Материалдар / Қазақ тілі сабағында айтылым дағдысын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі сабағында айтылым дағдысын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі сабағында тиімді әдіс-тәсілдермен айтылым дағдысын қалыптастырудың әдістемелік жолдарын көрсету. Оқушыларды оқытуда белсенді әрі тиімді әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы өмірге қажетті дағдыларды дамытуға болады. Әр түрлі дағдыларды қалыптастырып дамыту ғана емес, сонымен қатар оқуға деген қызығушылығын арттыру, жеке және топпен жұмыс жасай отыра қарым-қатынас жасау, қадамдарды ой-елегінен өткізе отыра білім алу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2020
12162
38 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

















«Қазақ тілі сабағында айтылым дағдысын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері»

Шоханаева Айгуль Бакытовна

Атырау қаласы, №38 мектеп-лицейі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

































Мазмұны:

І. Кіріспе. Айтылым дағдысы туралы бірер сөз...................................................4

ІІ. Оқытудың негізгі белсенді әдіс-тәсілдері........................................................5

ІІІ. Қазақ тілі сабағында айтылым дағдысын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері....................................................................................................................6

IV. Қорытынды......................................................................................................10

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................12











































Зерттеу өзектілігі: қазақ тілі сабағында тиімді әдіс-тәсілдермен айтылым дағдысын қалыптастырудың әдістемелік жолдарын көрсету. Оқушыларды оқытуда белсенді әрі тиімді әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы өмірге қажетті дағдыларды дамытуға болады. Әр түрлі дағдыларды қалыптастырып дамыту ғана емес, сонымен қатар оқуға деген қызығушылығын арттыру, жеке және топпен жұмыс жасай отыра қарым-қатынас жасау, қадамдарды ой-елегінен өткізе отыра білім алу.



Зерттеу мақсаты: айтылым кезіндегі қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін жетілдіру; оқушыға өз ойын еркін жеткізе білумен қатар, пікірін, көзқарасын білдіруге дағдыландыру; қалыптасқан тілдік дағдыларды өмірде қолдана білуге үйрету; оқушыны тілдік білім негізінде түсінікті, сауатты сөйлеуге үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту.

Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Ал ақпаратты оқушыға дайын (өңделген) күйінде бере салуы, оқушының пәнді оқуда білімді жай ғана «қағып алуға» бағдарлануы қазіргі кезде білім беру ісінің жаңа сапалы деңгейге көтерілуіне кедергі келтіреді. Сондықтан, қазіргі мұғалімнің міндеті – ақпаратты айтып беру емес, берген ақпаратты өз бетінше ұтымды игеруі үшін оқушыларды қажет әдіс-тәсілдермен жарақтандыру болып табылады. [1]



















«Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз»

Сенека

Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетамының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселердің бірі.

Тіл – адам баласын қазіргі өркениетке жеткізген ұлы күш. Ол қоғам тарихының барлық дәуірінде де оның күресі мен дамуының құралы, рухани өмірінің, бүкіл мәдениетінің тұтқасы болып келеді. Осы себептерден де сөйлеу процесінде жетілу, тілді дұрыс және шебер де тартымды пайдалана білу талабы көне замандардың өзінде – ақ басталған.

Қазіргі заманғы көптеген жаңа тәсілдер ақпараттық-үдерістік модельге негізделеді. Левелт (1989) төрт үдерісті ұсынады: тұжырымдау (мәтінді жоспарлау), қалыптастыру (мәтін құру), артикуляция (мәтінді айту) және өзін-өзі бақылау (қателерді тауып, өз бетінше түзету). Оқушыны сөйлетудің алуан түрлі мақсаттары бар, айталық, қатысу (араласу) үшін сөйлеу, түсіндіру үшін сөйлеу, өз білімін байқату үшін сөйлеу, бағамдау үшін сөйлеу. Әр мақсат барлық төрт үдерістің болуын көздейді. Алайда әрбір кезеңге жұмсалған уақыт ерекшеленетін болады.

Айтылым оның кімге арналғанына, мақсаты мен мәнмәтінге тығыз байланысты: бір мезгілде көптеген адам ауызша қарым-қатынасқа түсе алады немесе оның барысына ықпал ете алады. Жазылым тіліне қарағанда, айтылым тілінде грамматика толық сақталмайды, шаблонды фразалар мен қайталамалар жиі қолданылады. Соның нәтижесінде тыңдаушылар нашар жазылған мәтінге қарағанда, мардымсыз, сапасы нашар сөзге анағұрлым төзімді қарайды. Принг (2007) мұғалімдер оқыту мен оқытудың барлық аспектілері бойынша оқушының сөйлегенінің маңызын мойындағанын қалайды, өйткені танымдық тұрғыдан қалыптасу барысындағы оқушылар үшін оның қалай жүретінін білген пайдалы.

Соған қарамастан, Дэвис (1996) сыныпта тиімді және нысаналы әңгіме жүргізу мұғалімдерге әдетте қиынға түсіп жататынын анықтады. Басқа дағдылар сияқты, айтылым дағдысына үйрету де жоспарлы түрде жүргізіліп, оған қолдау көрсетіліп, лайықты түрде бағамдалуы керек. [2]

Айтылым дағдысын қалыптастыру дегеніміз – оқушылардың сөз мәдениетін, сөйлеу әдебін қалыптастыру, өз ойын дұрыс, нақты және толық жеткізе білуге машықтандыру болып табылады. Тілді жетік меңгерген және оны орынды қолданатын оқушы кез келген ортада коммуникативтік қатынасқа түсе алады. Сонымен қатар, сабақта алған білімі мен білігін, дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында қолдана алуы тиіс.





.

Әдіс-тәсілдердің қолдану аясы

Түрлері

Жағымды ахуал орнатуға және топқа бөлуге арналған ойындар

Айдаһар

Айна

Атмосфера орнату

Бұл кім?

Есімдер арқылы топқа бөлу

Бір қадам алға...

Туған ай немесе күндерімен шағын топқа бөлу

Сабақты бастауға арналған идеялар

Айқын мақсат қоя отырып

Артығын алып таста

Сөзді тап

Суреттер: Не болды?

Ми шабуылы, ми штурмы («Дельфи» әдісі)

Қазына іздеу жолында

Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай болады?

Талқылауға арналған оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері

Аквариум

Алфавит

Ашық және Жабық сұрақтар

Блиц-кездесу

Блум түймедағы

Бірге ойлаймыз

Былғары қолғап

Гауһарлар иерархиясы

Ғажайып көрме

Дауыстап айтылатын ой

ДЖИГСО

Дизайн

Дұрыс емес пікір

Егер..., онда не болар еді?

Елестету көрінісі

Еркін пікір

Жаңалық ашамыз

Шеринг

Қалыптастырушы бағалау әдістері мен тәсілдері

Бағдаршам

Бас бармақ

Допты лақтыру

Егер 5 минутыңыз болса...

Екі жұлдыз, бір ұсыныс

Stop-кадр

Сабақты бекітуге (қорытындылауға) және кері байланысқа арналған идеялар мен әдістер

Айтарым бар

Аяқталмаған сөйлем

БББ

Бес саусақ

Бес жол өлең (Синквейн)

Бір сөйлеммен түйіндеу

Жетістік баспалдағы

Желпуіш

Медаль және миссия

ПТМС-формула

Ойлау пирамидасы

Өрмекші

Сұрақ-жауап

Сұрақ ілмегі

Төрт сөйлем

Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі


Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Қазақ халқының біртуар перзенті, ғалым А.Байтұрсынов: «Әдіс – келешектен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай»-деген екен.

Жаңа технологияны пайдалану, оларды жинау, зерттеу соның нәтижесінде өз тәжірибесін дамыту – жаңашыл мұғалімнің ісі.

Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту оқушылардың алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Қазіргі заман талабы – жан-жақты дамыған, функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқыту әдістеріне өзгерістер енгізіліп жатыр. Алдымен, тілді үйреніп, сол тілде ойлап, сол тілде сөйлейтін азамат даярлау – басты мақсат. Тілді оқыту оңай іс емес екені айқын. Оқушы сүйсіне отырып, құлшыныспен оқуы үшін тиімді, қызықты, жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану қажет. [3]

  • мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігіне бағыт-бағдар беріп, өздігінен білім алудың жолын көрсетеді;

  • оқушының өзінің біліміне өзі жауапты екенін көрсетіп, өзін-өзі бағалай алуға, сыни тұрғыдан ойланатын әлеуметтенген жеке тұлға болып қалыптасуына жетелейді;

  • оқушылар мұғалімнің қолдауымен емін-еркін қарым-қатынасқа түсіп, алған білімдерін өмірде қолдануға бейімделеді;

  • оқушының өзіне деген сенімділігі оянып, өзіндік көзқарасын білдіре алатын дамыған тұлға қалыптасады.

