Материалдар / Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін қолдану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тіліндегі дидактикалық материалдар берілген. Ұстаздарға арналған таптырмас құрал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Сәуір 2018
359
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

  1. 1 Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеудің мектептегі педагогикалық
    үдерістің орны


Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудың стратегиялық басымдықтарын белгілеу, болашақ мамандардың іргелі пәндік білім алуларына, кәсіптік шығармашылығын дамытуға, оны ұйымдастыра білуге дайындау, өздігімен білім алу қажеттіліктерін қалыптастыруға бағытталуы тиіс екендігі айтылып көрсетілген [1].

Мұғалімнің даярлығы – қоғам дамуының қай кезеңінде де көкейкестілігін жоймайтын мәселе, өйткені дамудың әр сатысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері өзгеріп, өз кезегінде өскелең ұрпақты қоғамдық өмірге дайындау мәселесінде де жаңа талаптар пайда болып отырады.

Мұның өзі мұғалімге кәсіби білім жүйесіндегі өзгерістерді туындатып, осы мәселеге деген көзқарастарды түрлендіріп отырады. Мұғалімнің мектептегі педагогикалық әрекетіндегі басты сапалардың бірі тәрбие жұмысын ұйымдастыра білуі. Осыған байланысты бастауыш мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруға бастауыш мектеп мұғалімдерді дайындау жолдарын ағартушы, ғалым-педагогтардың көзқарастарының дамуына сай қарастырамыз. Мектептегі тәрбие жұмысындағы басты тұлға сынып жетекшісі болғандықтан, оның қалыптасу тарихына тоқталуды жөн көрдік.

Тәрбие жүйесінде басты орынды сынып жетекшісі атқарады. Қысқаша педагогикалық сөздікте сынып жетекшісі – жалпы білім беретін мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыратын және өткізетін педагог. Бастауыш сыныпта сынып жетекшісінің міндеттерін мұғалім атқарады делінген. Сынып жетекшісі жалпы білім беретін мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, реттеуші және өткізуші [16].

Бастауыш сыныпта сынып жетекшісінің қызметін осы сыныптың мұғалімі атқарады. ХІХ–ХХ ғасырда Ресейде білім беру мекемелерінде балаларды тәрбиелеу ісімен кімдер айналысу керек деген мәселе әр түрлі шешілді. 1813 жылы Білім беру министрлігінің циркуляры оқыту мен тәрбиелеудің
қызметін қатал түрде бөліп берді. Бір тәулік бойында қараушылар өздерінің тәрбиеленушілерімен бірге болып, сабаққа бірге барып, үй тапсырмасын орындауға көмектесіп, бос уақытын бірге өткізіп, пансионаттағы бөлменінің тазалығына көңіл бөліп, тәртібін қадағалады. Қараушылар француз тілін білетін, жоғары адамгершілікті, жақсы әдет-дағдыларды қалыптасқан адамдарды таңдады. 1835 жылы оқушылардың сабақта, көшеде, қоғамдық орындарда мінез-құлқын бақылай алатын сыныптық қараушылар қызметі мектепке енгізілді. Сыныптық қараушылардың білімі бөлмелік қараушылардан біршама төмен болып, тек уездік училище деңгейіндегі білімі жарады. 1871 жылы институт сынып
бастаушысы бір сыныптан бөліп, міндетті оқу жүктемесінен өзінің сыныбынан аптасына 18 сағаттық жүктеме бөлінді. Бұл сыныптың бастаушы оқу мен тәрбие процесіне алғашқы жақындауы еді. Сынып жетекшілері өздерінің істеріне жауапкершілікпен қарай отырып, бірте-бірте беделге және құрметке
ие бола бастайды. Қыздар гимназиясында сынып ханымы деп аталып, орта білімі болмағандықтан тек оқушыларға жетекшілік қызметін атқарды. Қазан революциясынан кейін бастаушы және сынып ханымының жұмыстары қысқартылып, мұғалімнің оқыту және тәрбиелеу міндетіне айналды. 1931 жылы
топ жетекшісі (групповод) қызметін енгізсе, 1934 жылы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде топтап оқыту тәртібін, сыныптық-сабақ жүйесіне көшуге байланысты бір педагогті сабақтан босатып мұғаліммен параллель қызмет ететін топ жетешісі «сынып жетекшісі» деп өзгертілді. Осы жылы РСФСР Халық
ағарту Комиссариты сынып жетекшісі туралы Ережені бекітіп, онда қызметі,
міндеттері, жұмыс мазмұны, формалары, әдістері жаңа сипатқа ие болды. Кейін
сынып жетекшісі пән мұғалім және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын бір сыныпта
жүргізу қажеттілігі бекітіледі. Кеңес өкіметі тұсында мектептегі тәрбие
жұмысы және сынып жетекшісіне қойылатын талаптар бойынша біршама тәжірибе
жинақталған.
1957 жылы Қазақ КСР министрлігінің мектептер басқармасы Класс
жетекшісі туралы, Мектептегі тәрбие жұмысы іс-құжаттар жинағында толық
ашылып көрсетілген. И.Ф.Харламовтың пікірінше, бүгінгі күні баспаларда
мектептегі сынып жетекшісі ескірген, керек емес тәрбие жұмысы оқыту
процесінде шешіледі деген ойлар айтылып жүр[17]. Көптеген педагогикалық
аргументтер сынып жетекшісінің қажет екендігін дәлелдейді. Шет елдерде
Бельгияда сынып жетекшісін мұғалім, Англияда тьютор деп атайды. 1980
жылдардың аяғында әлеуметтік-мәдени басылымдардың өзгерістеріне қарай сынып
жетекшілерінің тәрбиелеу жүйесіндегі, оқушыны тәрбиелеудегі орны мен роліне
аздап өзгерістер әкелді. Оның негізгі ойы тәрбиеленушінің жеке тұлғасы,
оның экологиясы және дамуы болып саналды.
Қазіргі таңда мектеп тәжірибесінде сынып жетекшісінің бірнеше типтері:
– сабақ берумен қатар тәрбие жұмысын атқаратын пән мұғалімі;
– төмен жүктемемен жұмыс істейтін сынып жетекшісін сынып мәткесі, тәлімгер
деп атап жүр;
– көптеген оқу орындарында сынып басшысы, тьютор дене қызмет енгізілген.
Соңғы кездерде Ресейде сынып мұғалімі деп аталып келеді. Бастауыш сыныпта
сынып жетекшісі қызметін жоғарыдағы аталғандардан пән мұғалімі атымен
аталып міндеттері, құқығы, қызметі мектеп жарғысында көрсетілген.
В.Н.Сорока-Росинский мұғалім оқушы тәрізді жеке дара деп қарап, алғаш
рет теоретик-педагог, педагог-реалист, педагог-ултилитарист, педагог-артист
типтерге жіктеген. Я.Корчак мұғалімдер типтерінің жіктемесін ұсынды.
Мұғалім-тиран-тыйымды көп қолданып, орындауды талап етеді. Атаққұмар
мұғалім – әрбір баланы өзінің пікіріне және нормасына бағындырады. Есті
мұғалім – балаларға сүйіспеншілікпен қарайды, олардың жанын және тәрбиелік
және білімдік міндеттерді шешу жолын жете түсінеді.
Педагогика ғылымында мұғалімнің жеке тұлғалық бағыттылығына қарай
ұйымдастырушы, пәндік, коммуникатор, интеллигент типтері қалыптасқан. Соның
ішінде ұйымдастырушы типінің тұлғасының құрылымы талап қойғыш,
ұйымдастырғыш, еркі берік және күш-қуаты жоғары болып келеді. Өзінің жеке
тұлғалық ерекшеліктерін түрлі сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру
барысында көрсете алады. Міне осында мұғалімдердің типтерін болашақ
бастауыш сынып мұғалімін дайындауды ескеру қажет.
И.П.Подласый, Б.Т.Лихачев қазіргі заманның идеалды сынып жетекшісінің
мінез-құлқының 60-тан астам белгілерін бөледі[18]. Бастауыш сынып
оқушыларын тәрбиелеуде болашақ мұғалімге тілектестік, қайырымдылық, өнегелі
тазалық, әділеттілік, адамгершілік, эмпатия, альтуризм, ашық-ақ
жарқындылық, белсенді өмірлік көзқарас тәрізді жеке тұлғалық қасиеттері
қажет.
Қазақстан Республикасы жаңа формациядағы педагогтың үздіксіз
педагогикалық білім концепциясы жобасы қабылданып, гимназияда тәрбиелік
процесс медико-психологиялық педагогикалық, яғни екі оқу -профильдік
кафедрамен (гуманитарлық-эстетикалық цикл мен жаратылыстану-математикалық
циклмен), психологиялық-медициналық қызмет және Сынып жетекшілердің
институты кафедрасымен өтеді. Сынып мұғалімдердің институты қоғамдағы
тәрбиелік жұмыстың орталығы болып табылады. Оның құрамына 5 кафедра
мен лаборатория және сабақта өтілетін модульдік бағдарламалар, жалпы
дамытушылық, яғни сынып сағаттарының және синхронно-модульдік жолмен
ұйымдастырылады. Бір апта бойы 5 модульдік сабақтар өткізіледі.
Үйлесімділік, саясат, этика және эстетика, ақыл-ойды дамыту, әлеуметтік
тұрғыдан өзін-өзі билеу. Жүйелі гимназияның модельдік ұйымдастырушылық
құрылымын екі позицияда қарайды – субъектілік және объектілік.
Субъектілік позиция 5 деңгейде қарастырылады: директордың деңгейі
(басшылық), орынбасарларының деңгейі (стратегиялық деңгейдің бағытталуы),
кафедра меңгерушісінің деңгейі (тактикалық деңгейдің бағытталуы), ғылыми-
педагогикалық басқармасының деңгейі (технологиялық), мұғалімдер деңгейі
және сынып мұғалімдерінің деңгейі, оқушылардың деңгейі. Объектілік
позиция педагогикалық кеңесті, әдістемелік кеңесті, ғылыми-педагогикалық
лабораторияны, орталық ғылыми-әдістемені, медициналық және психологиялық
қызметтерді қарайды.
Оқушылардың тәрбиесі мен дамуына сынып мұғалімінің институты,
яғни сынып мұғалімінен босатылғандар кіреді. СТИ-на қоғамдық ұжымның
тәрбиелік, ұйымдастырушылық, аналитикалық функциялар жатады. СТИ
жалпы дамуына, негізгі бағытталған жұмыстардың бағдарламасына
қарайды. Құрылымдық институтқа негізгі тәрбиелік сферасының 5 модулі
кіреді. Сынып мұғалімдердің жұмыс циклограммалық сәйкестікпен өтіледі.
Мектептің даму тарихын, оқушының потенциалдық талантын мектеп
мұғалімінің ролі көрсетеді.
Сынып жетекші – кәсіби-педагог, сынып ұжымының тәрбиелік
жұмыстарының ұйымдастырушысы. Сынып мұғалімдер гимназиядағы оқушылардың
білім деңгейін, мұғалімдердің сыныптағы психологиялық көзқарасын
жақсартуға, ата-аналардың психология-педагогикалық білімдерін және
баланың әдістемелік отбасысымен сөйлеу мәдениетін ұйымдастырушы.
Сыныптың системамен бірге аудиториялық және аудиториядан тыс оқу
процесі ұйымдастырылады – деп сынып жетекшілерінің ролі және оларға
қойылып отырған талаптар жоғары болып отыр.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық әрекетінің құрылымы
және оны ұйымдастыру қызметі туралы О.С.Богданова[19], Ф.Н.Гоноболин[20],
В.А.Кан-Клик[21], С.В.Кондратьев[22], В.М.Коротов[23], Н.В.Кузьмин[24],
В.С.Кукушин[25] еңбектерінде қарастырылған. В.С.Кукушин педагог-мұғалім,
сынып жетекшісі ұйымдастырушылық ( барлық педагогикалық аспектілер бойынша
жұмыстар өткізу), тәрбиелік (жеке тұлғаны және ұжымды қалыптастыру),
коммуникативтік (қарым-қатынасты ұйымдастыру), реттеушілік (барлық
ықпалдардымен келісу, тәрбие процесіне қатысушылардың арасында келісім,
өзара әрекеті), жөндеу (жеке тұлғаны өзгерту), экологиялық (баланы жағымсыз
әсерден сақтау), әкімшілік (оқушылардың жеке ісіне құжат арнау)[25]. Соның
ішінде И.П.Подласый пікірінше, ұйымдастырушылық қызметі көптеген
зерттеулерде балаларды белгілі жұмыстарға тарту, таңдалған мақсатқа
балалармен ынтымақтастықта жету[18].
Н.В.Кузьмин сынып жетекшісінің гностикалық, жобалау, құрастыру,
ұйымдастырушылық, коммуникативтік функциональдық компонентін жүйелеген.
Ұйымдастырушылық компоненті педагогтың өзінің әрекетін және оқушылардың
белсенділігін ұйымдастырудағы біліктілігінің жүйесі деп анықтама берді.
Барлық компонеттер бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірімен қиылыста
болады[24]. Мәселен, гностикалық компонент, яғни мұғалімнің білімі, өзінің
пәні бойынша білімі ғана емес, педагогикалық коммуникация туралы,
оқушылардың психологиялық ерекшелігі, өзін-өзі тану туралы білім жатады.
Осы компонент пен ұйымдастырушылық компонент байланысты жүзеге асады.
В.А.Кан-Калик психолог ғалым педагогтардың әрекеттерінің құрылымын 200
компоненттен тұратындығын анықтап, педагогтың басты сапасы оқушыға тиімді
ықпал етуді ұйымдастыра білу біліктілігі болуы керектігін көрсетеді [21].
В.А.Сластинин, А.И.Щербаковтың мұғалімнің педагогикалық әрекетінің
құрылымын диагностикалық, бағдарлану-прогностикалық, құрастыру-жобалау,
ұйымдастырушылық, ақпараттық-түсіндірмелі, коммуникативтік-ұмтылдыру,
талдау-бағалау, зерттеушілік-шығармашылық әрекетерінің жүйесін құрды.
Ұйымдастырушылық әрекеті оқушыларды белгіленген оқу-тәрбие жұмыстарына
тарту, қызықтыратын форма беріп, оқушылар арасында міндеттерін бөлу және
белсенділігін ояту делінген[26]. Мектептегі сынып жетекшісінің әрекетерінің
белгілі ережелері бекітіліп, онда негізгі тәрбие қызметтері, тәрбие
жұмыстарының бағыттары, міндеттері көрсетілген. И.Ф.Харламовтың жүйелеуі
бойынша, когнитивтік-диагностикалық, ұйымдастырушылық-ынталандырушы,
біріктіруші-ұйымдастырушы, координирлік, жеке тұлғалық дамытушылық
қызметтерін жіктеген. Ұйымдастырушылық-ұмтылдырушы қызметі оқушыларды
сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының түрлері мен формаларына тарту[27]. Бұл
жұмыстарға олардың қызығуын және белсенділігін туғызу. Сынып жетекшісі
өзінің оқушыларын араластыруда мәжбүрліктен емес, алдында тұрған жұмыстың
мәнін, маңызын түсінетіндей, жұмыстың ұйымдастырылуына әрі сипат және
белгілі жаңалық енгізілуі керек. Дегенмен, мектептегі тәрбие жұмысын дұрыс
бағытта ұйымдастыру үшінде, оқушылардың дамуына диагностика қоя білуі,
тәрбие жұмыстарының формасын, түрлерін жобалау-құрастыра алуы,
коммуникативтік біліктілігі, білімі, дағдысы болуы қажет.
Қазақстандық зерттеушілер Е.А.Дмитриенко[28], А.А.Аманжолова[29],
Р.Р.Масырова[30], Б.Барсай[31], Н.М.Көшеров [32] І.А.Сарбасова[32],
Қ.Н.Нағымжанова[33], Г.З.Сауытпаева[34] еңбектерінде болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерін оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға дайындаудың түрлі
аспектілерін негіздеген.
А.А.Аманжолова, Н.М.Көшеров, І.А.Сарбасова бастауыш сынып мұғалімдерін
этнопедагогикалық материалдарын оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың жолдарын
зерттеген. Н.М. Көшербаев бастауыш сыныптағы тәрбие жұмыстарында халықтық
тәжірибенің орнын, этнопедагогика материалдарын пайдаланудың мәнін айта
келе, оны оқу-тәрбие процесіне енгізуде және ұйымдастыруда арнаулы
дайындықтың қажеттілігін көрсетіп, бастауыш сынып мұғалімдерін жоғары оқу
орындарында этнопедагогикалық дайындау жүйесін, А.А.Аманжолова бастауыш
сынып оқушыларының адамгершілік-жыныстық тәрбиесіндегі қазақ
этнопедагогикасы материалдарын пайдалана білуге болашақ мұғалімдерді
дайындаудың жолдарын ұсынған. І.А.Сарбасова бастауыш мектеп мұғалімдердің
бастауыш сыныптағы математиканы оқытуда қазақ этнопедагогикасын пайдалануға
дайындығын қалыптастырудың әдістемесін тұжырымдаған. Л.Р.Аубакирова болашақ
мұғалімдерді жоғары оқу орнында ұйымдастырушылық әрекетке дайындаудың
жолдарын көрсетті.1983
Ш.Х.Құрманғалиева, Р.Р.Масырова педагогикалық колледж жағдайында
бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби дайындығын жетілдірудің дидактикалық
негіздерін, тұтастай педагогикалық процесте көрінуін қалыптастыру жолдарын
дайындады. Қазіргі таңда педагогикалық колледждерде зерттеу нәтижері
қолданыста болып, нәтижелерін көрсетуде.
Зерттеуші ғалым Б.Барсай, Қ.М.Нағымжанова өзінің зерттеуінде бастауыш
сынып мұғалімінің өз бетінше кәсіптік білім алуымен шұғылдануының және
оқытудың қазіргі технологиясын қолдануға дайындығының үлгісін ұсынды. Оның
ішінде ұйымдастырушылық дайындығын өзінің уақыты мен жұмысын жоспарлай
білу, қызмет жүйесін қайта құру, ақпараттық ізденістерін жүзеге асыра алуы,
кітапханада жұмыстану, қажетті ғылыми материалдардың қазіргі заманғы
классификациясын түсініп, оргтехниканы, компьютерлік ақпараттарды пайдалана
білуі деп тұжырымдады.
Қ.М.Нағымжанова бастауыш сынып мұғалімінің оқу-тәрбие процесіндегі
инновациялық әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтаған.
Оның ішінде бастауыш сыныптағы тәрбие жұмысында қолданылатын педагогикалық
технологияларды жүйелеп және болашақ маманның жаңашылдық, шығармашылық
әрекетін қалыптастыру формаларын, құралдарын негіздеген. Соңғы мәліметтер
бойынша қиын балалар және заңды бұзушылар бастауыш сыныптан көп кездесіп
келеді. Осы мәселеге байланысты жоғары оқу орындарында педагогика,
психология, құқықтану пәндері жүргізіліп, онда болашақ мамандардың кіші
мектеп жасындағы балалардың құқық бұзуын алдын алуға дайындайды. Осы
мәселеге байланысты А.К.Садықованың бастауыш сынып оқушыларының құқық
бұзушылығының алдын алуға мұғалімдерді дайындау деген зерттеу жұмысы
жүргізіп, теориялық және практикалық жаңалықтары тәжірибеде қолданыста.
Қазіргі психологиялық, педагогикалық еңбектерде педагогикалық әрекетке
дайындығы жеке тұлғаның сенімдерінен, көзқарастары мен қарым-
қатынастарынан, мотивтері мен сезімдерінен, өмірлік қағидаларынан, еріктік
және зерделік қасиеттерінен, білім, білік, дағдыларынан тұратын жеке
тұлғалық сипатын білдіреді. Кейбір авторлар іс-әрекетке дайындықты
психологиялық түзіліс ретінде ғана емес, сонымен бірге адамның
психологиялық күйі ретінде қарастырады. М.И.Дьяченко, Л.А.Кандыбович
дайындық күй жеке тұлғаның нақ сол сәтте табысты әрекет ету мүмкіндіктерін
пайдалануға бейімделуі...
Сынып жетекшісінің басты міндеті ата-аналармен жұмыс болып табылады.
Сонымен бастауыш сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмыс формаларын мынадай
1-суретті ұсынамыз. Баланың дамуында басты ролді отбасы атқарып, оның
негізгі қызметі төмендегідей болады:
– дене және эмоциональдық дамуын реттеу;
– психологиялық дамуына ықпал ету;
– ақыл-ой дамуына әсер ету;
– баланы әлеуметтік нормалармен таныстыру;
– құндылық қатынастарын қалыптастыру;
– әлеуметтік қолдау.
Осы қызметті атқара отырып, отбасы қарым-қатынасының климаты, отбасының
өмір сүру тәртібі, әрекет мазмұны көрініс табады.

