Материалдар / Қазақ тілі пәнінен 8–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмасының дайын үлгісі. 1 – нұсқа
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақ тілі пәнінен 8–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмасының дайын үлгісі. 1 – нұсқа

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен 8–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары. 1 – нұсқа
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2024
120
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі пәнінен 8–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары. 1 – нұсқа


1.Оқылым.(1 балл)

- оқылым стратегияларын қолдану:комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, комментарий жасаңыз.

2-тапсырма. Мәтінді іріктеп оқып,талдау жасаңыз.


Құндылық – бұл қандай да бір нәрсенің мәнділігі, маңыздылығы, қалаулылығы, пайдалылығы және қымбаттығы.

Дүние құндылыққа толы – материалды, табиғи, көркем және адами құндылықтар. Бір нәрсені екіншісінен артық көру жалпы тірі табиғатқа тән. Осы орайда, құндылықтың адамға тән екендігін баса айту қажет, өйткені барлық жаратылыстың ішінде адам ғана табиғи және мәдени туындыларды, идеялар мен амал-әрекеттерді, жалпы басқа адам мен қоғамды, сондай-ақ өзін-өзі бағалауға қабілетті. Адам құндылықтарға мүдделі әрі мұқтаж болып табылады. Олар құндылықтар, дін, тіл, әдет-ғұрыптар және қоғамдық институттар сияқты ұғымдарды пайдалана отырып, өздерін анықтайды.

Құндылық ұмтылыстар мен мақсаттардың, абсолюттік мағынасында болмыстың мәні болып табылады. Ал жоғары рухани құндылықтар: махаббат, жақсылық, өмір мәні, ақиқат, еркіндік, сұлулық, адамның өзіндік құндылығы, лайықты өмір сүру, жалпы адамгершілік және т.б. Ұлттық  құндылықтар: ұлттың тілі, ділі, діні, салт-дәстүрі, әдеп-ғұрпы, тарихы, мәдениеті, өнері, әдебиеті, музыкасы, ата мұрасы және т.б. Осы құндылықтардың мәні не, маңызы қандай, мақсаты неде дегенге келетін болсақ, құндылықтардың әрқайсысы адам баласының өмірлік ұстанымына тікелей әсер-ықпал етіп, жеке тұлғаның бағыттылығын, оның сенімдерін, дүниеге көзқарасын, идеалдарын, ұмтылыстарын, өмір  сүру түрін еркін таңдай алуын өз бетінше іске асырып, жеке тұлғаның әлеуетін барынша ашуға мүмкіндік береді.

Еліміздің білім беру жүйесінде жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде руханилық пен адамгершілікке бағдарлап білім-тәрбие беру ісі өткір мәселе саналады. Осы тұрғыдан алып қарағанда ұлттық құндылықтарды  дәріптеуді, оны білім мазмұнына енгізу арқылы ұлттық тәрбие беруді, оны үздіксіз білім берудің көзіне айналдыруды, оның тереңдігі мен рухани шындығын балалық кезден бастап сіңіруді мұрат ету маңызды. Бұл орайда, ұлттық тәрбие беру желісі нені тұтқа етеді деген мәселеге келсек, мұндағы басты құрал оқу материалдары, яғни тақырыбы мен мазмұны жағынан жастардың рухын тербететін, жанын елжірететін, масаттандыратын, табындыратын, әсемдік сезімін, ар-намыс сезімін оятатын, білуге құмарлыққа, ақкөңілділікке, ерлікті көксеуге, күш-қайратты шыңдауға ұмтылдыратын өз бойынан ата-бабасының қаны мен рухын сезінетін, даналарының өнеге-үлгісін ұстанатын, елінің тағдырына, тарихына жаны тебіренетін т.б. болуы шарт. Жас ұрпақты өмірге дайындауда жаңа сапалық белгілер қалыптасып, дербестікті дамыту, кәсіптік бағдар, білім алу және өздігінен білім алу, қабілеттерді анықтау және дамыту сияқты мәселелерге ерекше маңыз бере бастады. Мектептің, отбасының және жұртшылықтың тәрбиелік қызметінің біртұтастығы мектептің мақсатты түрде жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесі. Ал, бұл нәтиже қазіргі заманғы білім беру ұйымдарына қойылатын басты талаптарда көрсетілген. Белгілі педагог В.А. Сухомлинскийдің еңбектерінде «мектептік-отбасылық тәрбие» ұғымы кең қолданылады. Оның пікірінше тәрбиені мектептік немесе отбасылық деп қарастыруға болмайды, өйткені бала тұлғасы біртұтас және оны қалыптастыру үдерісі де біртұтас сипат алады.


Комментарий

Талдау












2 Жазылым. (3 балл) -эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)


«Адами құндылықтар алға жетелейді» тақырыбында дәлелдер келтіре отырып,ойыңызды жүйелеп эссе жазыңыз. Сөз саны 130-140.


3.Әдеби тіл нормалары. (1 балл)- Мәтіннен тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін талдап мысалдар келтіріңіз.


Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Оқылым

оқылым стратегияларын қолданады:

комментарий жасайды, іріктеп оқиды, талдап оқиды.

1

-Комментарий жасайды. (0,5 балл);

-Талдау жасайды. (0,5 балл).

1

Жазылым


-эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазады, орфографиялық және пунктуациялық норманы сақтайды.

2

-эссенің құрылымын сақтап жазады (1 балл);

-мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырады. (1 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық норманы сақтайды. (1 балл).


3


Әдеби тілдің нормалары

-мәтіннен тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолданады.


3

-тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерін анықтайды. (0,25 балл);

- сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсінеді.(0,25 балл);

- сауатты жазады (0,25 балл);

-сұрақтарын қояды (0,25 балл).

1



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!