Қазақ тілі пәнінен 10-сыныпқа арналған №1БЖБ "Алаштың бас шығармасы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі пәнінен 10-сыныпқа арналған №1БЖБ "Алаштың бас шығармасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен 10-сыныпқа арналған 1-бөлім "Тіл және Алаш идеясы, сөз мәдениеті Кітаби тіл. Сөйлеу тілі" бойынша №1БЖБ "Алаштың бас шығармасы"
Материалдың қысқаша нұсқасы



1 Бөлім бойынша жиынтық бағалау


Сынып


Пән


Оқушының аты-жөні*


Күні*

Орындауға арналған уақыт

45 минут


Бөлім тақырыбы: Тіл және Алаш идеясы, сөз мәдениеті Кітаби тіл. Сөйлеу тілі



Тақырып

Алаштың бас шығармасы


Оқу мақсаты

10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;

10.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау



Рымғали Нұрғали. Алаштың бас шығармасы


Алаш қайраткерлері ішінде коммунистік террордан тірі қалған жалғыз қазақ Мұхтар Әуезов еді. Ол ұлы толқынның рухани аманатын көркем әдебиетте толық қалдырған бірден-бір қаламгер. Бұл идея ең алдымен оның басты шығармасы «Абай жолы» романында жүзеге асты.

Қазақ әдебиетінің тарихындағы дала тағдырын мұхит тектес тереңдікпен толғаған “Абай жолы” роман-эпопеясының авторы Мұхтар Әуезовтің көпке дейін, дәлірек айтқанда, қырықтың үстіне шыққанша, ұлы ақынның өмірі, туған-өскен ортасы туралы шығарма жазу жоспары болмағанын ескерткені бар. Абай өлеңдерін бастыру, ғұмырбаянын жасау, зерттеу еңбектер жариялауды романға барар жол деп санамаған екен. Сондықтан үлкен шығарма идеясы әбден піскен кезде, қажетті уақытты өткізіп алғанына бармақты шайнаған. Дегенмен, ескі жұртта әлі де көп естелік бар-ды. Абай заманының сан-салалы сырларын, дәуірдің қат-қабат тартыстарын, дәлді оқиғалар, аңыз-әңгімелерді даланың жезтаңдай, ескі көз, құйма құлақ адамдары кейде саф таза күйінде, кейде мың құбылтып жеткізген болатын. Абайдың мінезіне қанықтырған қасындағы жары - Әйгерім, ұлы – Тұрағұл, інісі – Шәкәрім, шәкірттері – Көкбай; Қатпа, Баймағамбеттер. Көп нәрсенің түбіне, түкпірлі табанына үңілу керек болған.



р/с

Ұғымдар

Мағынасы

1

қайраткер


2

рухани аманат


3

қаламгер


5

шәкірт


6

ғұмырбаян


7

естелік


8

жұрт



2-тапсырма. Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясын қай кезден бастап жазды?

_____________________________________________________________________________

3-тапсырма. Романды жазуға не түрткі болды?

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________


4-тапсырма.


Романдағы негізгі оқиға, бас майдан өтетін орта – тобықты рулары мекендеген Шыңғыстау аймағы. Көршілес елдер Қаракесек, Уақ, Керей, Матай авторлық баяндау барысында, кейбір тартыс, дау-дамай кезінде ғана айтылып отырады.


Жазушы негізінен өмірдің табиғи ағымын, уақыттың ілгері жылжу құбылысын көрсетеді. Абайдың он үш жасынан бастап дүние салғанына дейінгі қырық алты жылда оны қоршаған ортада өткен басты оқиғалар тізбекті сабақтастықта, бірінен-бірі туып, өрістеп, тарамданып, асқынып, шорт сынып, тағы бастау алып, шығындап, қатарласа дамып, лаулап барып өшіп, қайта жанып, құбылып, өзгеріп, осы арнада ондаған, жүздеген, мыңдаған адамдар тағдыры шешіліп жатады: жас шынар гүл шашады, кәрі бәйтерек құлайды.


Автор ауыспалы мағынада қолданған сөздер мен тіркестерді анықтап, теріп жаз.

_____________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


5-тапсырма.

Табиғатынан ерекше сезімтал, рухы таза, бала күнінен халық әдебиетінен сусындап, жадында тұтып, шығыс поэзиясынан ғашық жырларын оқып, тәрбие алған жас бозбаланың сұлулыққа, пәктікке, әсемдікке құлауы – Тоғжанмен тұңғыш танысуымен дөп келеді. Бұл бір ақынға, асқақ тұлғаға жарасып келіскен романтикалық, ғажайып махаббат. Екі жағы да өртеніп, жанып, лаулап тұр. Сол күйлерді жазушы бірде Абай, бірде Тоғжан толғау, монологтары, тебіренісі, лебіздері арқылы жас ғұмырдың салтанат жыры етіп төгілтеді. Астарлар, тоғысулар, ұласулар Ләйлі-Мәжнүн, Қозы-Баян, Татьяна-Онегин болып жалғасады.