1.2 Отбасы педагогикалық субъектісі және баланы тәрбиелеу ортасы
Отбасы, мектеп пен балалар және жасөспірімдер бірлестіктері, көше,бұқаралық ақпарат құралдары бұлардың бәрі де тұлға дамуындағы қалыптастырушы ықпал жасайтын ерекше мұғалім тобын құрайды. Отбасы айтқанына көндіріп тәрбиелейді, мектеп оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады, балалар мен жеткіншектер ұйымдары қарым-қатынас жүйелеріне ендіреді, ал көше болса, отбасы, мектеп, әрқилы бірлестік топтар бере алмағандардың орнын толтырады. Бала осы айтылған ұйымдардың өз өмірінде қайсысы басым болса, сонысын таңдайды, соның ықпал тәуелділігінде болады. Осы тәрбие тұлғаға ықпал жасаушы құрылымдардың өзара қатынастарымен бірлікте қарастырылады. Бала үшін отбасы ең алғашқыда аса белсенді тұлғалық қалыптасу көзі.
Осыдан отбасында қабылданған көзқарастар, салт-дәстүрлер, ұстамдар, әрекет- қылық үлгілері тұлға микроэлементіне бастау беріп, оның барша өмірінің негізгі сипатын қалайды. Отбасы белгілі қызметтерде атқарады:
– қайта өндіру (репродуктивті) – ұрпақ келтіру (тек жалғастыру тума әрекеті, перзенті болу, оларды өсіру және тәрбиелеу қажеттігі);
– шаруашылық-экономикалық (орталық шаруашылық және қаржы пайдалану, еңбекке жарамсыздарға қамқорлық және оларды матераилды қамсыздандыру);
– тәрбиелеу (отбасы, оның әрбір мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдайлар жасау, отбасы ұжымының өз мүшелеріне жеке-дара ықпал жасап баруы, өмірлік тәжірибе, инабаттылық тәртіптері мен адамгершілік құндылықтарға баулу)
– қарым-қатынас құру (коммуникативті – отбасы ішіндегі қатынас түзу, отбасының басқа адамдармен, отбасылармен, әлеуметтік топтармен байланысын ұйымдастыру);
– қайта қалыпқа келу (рекреативті – бос уақыттарындағы демалыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру, отбасы мүшелерінің күш қуатын, денсаулығын қайта тіктеу шараларын қамтамасыз ету).

Отбасы тәрбиелік қызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлеріне және ол енген қауымдастыққа тән талап-тәртіп ұстанымдарына байланысты. Тәрбиенің әлеуметтенуіне жетекшілік маңызға ие жалпыға бірдей жағдаяттар болады. Олар: туған күнінен бастап, балаға болатын үздіксіз де тұрақты ықпал, отбасындағы қырым-қатынастың туысқандық, сүйіспеншілік, сенім, өзара жауапкершілік, сезімдеріне негізделеуі, ұрпақтан ұрпаққа тәжірибе өткізуге бағытталған әрқилы деңгейдегі отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы және ықпалы. Өз балаларының ерекшеліктерін, қызығулары мен қажеттіліктерін ескеруде ата-аналардың мүмкіндіктері орасан. Отбасылардың өздеріне тән ерекшеліктеріне орай топтасуы төмендегідей:
Құрылымы бойынша: үш әулетті отбасылар: ата-аналар, балалар, немелері; екі әулетті отбасылар; отбасы ата-аналар және балалары; көп балалы отбасылар: үш одан да көп отбасылар; толық болмаған, яғни ата-анасының біреуі жоқ отбасылар: перзентсіз және т.б отбасылар; отбасы тұрмысы және даму жағдайларына байланысты) жарасымды және қисыны кеткен отбасылар); отбасының
тәрбие стиліне қарай (әкімшілік, адамгершілік, либералды).



1-кесте. Отбасындағы балаларды басқару стилінің ерекшелігі


Авторитарлық Либералдық Демократиялық стиль
 
(өктемшілдік) стиль (ымырашылдық) стиль
 
ата-ананың баласына баласына деген ата- аналар бүкіл отбасы
деген қаталдық, қатынаста ұжымының өмірінің
 
талапшылдығымен кешірімшілдіктің, ұйымдастырушысы болып
 
сипатталады. Үлкен шексіз шыдамдылықпен табылады. Ерлі-
 
балаларының тәртіпті, ерекшеленеді. Оның зайыптылардың өзара
 
тіл алғыш болғанына негізі, ата-ананың қарым- қатынасы, басқа
 
қарамастан оның жеке шексіз махаббаты болып да отбасы мүшесінің
 
тұлғасымен, жас табылады. Балалар қарым-қатынасы
 
ерекшелігімен, тәртіпсіз, жауапкерлігісыйластықпен, бір-біріне
қызығушылығы мен жоқ болып өседі. Өзініңдеген көңілі мен
 
тілектерін санаспайды. балаларын жаулап алам қайырымымен, бір-біріне
 
Көбінесе мұндай жағдай деген ойларымен ата-анадеген сүйіспеншілікпен
 
жазалы болудан сақтану оларды өзімшіл, екі көрініс табады. Ата-
 
пайда болды (жаза тіпті жүзді, санасып қалған аналар балаларын
 
күш жұмсау, мұндай болып тәрбиеленіп тереңірек зерттеуге,
 
отбасында аз емес). жатқандығын сезбей де оның жақсы және жаман
 
Психологияның қалады. Мұндай қылықтарының себептерін
 
пайымдауынша педагогтарды анықтауға тырысады.
 
