Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақ тілі пәнін оқытуда белсенді әдістерді тиімді қолдану
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Баяндама
Қазақ тілі пәнін оқытуда белсенді әдістерді тиімді қолдану
«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде пайдалануы керек.» А. Байтұрсынұлы
XXI ғасыр технологияның дамыған, өркениеттің қарыштап дамыған заманы. Өмірдің айдынында еркін жүзер, толқынның жетегінде кетпей, ағысқа қарсы тұратын, бойында талғамға сай талпынысы бар, талантты шәкірттердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін біріншіден үлгі болар, заманауи үйретуші ұстаз болуы шарт. Сол ұстаздардың бойындағы шәкіртке білім нәрін сыйлар дайындығы талапқа сай болуы бүгінгі күннің талабы. «Қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің жаңашылдығы білім мазмұнының жаңартылуы оқушы мен ұстаздың арасындағы байланыс көпірі бұл жаңа технологиялардың элементтерін жүйелі қолданып, жұмыстың сапасын арттыру үшін, үздік әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалану. Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады. Әдіс деген сөз гректің "metodos" деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік "әдіс" — мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет"- деген анықтама береді. Сөзден іске көшіп, алған білімді іс-жүзінде көрсететін болсақ, бұл жетістік. Оқушы санасына қозғаушы ой сала отырып, белгілі бір жүйеде жұмыс істесек, әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, оқушының белсенділігін арттырып, пәнге деген қызығушылығын оятуға болады. Әдіс дегеніміз – мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті. Ал, технология дегеніміз – көптеген әдістердің жиынтығы. Алға қойған мақсатқа жету үшін қай ідісті қашан қай кезде, қалай қолдануды білуді алдын ала сабақты жоспарлауда ойластырған дұрыс.
2-слайд
Қазақ тілі сабақтарында тақырыпты иегерту үшін біріншіден мұғалім ескеретін жайт ол оқу мақсаттарына сай игерту жолына негізделгені дұрыс.. Мысалы: 9 сыныптың қазақ тілі пәнінен берілген тақырып үй тапсырмасын сұрап өткен тақырыпты бекіту. Ол үшін мен «Тарсия» әдісі бойынша Салалас құрмалас сөйлемдерді белгілі бір геометриялық фиугра негізінде құрау үшін қағаз қиындыларын құрастырып, дұрыс құрастырылған жағдайда салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін белгілі бір жүйеде орналастырып, орындап шығады.
3-слайд «Гендік инженерия әдістері» осы тақырыпты оқытуда көзделген оқу мақсаттары 9.1.3.1 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу;
4-слайд 9.4.4.2 Сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану.
5-слайд Бағалау критерийі:
- Берілген тақырыпқа байланысты жаңа ақпараттармен танысады;
-Сабақ барысында өз пікірлерімен қоса жаңа деректерді де дәлел
ретінде қолдана алады;
-Қолданылған деректердің өңдей алады.
6- слайд Жұмыс алгоритмі:
1.Жаңа ақпаратпен танысады.
2.Гендік инженерия саласының артықшылықтарын көрсетеді.
3.Қазіргі кездегі біздің елімізде бұл мәселенің алатын орнын нақты дәлелдемелерге сүйене отырып баяндайды.
4.Бейне материалды пайдалана отырып, сұрақ-жауап арқылы алған білімдерін пысықтайды.
Осы мәселеге қатысты маңызды деректерді кестеге түсіреді.
7-слайд
Жұмыс алгоритмі жасалды енді жаңа сабақты меңгерту жолында, сабақ мақсатына сәйкес бейне материалды тыңдап, көру үшін ұсынамыз. Оқушыларға бейне баянды қарап, тыңдау кезінде назарын аударып, мұқият тыңдап отыруларын, алдағы тапсырма осы бейне баянды талқылау туралы болатын ескерткен жөн.
-
Ал, енді тапсырма орындауға көшелік:
-
8-слайд Тапсырма
-
АВС- әдісі бойынша берілген бейне жазбамен танысып, тақырыпты меңгеру
-
А –Сұрақ қояды (тілші)
-
В – жауап береді (қонақ)
-
С – хатшы (сөз соңында сұхбатты толықтырады)
-
Бұл әдісті қолдану барысында микрафон қолданып шынай рөлге кіріп, талқылауды басты назарда ұстау. (Сөз саптау, ойын дұрыс жеткізе білуі, өзін көпшілік алдында еркін ұстауға дағдыландыру, сөйлемдерді дұрыс жүйелі құрап, салалас құрмалас сөйлемдерге негізделуі қажет)
Бұл әдісті қолдану кезінде оқушының сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын бақылау арқылы өзіндік ой- пікірін анықтаймыз. Әдісті жүзеге асыру барысында оқушылардың ситуациялық сұрақтарға ұтымды жауап беру қабілетін бағамдап, сабақтағы нақты ақпараттарды қаншалықты меңгеріп, есте сақтағандарын көре аламыз. Бұл әдісте айтылым, жазылым, тыңдалым дағдылары қатар жүреді.
Қазақ тілі сабақтарына қойылатын талаптардан сабаққа дайындық кезінде және сабақ жүргізу барысында мұғалім атқаруы тиіс негізгі әрекеттер туындайды.
1. Қазақ тілі сабақтарына дайындық жұмыстарын жүргізу
1. Негізгі, базалық лексика-грамматикалық деректерді нақтылап алу;
2. Бұрын өткен сабақтардан тағы қайталауға тиісті материалдарды (негізінен грамматикалық) анықтап алу;
3. Сабақтарда сезімдеріне үйлесімді әсер ететін көрнекілік тәсілі қолданылады және бейнелі көрнекіліктерді, жағдаяттық жаттығуларды, әсіресе, рөлдік ойындарды орындау кезінде оқушылардың тәжірибесі мен қиялы көз алдына елестетумен байланысты дамытылады. Ж.Аймауытов атқандай : «Көзге көрсетілмей ұғындырылғанның бәрі мағынасыз бос дүние» «Көрнекі оқыту» деп осыны айтады. оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіңдік береді.
Соған байланысты жаңа сабақты меңгерту үшін көрнекілік құралдар (слайдтар, суреттер, карточкалар, сызбалар, модельдер т.б.осылардың алар орны ерекше.
10- слайд Эвристикалық оқыту «Болжау әдісі» (эвристикалық):бұл әдіс гректің «эвристика» сөзінен шыққан, іздеймін, табамын, ашамын деген мағына береді.
Эвристика (гр. heurіsko – іздестіремін, ашамын) – жаңалықтарды ашу мен оқытуда қолданылатын шығармашылық қызметті, тәсілдерді зерттейтін ғылым. Эвристиканың міндеті – қайсыбір жаңа түйіндерді шешу үдерісінің жаңа үлгілерін жасау.
Эврика - «Мен таптым!» деген қуаныш сезімін білдіретін одағай. Бұл сөзді алғаш рет гидростатикалық заңды ашқанда Архимед айтқан. Қиын шешімдердің кілтін тапқанда айтылады.
Эвристикалық білім берудің өзіндік ерекшеліктері бар. Дәстүрлі оқыту әдісінде дайын материалды сіңіру басты мақсат болса, эвристикалық оқыту әдісінде оқытылатын материал- оқушының білім алу мазмұнының өзіндік шығармашылық туындысы болып табылады. Бұл жағдайда оқушының жеке өзіндік нәтижесі пайда болады, оған: оқушының өзіндік идеясы, мәселесі, болжамы, схемалары, мәтіндері жатуы мүмкін. Әр жағдайда алынған білім нәтижесі болжап біле алмайтын нәтиже болуы мүмкін.
Бұл тұрғыдан алғанда эвристикалық білім беру жаңартылған мазмұндағы білім берумен ұштасып жатыр.
Андре́й Ви́кторович Хуторско́й:
«Эвристикалық тапсырма-оқушының шығармашылық қабілеті мен іс-әрекет түрлерін пайдалана отырып жеке білім нәтижесін көрсетуге бағытталған тапсырма» деп анықтама береді.
Эвристикалық тапсырмалардың басты белгілерін А.В.Хуторской
былай айқындайды:
· Тапсырманың ашықтығы – тапсырманың алдын ала нақты бір дұрыс жауабының болмауы (Сондықтан да мұндай тапсырмаларды «ашық тапсырмалар» деп те атайды).
· Тапсырманың әсерлілігі- оқушының қызығушылығын оята білуі.
· Тапсырманың шығармашылдығы – оқушының шығармашылық мүмкіндігіне сүйену, шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз етуі;
· Білім беруде маңыздылығы –оқушының пән бойынша білім алуын қамтамасыз етуі.
· Тапсырманың тәжірибелік маңыздылығы – тапсырма мазмұнының оқушы үшін өзекті, қажетті болуы.
Эвристикалық тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп тереңдетумен қатар, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.
Эвристикалық тапсырмаларды оқушылардың дарындылығын, шығармашылығын, жемісті білім берудің түрі ретінде кез келген мұғалім қолдана алады.
