Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Қазақ тілі пәнінен 5,6-сыныптарға дидактикалық көмекші құрал" атты авторлық бағдарлама
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Алғы сөз
Қазіргі жаңа өрлеу, даму кезеңінде мектеп қабырғасындағы оқушыларды заман талабына сай тәрбиелеу және оларға жаңаша көзқарас қалыптастырып, білім сапасын техника жетістіктерімен сабақтаса отырып жаңарту-ХХІ ғасыр талабы болып отыр. Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды даму кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы, жеке тұлғаның дамып қалыптасуында олардың білімге деген қызығушылығын арттыру мақсатында осы дидактикалық материал құрастырылды.
Бұл дидактикалық құрал жалпы білім беретін мектептің 5 - 6- сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқулығына қосымша құрал ретінде құрастырылған. Берілген тапсырмалар көркем әдебиеттен, мерзімді баспасөз материалдарынан іріктеліп алынды.
Дидактикалық материалдың мақсаты-оқушыларды белсенді ой еңбегіне жетелеу, өздігінен білім алуына, еңбектенуіне, шығармашылығын, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуына жағдай жасау.
Осындай мақсатпен жасалған дидактикалық материалда 5- 6- сыныптағы фонетика, лексика, морфология бөлімдері бойынша тапсырмалар берілді. Оқушылардың тіл байлығын дамытудың маңызын ескере отырып, шығармашылық тапсырмалар, өзіндік ізденіс жұмысына баулитын тапсырмалар, логикалық тапсырмалар берілді. Сондай-ақ 5-6- сыныптардағы алған тілдік білімдері мен білік дағдыларын одан әрі жетілдіретін мүмкіндіктерді пайдалану қарастырылды.
1-тапсырма
а) Мына сөздердің тура мағынасын табыңдар
1. Өткір ой, өткір мінез, өткір ... .
2. Алыс арман, алыс туыс,алыс ... .
3. Қатты айту, қатты шу, қатты ... .
4. Балықтың көзі, иненің көзі, ... .
5. Қалың ел, қалың ағаш, қалың ... .
ә) Сөздерді ауыспалы мағынада қолданып, тіркес жасаңдар
Терең, ыстық, жуас, ашық, ауыр, жуан, жүрек, құлақ, таяз.
2-тапсырма
Мәтіннен тура мағынада айтылған сөздерді теріп жазыңдар
Қараадыр сыртында елсізде екі үлкен ащы көл бар. Соның аралығындағы қалың шидің ішінде ескі ін болатын. Көксерек пен ақ қасқыр сонда. Жақын жерде – қамыс, одан әрі – көл қауіпсіз. Адам көзінен алыс, жай бастап келген - ақ қасқыр.
М. Әуезов.
3-тапсырма
Омонимдерді бір бөлек, көп мағыналы сөздерді бір бөлек теріп жазыңдар
Ауыр жүк, ауыр сөз, ауыр мінез.
Қара шаш, балапанға жем шаш.
Кеш батты, суды кеш.
Таяз су, таяз көл, таяз мінез.
Домбыра шерту, сыр шерту.
Майлы төстік, майлы дастархан.
4-тапсырма
Берілген мақалдардың сыңарын табыңдар.
Көп біріксе – ел болар,
Көп тілегі ... .
Ел жаусыз болмас,
Жер ... .
Елінен безген оңбайды,
Көлінен безген ... .
Отансыз адам,
Армансыз ... .
Ат басына күн туса,
................................. .
Ер басына күн туса,
.................................. .
5-тапсырма
Логикалық тапсырмалар.
Қажетті буынды қойыңдар.
ып ет
рт ім
6-тапсырма
Асты сызылған сөздерді синонимдермен ауыстырыңдар.
Айтуған жанына шипа таба алмай, бармаған жері жоқ. биік
Асқар жалақысын уақытында алады. қорықты
Сәуленің ажары жақсы. еңбекақы
Ерланның зәресі ұшты. ем
Астанада зәулім үйлер көп. келбетті
7-тапсырма
Берілген жұмбақтың шешуін тауып, синонимдік қатарын табыңдар.
«Ақ көйлек» деген сөзге лексикалық сатылай кешенді талдау жаса.
Ақ көйлекті, көк желеп,
Орманда орны бір бөлек.
Әннің аты деседі,
Сызды жерде өседі.
(..........)