авторитарлық стиль А.С.Макаренко ең Балалар болды, істеу
 
баланың сырт бейнесінен ақылсыз, ең жағымсыз керек, болмайды деген
көрініс табатын қасиеттер арқылы сөздерді де жақсы
 
дөрекілік, өтірікшіл, көрініс табатын біледі. Отбасылық
 
өзімшілдік сияқты ішкі педагогикалық тәрбиедегі демократиялық
қырсығуға әкеліп алаяқтық деп атады. стиль баланың тіл алғыш,
соқтырады. Жеткіншек отбасы және қоршаған
 
шақтағы авторитарлық өмір жұмыстарына
 
стильдегі отбасындағы қызығушылық таныта
 
бала көбінесе ата-анамен білетін тәртіпті болып
 
кикілжеңге келіп, тіпті өсуіне көп әсерін
 
отбасынан алыстап кетуі тигізеді. Балалар арқылы
мүмкін. еңбексүйгіш, адал болуды
әке- шешеден үлгі
 
ретінде көреді. Мұндай
 
отбасында жаза
 
қолданылмайды, балада
 
ұялту мен қынжылту да
 
жеткілікті.
 

А.С.Макаренконың ескертуінше жай бала көзқарасымен көрінетін үлкеннің
күші мен бағасы, күмәнсіз абыроймен сипатталады. Балалары тыңдамайтын
кейбір ата-аналар беделді табиғатынан беріледі, ол ерекше талант және ол
жоқ болса, ештеңе істей алмайсың деп ойлайды. Бедел әр отбасында да
қалыптаса алады, тек қана ол шындық түпнегізде: талап пен қайырымдылық,
барлық істе ашықтық, икемділік пен жауапкершілік, баланың өміріне көңіл
бөлуден құрылуы тиіс.
Отбасы дене және психологиялық жағынан сау, ақыл-ой және
интеллектуалды дамыған, алдында күтіп тұрған еңбекке, қоғамдық және
отбасылық өмірге даяр жеке тұлғаны қалыптастыруға міндетті. Отбасылық
тәрбиенің мазмұнын құрайтын негізгі компоненттерге: дене, интеллектуалдық,
эстетикалық, еңбек тәрбиесі жатады. Сонымен қатар экологиялық,
экономикалық, азаматтық тәрбиемен толықтырылады.
Баланың дене тәрбиесі бүгінде 1-ші орынға шығады. Денсаулық ешқандай
басқа нәрсеге ауыстыруға болмайтынын, ешкімнің де күмәні жоқ. Баланың
денінің сау болуы салауатты өмір салтына, күн режимін дұрыс орындауға,
спортпен шұғылдануға байланысты. Интеллектуалдық тәрбие- ата-ананың
балаларын біліммен қаруландырудағы қызығушылығына, баланың өмірін әрқашан
жаңарту үстінде болуын қадағалап отыруына байланысты. Адамгершілік тәрбиесі
– отбасында жеке тұлғаны қалыптастырудағы қажеттіліктердің басты түрі болып
табылады. Бұл жерде бірінші орында махаббат және сыйласымдылық,
қайырымдылық және тәртіптілік, адалдық, әділдік, ар-ұят, т.б.
адамгершілікке тәрбиелеу тұрады.

Отбасында басқа адамгершілік сапалар: ақылға сыйымды қажеттілік,
мәдениеттілік, жауапкершілік, дербестік, т.б. қолданылады. Сонымен қатар
ата-аналар мен баланың қандай адамгершілік құндылыққа - християндық, ислам,
буддизм, иудаизм немесе жалпы экономикалық білім, осының қайсыбіріне
сүйенсе де, ол басты болып табылмайды. Бастысы, оның қайырымды,
адамгершілігі мол болса болғаны.

Эстетикалық тәрбие отбасында баланың қабілетін және дарынын дамытуға,
өмірдегі тамаша кереметтерді танытуға көмек береді. Бұрынғы кезде көптеген
ата-аналар мен балаларды жақсы жолдан айыратын өтірік құндылық болғандықтан
қазіргі кезде балаға эстетикалық тәрбие берудің зор маңызы бар. Еңбек
тәрбиесі баланың болашақта дұрыс өмір сүруіне жол ашады. Еңбек етуге
үйренбеген адамның тек бір жолы - оңай өмір іздеудегі жолы ғана бар. Ал
бұл жақсы нәтиже бермейді. Егер ата-аналар балаларын осындай жолды
көргілері келсе, олар еңбекке тәрбиелеуден бас тартуына баулиды. Ата-аналар
үшін отбасылық тәрбие ол - баланың дене және жан рухани қасиеттерін
қалыптастыру болып табылады. Әрбір әке мен әрбір ана балаларына қалай
тәрбие беру керектігін түсінуі керек. Бұрын тәрбиелеуге кіріскенде,
көптеген ата-аналар өзінің толық тәрбие алмағандықтарын түсінеді. Әркім
алдымен өзін тәрбиелеуден, педагог болуға үйретуден бастау керек.

Отбасындағы тәрбие әдісі - бұл ата-ананың баланың түйсіктері мен іс-әрекеттеріне әсер ететін мақсатқа бағытталған педагогикалық жол (әдіс), бірақ өзінің ерекшелігі де бар:
- балаларын жеке және нақты әрекеттер негізінде әсер ету
- әдістерді таңдау ата-аналардың педагогикалық мәдениеттілігіне: тәрбиенің мақсатын түсінуі, ата-ананың ролін, отбасындағы қарым-қатынасты түсінуіне байланысты. Сондықтан отбасылық тәрбие әдістері әсіресе ата-аналарына байланысты. Қанша ата-ана болса, соншама әдістің түрлері де бар. Бастауыш сынып мұғалімі өз қызметінің барша саласында кезігетін жағдайларды ескеруге
көмектеседі:
1.Тәрбиеленуші тұлғасы отбасы, жолдас-достары, төңірегіндегі ересек адамдар, қоғамдық мекемелер мен оқушылар ұжымы және т.б. ықпалында қалыптасады. Осы сан қилы ықпалдар арасында біршама маңызды роль сынып ұжымы мен мұғалім тұлғасына тиісті болатынын еске ұстай отырып, басқа да
тәрбиелік әсер көздері болатынын ұмытпаған жөн. Сыныптағы оқушылар мен мұғалімнен болатын талаптардың бір-біріне қайшы келмей бір бағытта болғаны аса қажет.
2.Тұлға қалыптастырудағы бас жетекші – отбасы. Өз баласының даралық ерекшеліктерін тереңнен сезіну, оның тәрбиесінде қайталанбас жол таба білу мен сол тәрбиеге мейірім, жүрек жылуын қосу тек ата-аналарға ғана берілген шеберлік. Бұл тұрғыдан оларды ешқандай мұғалім - педагог не оның істері
ауыстыра алмайды. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің - деп бабаларымыз бекерге айтпаған. Осыдан, талап - отбасымен қажет байланысты қолдап, қуаттау, бекіте түсу, қай тәрбиелік мәселе болса да, оны ата- аналармен бірлесе шешу.
3.Тұрмыста осы тәрбиеге байланысты кейде табиғи тәрбиелеуші – отбасы, ресми тәрбиелеуші -педагог талаптарын ұнатпай қалатын да жағдайлар кезігіп қалады. Көп жағдайда ата-аналар өз балаларын шектен тыс еркелетіп, олардың жанаярлыққа түсуіне қолқа болады да педагогтардың сол бала тәрбиесіндегі барша жетістіктерін демде желге ұшырады. Мұндай келісімсіздіктерді жоюда бала тәрбиесін оңды жолға қоялық дегендердің бәрі ортақтастық табуға ынталы болған жөн.
4.Кейде мұғалім ұжым, қоғамдық ұйымдар пікірлерімен келіспей, өз әріптестерін сынға алатын жағдайлар да болып қалады. Бұл балалар көзқарастары мен нанымдарына әсер етпей қоймайды. Сондықтан бала тәрбиесі мекемелерінің мүшелері өзара келісімде, бірлікті қызмет жүргізгені жөн.
5.Ұштастық пен бірізділік принциптері талаптарына орайлас дәрістерге және оқудан тыс тәрбие жұмыстарын бір жүйеде алып барған орынды. Тәрбие жұмысында бұрыннан орныққан ұнамды қасиет сапаларды ескерген жөн. Педагогикалық ықпалдар мен талаптар біртіндеп күрделеніп баруы керек. Бірлікті талаптардың орындалуы жолында отбасы мен ата-аналарға тікелей кеңесші – мұғалім,педагог.
6.Тәрбиелік ықпалдары үйлестіру тәсілі – тәрбиеге қатысты адамдардың, қызмет түрлері мен әлеуметтік мекемелердің басын қосып күш біріктіру.
Осыдан да мұғалім қоғамдық мекемелер, әлеуметтік қауымдастықтар және отбасымен байланыс түзуде шаршап - шалдығу білдірмегені жөн. Сонымен, тәрбие принциптері – тәрбие процесінің мазмұнына, әдістеріне, ұйымдасуына қойылатын негізгі талаптарды анықтаушы жалпы бастау тұжырымдары. Бүгінгі таңдағы гуманистік педагогика ұстанған принциптері: тәрбиені нақты тұлғаға
бағыттау; жеке және қоғамдық тәрбие бағыттарын үйлестіре, байланыстыру; тәрбиені өмір және еңбекпен ұштастыру; тәрбиелік ұнамды үлгі – өнегелі арқау ету; тәрбиелік ықпалдарды біріктіре, пайдалану.


Әкімшіл (авторитарлы) отбасы - бала қарсылығын не күйзелісі мен
селқостығын туындататын қаталдығы шектен тыс талаптарымен сипатталады.
Сырттай бұл дөрекі қылық пен тұрпайы, жалған сөзден, екіжүзділіктен
көрініп, балада қорқыныш пен қорғансыздық сезімін пайда етеді.

Адамгершілікті қатынас түрі (стилі) ата-аналардың бала тұлғасына
болған сыйластық, құрметімен, оның көзқарас, ой- пікірлерін қабылдауымен,
өзіндік дербестігімен шектемейтіндігімен еленеді. Мұндай отбасылар балалар
датына құлақ түре алады, өз шешімдерімен баланы тұсауламайды, оның
шығармашыл ынтасының дамуына көмектеседі. Бұл отбасы жағдайында бала өзін
жайлы сезінеді, әрдайым табысты әрекет қуанышына бөленіп, оны ата-анасымен
бөліседі, олардан қорықпайды, керісінше, ішкі нәзік сырларын ортаға салып,
проблемаларымен бөліседі, кеңестерін тыңдауға асығады, өз қадір мәртебесін
сезінеді.
Либералды стильдік қатынастағы отбасы баласының не істесе де бетін
қайтармауға, оның жауапкерсіздігі мен өзімшілдігіне бастау береді. Балалар
ата-аналарының әсеріне сүйіспеншілігін қорғаныс етеді немесе олардың
түгелдей елемеу, немқұрайлылығына тап болады. Бұл баланы екіжүзділікке,
менмендікке, тәртіпсіздікке, моральдық жұтаңдыққа душар етеді.

Өз перзентіне шынайы қамқорлық пен сүйіспеншілік шуағын арнаған ата-ана, негізінен адамгершілікті (демократтық) стильді қолдана отырып, орынды жерінде әкімшіл не либералды тәрбие элементтерін қолдануды да ұмытпайды.
Отбасында тиімді тәрбиелеудің белгілі ережелері қалыптасқан:
- баланы бар қалпында сүю, құрметтеу қажет;
- балаға әсер ететін құрғақ сөз емес, оның қалай айтылғаны, шын көңілден шыққандығы мәнді;
- баламен қатынас оның жас ерекшелігіне сәйкес болуы шарт, сонда ғана үлкендер мен кішілер арасындағы дау-дамай туындамайды да ең қонымды тәрбие әдісін таңдап, қолдануға болады;
- баланың не айтқысы келетінін түсініп алған жөн, асығыс қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс;
- жазаны істеген келеңсіз әрекеті үшін қолдануға үйренген жөн, баланы намысына тиіп, қорламаңыз (ешуақытта бала жаман емес, оның қылығы жаман);
- бала жөнінде басқалар (мұғалімдер, көршілер) тарапынан айтылған сын пікірлерден қорытынды жасаудан бұрын оның өзімен әңгімелесіп, әрекетінің себебін анықтап, кейін шешім қабылдаған жөн: жұрттың алдында өз беделіңді жоғалтамын деп шошынудың қажеті шамалы, өз балаңның сенімінен айрылып қалмаған дұрыстау;
- балаға үйрететініңді алдымен өзің үйреніп, біліп ал;
- өз балаңызға қанша рет жоқ деп, бетін қайтаратыныңызға мән беріп көріңіз, содан қорытынды шығарыңыз. Бала ата-анасына түгелдей тәуелді;
- бала жасына қарамай, басыбайлы қадағалауды жек көреді. Ата-анасының өз өміріне шын ықыласпен араласқанын ғана ұнатады. Бала табиғатынан ата-анасын сүйеді;
- баламен өмір, тұрмыс жөнінде жиі сұхбаттасып тұрған жөн, себебі қателіктен ешбір адам қашып құтыла алмайды;
- баланы қиындықтар құрсауында жападан жалғыз қалдыруға болмайды. Отбасы тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер - бұл өнеге-үлгі, бірлікті еңбек, іс-
әрекет, әңгіме сұхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау. Мендей бол!,
Мендей істе! ұранымен тәрбиелей отырып, ата-аналар өз өнегесімен қалай
жасау, еңбектену қажеттігін үйретіп, сыйластық - сүйіспеншілік сезімін
білдіреді. Отбасыда ешкім мен енді сені тәрбиелемеймін- деп айтпағаны
жөн, себебі төңіректегінің бәрі: - баланы қалыптастыруда өз үлесін қосып
барады. Балаға болған қатынас, ата-аналар арасындағы байланыс, басқа
адамдармен араласу, отбасылық істер. Сондықтанда тәрбие үшін арнайы шарт,
жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ тек қана дұрыс, инабатты,
адамгершілік, әдеп сақтау, өмір сүруді басты ұстаным етіп алу керек.
Қазіргі отбасы жаңа қоғамдық жағдайларға нарықтық экономика, ашық
кеңістік заманында өмір сүруде және дамуда. Осыған байланысты отбасында
балаларды тәрбиелеу мәселесі және отбасы проблемаларының көбеюіне әкеліп
отыр. Оның үстіне отбасының материалдық деңгейінің төмендеуі, айырлысудың
өсуі, балалардың психикасына жағымсыз ықпал ету жағдайлары, толық емес
отбасының көбеюі және бір баладан тұратын отбасылар кездесуде.
Жасөспірімдердің көпшілігі ата-аналарынан алшақтайды.
Отбасының қазіргі жағдайы мектептен көмек талап етеді. Бұл
отбасындағы ата-аналар мен мұғалімдердің бірлескен жұмысын талап етеді.
2-кесте. Ата-анамен мұғалімнің бірлескен жұмысы
Психологиялық-педагогиалАта-анала рды қоғамдық Мектепті басқаруға
 
ық білімін көтеру және оқу-тәрбие ата-аналарды араластыру
 
процесіне араластыру
 
1.Педагогикалық білім 1.Ата-аналар жиналысы Мектеп кеңесі
 
университеті 2.Үйірмелер ұйымдастыру Қоғамдық бақылау
 
2.Лекция, семинар, 3. Бірлескен комитеті
 
практикум шығармашылық істер Сынып сағаты. Сыныптың
 
3.Конференция 4. Материалдық ата-аналар комитеті
 
4.Ашық сабақтар техникалық базаға Отбасы мен мектептің
 
5.Жеке тақырыптық кеңес көмектесу кеңесі
 
6.Шығармашылық топ 5. Ата-аналар патрульі
 
7.Қызығуымен топ 6.Қолайсыз отбасына
 
көмектесу
 

Бастауыш сынып мұғалімі отбасы тәрбиесіндегі жақсы тәжірибелерге арқа
сүйеу керек. Алдыңғы қатарлы отбасы тәрбиесін тарату және жағымсыз
қылықтардың көбеюіне жол бермеу керек. Ең бастысы мұғалім мен ата-аналардың
арасында сенімді қатынас болуы шарт. Ата-аналарда тәрбие процесіне
қызығушылығы орнап, өзінің күшіне деген сенімі жоғары болуы шарт. Сенім ата-
анамен педагогикалық қарым-қатынастың басты мақсаты: соның ішінде баланың
жағымды жақтарын ата-анаға жеткізе біліуіміз қажет.

