Материалдар / ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ҮРДІСІНІҢ ЖАҢҒЫРУЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ҮРДІСІНІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға, жаңартылған білім беру мазмұнында сабақ беретін мұғалімдерге оқыту үрдісінің тиімділігі мен жаңалығына ой қосатын тұжырымды мақала.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2019
409
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ҮРДІСІНІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

Кубаева Гулназ Жаксыгелдиевна

20 жалпы орта білім беретін мектеп, Орал қаласы

Сабақ беру – үйреншікті жай ғана нәрсе емес,

ол жаңадан жаңаны табатын өнер.

Ж.Аймауытов

Бүгінде Елбасымыз айқындап берген «Рухани жаңғыру» орынды берілген ұғым. Интернет иірімдерінен, қала берді батысқа еліктеп жаңашылдыққа ұмтыламыз деп, ақ пен қараны, жақсы мен жаманды айыра алмай қалмайық, рухты тіліміз бен дінімізді, тарихымызды, салтымыз бен адами құндылығымызды жоғалтпайық деген сөз деп түсінеміз. «Жаңғыру» деген сөз – адамның тұлға ретінде дамуы, қабілеттілігі, сананың ашықтығы жалпы алғанда еліміздің әлеуметтік ілгерілеуі. Туған жерден, отбасынан басталатын алғашқы қадам Туған елге ұласатыны сөзсіз. Елдің ұланын тәрбиелеу білім беру үрдісімен астасып жатыр. Жаңартылған білім беру жүйесінде оқытудың мақсаты – адами капиталды дамыту, экономиканың орнықты болуы үшін білім мен ғылымның бәсекеге қабілетті болуы. Оқытудың жаңашыл әдістерін қолдануда бір қуанып, бір мұңаятын жайымыз бар. Қуанатынымыз: «Кембридж» университетінің, басқа да шетелдік білім беру жүйесінің озық әдіс-тәсілдерін біртіндеп қолданып жатырмыз. Жаңадан жаңаны табу да – өнер. Алаш зиялылары Мағжанның, Жүсіпбектің, Ахметтің жазған педагогикалық қолжазбаларынан осы шетелдік әдіс-тәсілдердің жазылғанын байқадық. Мысалы:

Алаш зиялыларының еңбектерінен

Қазіргі қолданыста

1

«Тіл жұмсардың» І-бөлімде «әріптер мен әріп белгілерін, түрлі орында көбірек жұмсалатын сөз бөлшектері мен сөйлем бөлшектерін жаза білуің тәжірибе арқылы (яғни мәтіндермен, сұрау-жауаптармен, т.б.) жұмыс істетіп, үйрету  көзделген. Ал ІІ-бөлімде «І бөлімдегілердің көбі қайта келеді, бірақ олар пысықтау ретінде емес, ондағы білімдерді тереңдетіп, аудандарын кеңейтіп, білдіру ретінде келеді» А.Байтұрсынов, «Тіл жұмсар»

Спиральді білім беру қағидаттары: «жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге» принципі

2

Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі – оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімінің ұзақ жолын қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай өту үшін, керек білімін кешікпей кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру үшін керек. А.Байтұрсынов «Тіл жұмсар»

Мұғалімнің фасилитатор рөлінде болуы, оқушыны қабілетіне қарай оқыту

3

Жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру, тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару, баланың ішін пыстыратын мағлұматтардан сақтану, лайықты салыстыру, теңестіру, ұқсастыру, түрлі әдісті оңтаймен оқытуды жандандыруға тырысу, алғашқы кездегі оқыту, деректі, көрнекті болу, оған сай жобаларды қолдану. Ж.Аймауытов

ЖАДА

Сабақ мақсатын жеткізу

Ой қозғау, ширату

Блум таксономиясы

Бефель мұнарасы


4

Ұстаз балаға түрлі істерді салыстырып, сынатып үйретуге міндетті. Бала салыстырып, сынап үйренсе, алдағы өмірінде дұрыс пен терісті, ізгі мен жауызды, ақ пен қараны дұрыс жеңіл айыратын болады. М.Жұмабаев

Қалыптастырушы бағалау

5

Өзін-өзі бағалау – өзін бақылау деген сөз... Адамның өзін – өзі, яғни өз қатесін көре білуі оның жанының идеалға, қасиетті қияға ұмтылатынмінезі барлығын көрестеді. Адам өзін-өзі тексермесе, ілгері баса алмайды. М.Жұмабаев

Өзін-өзі бағалау

6

Жан көріністерін үйренудің екінші жолы – бақылау, яғни бір адамның өзінен басқа адамдардың жан көріністерін байқауы. Егер адам өзін бақылап, басқа адамдардың жан көріністерін бақыламаса, білімі толық болмас еді. М.Жұмабаев

Өзара бағалау

7

Бір данышпан «Сөзді адамның ақылына қарай сөйле» депті. Сол айтқандай балаға тәрбиені өзінің шамасына, жаратылысына қарай берілуі керек. М.Жұмабаев

Кері байланыс

8

Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, әдістемеден хабардар оқыта білетін мұғалім. Екнші – оқыту ісіне керек құралдар қолайлы һәм сыйлы болуы. Құралсыз іс істелмейді, һәм құралдар қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы. Үшінші – мектепке керегі белгіленген Программа. Әр іс көңілдегідей болып шығуы үшін оның үлгісі я мерзімді өшлеуі балаларға керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс - солпы я артық, я кем шықпақшы. А.Байтұрсынов, Мектеп керектері

Бірінші – мұғалімнің пән бойынша және әдістеме бойынша аттестатталуы, Екінші – АКТ, құрал-жабдықтардың қолданылуы, Үшінші – Жаңартылған бағдарлама, Төртінші – Білім беру стандарты

9

Өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы үйрететін нәрсесіне өзі де ынталы, өзі де жақсы көруі тиіс, оқытушы сүйген нәрсені оқушылар да сүйеді. Ж.Аймауытов

«Әр баланың ұстазы болу керек» Рита Пирсон

«Бала ұнамайтын мұғалімнен ештеңе үйренбейді» Салма Хан

10

Баланың өзін мақтама, ісін мақта. ... Ал енді жақсы оқуы, дұрыс құлқы үшін шәкірттерге сый беру, үлестіру тіпті дұрыс емес, мұндайда сый алған бала сый алу үшін ғана тырысады, сый алмаған бала өз-өзіне сенбейтін болады. М.Жұмабаев

«Мақтау қағазын бермесең жұмыс істемейтін ұрпақ өсірдік» Кен Робинсон



Сол кездегі зиялы қауымның қазақ білім беру жүйесін тезге салғандығы байқалып тұр. Жаңғыру деген осы емес пе? Бұл, әрине қуанатын жәйт. Өкініштісі, барды пайдалана алмай, еңбектердің жылдар бойы қолданыс таппауы.

Жүсіпбек Аймауытов балаға тілді үйрету үшін төмендегі шарттарды белгілейді: 1) Басқа пәндерден тіл оқуында айырым болмасын, қайта өзге пәндер тіл үйренуге көмек етсін; 2) Жан дүниесінде (психологияда) тіл үйрену басты жұмыс емес, жанама жұмыс болғандықтан, бала әуелі тәжірибеге таянып, нәрсемен танысып, кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын – тілге үйренсін; 3) Баланы тілдің әр түріне машықтандырғанда, белгілі жүйе қолданылсын. Жазу, оқу, тыңдау сөйлеуден соң келеді, соңғылары тәжірибеден соң келеді. Сондықтан әуелі баланың көрген білгені туралы әңгіме құрып, кейін оқуға,жазуға үйретілсін; 4) Бала әуелі өз бетімен сөйлеуге, жазуға төселіп, сонан кейін үлгілі сөздерге еліктеуге мүмкіндік берілсін; 5) Әңгіме үшін берілетін мағлұмат кітаптағы даяр заттар бола бермей, баланың тәжірибесінен, көрген-білгенінен алынсын. Кітаптан өмірге емес, өмірден кітапқа қарай жылжысын. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша осы қағидалар айқын көрінеді. Тілді оқытуда бұрын дағдылардың бәрін қосып алып, үлкен мақсат қойып, оған жеткізер жолымыз қысқа ғана болатын. Ал бүгін нақты мақсат беріліп, оған уақыт пен дағды анықталып, нәтижеге жету мүмкіндігі бар, кері байланыс беру арқылы олқылықтарды, кемшін тұстарымызды бақылай аламыз.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған, сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі. Осы тұста жоғарыда аталған Жүсіпбек Аймауытовтың тіл үйренудегі принцптері анық көрінеді. Сабақта алдымен мақсат таныстырылып, тұлғаны соған жетелеу барысында критерийлер беріп, дескриптормен жұмыстандыру, сабақ соңында мақсатқа қол жеткізгендіктеріне қайта шолу жасау арқылы өз нәтижесіне  саралау жасауға мүмкіндік беру бұл да жаңа білім беру мазмұнының  жаңашылдығы. Білім беруде «субъекті – субъектілік» қатынаста, яғни оқушы білімді іздеуші рөлінде болады. Тілдік және әдебиет тақырыптарында ғылым мен технологияның дамуы ескеріліп, танымдық мәтіндермен қамтылған. Сабақта коммуникативтік әдістер басшылыққа алынып, тыңдалым – айтылым, оқылым – жазылым мақсаттары екшеленіп қолданылады. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылып жүрген әдістерге көз жүгіртейік.

Рисунок 2 Тыңдалым тапсырмасы

1.Аудиоматериалды тыңдап, «Түртіп алу» әдісімен тірек сөздерді жазып алу.

(Тыңдалым топта тақыланып, мәтіннің не туралы екені айтылады.)

Дескриптор:

  • Мәтінді түсінеді және мазмұндап айта алады.

Саралау жұмысы:

Толық мәтін ұсынылады.

2. Аудиожазба тыңдалады. «Стоп - кадр» әдісі бойынша аудиожазба тоқтатылады. Мәтінді әр оқушы өз ойымен аяқтайды, оқиды.

Дескриптор:

Әңгіме мазмұны бойынша мәтінді аяқтай алады.

Айтылым тапсырмасы

1.«Айтарым бар.... » әдісі арқылы оқушылар өз пікірін білдіре отырып, дәлелдейді.

-Неліктен қазақ ұрпағына қап-қап алтын емес, қара шаңырақты мұра еткен?

-Отбасындағы құндылықтарға нені жатқызар едің?

Дескриптор:

1.Өз пікірін дәлелдеп айтады.

2.Тақырыпты өмірмен байланыстырады.

2. «4 сөйлем»әдісі

  1. Менің ойымша....

  2. Мен былай деп түсінемін...

  3. Мысал келтіріп дәлелдейді...

  4. Қорытынды....

Дескриптор:

  • Тыңдалым ақпараттар негізінде мәтінді өз сөздерімен айтып дәлелдейді немесе ой қорытады.

Оқылым тапсырмасы

1.«РАФТ» әдісі

(оқушылар «Әдептілікті сақтайық» тақырыбында мақала немесе үндеу жазады)

Роль –

Аудитория –

Форма –

Тақырып –

Дескриптор:

Сөйлемдерді мәнді, мазмұнды қолданады.

Тақырыпты аша біледі

Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады

2. «Балық қаңқасы» әдісі арқылы анықтаңыз.







Жетекші сұрақ:

  • Не себепті жол көлік оқиғасы болған?

  • Жол ережесін білу қаншалықты маңызды?

Дескриптор: Негізгі ойды анықтай алады.

Жетекші сұрақтарға жауап бере алады.

Жазылым тапсырмасы

1. «Хикаят картасы» әдісі (Бәйтерек туралы аңыз тақырыбы)

Сюжетті суреттер беріледі. Суреттерді ретімен орналастырып, картаға оқиға желісін әр оқушы жеке жазу. Жазған жұмыстарын жұпта, топта талқылып мәтін жазу. Кейін әр топ өзара алмасып, қосымша ұсыныс, пікірлерге қарап өңдеп, толық әңгімені жазу.

Оқу мақсаты және бағалау критерийлері хабарланады.

Дескриптор:

- Суреттерді оқиға желісімен орналастырады.

- Сурет бойынша оқиға желісін құрастырады.

- Өңдеп толық әңгіме жазады.

2. «Еркін жазба» әдісімен суреттері бойынша әңгіме құрастырады.

Дескриптор:

  • суреттерді ретімен орналастырады.

  • әңгімеге ат қояды.

  • реттілігі бойынша әңгіме құрастырады.

Жұппен талқылап, түзетеді.

Топпен талқылайды, оқуға ұсынады.

Қорыта айтқанда, рухани жаңғыруда білімнің салтанат құруын дамыту, баланың оқу  сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де кітаптан өмірге қарай емес. Өмірден кітапқа қарай жүріп, барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін жауапкершілікпен жұмыстанамыз. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады»,- делінген Елбасы мақаласында. Заман талабына сай болып жатқан өзгерістерден қауіптенбей,  мақсатқа сай, нәтиже ұмтыламыз.


Әдебиеттер тізімі:

  1. 1. Байтұрсынов А. Ақ жол. –Алматы: Жалын, 1991

  2. Балақаев.М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. Алматы, мектеп, 1989

  3. Қордабаев Т.Р. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Қарағанды университеті, 1992.

  4. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. Алматы, 2000.

  5. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар - Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

  6. https://massaget.kz







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!