Материалдар / Қазақ тілі мен әдебиетінен сыныптан тыс іс-шара "Тіл жүйріктері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі мен әдебиетінен сыныптан тыс іс-шара "Тіл жүйріктері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс-шара жоспары қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында өткізілген. Сайыс 5 кезеңнен тұрады. Әр түрлі сыныптарда өткізуге болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2018
11148
94 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сыныптан тыс іс-шара

«Тіл жүйріктері»

Мақсаты:

Оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой — өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, қазақ тілінен білімдерін тексеру, сынау; тілдерін дамыту;   қазақ тілін үйренуге баулу, қызықтыру.


Көрнекілігі: презентация, ұлағатты сөздер жазылған парақшалар ілу, нақыл сөздер, ақындардың портреттері.


І.Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушыларды топқа бөлу

2. Сайыстың мақсатымен таныстыру

3. Бағалау парақтарын үлестіру

4. Топтардың аттарымен, ұранымен таныстыру.


Мұғалім: Ана тіліміз өзінің даму кезеңдерінде жұтылып, жойылып кетпей, халық даналығы арқасында ХХІ ғасырға қадам басты.Қазақ тілі – ата-баба тілі, елдігіміздің белгісі. Міне, шынында да қазақ деген халық – қайсар халық емес пе?

Мұғалім: Иә,дұрыс айтасың. Қазақ тілі өте бай әрі көркем тілдердің бірі. ҚР-ның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.

Ана тілім –өмірдегі тірегім,

«тілім» дейді жұдырықтай жүрегім.

Болса екен арыстандай айбарлы

Бойымдағы күш – қайратым, білегім!


Қош келдіңіздер, құрметті оқушылар мен ұстаздар! Қазір сіздердің алдарыңызға «Тіл жүйріктері» атты интеллектуалдық сайыстың қатысушыларын шақырамыз.


І топтың аты – «Қыран», ұраны «Қыран құстай самғаймыз, қанатымыз талмасын»

ІІ топтың аты -«Жігер», ұраны «Біз балдырған баламыз, жігерлі боламыз» қатысушылар өздерін таныстырады


Мұғалім: Бүгінгі сайысымыз 5 асудан тұрады

І-кезең «Бәйге»

ІІ-кезең «Дұрыс па? Бұрыс па?»

ІІІ –кезең «Алты жұмбақ»

ІҮ-кезең «Ғажайып алаң»

Ү –кезең «Тапқырлық»


Олай болса ойында барлықтарыңызға сәттілік тілей отырып, І-кезең Бәйгені бастаймыз. Бастамас бұрын ойынның шартын мұқият тыңдаңыздар. Бұл кезеңде қазақ тілі пәніне қатысты 20 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қойылады.

І кезең. Бәйге.Оқушылар қойылған сұрақтарға 1 минут ішінде жауап беру керек.

«Қыран» тобына сұрақтар:

1.«Орфография»сөзі қай тілден енген?(грек)

2.Қазақ тілінде тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге жатады? (табу)

3.Сөз мағынасын не зерттейді?(лексика)

4.Дыбыстарды зерттейтін ғылым? (Фонетика)

5. Сөздің бөлшектеуге келмейтін бастапқы мағынасы (түбір)

6. Жалғаудың түрлерін ата (4)

7.Неше септік жалғауы бар

8. Қыздың жиған жүгіндей –тұрақты тіркесінің мағынасы қандай?

9.Сын есімнің мағыналық түрлері.

10.Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?

11.Үндестік заңы нешеге бөлінеді?

12. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? 42

13. «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» мақалдың тақырыбы не туралы? Білім

14. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?

15. Әліпби сөзі қай тілден енген? Араб

16. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?жуан, жіңішке

17.Қатаң дауыссыздарды ата

18. Есімдіктің түрлерін ата.

19. Көсемше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

20. Етістің қанша түрі бар?