1.3 Отбасына психологиялық-педагогикалық диагностика әдістемесі
Отбасын зерттеу бастауыш сынып мұғалімінің баланы терең білуге
көмектеседі, отбасы стилін, оның қалыптасуын, отбасы мүшелерінің өзара
қатынасын, адамгершілік құндылықтарын білуге көмектеседі. Осы тұрғыда
педагог психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың дәстүрлі әдістерін
меңгереді.
Бірақ отбасын зерттеудің өзіндік ерекшелігі бар. Біріншіден,
диагностика қоюдың қажеттілігі, егер ата-аналардың қарым-қатынасынан
баланың мінез-құлқында өзгерістер бұзылулар болса, отбасын 5 типке бөлген:
1. Адамгершілік қатынасына қарай жоғары деңгейдегі отбасы – балалары
өзінің қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасалған. Бұған педагогтың көп
араласуы қажет емес, тек жеке кеңестер тәрбие беруге байланысты беріледі.
2. Ата-аналардың өзара қарым-қатынасына қарай топтасқан отбасылар.
Бірақ бұл баланың жағымды тәрбиесін қамтамасыз ете алмайды. Балалар ата-
аналардың негізгі қамқорлығында болады. Балаларында эгоистік тенденция
басым болады. Белгілі тәрбие бағыттары сақталмайды. Сондықтан отбасындағы
микроклиматты өзгерту үшін педагогикалық жұмыстар қажет.
3. Отбасындағы қақтығыстар балалардың тәрбиесі назардан тыс қалдырады.
Ата-аналар өздерінің проблемаларымен болып, балаға көңіл бөлмей қалады.
4. Отбасының материалдық және сыртқы жағдайларының жақсы болуы,
адамгершілік құндылықтарында кемшіліктерді көрсетеді. Кейбір балалар отбасы
психологиясының жақсы меңгеріп, солардың ойымен, сөзімен сөйлеп, ненің
қайдан келіп жатқанын да білмейді.
5. Қолайсыз отбасылары ұрыс-керіс, төбелес және адамгершілікке қарама-
қайшы келетін мінез-құлықтар баланың қалыптасуына және жеке тұлғасының
қалыптасуына кері әсерін тигізеді.
Бала – отбасының айнасы. Әр отбасында жақсылық пен жамандық туралы
түсініктері әр түрлі болады: біреуінде бірінші орынға мейірімділік,
адамгершілікті қойса, кейбіреуі керісінше тек қаталдықты басты орынға
қояды. Ата-аналар қайсысы жақсы, қайсысы жаман екенін көрсететін мұндай
әрекеттерді әртүрлі құптайды және дем береді. Мысалы, әкесі 7 жасар
баласына қандай жағдай болмасын есесін қайтаруды үйретеді, тіпті олардың
арасындағы реніштің неден пайда болғанын түсінуді де үйретпейді. Ал
негізінде балалар арасындағы реніште ешқандай жаман ниет болмайды, тек қана
өтінішін жеткізе алмаудан, іс-әрекеттерінің икемсіздігінен, ырықсыз
қимылдардан пайда болуы мүмкін.
Өзінің жақындарына, сүйікті адамдарына еліктей отырып, балалар
қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасайды, сөйлеуді меңгереді. Қырсық ана
ұлының қырсықтығынан қайғыруы мүмкін, ал соғысқұмар әке мұғалімнің балаңыз
үзілісте төбелесті деген ескертулерінен шаршауы мүмкін. Сондықтан да ұлы
педагогтар отбасылық тәрбиені алдымен, ата-ананың өзін-өзі тәрбиелеуі деп
бекерге айтпаған – баланы өзінде жоқ қасиеттерге үйрету қиын және балалар
күнде көріп отырған әрекеттерін де жоя алмайды.
Ата-аналар тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін, оларды жүзеге асырудың
жолдары мен амалдарын айқын түсінгенде отбасыдағы бала тәрбиесі ойдағыдай
болуы мүмкін. Бұл отбасы мен балалар бақшасындағы тәрбиелік ықпалдың
бірлігін орнату үшін де қажет. Өзің ата-аналық тілегіңнің қандай екендігі
жөнінде өзіңе айқын есеп беруге тиістісің, - деді А.С. Макаренко.
Балаларды тәрбиелеуде отбасы өмірінің жалпы жағдайы: жұбайлар теңдігі,
отбасы мүшелерінің арасындағы дұрыс қарым-қатынас, ізгі тілектестік, өзара
құрметтеу және қамқорлық жасау, патриотизм, еңбек сүйгіштік атмосферасы,
ортақ тәртіп пен отбасы дәстүрі, ересектердің балаға қоятын талаптарының
бірлігі маңызды роль атқарады. Отбасы өмірі материалдық (тамақ, киім, жылу
т.с.с.) қажеттер ғана емес, рухани қажеттер де толығырақ қанағаттандырылап,
дамып отыратындай етіп ұйымдастырылуы тиіс.
Сонымен қатар, ата-ананың бала алдында беделі болуға тиіс, мұнсыз
тәрбие болуы мүмкін емес. Ата-ананың беделінің негізі ата-ананың азаматтық
келбеті, олардың өмірі, жұмысы, мінез-құлқы, өз отбасы үшін қоғам алдындағы
жауапкершілігін сезінуі болып табылады.
Ата-ананың балаға көзқарасы, оған деген табиғи әрі тамаша махаббат
сезіміне негізделген. Бірақ ол шектен асып кетіп, яғни ананы алып бер
деген талап тілектерінің бәрін екі етпей орындай беру сәбиге зиян
келтіреді, оны шәлкес, өзімшіл етеді, ерік-жігерін әлсіретеді. Мұндай
сүйіспеншілікті соқыр сүйіспеншілік деп атайды. А.С. Макаренко ата-ананың
балаға бұлай қарауын асып-төгілген махаббат деп сипаттаған болатын. Ата-
аналардың балаларға дұрыс қарауы еркелетуді, жұмсақтықты, аялауды баланың
мүмкіншілігін, әсіресе жасын ескеретін қатаң дәйекті талапкершілікпен
ұштастыра білуде. А.С.Макаренко ата-аналарға баланы қалағаныңызша
еркелетіңіз, қалжыңдаңыз, ойнаңыз, бірақ қажет болған кезде қысқа, бір-ақ
тәртіп бере біліңіз... деп кеңес айтқан болатын.
Жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды факторы – белгілі бір жынысқа
жататынын және соған сәйкес белгілі бір рольдің жүріс-тұрысын орындау
керектігін түсіну болып табылады. Ғалымдар мұны психологиялық жыныстың
қалыптасуы деп атайды және бұл процесте отбасы ролінің маңызды екендігін
көрсетеді. Бала ата-ананың іс-әрекетінің үлгісіне еліктеу арқылы өзінің
жынысын түсінеді және мінез-құлқын жасайды.
Микрокосмос тәрізді кішкентай топ бола отырып отбасы баланың
әлеуметтік өмірге қатынасының және ой-өрісінің, тәжірибесінің кеңеюіне көп
септігін тигізеді. Осыдан байқауымызға болады: отбасы - біртекті емес,
дифференцияланған әлеуметтік топ. Мұнда әр түрлі жас ерекшелік (үлкен және
кіші отбасы мүшелері), жыныстық (әйел және еркек), қазіргі заманғы
профессионалды система (анасы-мұғалім, әкесі-жүргізуші, апасы-дәрігер)
көрсетілген. Мұның бәрі балаға өзінің мүмкіндіктерін көрсетуге,
қажеттіліктерін толық және тез жүзеге асыруға көмектеседі.
(А.Г.Харчев,И.В.Гребенников,Ю.П.Аза ров).
Сонымен, қазіргі заман ғылым бала тәрбиесінде отбасының әсерін ерекше
атап өтеді. Дегенмен барлық дерлік отбасы баланың мүмкіншіліктерін толық
ашып, жүзеге асыра алмайды. Оның себептері әр түрлі болады: кейбір отбасы
балаларын тәрбиелегісі келмейді, келесілері тәрбиелей алмайды, үшіншілері
тәрбиенің неге керек екенін түсінбейді. Барлық жағдайда да бастауыш
мектептің жоғары дәрежелі көмегі қажет.
Қазіргі таңда бастауыш мектептің қажет екендігіне ешкімнің де күмәнін
келтірмейді. Соңғы жылдарда бастауыш мектептерге жоғары талаптар қойылуда.
Ондаған жылдар бұрын біздің елімізде бастауыш мектептің әлеуметтік
қажеттігі дәлелденді. Өйткені әйел-ананың қоғамдық өндіріске қатыстыру үшін
босату қажет болды. Сондықтан бастауыш мектепнің жұмыс сапасының көрсеткіші
балалардың ауруы туралы мәліметтер олардың қалған күндерінің саны болып
табылады. Сондықтан ананың еңбекке қабілетсіздігі пайда болды.
Көптеген елдерде, соның ішінде біздің елімізде білім ролінің өсуі
бастауыш мектепке деген көзқарасты өзгертеді. Сондықтан ең басты шыңына
бастауыш мектептің педагогикалық қызметі қойылып отыр: қалай тәрбиелейді,
неге оқытады, мектепке қаншалықты табысты дайындайды. Педагогикалық
міндетті нәтижелі атқару үшін бастауыш мектеп балалармен істелетін білім
беру жұмысының мазмұны мен сапасын қарастырып және әр балаға әсер ететін
жаңа жолдар іздеп отыру қажет. Бастауыш мектептің педагогикалық ұжымы
отбасы мүшелерінің, сыбайлас болуын қажет етеді.
Бірақ бастауыш мектептің педагогтары отбасымен байланыстың қажет
екендігін көбінесе түсіне
 ... жалғасы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!