8-тапсырма
-
Мақал-мәтелдердегі айтылмай тұрған сөзді тауып, ол қай сөзбен антонимдік мағына құрайды?
Алыстағыны ақын болжар,
......... ...........пақыр болжар.
Қыс арбаңды сайла,
.......... шашаңды сайла.
Ақылдының алдымен жүр,
..................... артымен жүр.
Дос жылата айтар,
....... күлдіре айтар.
Арлы арына қараса,
........... жеңдім дейді.
Жамандықты көп қусаң,
Құтылмас пәле жолығар.
.................. көп қусаң,
Бақ-дәулетің молығар.
2.Логикалық тапсырма.
Соңғы ортақ буынды табыңдар.
м қ т
с т с
т б б
ш к
9-тапсырма
-
Сөздердің антонимдік қатарын толықтырыңдар.
Аласа –
Ұзын –
Суық –
Ақ –
Жақын –
Су жүрек –
Ыстық –
Жақсы –
Терең –
-
Логикалық тапсырма.
Бастапқы ортақ буынды табыңдар.
дес ба қау
гіш дыру лау
бе ыну тақ
де ығу паң
10-тапсырма
Берілген үзіндіні мәнерлеп оқып, түсінгендеріңді әңгімелеп беріңдер.
Шөптегі шық.
Жаздың жылтыр таңында тоғайға барсаң, шөп арасында сансыз меруерт көресің. Сол меруерттер күннің көзіне жылт-жылт етіп, біресе қызыл, біресе сары, біресе көк болып құлпырады. Құлпырып тұрған немене деп жақындап қарасаң, үшкіл жапырақтар үстінде жылтылдап тұрған шық тамшылары боп шығады.
Сол жапырақтардың астары бейне бір түкті барқыт. Бетінде тамшылар домаласа да, жапыраққа су жұқпайды. Жапырақты аңғырттана жұлып алсаң, жылтылдақ тамшылар моншақтай домалап, сабағының құлап түсіп кеткенін көрмей қаласың.
Сондай бір топ жапырақты ақырын үзіп алып, аузыңа ептеп апарып, шықтарын сорып қойсаң, қай сусыннан болса да тәтті болушы еді!
Ж.Аймауытов.
11-тапсырма.
1.Мына мақал-мәтелдерден антонимдерді табыңдар.
Көз-қорқақ, қол батыр.
Өтірік -қаңбақ, шын-салмақ.
Қорлық өмірден ерлік өлім артық.
Көп ақымақтың ағасы болғанша,
Бір ақылдының інісі бол.
Ащы мен тұщыны татқан білер,
Алыс пен жақынды жортқан білер.
Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,
Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.
2.Логикалық тапсырма.
Бастапқы ортақ буынды табыңдар.
лас дос төре
кес тас тай
шар жан жан
лау лан лан
12-тапсырма.
1.Көнерген сөздерді (архаизм, историзм) жазып, сөйлем құраңдар.
Уез, аэрофлот, барымта, ханзада, адрес, батырақ, рынок, керуен, жүз басы, таможня, би, болыс, станция.
13-тапсырма.
Берілген архаизм сөздерді неологизмге айналдырып жазыңдар.
Самалет...
Реклама...
Пенсия...
Парк...
Комплекс...
Документ...
Аэрофлот...
14-тапсырма.
1.Диалект сөздердің әдеби баламасын тауып жазыңдар.
Сым, азанда, бәдірен, оттық, көпшік, жуа, сорайған бишкі, дәліз.
2.Логикалық тапсырма.
Қажетті буынды жазыңдар.
м ан бар өр
бұр тар көр
тұлым ой тер
15-тапсырма.
Тіл туралы берілген қанатты сөздерді оқып, «Тіл құдіреті», «Ана тілі-ардағым» деген тақырыптардың біріне шағын шығарма жазыңдар. Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде.
Әрбір тіл өзінің халқы үшін – ұлы.
Ж. Аймауытов
Тіл тазалығы үшін күрес, әрқашан толастамақ емес.
Б. Момышұлы
Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз.
Ж. Баласағұн
Бар жақсылықтың басы – тіл.
М. Қашқари
16-тапсырма
-
Мәтінді көшіріп жазыңдар.
-
Қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндіріңдер
Қанатты сөз
Адам неғұрлым талантты болса, оның айтқан сөзі де көбіне қанатты болады.Ондай сөздер шартарапқа, ауыздан – ауызға тарап, халықтың рухани игілігіне айналады. Ақыл қайда болса, ұлылық толады. Білім кімде, сол білікті болады.
«Қазақ мақал-мәтелдері» жинағынан
17-тапсырма
Логикалық тапсырма.
Артық сөзді алып тастап, анаграмманы шешіңдер.
сниетн |
елкніи |
кохйек |
имгнсткаиа |
? |
? |
? |
? |
18-тапсырма.
-
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар.
Мақал-мәтелдер
........... өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы
Жаманға ........... батады,
Жақсыға ............ батады.
Жақсы жолдас .......... шығарады,
Жаман жолдас .......... батырады.
............ белгісі – қолынан тартады,
Жаманның белгісі - ............ басады.
Бала – көктеп шыққан ........... ,
Солдырмайтын жолын іздеп таба біл.
Керекті сөздер: қызыл гүл, етегінен, шөп, жарыққа, қолыңнан, әдепсіз.
«Қазақ мақал-мәтел» жинағынан
-
Өлеңді нақышына келтіріп оқып, өз сөздерімен айтып беріңдер.
Анама
Өмірімнің қап-қараңғы түнінде,
Еш не білмес түсім бе я өңім бе
Оң менен сол, от пенен су айырмас,
Күшсіз, әлсіз, есім білмес күнімде,-
Құшағыңа алдың, сүйдің сен, анам,
Ренжу жоқ, барлық сөзің: «Жан балам!»
Ыстық суық, желге-күнге тигізбей
Асырап, сақтап, болдың, анам, баспанам.
Түнде тұрып, түн ұйқыңды төрт бөлдің,
Тыныш ұйықтасын деп, аз сөйлеп, аз күлдің.
Ыңырансам, я қарным аш, я тоңған,
Екенімді, ойламастан, тез білдің.
М. Жұмабаев.
19-тапсырма
-
Мына сөйлемдерден тұрақты сөз тіркестерін тауып, астын сызып,
мағынасын түсіндіріңдер.
Оның мына сөзі төбемнен жай түскендей етті, жаңағы өсіп тұрған көңілім су сепкендей басылды. Жүрегім алып ұшып, ас батпады. Атайдың мына сөзі менің шымбайыма батты. Жоғарғы адырлар жаққа көз тігеміз. Енді көпке дейін көз ілінбей қойды. Кер бие қазір де арықтағы суға бас қойды. Бауыржан жан-жағына көз салды. Аралдың көңілі өсіп келеді. Терезеден сыртқа көз тастайды.
(Ә. Қалдыбаев)
2. Буын түріне ажыратыңдар
Мал жұтайды, өнер жұтамайды.
(А. Құнанбаев)
Ел жетіліп көркеймек,
Өнер қанат жайған соң.
(С. Торайғыров)
3. Логикалық тапсырма
Жақша сыртындағы сөздердің мағынасына сәйкес сөзді табыңдар
Кісінің есімі мен матаға байланысты сөз.
Есім (жібек, атлас, мақпал, жанат) мата.
20-тапсырма
-
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріп жазыңдар.
Көктем. Жер көктеп, ........ бүршік атып, орман-тоғай жасыл жапырақтармен жайнай бастады. Жылы жақтан ......... қайтып, әсем әндерімен сағыныш сайрайды, толқынды көздерді тербетеді. Мал балалап, ...... маңырап, шаруаның біреуі екеу боп ізі-шу. Тау төсінен құлай аққан бұраңбел бұлақтардың сұлу күлкісі сыңғырлап, жүрегіңді қытықтайды. Тауда ..... бұлбұл сайрайды. Құмырсқалар да қыбырлап ...... жем тасып жүр.
Д. Әбілев
Керекті сөздер: ұяларына, бұлбұл, ағаштар, құстар, бұраңбел, төл.
-
«Көктем» тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.
-
Логикалық тапсырма.
Бастапқы ортақ сөзді табыңдар.
у ла
бе сын
ді ат
ім ар
гіш лы
21-тапсырма
Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар
Қалың шөптің арасында жантайып жатыр едім, білегімнің астында жыбырлаған ақ құртқа көзім түсті, сілкіп жерге түсірдім. Жерге түсіп әлгі құрт бүрісіп біраз жатты да, жыбырлап басын көтерді. Керіліп бойын жазды, құйрығын жиып, жиырылып кеудесін ілгері итерді. Жатық жерде жорғалап, шөп-шаламға өрмелеп, азаптанып бара жатты. Жыбырлаған байғұстың сорына құмырсқа – кез болар ма? Ортан белден бір тістеп, құйрық басын қайқайтып алып кетті.
Ж. Аймауытов.
22-тапсырма
-
Жұмбақты шешіңдер
Дүниеде бір дария беті қатқан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қараса сол құдыққа көз жетпейді,
Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан.
-
«Құдыққа» сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар.
-
«Менің сүйікті кітабым» шағын шығарма жазыңдар.
23-тапсырма
-
Жақша сыртында тұрған сөзге мағынасы сәйкес сөзді қойыңдар.
Амандасу (........ , ........ , .........) қол алысу
Әлек (........ , ......... , .......... ) машақат
Дамылсыз ( ........ , ........ , .........) толассыз.
-
Логикалық тапсырма.
Бастапқы ортақ сөзді табыңдар.
төбе жапырақ белгі
үккіш табан айыл
түбек ошаған қалта
24-тапсырма.
1.Сөздерді оқып, құрамын ажыратыңдар да, ауызша талдаңдар.
Ағайыншылық, айлық, жұртшылық, әсерлі, сабырлы,
көргендері, шабындықтар, балалардың. оқығандар, кәсіпкер, әжесінің.
2.Артық сөзді алып тастап, анаграмманы шешіңдер.
уоаж |
еске |
ректе |
кәшйме |
? |
? |
? |
? |
25-тапсырма.
1.Сөздерді түбірі мен қосымшаларын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.
Рақымшылық, малшы, сула, төбешік, кетір, қайратты, аспазшы, көрнекті, атқыш, бағалы, балалық, даналық, батырлық, өнімді.
2.Төмендегі сөздерге қосымшалар жалғап, сөйлем құрап жазыңдар.
Көл, әке, биік, біл, жер, өр, жас, адам, ән, дос, тау.
26-тапсырма
-
Берілген біріккен сөздердің қандай түбірлерден біріккенін көрсетіңдер.
Біріккен сөздердің мағыналарын айтыңдар.
Орамжапырақ. Танакөз. Амангелді. Нұрбол. Қызылтау. Қарақұрт. Тасбақа. Талдықорған, Есенжол. Жансерік, Алабота. Көкшетау, Әулиетау. Айнабұлақ.
-
Қос сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
Көре-көре, көзбе-көз, өз-өзінен, бала-шаға, қысы-жазы, тап-таза, тез-тез, мая-мая, үлкен-кіші.
27-тапсырма.
1.Төмендегі қысқарған сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрап жазыңдар.
ҚазҰМУ, ТУ-154, кг, медколледж, ҰБТ, см.
2.Өлеңді мәнерлеп оқып, құрамындағы күрделі сөздерді түріне қарай ажыратыңдар.
Баянауыл
Қарай-қарай қырдың көзі тоймаған,
Қия шыңда оралды бір ой маған.
Қазақ атам осы тауға Баян деп
Қыздың атын, сірә, тегін қоймаған!
Жердің сұлу, әдемісі, көркемі-
Жәннәтіңді осыннан-ақ көр келіп.
Ойнақылық сезем қандай көгінен,
Бұлағынан сезем сондай еркелік.
Қ.Мырзалиев.
28-тапсырма.
1.Сөйлемдерді оқып шығып, құрамындағы атауыш сөздер мен көмекші сөздерді ажыратыңдар.
Күн еңкейіп иыққа асылды. Керілген сар жайлау қоңыр тартып, күмістей жарқыраған шалқар көл күңгірт тарта бастады. Самал желдің үні шығып, жаңбыр иісі келе бастады. Жайлаудың қалың қауы жайқалып, ұйытқи жөнелді.
Ғ.Мүсірепов.
2. Логикалық тапсырма.
Қажетті буынды қойыңдар.
Бүр Ой От
К өр Той Жат
Жүр Бай Бақ
Ер Сай Тақ
29 – тапсырма.
1.Мәтіндегі деректі, дерексіз зат есімдерді анықтап, дәптерлеріңе көшіріп жазыңдар.
Аспанмен тілдескен ақбас шоқылар есімде. Күн шығып келе жатса керек. Ал шоқылар алаулап, көз қарыға алмастай жарқырап ала жөнелді. Күнде бұл уақытта киіз үйде пырылдап ұйықтап жататын бала, әлдеқалай оянып кетсем керек.
Б.Момышұлы.
2. «Туған жер» тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.
30-тапсырма.
1.Мәтіннен сын есімдерді тауып, өзінің тіркескен сөзімен бірге теріп жазыңдар.
Момынқұл көкем атам мен әжемнің ең кенже баласы екен. Ұзын бойлы, сұлу, сымбатты, дөңгелек қара көзді, кертпе мұрындау, астыңғы ерні дүрдіктеу, аққұба жігіт болатын.
Б.Момышұлы.
2.Жұмбақтың шешуін тауып, сын есімнің мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңдар.
Сауытын шештім сақтанған,
Көрінбеді ақ тоннан.
Ақ тонын да шешіп ем,
Сары тон шықты ішінен,
Сары тонын шешіп ем,
Түк таппадым ішінен.
(...........)
31-тапсырма.
1.Берілген сан есімдерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.
Бес-алты, он шақты, жүздеген, он бестерде, жетеу, сегізінші, тоқсан, отызға жақын.
2.Құрамында сан есімдері бар бес мақал ойлап жазыңдар.
3.Логикалық тапсырма.
Қажетті буынды қойыңдар.
Ө с Айт Су
Көп Жат Сұй
Жек Бақ Тұй
32-тапсырма.
1.Мына есімдіктерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
Мен, ол, мынау,ешқашан,бірдеме, өзім, тегіс, бәрі.
2.Өлең жолын мәнерлеп оқып, құрамындағы есімдіктерге морфологиялық сатылай кешенді талдау жасаңдар.
Мен енді жауынгер,
Қатерге буған бел.
Батысқа жол тарттым,
Сен үшін туған ел.
С.Мәуленов
33-тапсырма.
1.Мақал-мәтелдерді көшіріп жазыңдар. Өздік есімдігін тауып, олардың қандай тұлғада тұрғанын анықтаңдар.
1.Өзі тоймағаннан сарқыт дәметпе.
2.Өзі тойса да, көзі тоймайды.
3.Өз ақылын шамалаған қор болмас.
4.Өзің көтермейтін сөзді басқаға айтпа.
5.Өзінің кетпендей мінін көрмей,
Біреудің инедей мінін көреді.
2.«Мен тәуелсіз елдің ұланымын» деген тақырыпқа өз ойларыңды жазыңдар.
3. Логикалық тапсырма.
Бастапқы ортақ сөзді табыңдар.
ар ім
қан гіш
қыз гір
34-тапсырма.
1.Мәтінді оқып, ат қойыңдар. Дара, күрделі етістіктерді ажыратыңдар.
Қап-қараңғы. Көзге түртсе білмейсің. Тек аспанда жұлдыздар моншақтай жылтырайды. Құздың етегінде бұлақ сылдырайды. Бұлаққа қиялап түсетін тар соқпақпен келе жатырмын. Екі жағым құз. Үстіме төніп тұр. Бұл бір қорқынышты жер еді. Қорыққаннан денем түршігіп кетті. Төменде судың толқыны тасқа соғылып, шулап жатыр.
Ж.Аймауытов.
2.Болымды етістіктен болымсыз етістік жасаңдар.
Көр. Айт. Түс. Ойна. Бар. Жық. Бер. Кір. Шақыр. Шық. Кет. Тапсыр. Қаш. Көшір. Әпер. Отыр. Жап. Тарт.
3.Логикалық тапсырма.
Соңғы ортақ буынды табыңдар.
Ж Т Т
С Б Ж
К Л С
35-тапсырма.
1.Берілген өзгелік етістерді қолданып, сөз тіркесі мен сөйлем құраңдар.
Отырғыз. Жүргіз. Шақырт. Жазғыз. Көргіз. Жуындыр. Сөйлет. Тіктір. Салдыр,Өткіз.
2.Мәтінді көшіріп, есімшелерді табыңдар. Олардың түбірі мен қосымшасын ажыратып айтыңдар.
Қазақтар әдетте шөпті шөмелеп үймей, маялап жимай, баулап болып, үй төбесіне жинастыратын. Шөптің көлемін баумен өлшейтін. «Мына үймеде мың бау шөп бар» деп есептеуші еді. Малға берілетін азықтың мөлшері де баумен өлшенетін. Көктем шығып, көкке аузы тигенше, малға қанша шөп кететінін де баумен есептейді.
Б.Момышұлы.
3.Құрамында есімшелері бар бес мақал-мәтел ойлап жазыңдар.
36-тапсырма.
1.Берілген тұйық етістіктерді қатыстырып, әрқайсысына екі сөйлем құраңдар.
Ойлау. Күресу. Ойнау. Бұзу. Ұялу. Үгу. Егу.
2.Қарамен жазылған сөздердің тұлғаларын ажыратып, морфологиялық тадау жасаңдар.
Қар кетті. Жаздың бұлты шоқтарылып, жаңбырдың иісі аңқи бастады. Жұрт қырға шықты. Үш қанат қара лашықты ауыл шетіне біз де қалқайтып қойдық. Шешем өлгесін қара лашықтың да сәні кетіп қалды. Сәнін іздегеніміз бекер екен. Берірек келгесін қара лашықтың кең сарайдан да артық еске түскен күндері болды-ау!
Ғ.Мүсірепов.
3.Артық сөзді алып тастап, анаграмманы шешіңдер.
лұмғамі |
аишман |
тапра |
ыуқош |
? |
? |
? |
? |
37-тапсырма.
1.Берілген мезгіл үстеулерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
Былтыр. Таңертең. Кешке. Қыстай. Ертеден. Әлгінде.
2.Жаз бойы жалғыз тіршілік етті. Ащыкөлдің солтүстік жағын жайлаған бес-алты ауыл Көксеректен тағы да көресінін көрді. Күндіз келіп, көл жағасындағы қамыста жатады.
Түн баласында бір ауылдың шуын бір ауылдікіне қосып, бықпырт тигендей қылады. Жаздай жеген қозы, бұзауының саны елу-алпысқа жетті.
М.Әуезов.
3. Логикалық тапсырма.
Бастапқы ортақ буынды табыңдар.
дес бол лау
ім дос дақ
бе лан гүл
38-тапсырма.
1.Берілген жұмбақтарды шешіп, еліктеуіш сөздерді табыңдар.
Балпаң-балпаң басады,
Қыр жотадан асады.
Паналайды үңгірді,
Іздемейді тасаны
(.......)
2.Берілген екі сөзден шылау жаса.
Ін+үш айда+ал
Ай+қар мен+деген
Есе+бір есе+әсір
Сын+тұр
3.Артық сөзді алып тастап анаграмманы шешіңдер.
дашынқар |
дерәпте |
инашам |
ламқа |
? |
? |
? |
? |
39-тапсырма.
1.Мына одағайларды қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.
Алақай. Пай-пай. Құрау-құрау. Әттең. Бәрекелді.
2.Берілген мәтіннен шылауларды мағынасына қарай топтап, түрлеріне ажыратыңдар.
Дәуренбек солдат етігімен сарт-сұрт басып, екі-үш қадам алға шықты да, бас бармағы мен жарты шынашағы бар сол қолыменқармалап, төс қалтасынан бір бүктелген қағазды алды. Бес асусағы да бүтін оң қолмен қағаздың бүктемесін жазып, ернін жыбырлатып, ішінен оқып аз бөгелді. Содан соң шолақ қолының кеміс шынашағымен балаларды санап шықты. Қағазына тағы бір қарады да, балалардың орнын алмастырып, қайта тұрғызды. Тамағын кенепекі-ш мәрте жөткірініп алып, қағазды мұқият бүктеді де, қайтадан қалтасына салды.
М.Мағауин.
3.Артық сөзді алып тастап, анаграмманы шешіңдер.
Рыстана |
Ақтат |
Қысқар |
Үлкіт |
? |
? |
? |
? |
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.6-сыныпқа арналған қазақ тілін оқыту әдістемесі.Алматы «Атамұра» 2011ж
2.5-6- сыныптардың «Қазақ тілі» оқулықтары.
3.5-6- сыныптардың бағдарламалары.
4. «Жаман тымақ». Ж.Аймауытовтың әңгімелері. Алматы «Балауса» 1992 ж
5. «Қазақ мақал-мәтелдері» Алматы «Ана тілі» баспасы, 2004 ж
6.Жұмбақтар.-Алматы: «Өнер» баспасы, 2002 ж
7. Сөз маржаны. Алматы «Рауан» 1995 ж
Мазмұны
Алғы сөз...................................................................................... 3
Лексикалық тапсырмалар.......................................................... 4 - 9
Фонетикалық тапсырмалар........................................................10-11
Морфологиялық тапсырмалар...................................................12-17
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................18
30