І деңгей тапсырмасын орындауға міндетті және одан жоғары деңгейдің тапсырмасын орындауға құқылы. Деңгейлеп-саралап оқытудың тағы басты қажеттілігі оқушыны шығармашылық бейімділіктері мен өз бетімен ізденуге үйретіп, олардың икемділіктерін дамытады. Жеке тұлғаның қалыптасып, ой-өрісінің дамуы, белсенділігі, білім алу қажеттілігі, оны өмірде іс-тәжірибеде қолданып, шығармашылық міндеттерді ойдағыдай шешудің негізгі құралының бірі-оқушылардың өзіндік жұмысы болып табылады. Деңгейлеп-саралап оқытудың және бір бағыты-тәрбиелік. «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі тиіс. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы» деп Әбу Насыр әл-Фараби айтқан.

Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолданылып жүрген әдістердің бірі-«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы. Бұл технология 18 елдің тәжірибесіне енгізілген. Бұл технология оқушылардың сабаққа деген қызығушылын арттырады, ойлау белсенділігін, тапқырлығын, өзіне деген сенімділігін, іскерлік дағдысын қалыптастырады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады:

-Қызығушылықты ояту;

-Мағынаны тану;

-Ой толғаныс.

Бұл технологияда бұрынғы біліммен жаңа ұғым ұштастырылады. Соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылық қабілетін таныта алады. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру,қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту,терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастырады. Қорыта айтқанда,оқыту процесінің нәтижелі болуы, оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне,

оқушылардың өздігінен білім алуға, үйренуіне байланысты. Сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыларына,ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық. Сондықтан оқытушы үшін сабақтың жүргізілу жүйесін жетілдіріп, оқу-тәрбие жұмыстарын жүйелеп, сапасы мен тиімділігін арттырып,өзгерістер енгізуге барлық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.04.2024
275
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі