Қазақ тілі мен әдебиетін
оқытудың өзекті мәселелері
Қазақстандық білім беру
жүйесіндегі өзекті мәселелер қатарында
шоқтығы биік болып әрқашан
мемлекеттік тілді меңгерту мәселесі
тұрады.
Оған мынадай бірнеше себеп
бар: біріншіден,еліміз тәуелсіздігін алды.
Қазақстанның тәуелсіздігі
деген сөз – ең әуелі қазақ ұлтының тәуелсіздігі,тілінің
тәуелсіздігі екені айғақ.Ел тағдыры-тіл тағдыры,барлық тағдырмен
үндес.Тіл қатып қалған құбылыс емес,ол жанды организм.Ол өмір бойы
дамып,жаңғырып,жаңалаумен болатын,оның грамматикалық құрылымы,сөз
байлығы,дыбыстық жүйесі,мағына-мазмұны,атқаратын
қызметі,емлесі,әдеби нормасы,стилі жетіліп,дамып отыратын өте
күрделі құбылыс.Қоғам болған жерде тіл бар: екіншіден,тіл – адам
қатынысының аса маңызды құралы.Тіл адамзат баласының рухани
күш-қуаты,елдігіміздің тілегі де тірегі,сол себепті де оны қазақ
халқы ғана емес, елімізді мекендеген өзге ұлт өкілдерінің де
құрметтер үйренуі мемлекеттік тұрғыда дұрыс жоға қойылуы тиіс:
үшіншіден, жас ұрпақты жаңа заманның талаптарына сай тәрбиелеу-ана
тілінің ғасырлар бойы жиналған байлығын игеруге,сол арқылы ұлттық
сезімдерін оятып,ұлт патриоттарын тәрбиелеу,жаһандау кезеңінде
Қазақстанның мемлекет ретінде сақталып қалуының бір негізі тілді
сақтау екенін үйрету қажеттігі басым міндетке айналып
отыр.
Міне, осы аталған себептердің
салдары өз нәтижесін беру үшін қазақ тілі мен әдебиет пәнін тиімді
жолмен оқыту керек.
Жаңа 12-жылдық білімге көшудің
білім мазмұны еліміздің әлеуметтік-экономикалық,рухани-мәдени
жағдайын нығайтуға,ұлттық құндылықтарымызды бағалай білуге,
мемлекеттік тіліміздің қолданылу аясын кеңейтуге қабілетті азамат
тәрбиелеуге құрылуы тиіс.Білім жүйесінің бұл жаңа моделінің басты
ұстанымы – оқыту үрдісін ұлттық құндылықтарға негіздей отырып,
оқушыларға көп деңгейлі білім беруді
ұйымдастыру.
Тіл үйрену сол тілдің сөздік
құрамындағы барлық лексиканы түгелдей білумен өлшенбейді, бір оқу
жылында тілдің сөздік қордан сөйлеу үшін қажетті лексикалық
минимумды сұрыптап таңдап ала білуі керек,
Лексикалық материалдарды оқыту
барысында қойылатын талаптар:
1. Сөздік минимумды іріктеп
алып, лексикалық қорды үнемі жетілдіріп
отыру.
2. Лексикалық единицалармен
нақтылы тілдік қарым-қатынасты жүзеге
асыру.
3. Сөздердің бір-бірімен
байланысу амалы мен лексикалық единицаларды іс жүзінде қолдана білу
заңдылығын үздіксіз үйретіп отыру.
4.Лексикалық единицаны
тіркестін, контекстің, текстің құрамында жұмсауға көңіл
бөлу.
5. Ойды тиянақты, аяқталған
сөйлемдер арқылы жеткізуге үйрету.Сөйлемдегі сөздердің орын
тәртібіне мән беру.
6. Ауызша және жазбаша
жаттығуларды түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, орындату және
оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.
7. Лексикалық материалға
қатысты бақылау өлшемдерін жиі-жиі өткізу.
Лексикалық материалға оқыту
тек лексикалық единицаларды жақсы білуімен шектелмейді.Басқа ұлт
өкілдерін қазақ тілінде сөйлеуге үйрету үщін сөздік қордың
жиынтығын ғана емес, ондағы сөздердің қолданылу ерекшелігі мен
ережесін де қатар үйрету қажет. Мұның өзі сөздердің тілдік
қарым-қатынаста қолдану үшін грамматикалық ережелермен бірге
лексикалық ережелердің де айрықша маңызды орын алатындығын
аңғартады.
Сөз тіркесін айту, ойды сөйлем
арқылы жеткізу тек грамматикалық заңдылықтар ғана қатысты емес,
лексикалық заңдылықтармен тікілей байланыста.Сондықтан тіл үйрену
үшін оларды лексикалық ереже, грамматикалық заңдылық деп бөліп
қарамай, біртұтас пайдаланып, бірге оқытқанда тиісті нәтижеге
жетуге болады деп ойлаймын.
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуда
көркем шығармалардың табиғатын таныту,оның мазмұндық – құрылымдық
сипаттарын ажырата білу және әдебиеттің сөз өнері ретіндегі
құдіретін дәйектеу алу дағдыларын меңгерту – қазіргі бағдарламада
қарастырылады.
Әдебиетті оқып үйрену арқылы
оқушылар әлеуметтік өмірге бейімделіп, қоршаған орта, замана
келбетін түсінуге қажетті білім-білік дағдыларымен
қаруланады.
«Қазақ әдебиеті» пәнін тиімді
оқыту жолдары мынадай бағыттарға негізделсе, оқушының іскерлік
қатынасы артады және білім сапасының халықаралық деңгейлерге
көтерілуін реттейтін болады.
-
Қазақ әдебиетінің классикалық
көркем туындыларын өз халқының төл мәдениеті ретінде меңгерге
алу;
-
2Алған білімдерін әлеуметтік
мәні бар мәселелер мен әр түрлі жағдаяттарда пайдалана
алу;
-
Көркем әдебиетті оқудың
негізгі түрлерін ажырата алу;
-
Көркем шығарманың негізгі
мазмұнын, тақырыптық мәнін рухани қажеттілік пен төзімділік сияқты
нысандарда отырып, көркем мәдени құндылықтар жөнінде пікір алмаса
алу;
-
Көркем шығарма кейіпкері жайлы
бір мақсатты көздей отырып қойылған сұраққа жауап беруде өзіндік
көзқарасы білдіре алу;
-
Көркем шығарма кейіпкерлерінің
әрқайсының жекелік және жалпылық сипаттарын анықтай отырып, бас
кейіпкер бейнесін аша білу және оқиға мен кейіпкерлер арасындағы
байланысты қоршаған орта, әлеуметтік жағдаяттарда тани
білу.
Қорыта айтқанда, оқушының
алған білімі мен дағдылары тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да
бір теориялық әрі практикалық жаңалықтарды шешуде қолдана алу
қабілеттілігі болып табылады.