400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі пәнінен "Септіктерді қайталау" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Коррекциялық мектеп ұстаздарына арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы





Сабақтың тақырыбы: Септікті қайталау.

Білімдік мақсаты: Септіктер туралы алған білімдерін жинақтау,

тұрақтандыру, қорыту, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.



Дамытушылық мақсаты: Ойын түрлері арқылы тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, ой белсенділігін арттыру, тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Отанды шексіз сүюге баулу, елжандылыққа баулу.

































































1.Ұйымдастыру:

Оқушылар:



Үлкенге де «сіз»

Кішіге де «сіз»

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.



Мұғалім:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

  • Отырыңдар.

  • Балалар, бүгінгі сабақ жай сабақ емес, ерекше сабақ болғалы тұр, осы сабақтың ерекшелігі басқа сабақтардан өзгешелігі неде деп ойлайсыңдар?

Оқушылар:

Сабақтың ерекшелігі бізде қонақтар отыр.

Мұғалім:

Ал қазақ халқы қонақтарды қалай қарсы алған?

Оқушылар:

Қуанышты, қошеметпен, құрметпен, құшақ жая қарсы алған.

Мұғалім:

Енді өздерің айтыңдаршы, бүгінгі сабақтың қалай өткенін қалайсыңдар?

Оқушылар:

Көтеріңкі, қызықты, жеңіл, түсінікті.

Мұғалім: Ендеше балалар сендердің осындай жақсы тілектеріңмен сабағымызды бастайық.

Біздің бүгінгі сабағымыз әдеттегідей емес, ойын сабағы болғалы тұр.

Ендеше сабағымызды сөзжұмбақ арқылы шешіп, бүгінгі сабағымыздың

тақырыбын анықтап алсақ.





сегіз парта етік бәйтерек

8,,, ,,,, , ,,, ,,



доп тіс қайық ,,

,, , ,

тау жалау

  • , ,,

Мұғалім:

Дұрыс таптыңдар балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы қалай деп аталады екен?

Оқушылар: Септіктерді қайталау.

Ал сабағымыздың мақсаты: Өткен сабақтарды қорытындылау, тұжырымдау, сендердің алған білімдеріңді тексеру.

Балалар мен қазір сендерге бір ертегі оқып берейін.

Ертеде Зат есім сарайында Септік деген хан болыпты. Оның Атау, Ілік, Барыс, Табыс, Жатыс, Шығыс, Көмектес деген жеті ұлы болыпты. Барлығы осы сарайда тұрады екен және әр ұлының өз қызметі бар екен. Септік ханның жасы келіп, қартайған шағында бүкіл мұрасын жеті ұлына бөліп беріпті де, халықты жинап былай депті:

-Уа халайық мен қартайдым, өлер шағымда бар мұрамды ұлдарыма бөліп бердім. Осы мұрадан қалған аздаған сыйлықтарым бар еді. Сол сыйлықтарды үлестіріп берсем деп едім. Бірақ та бір шартым бар. Егерде менің жарлығымдағы сұрақтарға кімде-кім дұрыс жауап берсе, соларға сыйлықтарымды сыйға тартамын.

Мұғалім: Балалар ханның жарлығын естідіңдер ғой, егерде сұрақтарына дұрыс жауап берсек, бізге беретін сыйлықтары бар екен. Хан ата, сіз уәзіріңізбен біздің сабағымыздың қонағы болыңыздар.

Уәзір:

Ендеше ханның 1-ші жарлығын тыңдаңыздар!

Ұлдарымның атын атап, жасына қарай ретімен қойыңдар.

А.
І.

Б.

Т.

Ж.

Ш.

К.

Мұғалім: Балалар, ханның ұлдарының атын жасына қарай рет-ретімен дұрыс қойдыңдар. Енді ханның 2-ші жарлығын мұқият тыңдаңдар.



Уәзір:

Ханның 2-ші жарлығын тыңдаңыздар! Ұлдарымның қызметін табыңдар.

Мұғалім: Яғни сұрақтарын тауып қою.

А. Кім? Не?

І. Кімнің? Ненің?

Б. Кімге? Неге?

Т. Кімді? Нені?

Ж. Кімде? Неде?

Ш. Кімнен? Неден?

К. Кіммен? Немен?

Мұғалім: Хан ата, ұлдарыңыздың қызметін балалар дұрыс қойды ма? Мұқият қараңыз.

Хан ата: Ия, балалар дұрыс орындады.

Мұғалім: Ендеше ханның 3-ші жарлығымен танысайық.

Уәзір:

Ханның 3-ші жарлығын тыңдаңыздар! Ұлдарымның мұраларын атаңдар.

Мұғалім: Балалар септіктің жалғауларын табуымыз керек.



А. Кім? Не?

І. Кімнің? Ненің? -ның,-нің, -дың, -дің, -тың, -тің

Б. Кімге? Неге? -ға, -ге, -қа, -ке

Т. Кімді? Нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті

Ж. Кімде? Неде? -на, -не, -да, -де, -та, -те

Ш. Кімнен? Неден? -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен

К. Кіммен? Немен? -мен, -бен, -пен



Мұғалім: Балалар, ханның жарлығын дұрыс орындадыңдар, хан сендерге разы деп ойлаймын.

-Тақтада ненің суреті пайда болды, балалар?

-Алманың

- Ендеше осы сөзді септейік.

Дәптермен жұмыс:

Дәптерімізді ашайық, бүгін нешесі кім айтады? Арқамызды тік ұстап, партаға дұрыс отырып, бүгінгі күнді жазайық. Бір балаға септеттіру.





4 топ Тапсырма беру.



Мұғалім: Балалар, келесі тапсырмаға көшсек.

«Септіктерді анықтау» ойыны: Септелген дайын сөз берілген, сол сөздердің жанына қай септік екенін қою қажет.

Бақта Анаммен Күнделік

Әжеме Сарайда Асанмен

Жігіт Ханға Мектептің

Құстың Бала Оқушыда

Суды Қаламды Театрға

Ағаммен Ағаштың Кітапты

Ауылдан Судан Ұшақтан



Мұғалім: Қане балалар тексерейік, септіктерден алған білімдеріңді көрсетіп жатсыңдар.

Сергіту сәті: Музыкамен билеу.





Келесі «Жалғауын тап» ойыны.

Демалыста балалар...... бірге көлге бардым. Жағалау.... адамдар өте көп екен. Қыздар су...... қатты қорқады екен. Түс ауа балалар...... бірге үй.... қайттық.



Мұғалім: Балалар жалғауды дұрыс орналастырдыңдар. Егерде жалғауды дұрыс жалғамасаңдар сөйлем бір-бірімен байланыспайды. Жалғаусыз сөйлемдерді оқып көріңдерші. Ешқандай байланыс жоқ. Сабағымызды қорытындылай келсек, септік жалғауын меңгерген баланың дағдысы ұштала түседі. Балалар бүгін сендер септік жалғауын қалай меңгергендеріңді, білімдеріңді көрсеттіңдер. Ал хан ата балалардың берген жауаптарына көңіліңіз толды ма? Сұрақтарыңызға дұрыс жауап берді ме?



Хан: Ия, дұрыс жауап берді. Ал мен өзім уәде еткендей балаларға сыйлықтарымды үлестіріп берейін. Мен балаларға жеті ұлымның алтын тәжін сыйға беремін. Ал ең жақсы сұрағыма жауап берген балаға өз тәжімді сыйлаймын.



Үйге тапсырма: Тест тапсырмаларын орындау.

  1. «Әке» сөзі қай септікте тұрғанын тап.

А) А.с. С) Б.с.

В) І.с. Д) Ж.с.

2. Ілік септігінде тұрған сөзді белгіле.

А) Оқушы С) Оқушының



В) Оқушыға Д) Оқушыда

3. Табыс септігінің жалғауын белгіле.

А) -нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден С) -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті

В) -да, -де, -та, -те Д) -ның, -нің, -тың, -тің, -дың, -дің



4. Барыс септігінің сұрағын белгіле.

А) Кімнің? Ненің? С) Кімге? Неге?

В) Кіммен? Немен?Д) Кімде? Неде?

5. Жатыс септігінде тұрған сөзді белгіле.

А) Көктемде С) мектеппен

В) Далаға Д) ауылдан

6. Шығыс септігінде тұрған сөзді тап.

А) Сабаққа С) Сабақты

В) Сабақтан Д) Сабақпен

7. Көмектес септігінің сұрақтарын ата.

А) Кімде? Неде? С) Кімнен? Неден?

В) Кімге? Неге? Д) Кіммен? Немен?



Бағалау:
































































































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
06.11.2020
677
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі