Қазақ тілі-менің тілім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі-менің тілім

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғаліміне тәрбие сағатын өткізуде әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қазақ тілі-менің тілім


Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде

таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп тапсырманы дұрыс орындауға баулу.

2.Ой -өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

3.Оқушыларды Отанды сүюге, қазақ елінің тілін, рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу


Көрнекілігі: Қазақстанның Әнұраны, Көкбайрағы, Елтаңбасы, мақал – мәтелдер, Қазақстан мемлекетінің тіл туралы заңы.


Сабақтың барысы;

Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.

-Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болады. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біз өзіміздің Әнұранымызбен, Туымызбен, Елтаңбамызбен, теңгемізбен басқа елдерге мақтаныш етеміз.

Қазақстан –Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі

Әнұранымен айбатты.

DrawObject1 Көгілдір түс нені білдіреді?


DrawObject2

Сары алтын түс ненің

бDrawObject3 елгісі? Ненің суреті бар?

DrawObject4 Қандай?


DrawObject5


Қалықтаған қыран кұс нені білдіреді?





DrawObject6 Реңдік бейнесі қандай?



НDrawObject7 енің қанаттары Шаңырақты айнала

DrawObject9 DrawObject8 көмкеріп тұр? нелер шаншылған?


DrawObject10


Не бейнеленген?

ТІЛ ҚҰПИЯСЫ

Туған тілді төмендетпейік, тілім тірі тұрса, түндігіміз түрулі, туымыз тік, табиғатым таза, туар таңым да тамаша!

І.Бөлім.Таныстыру

(топтың аты және ұраны)


ІІ.Бөлім.“Атаның сөзі – ақылдың көзі”

(мақал-мәтелдер жарысы)

1.Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.

2.Кітап-ғылым — тілсіз мұғалім.

3.Кылышынан кан тамған батырды,
Тілінен бал тамған акын алады.

4.Өнер алды – кызыл тіл.

5.Тіл тас жарады,
Тас жармаса,
Бас жарады.

6.Баска пәле тілден

7.Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.

8.Ең тәтті де – тіл,
Ең а
щы да – тіл,
Ең жұмса
қ та – тіл,
Ең
қатты да – тіл.


ІІІ.Бөлім. «Тілім барда білмеймін мен қайғыны»

(өлеңді мәнерлеп оқу, әр топтан 2 оқушы)


ІҮ.Бөлім. «Зерделі болсаң, биік шыңға жетесің» (сұрақ-жауап)

1. Мемлекеттік тіл қай тіл?

2.Тіл туралы заң қай жылы күшіне енді?

3. «Өнер алды-қызыл тіл» деген мақал ма, әлде мәтел ме?

4. Тіл тазалығы дегеніміз не?

5.Дүниеде не ащы?

6. Дүниеде не тәтті?

7. «Халықтың тіліне қиянат жасау- оның жүрегін жаралау» ақыл сөздің авторы кім?

8. Қазақ әліпбиін құрастырған қазақ зиялысы кім?

9. Өзің білетін тіл туралы бір нақыл сөз айт?

10. Халықаралық қатынас тілі қай тіл?


Ү.Бөлім. Жұмбақтар шешу

1.Ол жағы мәрмәр,

Бұл жағы мәрмәр.

Ортасында

Сандуғаш сарнар.


2.Қатар-қатар тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым.


3.Отыз екісі диірмен тартып,

Бір қапқа салады.


4.Екі әскер соғысып жатыр,

Ортасында бір елші.


5.Ақ тоғайдың ішінде

Кісінейді күрең тай.


Ақын-жазушылардың тіл туралы пікірлері

  • Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса,

бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.

М.Әуезов

  • Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.

Ғ.Мүсірепов

  • Бұл дәуірде, өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес.

М.Әуезов

  • Тілдің тірікшіліктегі мәніне қазақ ежелден көңіл бөлген. Сондықтан да “өнер алды- қызыл тіл” дейді.

С.Мұқанов

  • Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, сол – халықтың мәңгілігінің мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана оны аяққа басады.

Ғ.Мүсірепов

  • Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл

ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

Б.Момышұлы

  • Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

Н.Назарбаев


Сөзді тауып, мақалдарды оқы.


1 .Отан да ыстық



2 .Ел іші – алтын


3.Туған жердің де ыстық, де ыстық.



4.Отан басталады.





5. – өскен жерінде,


Адамның жаны – туған елінде



6.Отансыз адам – ормансыз




7 .Бақа көлінде – патша,

суында – патша,

елінде – патша.



8.Туған жерге тік.




Қорытынды.

Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.12.2018
1256
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі