Материалдар / Қазақ тілі практикумы!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі практикумы!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұстаздарға көмек!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2018
1788
16 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі



Бекітемін: Келісемін: Қаралды

Мектеп директоры: М.Утегалиева Оқу ісінің меңгерушісі: Г.Бектлеуова ӘБ отырысы

---------------- Батырова А

«-----» ------- 2016ж «-------»------ 2016ж Хаттама №

«------»------- 2016ж


Курстың жұмыс жоспары



«Қазақ тілі»

(курстың аты)



Батырова Алтын Жаксыбаевна

(аты- жөні)
























І Түсінік хат


6-сыныпқа қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқыту мақсатында сөзжасам, морфология салалары бойынша курс оқушыға тілдің ғылыми негіздері жөнінде толық, аяқталған сипаттағы тұтас білім беру көзделеді. Бағдарлама 6 -сыныпқа арналған, аптасына 2 сағат, жылдық сағат саны -68 сағатқа жоспарланған. Қазіргі кезде басты мақсат – оқушы бойында білім-білік дағдыларға қол жеткізу ғана емес, солардың негізіндежылдам өзгеріп жатқан өмірге бейімді, өзін-өзі дамыта алатын, өз бетімен кез-келген мәселені шеше алатын жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.6-сыныпқа арналған факультатив курсының тақырыптық – күнтізбелік жоспары Дәулетбекова Ж,Арын Е,Махамбетова Г Қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасына сүйене отырып жасақталған. Оқушының сөйлесім дағдыларын дамыту тіл білімі салалары бойынша сатылап, олардың өзара сабақтастығына негізделіп жүргізіледі. Сөйтіп, негізгі деңгейдегі оқушы білімі бастауышта меңгерген сауаттылық дағдыларына табан тірейді де, бейіндік деңгейдегі сөз мәдениетіне қалыптасады.

Ана тілінде оқытылатын курстың мақсаты оқушыны сөзжасам, морфология салаларын терең меңгерту, өтілген теориялық материалды сабақта , күнделікті өмірде қолдана алатындай дәрежеге жеткізеді.


ІІ Курстың мақсаты:


  • Оқушының тіл туралы түсінігін кеңейту


  • Тілдің қоғамдық- әлеуметтік қызметін таныту


  • Оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімдерін тереңдету


  • Әдеби тілдің лексикалық, грамматикалық нормаларын меңгерту


  • Тілдік жағдаятқа сай қарым- қатынас жасауға дағдыландыру


  • Оқушылардың оқу материалын тиянақты игеруіне, алған білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдана білуге үйрету.


  • Сөз мағыналарын зерттеу.









ІІІ Курстың міндеттері:


  • Білімді дара тұлғаға бағдарлау (бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік, өмірлік қажеттілік);


  • Тілдік білімді функционалдық тұрғыдан сұрыптау;


  • Оқушыны зейінді ұстау;


  • Пәнаралық байланысты сақтау;


  • Әрекетшілдік-бағдарлылық ұстанымы (әрекетке үйрету, оқу жағдаятындағы әрекеттен өмірлік жағдаяттық әрекетке көшу, оқу танымдық әрекеттен оқушының өзіндік әрекетіне көшу);

  • Алынған білімді бекіту және өзін-өзі бақылау

  • Өздігінен білім алуға үйрету функциясы.


ІҮ Курстың нәтижесі :


  • Сөз мәдениеті жоғары, өз пікірін білдіре алады, ойын қорыта біледі

  • салыстыра, дәлелдей, талдай, қорытындылай білу дағдыларын меңгеру, тілдік және әдеби білімдерінің толығуы;

  • практикалық, танымдық, шығармашылық тапсырмаларды еркін орындай алу;

  • сауатты жазу, сауатты сөйлеу, өзіндік ой дербестігінің болуы;























Бағдарламаның мазмұны мен құрылымы

Аптасына -2 сағат ,барлығы- 68 сағат

«Қазақ тілі» курсының білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды.


1.Қазақ тілінің қоғамдық рөлі. (1сағат)

Әдеби тіл және мәтін (5сағат)

Қазақ тілінің әдеби тіл ретіндегі қызметі.

Әдеби тілдің нормалары. Орфографиялық, орфоэпиялық нормалар.Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрлерінде әдеби тіл нормаларын сақтаудың маңызы.