Эвристикалық тапсырманың құрылымы:
· Оқу курсы бойынша білім беру стандарттарынан негізгі білімділік нысандар (НБН) анықталады;
· Эвристикалық тапсырманы орындау барысында алынатын білімділік өнімі анықталады (сурет, сызба, әңгіме, қойылым т.б.);
· Эвристикалық әдіс белгіленеді (әдіс айқын және жасырын болуы мүмкін);
· Тапсырмаға атау беріледі ( атау қызықты, селт еткізерлік болу керек);
· Тапсырма мәтіні (мәтін оқушыға қызықты, қажетті, түсінікті болу керек);
· Критерийлер
10-слайд
Қазақ тілінен эвристикалық тапсырма
Білімділік нысаны: Гендік инженерия (жаңа тақырыбымыз)
Іс-әрекет түрі: коммуникативтік (жұптық жұмыс)
Білімділік өнім: диалог
Тапсырманы орындау әдісі: ойлап шығару (креативтік әдіс)
Тапсырма атауы: Өзеріске ұшыраған тағамдар зиян ба? Пайдалы ма?
Тапсырма мәтіні: Гендік инженерия саласында ғалымдар көптеген жаңалықтарды өмірге әкелді. Сол ғылыми тәжірбиенің арқасында өнімнің сақталу мерзімі мен тауардың бірінші қалпы сақталады. Сонда оыс жағашылдық адам өміріне зиян тұстарында көрсетіп кетті, бірақ пайдалы тұсыда бар екеніне көзіміз жетіп отыр. Сондықтан ақ қарасын анықтап, ой таразысына салып көрелік қаншалықты зиян? Қаншалықты пайдасы барын.
Пайдасы мен зияны тақырыбындағы пікірталасын көз алдыңа елестет. Өз рөліңді таңда, пікірталасты жалғастыр.
Әдістемелік (іс-әрекетті ұйымдастыру) тапсырмалар
·Мұндай тапсырмалар оқушыны оқу қызметін ұйымдастыруға, өз іс-әрекетін жоспарлауға, іс-әрекетінің кезеңдері мен тәсілдерін түзете білуге;
· оқу мақсаттарын қоя білуге, мақсаттарына жету жоспарын құруға, орындауға, нәтижеге қол жеткізуге;
Рефлексиялық ойлау тәсілдерін меңгеруге, іс-әрекетінің мәнін анықтауға, өзін бағалай алуға үйретеді.
Білім беру ісінде оқушыға өз білгеніңді айтып шектемей, біле түсуге бағыт беру, әр мұғалімнің басты міндеті болып, күнделікті іс-әректіне айналуы тиіс. Әр оқушының бойындағы қабілетін анықтап, тиісті деңгейде бағыт беріп, талабына қарқын, жігеріне серпін беріп, дұрыс жол сілтей білген ұстаз ғана оқушының жүрегіне жол таба алары анық. Жеткіншек бойына тек үйреншікті қағиданы сіңірмей, жаңашыл көз-қараспен тұлға ретінде қарап, ақылшы ғана емес адал досындай қарап, жанына жақын тартып, адами құндылықтарға негіздеп білім мен қатар тәрбиенің тал бесігінде тербете білсе нұр үстіне нұр болар еді. Жақсы ұстаз оқушының тірегі, қоғамның жүрегі болу үшін, үнемі іздену жолында болғанда ғана жағашылдықтың көшіне ілесіп, дамудың жолында болады. Осы ретте К.Д.Ушинскийдің мына бір сөзі еріксіз ойға оралады «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.»
Сөзімді қорытындылай келе: Қазіргі мектептер қажеттілікті қанағаттандырып ғана қоймай, ізденушілік пен талпыныстың ордасына айналса, ертеңгі ел тұтқасын ұстар жастарымыз баянды болашақтың белді мүшесі болары сөзсіз. Білім беру барысында балаға балық беріп дайынға дағдыландырмай, қармақ беріп қалай аулаудың жолын сілтегеніміз дұрыс болар. Іргесі мықты елдің жас ұрпағын тәрбиелеу жолында ұстаз тек баяндаушы ғана емес, түйінді сөзбен түсіндіруші, іс-жүзінде көрсетіп дәлелдеуші, шабыт берер шебер болғанда шәкірттері өзінен озар ұлы тұлға боларына нық сенімдемін.
«Қостанай облысы білім басқармасының Б.Майлин ауданы білім беру
бөлімінің Набережный
ЖББМ» КММ
Баяндама
Қазақ тілі пәнін оқытуда белсенді әдістерді тиімді қолдану.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Педагог-зерттеуші
еңбек өтілі:20 жыл
Елизаветинка селосы, 2023 ж.