«Жігер» тобына сұрақтар:

  1. Екпін түрі нешеу (4)

  2. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалар қой,паз, хана, мен, бен, пен, ов, ев

  3. Қосымшаны тіл білімінің қай саласына жатқызамыз? (морфология)

  4. «лексика» сөзі қай тілден енген? (латын)

  5. Тыныс белгіні не зерттейді? (пунктуация)

  6. Пәлеқор сөзі буын үндестігіне бағына ма? Жоқ

  7. Қөзқарас қандай сөз? Біріккен

  8. Дыбыс үндестігінің түрлерін ата. Ілгерінді, кейінді

  9. Орфоэпия нені зерттейді? Дұрыс айтылуын

  10. Ат ізін салмау. Мағынасы қандай

  11. Қазақ әліпбиінде қанша дауыссыз? 25

  12. Қазақтың батыр қыздары? Әлия мен Мәншүк

  13. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» мақалдың тақырыбын анықта.( достық)

  14. Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай қалай бөлінеді? Еріндік, езулік

  15. Езулік дауыстыларды ата

  16. Қосымша нешеу (2)

  17. Сөз таптарын ата (9)

  18. Сын есімнің шырайлары нешеу? 2 салыстырмалы, күшейтпелі

  19. Зат есімнің мағыналық түрлерін ата. Деректі, дерексіз,жалқы, жалпы

  20. Еліктеу сөз нешеге бөлінеді? 2 еліктеуіш, бейнелеуіш


ІІ. Кезең «Тапқырлық» деп аталады.

Берілген сөздің ішіндегі әріптерден жаңа сөздер құрастырыңдар

«ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР»


Келесі кезең «Қазақтың ақын-жазушылары»

Тапсырма: Суретте көрсетілген ақын-жазушылардың есімдерін атаңдар


ІҮ. «Ақын-жазушылардың шығармашылығы»

Берілген ақын-жазушыларды олардың шығармаларымен/еңбектерімен сәйкестендіріңдер


Ахмет Байтұрсынұлы

«Қамар сұлу»

Ыбырай Алтынсарин

«Абай жолы»

Шоқан Уәлиханов

«Қалың мал»

Шәкәрім Құдайбердіұлы

«Қыс»

Сұлтанмахмұт Торайғыров

«Оян, қазақ»

Сәкен Сейфуллин

«Дала»

Спандияр Көбеев

«Әке мен бала»

Міржақып Дулатұлы

«Қырғыздар туралы жазбалар»

Мұхтар Әуезов

«Қалқаман-Мамыр»

Абай Құнанбайұлы

«Қырық мысал»


Ахмет Байтұрсынұлы

«Қырық мысал»

Ыбырай Алтынсарин

«Әке мен бала»

Шоқан Уәлиханов

«Қырғыздар туралы жазбалар»

Шәкәрім Құдайбердіұлы

«Қалқаман-Мамыр»

Сұлтанмахмұт Торайғыров

«Қамар сұлу»

Сәкен Сейфуллин

«Дала»

Спандияр Көбеев

«Қалаң мал»

Міржақып Дулатұлы

«Оян, қазақ»

Мұхтар Әуезов

«Абай жолы»

Абай Құнанбайұлы

«Қыс»


Ү. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»

Әр топтан бір оқушы жатқа өлең оқиды.


ҮІ кезең «Түрлі –түсті кітаптар» 

(оқушылар кезектеп кітап таңдайды, кітаптың ішінде берілген тапсырманы топтасып орындайды)

«Оқушы» сөзін көпше түрде жіктеңдер

«Өнер» сөзіне фонетикалық талдау жаса

«Оқушылар» сөзінде неше буын бар? Қандай?

«Мектеп» сөзін септеңдер


Мұғалім: Осымен біздің сайысымыз аяқталды. Әр топ бір-бірінің жинаған ұпайларын айтып, жеңімпаз топты атаймыз.

Тіл – қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.

Туған тілім тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемі Ә.Тәжібаев айтқандай тілімізді сақтап, дәріптеп, мақтан тұтып жүрейік.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!