2.Сөзжасам ( 8 сағат)

Сөз тұлғасы және емлесі
Жалаң дара сөздердің мағынасының өзгеру жолдары: лексикалық тәсіл-мағынаның «жаңғыруы», көп мағыналық, жаңа ұғымға сәйкес жаңа түсінік; морфологиялық тәсіл сөз тудырушы жұрнақтар жалғануынан пайда болатын жаңа мағына. Жаңа сөз тудырушы «өнімді» жұрнақтар, «өнімсіз» жұрнақтар, «жаңа» жұрнақтар.

Негізгі түбірден жасалған туынды сөздер.
Туынды түбірден жасалатын туынды сөздер.
Түбір мен қосымша.

5- сыныпта өтілген сөздердің жасалу жолдарын еске түсіріп, жұрнақ арқылы жасалған сөздер жалаң сөздер болып, ал бірігіп,қосарланып, тіркесіп, қысқарып жасалған сөздер болатынын меңгерту.

Түбір сөздердің сөздік қормен байланысы.Қазақ тіліндегі байырғы сөздердің буындық құрамы.
Қосымшаның түрлері, қызметтері. Қазақ тілінің жалғамалық сипаты.

Түбіллес сөздердің түпкі және жаңа мағыналарының бірлігі, өзгешелігі.

Дара және күрделі сөздер.
Күрделі сөздің түрлері.
Біріккен сөздер, анықтамасы. Жасалу жолдары. Бірігетін сөз таптары. Емлесі.Қос сөздер., анықтамасы. Жасалу жолдары. Қосарланатын сөз таптары. Емлесі. Тіркескен күрделі сөздер. Анықтамасы, мағыналық тұтастығы. Жасалу жолдары. Тіркесіп күрделі сөз болатын сөз таптары. Емлесі. Қысқарған сөздер, анықтамасы. Жасалу жолдары. Қысқарған сөз болатын сөз таптары.тЕмлесі.
Күрделі сөздердің ортақ белгілері мен өзара айырмашылықтары.

Күрделі сөздің түрлерінің қазақ тілінің, сөз байлығымен, сөздік құрам тармақтарымен байланысы.
Біріккен сөздердің мағыналық сипаты. Бірігу арқылы жасалған «жаңа сөздер» (неологизмдер),терминдер, кәсіби сөздер. Қос сөздердің әдеби тіл нормаларымен байланысы.

Тіркескен күрделі сөздердің еркін сөз тіркесінен және тұрақты тіркестерден айырмашылығы. Тіркескен сөздердің мағыналық сипаты. Тіркесу арқылы жасалған жаңа сөздер.,терминдер, кәсіби сөздер. Тіркесті сөздердің әдеби тіл нормалары.

Қысқарған сөздердің қажеттігі мен ерекшелігі; Сөздердің қысқаруыныңт мағыналық сипаты. Сөздік құрам тармақтарындағы қысқарған сөздің үлесі. Қысқарған сөздерді дұрыс қолдана білу тмәдениеті. Қысқарған сөздің әдеби тіл нормаларына қатысы.

3.Морфология (43сағат)

Морфология- тіл білімінің бір саласы,грамматиканың бір тармағы.Морфологияның зерттеу нысаналары. Морфологияның лексикамен,фонетикамен, сөзжасаммен байланысы. Морфологияның сөзді танудағы мәні. Қазақтың морфолог ғалымдары.
Сөздің түрлері
Қазақ тіліндегі сөздердің мағынасы жағынан және тілдегі қызметі жағынан негізгі (атауыш) сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер болып үшке бөлінетіндігі..
Атауыш сөздер,анықтамасы, негізгі белгілері.
Атауыш сөздердің тілдегі мәні. Сөздік қор мен сөздік құрам тармақтарындағы орны, үлесі. Атауыш сөздердің сөзжасаммен байланысы. Атауыш сөздердің құрамы мен тұлғасы: негізі, туынды және күрделі атауыш сөздер. Атауыш сөздердің тарихи арналары.
Көмекші сөздер, анықтамасы, негізгі белгілері.

Көмекші сөздердің тілдегі орны. Көмекші сөздердің жазылу, айтылу нормалары. Көмекші сөздердің тіл тарихымен қатысы. Көмекші сөздердің сөз таптарымен қатысы.
Сөз таптары

Сөз таптары термині.Сөз таптарының реті мен жүйесінің негізгі заңдылықтары. Сөздердің таптастырылуының үш ұстанымы. Сөз таптарының зерттелу тарихы.
Зат есім.Дара және күрделі зат есімдер. Зат есімнің сұрақтары зат есім болатын сөздердің мағыналары. Деректі және дерексіз зат есімдер. Дара және жинақтық зат есімдер. Зат есімдер атаулық жағынан жинақтау зат есім, дара зат есім болатындығы. Өзіндік белгілері. Жалқы және жалпы есім. Зат есімдер мағынасы мен атулық жағынан жалқы есім және жалпы есім болып жіктелетіндігі. Жалқы есім болатын атаулар. Жалпы есімге дара зат есімдер мен жинақтау зат есімдердің барлығы жалғанатындығы.
Көне түркі ескеркіштеріндегі зат есімдер.

Зат есімнің сөз табы жүйесіндегі орны,рөлі.Зат есімдердің өзіндік белгілері. Зат есімнің құрамдық, тұлғалық сипаттары. Зат есімнің лексикамен қатысы. Қазақ тіліндегі зат есімдердің ерекшеліктері.
Бас әріппен жазылатын кейбір заттық ұғымдардың сөйлеушінің мақсатымен байланысы, стильдік реңкі.Жалқы есімдердің халықтық, ұлттық таныммен байланысы.Зат есімдердің тіл тарихымен қатысы. Сөздік қор және зат есім, басқа тілден енген зат есмідердің тілге «сіңісу» ерекшеліктері.Зат есімнің синониммен, антониммен, омониммен қатысы.

Дерексіз зат есімдердің сөзжасаммен қатысы. Зат есімдерді дұрыс қолданудың тіл мәдениетімен байланысы.
Сын есім.Дара және күрделі сын есімдер. Сын есімнің сұраулары.
Сапалық сын есімдер. Сапалық сын есім жасайтын сындық сапалық қасиеттер (түсі, дәмі,көркі,көлемі т.б)
Қатыстық сын есімдер. Қатыстық сын есімдердің жасалу жолдары.

Сын есімдердің тек зат есімдермен байланыстылығы.
Көне түркі ескерткіштеріндегі сын есімдер
.Сын есімнің сөз табы жүйесіндегі рөлі, орны. Сын есімнің зат есіммен табиғи бірлігі. Сын есімнің адам танымымен қатысы. Бір затқа тән бірнеше сындық белгілер, бірнеше затқа тән, ортақ сындық белгілер болатындығы.
Сын есімнің мағыналық топтары мен оның құрамдық, тұлғалық сипатының арақатынасы.
Сын есімнің синониммен, антониммен, омониммен қатысы.

Сын есімнің тіл тарихымен байланысы.
Сын есімдердің ойды көркемдеп жеткізудегі рөлі.
Сын есімдерді талғампаздықпен қолданудың сөз мәденетімен бірлігі.
Сан есім. Сан есім заттың санын, мөлшерін, бөлшегін білдіретін сөз табы екендігі.
Сан есімнің сұрақтары. Дара және күрделі сан есімдер. Сан есімнің зат есіммен байланыстылығы.
Сан есімнің түрлері.Есептік сан есім. Дара есептік сандар. Күрделі есептік сан есімдер. Есептік сандардың қолданылатын орындары.
Реттік сан есімдер. Реттік сан еісдердің жасалу жолдары.Реттік сан есімдердің қолданылатын орындары,жазылу емлесі.
Жинақтық сан есімдер, олардың жасалу жолдары. Жинақтық сан есімдердің қолданылатын орындары.

Топтық сан есімдер, олардың жасалу жолдары. Жинақтық сан есімдердің қолданылатын орындары,емлесі.
Болжалдық сан есімдер. Болжалдық сан есімдердің жұрнақ арқылы жасалуы. Болжалдық сандардың қосарланып, тіркесіп жасалуы.Болжалдық сан есімдердің қолданылатын орындары,емлесі.
Бөлшектік сан есімдер, , олардың жасалу жолдары. Бөлшектік сан есімдердің қолданылатын орындары.
Көне түркі ескерткіштеріндегі сан есімдер.
Сан есімнің сөз табы жүйесіндегі орны, рөлі. Сан есімнің сөз табы ретіндегі ерекшелігі. Сан есімнің зат есіммен табиғи бірлігі. Сан есімнің адам танымымен қатысы. Қазақ тіліндегі киелі сандар. Сан есімдердің көркем шығармаларда қолданылуы. Сан есімдердің тіл тарихымен байланыстылығы. Сан есімнің ұлттық ұғымдармен сабақтастығы. Сандық,мөлшерлік ұғымды білдіретін сөздер.
Есімдік. Сөз табының есімдік деп аталу сыры. Есімдіктің зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретіндігі. Қай сөз табының орнына жүрсе, сол сөз табының сұрағына жауап беретіндігі.
Есімдіктің түрлері.
Жіктеу есімдіктері,
қолданылатын орындары, сұрақтары.

Сілтеу есімдіктері, мағыналық ерекшеліктері, қолданылатын орындары, сұрақтары.
Сұрау есімдіктері,
қолданылытн орындары.
Жалпылау есімдіктері, қолданылатын орындары, сұрақтары. Жалпылау есімдігінің сызықшамен жазылуы.
Белгісіздік есімдіктері, қолданылатын орындары, сұрақтары. Белгісіздік есімдіктерінің жазылу емлесі.
Болымсыздық есімдіктер
, қолданылатын орындары, сұрақтары. Болымсыз есімдіктерінің жазылу емлесі.
Етістік
. Заттың қимылын, амалын, жәй күйін білдіретін сөздер етістік деп аталатындығы. Етістіктің мағыналық топтары: Амал-әрекет етістіктері, ойлау-сөйлеу етістіктері, өсу-өну етістіктері, бағыт-бағдар етістіктері, көңіл күй етістіктері, бейнелеу- еліктеу етістіктері. Етістіктің сұраулары. Дара етістіктер. Күрделі етістіктер, олардың мағыналық бірлігі, жасалу жолдары.
Болымды және болымсыз етістіктер.
Етістіктің түбірлері болатын және блуға тиіс риальды іс-әрекетті білдіретіндігін мысалдармен дәлелдеу. Болымсыз етістіктердің жасалу жолдары. Болымды және болымсыз етістіктерді салысчтыра отырып мағыналық айырмашылығына көңіл бөлу.
Салт және сабақты етістіктер.
Олардың субьекті мен обьектіге қарым-қатынасы.
Етістіктің түрлері
Етістер.
Етістердің етістіктің өзге түрлерінен ерекшлейтін сипаттары. Етістердің субъекті мен объектінің амалға қатысын, керісінше амалдың субъекті мен объектіге қатысын білдіретін грамматикалық сипаты. Етіс жұрнақтарының мағыналары мен қызметіне қарай бірнеше түрге бөлінетіндігі.
Ортақ етіс. Жұрнақтары. Ортақ етіс жұрнақтарының беретін грамматикалық мағынасы мен қызметі.
Өзгелік етіс. Жұрнақтары.Өзгелік етіс жұрнақтарының беретін мағынасы мен қызметі.
Ырықсыз етіс.Жұрнақтары.Ырықсыз етіс жұрнақтарының беретін мағынасы мен қызметі.

Өздік етіс.Жұрнақтары.Өздік етіс жұрнақтарының беретін мағынасы мен қызметі.

Есімше.Есімшелердің етістіктен қосымшалар арқылы жасалатындығы .Есімшенің етістікке де , сын есімге де қатыстылығы жайында мағлұмат беру.Есімшенің түрлері, олардың беретін мағыналары.

Көсемше.Көсемшенің жасалу жолдары.Көсемшенің түрлері, олардың беретін мағыналары.

Тұйық етістік-қимыл есімдері.Қимыл есімдерін жасайтын қосымшалар.Қимыл есімдерінің іс-қимыл процесінің атауын білдіретіндігі.

Үстеу.Үстеулердің мағына жағынан заттың қимыл, іс-әрекетінің және заттың сынының әр алуан белгілерін білдіру үшін қолданылатындығы.Үстеулердің сөйлемде етістікті сипаттайтындығы,Яғни істің, қимылдың мән-жайын, амалын, мезгілін, мекенін білдіретіндігі. Үстеудің сұрақтары. Дара және күрделі үстеулер. Дара және күрделі үстеулердің құрылысы мен құрамы.

Үстеулердің түрлері
Үстеулердің түрлері үстеу болатын сөздердің мағыналарынан келіп шығатындығын білдірту.
Мезгіл үстеулері, мағыналары, сұрақтары.Мезгіл үстеулердің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.
Мекен үстеулері, мағыналары, сұрақтары. Мекен үстеулердің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.
Қимыл- сын үстеулері, мағыналық ерекшеліктері, сұрақтары. Қимыл-сын үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.
Күшейту үстеулері, білдіретін мағыналары, сұрақтары. Күшейту үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.
Мақсат үстеулер, білдіретін мағыналары, сұрақтары. Мақсат үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.
Себеп- салдар үстеулері, білдіретін мағыналары, сұрақтары. Себеп-салдар үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.
Топтау үстеулері, білдіретін мағыналары, сұрақтары. Топтау үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.
Еліктеуіш сөз. Еліктеуіш сөз жайында алғашқы ұғымдарын қалыптастыру. Еліктеуіш сөздер деп аталатын атаудың мәні. Сұрақтары. Еліктеуіш сөздердің құрамы. Жасалу жолдары.

Еліктеуіш сөздердің түрлері
Еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сөздер.Бұл екеуінің арасындағы мағыналық жақындықтар мен айырмашылықтар.
Еліктеуіш сөздер мен бейнелуіш сөздердің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.
Еліктеу сөздің сөзжасаммен сабақтастығы. Еліктеу сөздердің дыбыстық құамы.
Одағай.Одағайлардың басқа сөз таптары сияқты мағына жағынан еш ұғымды білдірмейтіндігі. Олардың мағыналары адамның әр түрлі сезіміне, көңіл-күйіне қатысы болатындығы.
Одағайдың түрлері.
Көңіл-күй одағайлары. Жағымды көңіл-күйді білдіретін одағайлар. Жағымсыз көңіл-күйді білдіретін одағайлар. Көңіл-күй одағайларының қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.
Ишарат одағайлары. Бұған адамға ранайы айтылатын мағыналары бұйыру, жекіру, тыйым салу одағайлары жататындығы. Ишарат одағайларының қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.
Шақыру одағайлары. Бұған төрт-түлік малға, ит, мысық сияқты үй хайуандарына арнап айтылатын одағайлар жататындығы. . Шақыру одағайларының қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.
Көмекші сөздер.
Көмекші сөздердің тілдік табиғаты олардың дербес толық мағынаға ие бола алмайтындықтан, негізгі сөздердің шылауында тіркесіп, көмекшілік қызмет атқаратындығы.Көмекші сөздердің түрлері.
Көмекші есім. Көмекші есімдердің мағынасы.
Көмекші етістік. Көмекші етістіктің түрлері. Көмекші етістіктің сөйлемде негізгі етістікпен тіркесіп жұмсалатындығы.
Шылау. Шылаудың өз алдына сөз табы екендігі. Шылаудың көмекшілік сипаты және басқа көмекші сөздерден айырмашылығы мен ұқсастығы, жалпы қызметі жайында түсінік қалыптастыру.

Тіл мәдениеті ( 4)

Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті.Жұрт алдында сөйлеудің түрлері: мұғалімдердің, оқушылардың , баяндамашылардың, дикторлардың сөйлеу ерекшеліктері, ауызша тілдің жазба тілден айырмашылықтары. Жұрт алдында айтылатын ауызша сөздің жазба сөзге қарағанда құрылысы жағынан ықшам келетіндігі. Қаратпа, қыстырма, одағай сөздердің жиі қолданылатындығы. Жазба тілде қойылатын тыныс белгілер.
Жазудың маңызы.Сөзді дұрыс жазу мәдениеті. Орфографиялық нормадан ауытқуға болмайтындығы, оны сақтаудың міндеттілігн түсіндіру.

Қорытынды сабақ -1

Пәнді оқыту үшін тақырыптарды оқып,талдауға-62сағат ,шығармашылық жұмыстарға-3сағат, талдау жұмыстарына -3 сағат.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Н.Оралбаева «Практикалық қазақ тілі»

2. Ғ. Қалиев «Қазіргі қазақ тілі»

3. Н.Оразақынова «Сатылай кешенді талдау»

4. Ғ.Қалиев,Н.Оралбаева Қазіргі қазақ тілінің жаттығулар жинағы



Күнтізбелік жоспар

(қазақ тілі пәнінен тереңдетілген сыныпқа арналған)

6-сынып. Аптасына -2 сағат, Барлығы -68 сағат


Р/с

Тақырыбы

Сағаты

Күні

І тоқсан (сағат)

1

Кіріспе. Қазақ тілінің қоғамдық рөлі

1



Әдеби тіл және мәтін (5сағат)



2

Қазақ тілінің әдеби тіл ретіндегі қызметі

1


3

Әдеби тілдің нормалары. Орфографиялық және орфоэпиялық нормалар.

1


4

Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрлерінде әдеби тіл нормаларын сақтаудың маңызы.

1


5

Мәтін.Ауызша әдеби тілге қатысты мәтіндердің үлгілері.

1


6

Жазба әдеби тілдік мәтіндер.Олардың түрлері.

1


7

Шығармашылық жұмыс.(түрлі тақырыптарда мәтін құрау)

1



Сөзжасам. ( 8сағат)



8

Сөз тұлғасы және емлесі.

1


9

Жалаң,дара сөздердің мағыналық өзгеру жолдары

1


10

Түбір сөздердің сөздік қормен байланысы.

1


11

Қосымшаның түрлері,қызметтері.

1


12

Дара және күрделі сөздер. Күрделі сөздердің ортақ белгілері мен айырмашылықтары.

1


13

Біріккен сөздердің жасалу жолдары.

1


14

Қос сөздер,жасалу жолдары.Тіркескен күрделі сөздер.

1


15

Қысқарған сөздер,жасалу жолдары.

1


16

Талдау жұмыстары

1



Морфология (43сағат)



17

Морфология- тіл білімінің бір саласы

1


18

Сөздің түрлері.Атауыш сөздер

1


19

Көмекші сөздер, анықтамасы, негізгі белгілері.

1


20

Сөз таптары.Зат есім,оың түрлері.

1


21

Сын есім,ддара және күрделі сын есімдер.

1


22

Сапалық және қатыстық сын есімдер.

1


23

Сан есім,оның түрлері.

1


24

Есептік және реттік сан есім.

1


25

Жинақтық және топтық сан есім.

1


26

Болжалдық және бөлшектік сан есім.

1


27

Есімдік туралы түсінік.

1


28

Есімдіктің түрлері.Жіктеу есімдігі.

1


29

Сілтеу және сұрау есімдіктері.

1


30

Өздік және жалпылау есімдіктері.

1


31

Белгісіздік және болымсыздық есімдіктері.

1


32

Есімдіктердің құрамдық ,тұлғалық ерекшеліктері.

1


33

Шығармашылық жұмыс

1


34

Етістік,оның мағыналық топтары.

1


35

Болымды және болымсыз етістіктер

1


36

Салт және сабақты етістіктер

1


37

Етістіктің түрлері.Етістер.

1


38

Етістің түрлері,ортақ етіс.

1


39

Өзгелік етіс, ырықсыз етіс, Өзгелік етіс,

1


40

Есімше.

1


41

Есімшенің түрлері

1


42

Көсемше туралы түсінік

1


43

Көсемшенің жасалу жолдары

1


44

Тұйық етістік

1


45

Талдау жұмысы

1


46

Үстеу.Дара және күрделі үстеулер

1


47

Үстеудің мағыналық түрлері.Мезгіл үстеу

1


48

Мекен үстеу,қимыл-сын үстеу

1


49

Күшейту үстеу,мақсат үстеу

1


50

Себеп-салдар, топтау үстеу

1


51

Еліктеуіш сөз,оның құрамы .

1


52

Еліктеуіш сөздің жасалу жолдары

1


53

Шылау, оның көмекші сипаты

1


54

Шылаулардың түрлері.Жалғаулық шылау

1


55

Септеулік және демеулік шылау

1


56

Көмекші есім, оның мағынасы

1


57

Көмекші есім, оның мағынасы

1


58

Талдау жұмыстары

1


59

Көмекші етістік, оның түрлері

1


60

Одағай туралы түсінік

1


61

Одағайдың түрлері,Көңіл-күй одағайы

1


62

Ишарат және шақыру одағайлары.Одағайдың емлесі

1



Тіл мәдениеті (4 сағат)



63

Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті

1


64

Жұрт алдында сөйлеудің түрлері

1


65

Жазудың маңызы

1


66

Жазба тілде қойылатын тыныс белгілер

1


67

Шығармашылық жұмыс

1


68

Қорытынды қайталау

1



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!