Өмірдің небір тамаша нұрлы жақтары - әже мен ананың перзентке деген шексіз махаббаты (Зере, Ұлжан – Абай), аға мен іні арасындағы қаяусыз адалдық (Абай-Оспан) , өле-өлгенше сызат түспеген тамаша достық (Абай-Ербол), мәңгілік махаббат (Абай-Тоғжан), азамат басын сыйлап жасалған қарымтасыз жақсылық (Абай-Салтанат), ерегеспен кек алу (Тәкежан малын қуып әкету, Оразбай аулын шабу), жігіттіктің ләззаты түндері (Абай-Қуандық), серілік рахаты (салбурын аңшылық), ақындық шабыттың тәтті сәттері (өлең туған мезгілдер), биік әнмен қауышқан бақыт (Біржанның келуі, Әйгерімнің Татьяна әнін салуы), туған жердің ыстық құшағы (жайлау суреттері) секілді сан-алуан кез-кезеңдер романда айрықша бейнелі, кең тынысты, өрнекті, ырғақты бай тілмен, дәстүрлі прозаның реалистік әдістерімен, зор шабытпен суреттеледі.


Мәтіндегі ең маңызды 3 ақпаратты анықта.

    1. ________________________________________________________________________

    2. _______________________________________________________________________

    3. _______________________________________________________________________


6-тапсырма. Автор бұл мақаланы жазудағы мақсаты не деп ойлайсың? Ойыңды 2-3 сөйлеммен дәлелде.

_____________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________






Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;





Мазмұн бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.

1

Ұғымдарға дұрыс түсініктеме береді, синонимін ұсына алады.

1

1

1

1

1

1

1

1

2

Мәтіндегі ақпаратты дұрыс анықтайды.

1

3

Мәтіндегі астарлы мағынаны дұрыс түсінеді.

2


4

Ауыспалы мағынада қолданылған сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс анықтайды.

3


5

Мәндегі 3 негізгі ақпаратты анықтай алады.

3


6

Автордың мақсатын дұрыс анықтайды.

3

Барлығы

20


















1 Бөлім бойынша жиынтық бағалау


Сынып


Пән


Оқушының аты-жөні*


Күні*

Орындауға арналған уақыт

45 минут


Бөлім тақырыбы: Тіл және Алаш идеясы, сөз мәдениеті Кітаби тіл. Сөйлеу тілі


1-тапсырма. Берілген үзіндіні түсініп оқып, қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір.


    1. ғасыр басында Алаш қайраткерлері көтерген тіл мәселелесі бүгінгі XXI ғасырдың да ең өзекжарды мәселесі болып отыр. Мұзафар Әлімбаев: «Туған жерді сүю – парыз, сүю үшін білу парыз» – десе, ана тілімізді бәріміз де сүюге, қастерлеуге тиіспіз. «Тіл адамның даңқын асырады. Адам ол арқылы бақыт табады» деп Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» еңбегінде жазғандай, тіл саясатын көтерген XX ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі – автономиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі – Мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне деген үлкен жауапкершілік еді. Алаш арыстарының бірі – Ахмет Байтұрсынұлы «Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді,» – десе, Күнбатыс Алаш Ордасының идеологы саналған Ғ.Қараш: «Тіл болмаса, ұлт та болмайды, яғни ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады. Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді», – деген. Батыс Алаш Орда үкіметі жетекшілерінің бірі Х.Досмұхамедұлы тіл туралы: «Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздерін ғылым жолына салып реттесе, ешбір жұрттың тілінен кем болмайды», – деген пікірді айтқан.



р/с

Ұғымдар

Мағынасы

1

қайраткер


2

парыз


3

даңқ


5

қоғам


6

жұрт




  1. Мәтіндегі ең маңызды 3 мәселені анықтаңыз.

    1. _______________________________________________________________________

    2. _______________________________________________________________________

    3. _______________________________________________________________________


  1. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________






Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл


тапсырма

Білім алушы


Мәтінде көтерілген

1


2


Мәтіндегі негізгі ұғымдарға түсінік береді.


мәтіннен 3 маңызды мәселені анықтайды;

5

2

мәселеге сүйеніп негізгі



2

ойын анықтайды,



2

ғаламдық мәселелермен




байланыстырады






3





негізгі ойды анықтайды;

3

Барлығы






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.11.2023
706
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі