Қазақ тілі пәнінен "Сын есім" ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі пәнінен "Сын есім" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сын есім туралы сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік : сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру , түрлерімен таныстыру.

  2. Дамытушылық : түрлі әдістерді пайдалана отырып , оқушылардың ойлау қабілеттерін , сөздік қорларын , байқағыштық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік : оқушылардын логикалық ойлау сезімдерін оятып, еңбек сүйгіштікке , адамгершілікке тәрбиелеу.

ІІәнаралык байланыс: Ана тілі ,ағылшын тілі , бейнелеу өнері.

Сабақтыц түрі: аралас сабақ



Сабақтыц қөрнекілігі: Сын есімге байланысты суреттер сын есімнің

ережесі жазылған плакат , үлестірмелі қима қағаздар.









































  1. Ұйымдастыру:

Оқушылар:

  • Амансыз ба , жер ата!

  • Амансыз ба , күн ана!

  • Амансыз ба , достарым!

  • Сәлеметсіз бе , мұғалім!

  • Сәлеметсіз бе , қонақтар!

Мұғалім :

  • Сәлеметсіңдер ме балалар !

  • Отырыңдар.

  • Балалар бүгін ерекше сабақ . Осы сабақтың ерекшелігі, басқа сабақтардан өзгешелігі неде деп ойлайсыңдар?

Оқушылар: Ерекшелігі бүгін бізде қонақтар отыр.

Мұғалім : Ал қазақ халқы қонақтарды қалай қарсы алған .

Оқушылар: Қуанышты , инабатпен , қошеметпен, құрметпен құшақ жая қарсы алған.



Мұғалім: Енді өздерің айтыңдаршы , бүгінгі сабақтың қалай өткенін

қалайсыңдар?

Оқушылар: Көтеріңкі , қызықты, әсерлі , тартымды , жеңіл , түсінікті.

Мұғалім: ендеше балалар сендердің осындай жақсы тіліектеріңмен сабағымызды бастайық. (2-3 сөз ілу)

Бүгінгі сабагымыздың мақсаты :

1. Үйге берілген тапсырманы қайталау.

2. Жаңа сабақты өту.

3. Жаңа сабақты шешу , кесте толтыру , суретпен жұмыс, кәртішкемен жұмыс арқылы бекіту.






II Қайталау

Мұғалім : Балалар өткен сабақта үйге қандай тапсырма берілді?

Оқушылар: Үйге “қарбыз” сөзін тәуелдеу , тәуелденгсн сөзді септеу берілді.

Мұғалім: Дұрыс балалар кәне үйге берілген тапсырманы кім айтады?



Үй тапсырмасын қорытындылау.

  1. Жаңа сабақ:

Мұғалім: Балалар жаңа сабақты бастамас бұрын бірінші мына сөзді шешіп көріңдерші . Егерде бейнесөзді шешетін болсаңдар , бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы шығады.

  • Мынау ненің суреті? ( қоржынның )

  • Қоржын не үшін керек ?

Қоржын деп жазып , алдыңғы 4 әріпті сызып “С дыбысын қоямыз.

Мұғалім: кәне кім айтады , шешуін кім тапты?

Оқушылар : Сын есім

Мұғалім: Дұрыс шештіңдер балалар , бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы:

Сын есім”


Балалар сын есім деген сөз табымен сендер бірінші рет танысқалы отырсындар ма? . . .


Оқушылар: Жоқ


Мұғалім: Сендер 3-ші, 4-ші сыныптан бері оқып келесіңдер.

....

Қазір мен сендерге бір кесте ұсынамын оны өздерің білесіңдер ,

толтырасыңдар .


Білемін

Білгім келеді

Нені үйрендім



Тек шындықты жазамыз . ( 2-3 балаға окыттыру.)


Мұғалім: Балалар білетіндерің аз, білгілерің келетіні көп екен. Тіпті кей балалар сын есім ережесін білеміз деп жазыпты. Олай болса сын есім дегеніміз не? Кәне кім айтады?

Оқушылар ережесін айтады.

Мұғалім: Балалар мен Алмастың айтқанын толықтыр кетейін.

Балалар қазақ тілінде неше сөз табы бар?

Окушылар: 9 сөз табы бар.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар балалар . Зат есімнен кейін орны бөлек осы сын есім. Зат есім мен сын есім өте тығыз байланысты.

Мысалы зат есім заттың атын білдіріп кім? не? деген сұраққа жауап берсе , сын

есім сол заттың сапасын, сынын , көлемі, аумағын білдіреді , қандай?қай ?деген сұрақтарға жауап береді.

- Балалар мысалға мына заттың атауы бар ма ?( орындықты көрсету)

Оқушылар: Орындық

Мұғалім: Орындыққа қандай сұрақ қоямыз ?

Оқушылар: Не?

Мұғалім: Дұрыс балалар заттың атауының сұрағын білдік. Енді осы заттың сынын, сапасын анықтайық.

Сұрақ қоя отырып түсіндіру.

Мұғалім: Балалар енді мынаған назар аударайық.

Мына заттың атауы бар ма ? (алманы көрсетеді)

Оқушылар: Алма.

Мұғалім: Ендеше алманың сынын ,сапасын кім айтады?

Ерғалым анықтайды.

Мұғалім: Жақсы Ерғалым отыра ғой.

-Сонымен сын есім дегеніміз не болды. (ережені оқыттыру).

Мұғалім :Балалар сын есім құрамына қарай дара және күрделі сын есім болып

екіге бөлінеді. Дара жалғыз, біреу. Күрделі бір немесе бірнеше сөзден. ( қара ала )





  1. Бекіту.

(Жаттығу жұмысын тарту).

Бүгін нешесі кім айтады?

Оқушылар: Он бірі, бейсенбі.

115- жаттыгу.

Үш балаға оқыттыру , талдау, күрделі сын есімді табу.

Венн диаграммасымен жұмыс жасау . Ортақ қасиеттерін жаздыру . Қорытындылау.

Мұғалім балалар енді “Полиглот" ойыны арқылы біраз демалып алайық. “Полиглот” деген сөз коп тілді деген мағынаны білдіреді.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өзі үш тұғырлы деп жастардың алдына үлкен мақсат қойып отыр . Тілдің үш тұғырына қандай тілдерді жатқызамыз? Оқушылар: Қазақ, орыс , ағылшын тілдерін.

Мұғалім: Сендердің ағылшын тілінен көп нәрсе білетіндеріңді білемін.

Ойын кызықты өтті. Ағылшын тілінен сайрап тұр екенсіңдер. Ағылшын тілін үйренуді жалғастыра беріңдер.

- Балалар енді мынандай сұрақ.

  1. Биыл қай жылды шығарып саламыз. (Тышқан).

  2. Кай жылды қарсы аламыз. ( Сиыр).

  3. Сиырдың туыстарын атаңдаршы.

Оқушылар: Бұзау, тайынша, құнажын, өгіз.

Мұғалім: Балалар тақтаға сурет ілемін сендер қай мысалдан алынғанын айтыңдар. (Суретті ілу. Сиыр мен бақа)

Сиырға бөлек сипаттама бақаға бөлек сипаттама беру.

Мұғалім: Балалар осы мысалдан не үйрендіңдер.

(Оқушылар айтады).

V Қорытындылау

Мұғлім: Сонымен сын есім дегеніміз не? Сұрақтары қандай?

Кестені толтыру.

VI Үйге тапсырма: 183-жаттығу (дара сын есім мен күрделі сын есімдерді теріп жазу)

VII Бағалау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.11.2020
505
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі