Материалдар / ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА КОММУНИКАТИВТІК ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА КОММУНИКАТИВТІК ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ.

Материал туралы қысқаша түсінік
аталған баяндамада қазақ тілі сабағында коммуникативтік оқыту арқылы тілідік дағдыларын дамыту жолдары көрсетілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
872
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше құрал. Сондықтан да біз оны халықтар арасындағы достықтың бастауы, олардың ынтымақтастығы мен береке–бірлігінің тірегі ретінде қастертұтамыз».
Н. Ә. Назарбаев
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА КОММУНИКАТИВТІК ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ.

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі – елімізді мекендеген өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді игеруі.Әлеуметтік сұранысқа негізделген мемлекеттік қажеттілікті нысана еткен,оқыту жүйесіндегі қазақ тілінен берілетін білім нәтиже бергенде алға басады.

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты, базистік оқу жоспары, тілді оқыту тұжырымдамасы және мемлекеттік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.

Өзге тілді мектептердегі қазақ тілі мемлекеттік білім стандарттарына сай жалпы білім беретін мектептің үш сатысында да міндетті пән деп саналады. Әр саты бойынша дайындалған оқу бағдарламаларында қазақ тілінен берілетін білім мазмұны мына ұстанымдар негізінде құрастырылған:

1. Тақырыптық ұстаным.

Бұл жерде қазақ тілін практикалық бағытта оқыту көзделеді. Барлық грамматикалық формалар сөйлеу моделі арқылы диалогтік, монологтік сөйлеу түрінде лексикалық тақырыптар арқылы практикалық жолмен меңгеріледі.

2. Жүйелілік ұстаным.

Дидактикалық ұстаным бойынша тілдік материалдар жүйелілік ұстанымға негізделе құралып, жеңілден ауырға қарай күнделікті қарым-қатынас жасау мақсатында сөйлеу тіліне қарай іріктеліп беріледі.

3. Оқушының ана тілін негізге алу мақсатында коммуникативтік қарым-қатынас жасауда баланың ана тіліндегі білім мен сөйлеу дәрежесі негізге алынады.

4.Қызметтік ұстаным. Бұл ұстаным бойынша қазақ тілін функционалдық дәрежеде меңгеруде қандай грамматикалық формаларды меңгеруге болады деген мәселе ескеріледі.

Осы ұстанымдарды тірек ете отыра, бағдарламада оқушы сөйлеп үйренуүшін қандай грамматикалық формаларды меңгеруге білуге тиіс және оған қажетті лексикалық, грамматикалық минимумдар жүйесін жасау, сөйлеу моделдерін беру, тағы басқа мәселелер ескеріліп, әр сыныпта оқылатын материалдар оқушының сөйлеу, ойлау қабілеті мен тілін дамытуға бағытталады.

Коммуникативтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатыны, белгілі бір тілде сөйлеу мән ерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілдік қарым – қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі.

Коммуникативтік стратегияға кіретін моменттер:

Әңгімелесушінің зейін қойып тыңдауын қадағалау;

«Бәрі түсінікті» деген сигналы арқылы толық түсінуді қамтамасыз ету;

«Мен дұрыс түсіндім» сигналы арқылы әңгімелесушінің толық түсінігін қамтамасыз ету;

Сөз жетіспеушілігін сөз тіркестері мен түсініктемелер, аудару арқылы шешу;

грамматика жетіспеушлігікті сөз құрылымын қысқарту немесе ауыстыру, ана тілінің элементін фразалық құрылымын көшіру, қате кеткен жағдайда өзін-өзі түзеу.

Коммуникативті койлау іс-әрекетіне дайын болатын когнитивтік құзырлық коммуникативтік құзырлықтың керекті компоненті болып табылады. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тіл-ойлау қабілетін дамытатын жағдайлар:

Мәтінмен жұмыс; мәселемен жұмыс;

Ойын жұмыстары; электрондық оқулықтармен жұмыс.

Ойлау – сөйлеуді керек ететін кез келген жағдайда үш компонент өзара байланысады: шешілетін мәселе, білімдердің барлығы, зерттеу.

Коммуникативтік оқыту тілдік әрекетінің барлық түрінде қалыптасады – тыңдауда, сөйлеуде, оқығанда, жазғанда. Жалпы барлық лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттерде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастырады: сөйлеу, оқу жазу, түсіну.

Коммуникативтік оқыту: ОҚУ, СӨЙЛЕУ, ТЫҢДАУ, ЖАЗУ – ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас, бір уақытта дамиды. Жоғары айтылғандай коммуникативтік оқытудың сөйлеу әрекетінің барлық түрінде де қажеттілікпен қатысып тұрғаны көрінеді. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым-қатынас жасаушылардың бір-бірін тілдік қабылдауы мен түсінгенін қамтамасыз етеді.

Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың басты мақсаттары – оқушылардың дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастырып, мемлекеттік тілді әр түрлі жаңа технологиялар арқылы игерту. Қазақ тілі мұғалімінің негізгі міндеті – қазақ тілі сабақтарын мазмұны мен форма жағынан қызықты, тиімді өткізу. Қазақ тілі сабақтарын тиімді өту мақсатында коммуникативтік оқытуды технологиясын қолданамын.

Жаңа білім стандарттарына сай, мынадай талаптарға сүйеніп жұмыс істеу керек деп ойлаймын :

сөйлемдерді қолданып сұхбат жүргізу;

мектепте және өзін қоршаған ортаны танып білу;

оқушыларды қазақ тілінде сөйлеуге үйрету, дағдыландыру;

синтаксистік сөйлемдерді құрастыра білу.

Бұл талаптарға сүйеніп жұмыс істеу үшін әр түрлі сабақ түрлерін өткізу керек. Сабаққа дайындалған уақытта формаларды (ұжымдық, топтықт.б.) іріктеп алу қажет. Көрсетілген формалар арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру үшін түрлі белсенді тапсырмалар енгізу қажет. Пәннің мазмұны, яғни сабақтың дидактикалық элементтерінің жүйесі: сөйлеу, оны тыңдау, сөйлем құрау, аудару, оқу, жазу құралу керек.

І. Тіл материалдары (фонетика, лексика, грамматика) үш бағытқа бөлінеді:

Лексикалық бағыт – айтылуын меңгеріп, мағынасын кездесетін жағдайлар арқылы тілді тез игеру.

Фонетикалық бағыт – дыбыстың айтылуы мен жазылуын меңгеру. Әрсыныпта қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталап, сипаттап, сол әріп бар сөздерді қайталап, әр сабақта бір дыбысқа тиянақтапт оқытуқажет.

Грамматикалық бағыт–оқушылардың ерекшелігіне сай сурет бойынша жұмыс, мазмұнын айту, сөйлем құрастыру.

ІІ. Этно мәдениет материалдары – тіл мәдениеті, ұлтты қойындар, тағамдар, ән күй, үй жабдықтары туралы әңігмелеу.

Жеңілден ауырға принципі бойынша жүзеге асады. Айтылған технологияларды 5-11 сыныптарда қолданамын.

Әр жаңа тақырып бойынша мәтінді меңгеру кезінде балалар топқа бөлініп, әрбіріне бес міндет беріледі:

Мәнерлеп оқу

Түсіну

Сұрақтар қою немесе диалог құрау

Сызба арқылы өз ойларын айту

Грамматика

Мысалы, 5 сыныпта «Мектеп спортзалы» мәтінін меңгеру кезінде балалар топ ішінде бес міндетті бөлісіп алады. Грамматикалық тақырып: «Демеуліктер». Дайындыққа 10 минут беріледі.

Уақыт өткеннен кейін 1 оқушы мәтінді мәнерлеп оқиды, екіншісі – мәтін бойынша түсінгенін айтады, үшіншісі – мәтін бойынша сұрақтар қояды, топ ішіндегі оқушылар оларға жауап береді немесе екі оқушы диалог құрайды, келесі оқушы мәтін бойынша сызба құрайды, мысалы: соңғысы – төл сөздің ережесін айтып мысал келтіреді. Сөйтіп топтағы әрбіроқушы қамтылып, сабаққа белсенді қатысады.

Осы уақыт ішінде мен оқушыларды келесі кесте бойынша қадағаладым:

Диалог құрау

Монолог

Оқу техникасы

Бақылау

жұмыстары

Мотивация

(психологтар зерттеуі бойынша)

Қорытып айтқанда, коммуникативтік оқыту арқылы оқушылардың танымдылық қабілеттері, танымды қүрдістері дамып, сөздік қоры молаяды, оқыту да жағымды әрекет қалыптасады. Бұның бәрі дамығаннан кейін оқушының қиялы мен ойлауы, есі мен қабылдауы, зейіні дамып қалыптасады. Танымдыққа білеттер, танымды қүрдістер әрбір технология барысында дамиды. Ал қажеттелікті қанағаттандыру әр түрлі әлеуметтік жағдайларда бағыт-бағдарды жоғалтпау, адамдардың эмоционалдық жағдайлары мен жеке тұлғаның ерекшеліктері, олармен қарым-қатынастың теңбе-тең түрлерін таңдау, өзара іс- әрекен түрдісінде сол түрлерін іске асыру, зейіндерін қадағалау және айқындау, көпшілік алдындағы жағдайларда іс-қимылын білу, өзіне зейін аударту, психологиялық қатынас орнату, сөйлеу мәдениеті дамиды. Ал сөздік қорының дамуы мәтінмен жұмыс істегенде, белгілі бір мәселені шешкенде дамиды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Пассов Е.И. " Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению". М.,1977

2. Пассов Е.И. " Основы методики обучения иностранным языкам". М., 1977

3.Әрінова Б.А. Озық технологияларды қолданудың коммуникативтік компетенция қалыптастырудағы орны. «Қазақ тілі Қазақстан мектебінде», 2008, № 1, 11-13 б.

4.Ерназарова З.Ш. Саналы коммуникативті оқыту әдісі. «Қазақ тілі: әдістеме» 2007, № 4, 20-23 б.

5.Қасбаева Г.С. Мемлекеттік тілді коммуникативтік бағытта оқыту жолдары «Қазақ тілі Қазақстан мектебінде» 2008, № 5, 17-22 б.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!