Материалдар / «Қазақ тілі пәнінен оқушыларды ҰБТ- ға дайындауда лексика тарауын игерту жолдары»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қазақ тілі пәнінен оқушыларды ҰБТ- ға дайындауда лексика тарауын игерту жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің семинары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
442
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ





Shape1





Қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің семинары





Тақырыбы: «Қазақ тілі пәнінен оқушыларды ҰБТ- ға дайындауда лексика тарауын игерту жолдары»

Дайындаған:

А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Есимсеитова Алмагуль Жаппасовна











XXI ғасыр деңгейінде оқушыларға білім беру мен болашақ өмірге даярлау тақырыбы – Елбасы Жолдауының басты бөлімдерінің бірі. “Қазір бой жарыстаратын емес, ой жарыстыратын заман” деп Елбасымыз айтқандай, дарынды, білімді ұрпақ еліміздің ертеңі екені даусыз. Елбасының Жолдауы көзі қарақты, көкірегі ояу, ел болашағын ойлайтын әр ұстазға үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Білім саласында соңғы жылдарда болып жатқан жаңалықтар, өзгерістер және білімді бағалаудың түрлері- бәрі де оқушыға білім беру сапасын арттыруда жасалып жатқан игі істер деп білемін. Соның ішінде Ұлттық бірыңғай тестілеу- мектеп бітірушілердің, яғни негізгі мектеп курсын тәмамдаушылардың білімін бағалаудың бір түрі. ҰБТ-ның өмірге келуімен байланысты оқушының білім сапасына сәйкес мұғалімнің де білімін, жұмыс нәтижесін саралау ғана емес, бүтін мектептің оқу-тәрбие үрдісі бағаланып жүргенін көріп жүрміз. Солай десек те, күш ,біріншіден, пән мұғаліміне түсетінін әріптестеріміз жақсы біледі. ҰБТ нәтижесі мұғалім мен оқушының бірлескен жұмысы арқасында жүзеге асады. Себебі оқушыға бағыт-бағдар, білім негізгін беруде мұғалімнің орнын ешкім толтыра алмасы анық, сол сияқты оқушының өз бетінше ізденіп жұмыс істеуі болмаса, барлық еңбектің зая кететіні де белгілі.

Станиславский: « Жер бетіндегі бақыт дегеніміз неде? – Білуде, өмірде және жұмыста. Соған қол жеткізі білуде... ол адамның жан дүниесін білу- бұл талант, бұдан асқан бақыт жоқ» - дегендей, әр мұғалім балалардың жан дүниесін түсінуге тырысамыз.Осы жерде айта кету керек, кей балалар алдына берік мақсат қойып, соған жету үшін еңбектеніп, тер төксе, кейбірінің оқу үлгерімі төмен болып қана қоймай, ештеңеге қызығушылық танытпауынан оның алдына қойған мақсаты, соған сәйкес жүзеге асыратын міндеттерінің де болмауын көреміз. Бұған, біріншіден, ата-ана кінәлы болса, екіншіден, біздер, ұстаздар қауымы кінәлымыз.

Алдымызда отырған оқушылардың ғана емес, жыл сайын келетін мектеп бітіруші сыныптардың өзі әр түрлі. Мәселен, өзімнің іс- тәжірибемде 10 шақты жыл қатарынан оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен ҰБТ тапсырып келеді. Оның дені қазақ сыныптары, арасында биылғы сыныпты қосқанда 3 орыс сыныптары тапсырмақшы.Сонда байқағаным, биылғы жұмыс жасаған сыныбыңа лайықтап жасаған жоспарың келесі жылғы мектеп бітірушілермен жұмыс жасауға сәйкес келмеуі мүмкін, мейлі ол қазақ сыныбы болсын, орыс сыныбы болсын, мен үшін еш айырмасы жоқ. Тек орыс сынып оқушыларымен жеке- дара жұмыс көбірек жүргізіледі, осыған байланысты әдіс- тәсілдер өзгеріп отырады. Ең алдымен мына сөздерге мән берсек: Сынып - оқушы саны – білім сапасы. Оны неге айтып отырмыз: кей сынып болды, бала саны аз, бірақ білім сапасы төмен, ал кей сыныптың бала саны көп, білім сапасы жоғары. Соған байланысты мұғалімнің оқушылармен жүргізетін жұмыс түрлері де өзгеріп отырады. Оның ішінде балалардың өз бетінше жүргізілетін жұмыс түрлеріне тоқталсам:

