Материалдар / "ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ" баяндама
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ" баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі пән ұстаздарына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Шілде 2018
3205
12 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ «Үлгілі» орта мектебіҚазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Э.Е.АКТАЕВА "Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы"  А. Байтұрсынов.   Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде. Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау  жүйесі бойынша сараптау. Сонымен қатар оқушылардың оқуға мүмкіндіктерін арттыруда критериалды бағалау да тиімді. Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.           Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.            Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.            Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
  • Мектепте оқыту сапасын жоғарылату;
  • Мектеп  бітірушілердің білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
  • Сабақтың әр  бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
  • Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
  • Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
  • Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;
  • Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының  әділдігіне көзін жеткізуге;
  • Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
  • Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге
Критериалды бағалаудың маңызы:Мұғалімдер үшін:
  • Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
  • Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;
  • Сабақ берудің сапасын арттыруға;
  • Оқушының жеке  ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;
  • Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
  • Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге
Оқушылар үшін:
  • Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
  • Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
  • Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
  • Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге
Ата-аналар үшін:
  • Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
  • Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
  • Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі: 
  •  Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;
  •  Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға мүмкіндік береді;
  • Ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі; 
            Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар, IT-технологияларды қолдану дағдылары. Критерийдің мазмұны:Бағалау критерийлері - оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі (сипаттама).Дескриптор - жетістік деңгейінің сипаттамасы 
Критерийлер Дескрипторлар( түйінді сөз) 
АБілу және түсіну Жекелеген  сыныптар  мен пәндер  көлемінде  оқу бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және  сипаттамаларды  білу және  жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу
ВҚолдану Бұрын алған ақпараттар  мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда қолдану, пайдалануБілгенін, түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету.Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: Стратегияның арнайы белгілер арқылы мәтінмен жұмыс істейді. Жұптық жұмыс жүргізіледі. Топта талқылап бір келісім шығарады.мәселені шешу  және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады
ССыни ойлау және зерттеу Білім  көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау  арқылы  пікірлер  қалыптастыру. Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар  мен нәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігін көрсету. Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және деректерді пайдалану арқылы  зерттеп, бағалап, өз бетімен қорытынды жасау. Оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін жасалған қорытынды жайында ой қозғау қабілеттілігін көрсету.
D Коммуникация және рефлексия  Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар, фактілер  мен     ойларын, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін, басқа адамдардың көзқарасын  қабылдай отырып, өз көзқарасын   түсіндіру арқылы ортақ ойға  келу. Айтылған  ойларды, пікірлерді, оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс-әрекет жасау.
             Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік  қабілетінің дамуына ықпал етеді.Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған  болса, жиынтық бағалау мақсатты баға  қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет.             Жалпы қалыптастырушы бағалау  сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс. Қалыптастырушы бағалаудың (оқыту үшін бағалау)  маңызы – білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту, мақсаты–оқытудың қиындықтарын анықтау,оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін білу,болжау мен сұрыптау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс. Бағалаудың мәні – бақылау, алынған мәліметтердің интерпретациясы, бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау. Ол оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын  жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыру. Жиынтық бақылау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Қалыптастырушы  бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында , сабақтың ортасында , сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі.Уақыт көлемі  тапсырма деңгейіне сәйкес  5-10 минут  болуы мүмкін. Сабақ барысында  қалыптастырушы бағалаудың  формальді, формальді емес  әдістерін тиімді әрі жүйелі  қолдану қажет. Қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасау, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі формативті (ағымдық) бағалау (ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.  Мәселен,4-сынып бойынша қазақ тілі сабағында «Думан» ойын – сауық орталығында» тақырыбын өту кезеңінде оқушылардың білім деңгейін бақылау мақсатында алынған қалыптастырушы бағалау критерийін қолдандым:
  Тапсырма: Мәтін бойынша өз көзқарастарын тұжырымдау
Оқу мақсатыКритерийлерДескрипторларЖеттіТалпынадыҚорытынды
  ОМ1  В«Сұрақ бізден, жауап сізден»Интербелсенді тақта арқылы қосымша мәлімет   
   ОМ2   СИнсерт» стратегиясының арнайы белгілері арқылы мәтінмен жұмыс істейді,негізгі ойды анықтайды   




Жасырын, ашық тест орындау  

  ОМ3  D«Думан» ойын – сауық орталығы жайлы тың ақпарат бере білу   
4 - сыныптарда қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша тоқсандық баға түрінде және төрт тоқсандағы жылдық баға түрінде көрсетуге болады. Бағалаудың критериалды жүйесі мұғалім мен оқушыға кері байланысты ұстануға жол береді, өйткені оқушы оның әрі қарай нені жетілдіру керектігін жақсырақ түсінеді.Оқу жылының басында оқушылар әрбір пәннің бағалау критерийлерімен танысып, хабардар болады. Білім беру жүйесі мақсаттарының бірі – оқушылардың жеке қабілетін дамыту болып табылады.Сондықтан білім берудің сапасын арттыру мақсатында бағалаудың дәстүрлі тәсілдерінен басқа критериалды бағалауды енгізу және дамыту қажет. Әдебиет:1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектебі»ДББҰ,2012.12-б.2.«Педагогикалық диалог» ақпараттық - әдістемелік журнал №2 (8) 2014 ж.3.Мұғалімге арналған нұсқаулық «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» , 55-бет, 107-бет



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!