Айтылым дағдысын дамытуда қолданылған әдіс-тәсілдер – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. [4]

Жас ұрпақты болашаққа дайындауда шығармашылық, сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас және бірлесіп әрекет ету мәселелеріне назар аудару маңызды.

  • Идея тудыру әдістерін кеңінен пайдалану (мысалы, миға шабуыл)

  • Жаңа және құнды идея ұсыну

  • Оның құнын арттыру мақсатында өз идеяларын ұсыну, нақтылау, талдау және бағамдау.

Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолданамын. Атап айтсам, сын тұрғысынан ойлау, тірек- сызба, дамыта оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту т.б. Мен үшін әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді. Өзімнің әрбір сабағымда озық технологияларды пайдалану жақсы нәтижелер бергенін көрудемін. Әр түрлі әдістерді сабағымда қолданып, тиімді – тиімсіз жақтарын зерттеп, ізденіп жүрмін

Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа технологиялардың элементтерін қолдана отырып, айтылым дағдысын дамыту бойынша жұмыс жасауға ерекше көңіл бөлемін. Өйткені, бұл технология баланың жеке мүмкіндігіне, өз ойын еркін айта білуге шығармашылығына бағытталған.

Оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

-тыңдауға, мазмұнын түсінуге түрлі стилдегі мәтіндерді ұсыну;

-мәтінді қайталап тыңдау, негізгі ойды анықтау;

-тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою;

-мәтін бойынша жоспар құру;

-тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;

-мәтіннің мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу

-мәтінді өз қиялымен өзгертіп аяқтау;

-мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді салыстыра талдай алу;

-ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және нәтижесі бойынша ауызша есеп беру.

Қазақ тілі сабағында айтылым бойынша жұмыс түрлерін көбірек ұсыну, ойын түрлерін беру, оны кейін практикалық тұрғыда қолдана білуге үйрету жұмыстары өз нәтижесін беріп келеді.

Өз сабағымда қолданатын тиімді әдіс-тәсілдер:

1.«Көшпелі микрофон» әдісі арқылы интервью жүргізу.

Берілген сұрақтарға жауап алу арқылы тыңдалатын мәтінге болжау жасалғанда немесе тыңдалымнан кейін оқушыларға нақты мазмұнды тексеруге бағытталған сұрақтар қойылғанда өте тиімді келеді. Бұл әдісті тек сабақ үстінде ғана емес, үй тапсырмасы кезінде де қолдануға болады. Аталған әдісті оқушыларым шығармашылық жоба құрастыруда пайдаланды. Мысалы, белгілі бір тақырып бойынша оқушылар (топқа бөлініп) бірнеше сұрақтар дайындайды. Дайындалған сұрақтармен қала тұрғындарынан ұялы телефон арқылы интервью алады. Әр топ интервью алғаннан кейін келесі сабаққа бейнеролик пен слайдқа жасаған сараптамаларын әкеліп, жұмыстарын қорғайды.

2. «Көрме» («Галереяны шарлау» әдісі Саймон Браунхилл ұқсас келеді) Талқыланған мәселе, дайындалған постер бойынша қорытынды жұмыс немесе өнімді ұсыну арқылы өз жұмысын ұсыну, идеяларын қорғау, ерекше идеялар ұсыну. Қабырғаға дайындалған постер ілінеді. Топтар кабинет ішінде қозғалысқа түсіп, көрмеге барады. Қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды. Көрме аяқталған соң, топтар жұмыстарды талқылайды. Бір-біріне сұрақтар қойып, пікірлерін тыңдап, қорытынды жасайды.

3. «Блум түймедағы» Блум түймедағының алты күлтесі – сұрақтар типінің алты түрі

1. Қарапайым сұрақтар. Оларға жауап бере отырып, болған жайттар туралы әңгімелеп беруге болады.

2. Анықтаушы сұрақтар. Әдетте «Сонда сіз солай демекшісіз ғой..?», «Менің түсінуімше, сіз...», «Менің қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше, сіз былай айтқан сияқты болдыңыз...» деген сұрақтар болады. Бұл сұрақтар анықтау мақсатында жайдары көңілмен берілуі керек.

3. Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ. «Неліктен жапырақтар күз мезгілінде сарғаяды?»- деген сұрақтың жауабын оқушылар білетін болса, ол сұрақ жай сұраққа айналады.

4. Шығармашылық сұрақтар. «егер», «болса», «қалай болар еді» деген сияқты сөздермен келеді.

5. Бағалау сұрақтары. «Неліктен бұл жақсы, басқасы жаман деген баға алды?», «Бір нәрсе екінші нәрседен несімен ерекшеленеді?» деген сұрақтар бағалау критерийлерін түсіндіруге бағытталған

6. Тәжірибелік сұрақтар. «Күнделікті өмірде қай жерде байқайсыз?», «Сіз қалай істер едіңіз?» деген сипаттағы сұрақтар теория мен практиканы ұштастырады. Сұрақтар түрі, сұрақтар ерекшелігі, мысалдар. Олар не үшін қажет? Қарапайым «Не?...» , «Қашан?...», «Қайда?...», «Қалай?...» сұраулы сөйлемдерден басталады. Белгілі бір ақпаратты, мәліметті еске түсіру, анықтау үшін нақтылайтын «Яғни сен... деп айтып тұрсың ғой?», « Егер мен дұрыс түсінсем,...?», «Мен қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше, сендер... деп айттыңдар?» Хабарламада айтылмаған, бірақ соған меңзеп тұрған мәліметті алу үшін түсіндірмелі «Неліктен?...» сұрауынан басталады. Себеп-салдарлық байланыстарды орнату үшін шығармашылық «Егер де...» шартты рай шылауының қатысуымен жасалады; «Егер де... не болады?», «Қалай ойлайсыңдар, егер де... қалай дамыр еді?» Болжам жасау үшін, мәселені жан-жақты қатыстыру үшін бағалаушы «Неліктен бір нәрсе жақсы, енді бір нәрсе жаман?», «Бір сабақтың екінші бір сабақтан айырмашылығы қандай?» Оқиғалар, фактілер мен құбылыстарды бағалау, критерийлерін анықтау үшін қолданбалы «...қалай қолдануға болады?», «...не жасауға болады?», «Өмірде қай жерде кездестірер едіңдер?» теория мен практиканы орнату үшін қолданылады.

4. «Әңгімелесетін әріптестер» Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:

* жаңа оқылған 3 факті туралы;

* оларға жеңіл болып көрінгендер туралы;

* оларға қиын болып көрінгендер туралы;

* алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.

5. «Мықты топ» Ең алдымен, ойынның басында топ басшылары анықталады. Олар өздеріне топ құрады. Ойынға қатысушылар топтары бойынша парта басына отырады. Бір топ тақта жанында қалады. Басқа топтардың өкілдері оларға оқылған тақырыптары бойынша сұрақтар қояды. Топтың сұрақтары өз ішінде талдауға 20 секунд беріледі. Содан кейін бір оқушы жауап береді (кезекпен). Жеңімпаз топ дұрыс жауаптар мөлшерімен анықталады.

6. «Еркін пікір» Пікірталастар ұйымдастыру, баяндамалар жасау, реферат, шағын ғылыми жұмыстарды қорғау – оқушының білім қорын, іздесін көрсетумен қатар, сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін меңгеруіне қызмет етеді.

7. «Жұмбақ зат» Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттыру. Ойынның шарты: оқушылардың алдына ыдысқа немесе қорапшаға салынып бір зат әкелінеді. Сол затты мұғалім жауабын айтпай сөзбен сипаттайды. Оқушылар шешімін табуы қажет. «Жұппен жұмыс» немесе «Топпен жұмыс» түрінде өткізуге болады. Бұл жұмыс түрінің мақсаты – балаларды басқа адамды естуге, тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға, дәлелдеуге, басқаның пікірімен санасуға мүмкіндік береді.

8. «Егер..., онда не болар еді?» Оқушылардың бірі жүйрік қиял мен бір ситуайия айтады, қалғандары соның шешімін тауып жалғастыру керек. Мысалы, «Егер әрбір адам дүниеге келе сала басқалардың ойын оқи алатын болса, онда Жер бетінде не өзгеріс болар еді.?», «Егер жердің тартылыс күші жоғалып кетсе, онда...», «Егер барлық адам сөйлеу қабілетінен айырылып қалса, онда...» Бұл тәсіл оқушылардың қиялын дамытып, мидың ойлау белсенділігін арттырып, сөйлеу әрекеттері шыңдала түседі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!