  • ережелерді оқулық бойынша қайталау;

  • қазақ тілінің салалары бойынша тақырыптық, комплексті теспен жұмыс жүргізу;

  • тест сұрақтарынан күмән келтіретін жауаптарды оқулықпен салыстырып қарау;

  • қатемен жұмыс жүргізу;

  • талдау (фонетикалық, синтаксистік, морфологиялық т.б.) жүргізу.

  • кей жағдайда «Шың» баспасынан шыққан оқулықтағы қателерді табу, комплексті тест ішіндегі қателерді табу.

Соңғы жұмыс ережені жақсы білетін оқушылардың қолынан келеді және оларды балаларға үлгі ретінде айтып, мадақтап отыру керек! Леп белгі қойып отырған себебім-бұндай оқушылардың орыс сыныптарынан шыға алатынын мақтанышпен айтқым келеді. Бұл , әрине, ұстазды қуантады, себебі бұл оқушы- ҰБТ- дан еш сүрінбей, өзіне сенімді отыратын оқушылар. Қазіргі дайындап отырған сыныбымда осындай оқушылар бар: Рахимова Д, Курмангалиева А, Шарипова Д, Басс А.

Мен бүгін қазақ тілінің бір саласы- лексиканы меңгертуде өз тәжірибеммен бөліссем деймін. Ол үшін әуелі лексиканың зерттейтін саласын бағамдап алсақ. Лексика-көне гректің Lexiros (сөздік) деген сөзі. Лексика деген сөз жер жүзіндегі халықтар тілінің көпшілігінде термин болып қалыптасып кеткен. Біздің тілімізге ол орыс тілі арқылы келіп орнықты. Бұл термин - бір тілдегі барлық сөздердің жинағы деген ұғымды білдіреді. Осы лексика деген терминнің ұғымына тілдің жергілікті ерекшелігі де, сол бір тілдің говорлары да, диалектілері де енеді. Лексиканың құрамына енген сөздерді тексеретін-лексикология, мағыналарын тексеретін-этимология, сөздік жасау, сөздерді жүйелі түрде жинау ісін тексеретін-лексикография кіреді. Бұған фразеология да іргелесіп отырады. Тіл ғылымының этимология, лексикология, семасиология, лексикография деген тараулары лексиканы тексереді. Сонымен қатар лексика грамматиканың негізгі базасы болып табылады.  Грамматикалық категорияларды сөздің грамматикалық өзгерістерін, түрленуін, бір сөз бен екінші сөздің байланысын-оның негізгі обьектісі болатын-сөзден бөліп қарауға болмайды. Сөздердің мағынасын, оның жалпы лексикалық системадағы алатын орнын, шығу төркініне қолдану қабілеттігін күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, стильдік мәні мен сипатын тексеретін лексикология. Лексикология тілдегі барлық сөздердің жиынтығын, сөз байлығын зерттейді, тілдің негізгі сөздік құрамының келесі мәселелерін түгел қамтып, оны егжей-тегжейлі түсіндіруді мақсат етеді.

«Ана тілін сабақта аластату мүмкін болғанымен оны оқушының сана – сезімінен аластату мүмкін емес»,- деп ғалым Л. В. Щерба өте дұрыс айтқан. Себебі сыныпта өзге ұлттың баласымен бірге отырған қазақ балалардың өзі білімді орыс тілінде алып отырғандықтан, бірінші орыс тілінде ойлап, сонан соң оны іштей аударып, жауап бере алады. Осы аудитория балалары қазақ тілінің салалалары ішінде лексикадан комплексті тесте көп қате жібереді. Жіберілген қателердің мазмұны мен себептері:

- ең әуелі, сол берілген сұрақтың аудармасын білмеу;

- синоним, антоним, омоним сөздердің баламасын таба алмау;

-мақал- мәтелдердің жалғасын білмеу немесе оның тақырыбы не туралы екенін айыра алмау;

- орыс тіліндегі сөйлемнің не сөздің аудармасын білмеу;

Сондықтан белгілі бір тілді меңгеру үшін лексиканы оқытудың өзіндік ерекшелігі бар екенін ескеру қажет. Адам қай тілде сөйлегісі келсе де, сөздік қордан өзіне қажетті лексикалық тұлғаларды білмесе, біріншіден, айтайын деген ойын жеткізе алмайды, екіншіден, басқа біреудің айтқан сөзін, ойын түсінбейді. Демек, адам сөйлесу, пікірлесу үшін тілдік қолданысқа керекті лексикалық құралдарды үйренбесе, тілдік қатынас та жүзеге аспайды. Өйткені адам сөйлей білу үшін айтайын деген ұғымға қатысты сөздерді және сол сөздерді дұрыс жұмсаудың амалдарын меңгеруі керек.  Адамдардың өзара пікір алмасуы тек сөзге ғана емес, сөзден басқа да лексикалық тұлғаларға қарағанда сөз тілдік қатынастың ең негізгі құралы болып табылады.Ал Н.А.Купина сөйлеуге үйрету үдерісінде ең маңызды орын алатын материал-лексика деп есептейді. Сол үшін де лексиканы меңгертудің маңызы зор және оны игерту үшін түрлі әдіс - тәсілдер пайдаланамын (слайдтан көрсету) .

Семантикалық карта

мысалдар

Тура

мағына

Ауыспалы мағына

омоним

синоним

антоним

полисемия

1

қазы







2

Көрікті, көркем







3

Жылы сөз







4

Салқын су







5

күн-түн







6

Ылди, өр







7

қазы







8

көз







9

Жігер, күш







10

Арық, семіз







11

ара







12

арық








Семантикалық карта

мысалдар

кәсіби

термин

диалект

Кірме сөз

неологизм

Көнерген сөз

1

Хан, сұлтан







2

Биржа, ғаламтор







3

Аммиак, поэзия







4

әңгелек







5

Бәдірен, сым







6

Садақ, адырна







7

атыз







8

Бұғаз, жартас







9

Оттық, ауқат








Сәйкестендір

Мақал- мәтелдер

тақырыбы

1

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді

еңбек

2

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас

достық, жолдастық

3

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

бірлік, ынтымақ

4

Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды

білім

5

Тазалық- денсаулық кепілі

Отан, ел

6

Ер -еліне, гүл- жеріне

адамгершілік

7

Оқу- білім бұлағы, білім- өмір шырағы

денсаулық

8

Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын

төрт түлік мал


Қызықты тапсырма: “Ойлан, тап!”

1.Мальчик- бала,

Степь-дала

2.Туча- бұлт,

Нация- ұлт

3. хлеб- нан,

Цифр- сан

4. Ручка- қалам,

Иду- барам т.б.

Қарамен жазылған сөздердің синонимдерін тап

Мұрат анасын құрметтейді. Айнұр биыл мектепті “үздік” аяқтады. Арман досына хат жазды. Атасы -өте салмақты адам.

Оның жазуы көркем.

Салыстыр ( венн диаграмма)

Қыс


Жаз

суық

күн қысқарады

түн ұзарады

қар

боран

тоңамыз

3 ай,

жыл мезгілі

ыстық

қысқарады

ұзарады

жаңбыр

жел

ыстықтаймыз


Мақал- мәтелдің орысша баламасын тап

Тазалық- денсаулық кепілі

Семь раз отмер, один раз отрежь

Чистота- залог здоровья

Жеті рет өлшеп бір рет кес т.б.

Графикалық диктант

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Синоним

Омоним

Антоним

Неологизм

Көнерген сөз

Кәсіби сөз

Кірме сөз

Термин сөз

Берілген сөздер: ашық- жабық, мезгіл- уақыт, ғарышкер, дүрия, атыз, сайт, поэма, кемпірауыз, айтыс, келбетті- ажарлы

Мақал- мәтелдің жалғасын тап

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді...

Туған жер-...

Мектеп- кеме...

Жалғыздың үні шықпас...

Әдепті бала- арлы бала...т.б.

Нақты мағыналы сөздерді суреттер, зат, макет арқылы түсіндірген жөн. Абстрактілі мағыналы сөзді түсіндіру үшін аударманы қолдану және тіл көрнекілігі арқылы түсіндіру қажет. Ал тіл көрнекілігі дегеніміз - сөздің мағынасын контекст арқылы, синонимдер мен антонимдер, сөздің құрамдас бөліктерін талдау арқылы түсіндіру. Сөздің мағынасын түсіндіру үшін қолданылатын контекстке мынадай талаптар қолданылады. Контексттерге грамматикалық құрылым, ондағы жаңа сөзбен басқа сөздердің барлығы оқушыларға бұрыннан таныс болуы қажет. Сонда оқушының назары жаңа сөзге аударылады:
1.Әңгімелесу, әңгіме құрату - өзін қоршаған орта туралы:үй іші, мектебі, сыныбы, ата-анасы, оқу-құралдары, т.б.
2.Оқушының күнделікті жиі пайдаланатын заттарын көрсету арқылы оны атату(киім-кешек, ыдыс-аяқ, үй жиһаздары т.б.).
3.Сөзді түсініп айту дәрежесін тексеру (таныс емес заттарды көрсету, т.б.).

«Тіл дамыту жұмысын жүргізгенде оқушылар сөздік қорын молайту, сөздерді, сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс құрай білуге үйрету» деумен бірге, сөйлем құрағанда айтылмақшы ойына байланысты синоним сөздерді таңдау, сөздік жұмыстарын жүргізуді ескертеді. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы - оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптастыруды жүзеге асырамын. Онда мәтінмен жұмыс жасаудың маңызы ерекше.

Мәтінмен жұмыс

  • мәнерлеп оқу;

  • аударма жасау;

  • жаңа сөздермен жұмыс (сөздікпен жұмыс): жаңа сөздерден сөз тіркесін жасау, сөйлем құрау, оның омоним, синоним, антонимдерін табу)

  • сұрақтарға жауап беру;

  • диалог құрастыру, сұхбат жүргізу;

  • жаңа сөздерді есте сақтауға байланысты көру диктантын жазу.

Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді. Коммуникатив -тіліктің жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі. Ауызекі сөйлесу – жауаптасу арқылы жүзеге асады, ал жауаптасуға дейінгі дайындық кезеңдері былайша сараланады:
І кезең: диалогпен танысу;
ІІ кезең: диалогті жаттау;
ІІІ кезең: диалогті қойылымға айналдыру, яғни сөйлесу іс-әркетін қойылым іс-әрекетімен ұштастыру;
Жазуды оқыту. Жұмыстың бұл түрі сауатты жазу дағдыларымен, есте сақтау қабілеттерін дамытады, әрі пернетақтаны меңгеруге септігін тигізеді. Тыңдау, сауатты жазу, әріптерді теру секілді үш іс-әрекетті бір уақытта біріктіреді.
Тақырыпқа байланысты мәтіндер, сөздік қорды толықтыруға жаттығулар,
грамматикалық тестер, оқулықтармен оқушылар белсенді жеке жұмыс атқарады.

Сөйлеу жұмыстары немесе электронды оқулықпен жұмыс:
Қазір мектебімізге келіп жатқан электронды оқулықтар оқушылармен тыңдау және оны дұрыс қайталау жұмыстарын жүргізуге, яғни тыңдалым мен айтылым дағдыларын қалыптастыруға 1- сыныптан бастап мүмкіндік беріп отырғанын айта кету қажет Сөздер мен сөз тіркестері тыңдалғаннан кейін, оқушы оны қайталайды. Бұдан соң диктордың сөзді айту, яғни дыбыстау ерекшелігін тыңдай отырып, жеткіліксіз жақтарын аңғарып, оқушы оны түзетуге мүмкіндік алады.
Казіргі таңда еліміздің басшысы Н. Ә. Назарбаев алдымызға үш тұғырлы тіл; қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - қарым - қатынас тіл, ағылшын тілі - халықаралық тілді меңгеру жөнінде мақсат қойып отыр. Осыған байланысты қай тілді меңгерсек те оны әдемі, таза, шебер сөйлей білуміз керек. Ал
мақал - мәтел дегеніміз қандай тіл болмасын, сол тілдің көркемдігін, нақышын беретін шұрайы. Сол себепті шет тілінде сөйлеуді меңгеріп қана қоймай сол тілде әдемі, шебер, көркем сөйлеу білуіміз керек. Мысалы белгілі бір грамматикалық тақырыпты өткен кезде жаттығулармен қатар үй тапсырмасы ретінде мақал - мәтелдерді беріп, одан бүгінгі өткен грамматикалық тақырыпты тауып қолдануын түсіндіріп орысша, қазақша аударып келуге берілсе, бұл әрі түсіндірілген грамматикалық тақырыпты пысықтайды, әрі іздендіреді және тәрбиелік құндылығы болады.

11 -сынып оқушыларын дайындау барысында теориялық білімдерін практикалық жаттығулармен ұштастырып , орындату қажет. Ғаламтор ресурстарын үнемі пайдаланып отырамын. Пән бойынша, 5+ бағдарламасын жиі қолданамыз. Бұл тесттердің артықшылығы жауабын тез алып, артынша қатемен жұмыс істеуге ыңғайлы.

 Қазақ әдебиетінде өзіндік айтулы із қалдырған белгілі жазушымыз Ғабиден Мұстафин: «Ең ұзақ сөйлемнің де соңынан қойылатын нүктесі бар» дегендей, мұғалімдер мен оқушылар үшін ең шешуші соңғы нүкте – Ұлттық бірыңғай тестілеудің көрсеткіші. Бірыңғай ұлттық тестілеудің сапалы өтуі алдымен мұғалімдер мен оқушылардың уақытты тиімді пайдалануында.
Бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындауда мыналарды басты назарға ұстау керек деп ойлаймыз:
-мұғалім өз ісінің жетік маманы болу керек;
-білім жүйесін күнделікті арттыру арқылы, грамматикалық ережелерді жаттау арқылы, тесттерде кездескен жаңа сөздерді аударып, жаттау арқылы іс жүзіне асыру керек;
-пән мұғалімі шығармашылық ізденіс жолдарымен өздері оқытып отырған оқушыларынан сұраныс пен талап қоя отырып, берілген білімнің сапасын аптасына 1 рет әкімшілік тест тапсырмаларын орындату арқылы жүйелеп, шыққан қорытындылары негізінде коррекциялық жұмыстар жүргізе отырып үлгерім мен сапаны арттыру керек;
Қорыта айтқанда, алдымызда отырған әр шәкіртті бәсекеге қабілетті, өмірде өзін – өзі дамытуға бейім, үздіксіз білім жүйесінде белгілі бір құндылыққа жетелейтін Қазақстан азаматы ретінде тәрбиелеу үшін оқушының білімге деген ықыласын жетілдіріп, өзінің ғана емес, өзгенің де өсуіне ықпал ететіндей деңгейге жеткізу - бүгінгі күн талабы.







ҰБТ нәтижесі:

- оқушының өмірлік мақсаты және қызығушылық танытуына байланысты;

-ата- ананың ықпалы,

- мұғалімнің оқушыны білім нәрімен сусындатуы, оқушының жауапкершілік сезіміне,

-психологиялық жағдай,

- денсаулық,

- сынып жетекшінің жұмысы.

Қалай десек те ҰБТ- «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар» озып келер жарыс бәйгесінен бір де кем емес, бұл жерде ерекшелік ҰБТ- да біліммен қаруланған, денсаулыығы мен психологиялық жағдайы бапталған балалар ғана оқ бойы озық шығатыны ұстаздар қауымына белгілі жағдай.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!