Қазақ тілі сабағында жиындық бағалау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі сабағында жиындық бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі күні Қазақстандық білім беру жүйесіне сындарлы оқыту теориясының енгізілуі- игілікті істердің бірі болуда.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі сабағында жиындық бағалау әдісінің тиімділігі




Бүгінгі күні Қазақстандық білім беру жүйесіне сындарлы оқыту теориясының енгізілуі- игілікті істердің бірі болуда.

« Ұстаз үздіксіз ізденгендә ғана шәкірт жанына нұр құя алады»-деп педагог-жазушы А.Байтұрсынов айтқандай, мұғалім үнемі ізденіс үстінде болып, өз кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында курс кезінде және курстан кейінгі уақытта да даму жұмыстарының көшбасшысы болуда. Жеке тұлға тәрбиелеуде тіл құзыреттілігінің маңызы ереше екені белгілі.Әлеуметтік топтарда, қоғамдық түрлі әлеуметтік орындарда тұлғалармен қарым-қатынас жасауды және әрекет етуді қамтамасыз ететін ана тілін және басқа тілдерді меңгеру-заман талабы.Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау-оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі.Бұл белсенді қатысушы бола алады.Дәстүрлі бағалауда оқушының жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді.Мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қоятын.Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмейтін.Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын,келесі сабақтарға қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады.Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады.Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден оқушының қызығушылығы артады, екіншіден мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі де мүмкін.Көптеген мектептерде төрт баллдық жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлік жүйесі сақталып келеді: - ( «қанағаттанарлықсыз»), 3 («қанағаттанарлық»), 4 («жақсы»), 5 («өте жақсы»). Теория жүзінде 1 (бірлік) баллы бар болғанымен, тәжірбие жүзінде тіпті қолданылмайды. Баға әр уақытта субъективті.Бағалаудың бұл түрі мұғалімнің толық билігіндегі құралы болып табылып, білім беруде авторитарлық әдіс қолданылады.Осыған орай, мұғалім талассыз бедел мен ақиқат иесі болып табылмақ.Алайда бұл іс жүзінде шындыққа сай келе бермейді.Бес баллдық бағалау шкаласы басқа да таза нормативтік бағалау құралы сияқты дәлдігі жетіспейтін құрал ретінде ұсынылатындығы күмән туғызбайды.

Жоғарыда аталған кемшіліктерді болдыртпау үшін, бүгінгі күнде халықаралық деңгейде бағалаудың жаңа түрлері анықталды.Негізінен бағалаудың екі түрі көрсетілген: оқыту үшінбағалау (формативті) және оқу үшін бағалау (суммативті).Тағы бағалаудың ішкі,сыртқы және мұғалімнің бағалауы сияқты түрлері кең тараған.

Оқыту үшін бағалау-бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшіноқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.Оқыту үшін бағалауда оқушылар өздерін-өздері, сыныптастар бір-бірін, критериялы бағалау арқылы жүргізіледі.Өзін-өзі бағалау нәтижесін мұғалім бақылау арқылы жиындық баға ретінде оқу журналына баға қояды.Оқуды бағалаудың мақсаты,керсінше,оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2021
405
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі