Материалдар / Қазақ тілі сабағында ұлттық элементтерді пайдалану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі сабағында ұлттық элементтерді пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ барысында тақырыпқа байланысты ұлттық элементтерді пайдалану туралы мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2021
447
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ барысында халықтық

педагогика элементтерін пайдалану


Ұлттық тілді сол ұлтттың рухани қазынасы, болмыс - бітімі, тәлім -тәрбиесі, әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі десек, сол ұлттың тілі арқылы осынау аталған ұлттық игіліктерімізге қол жеткізу - аса маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан сабақ беру барысында жүргізілетін жұмыстардың негізгі өзегі етіп халықтық педагогиканы алған жөн болар еді.


Ана тіліміз әуелі анадан, бесіктен, шаңырақтан сәбидің бойына сіңеді. Мектепте түпкілікті тіл іргетасы қаланады. Мемлекеттік тілдің қайнар көзі, іргетасын қалаушы сенімді тірегі - мектеп.

Сабақ орыс тілінде жүретін топтарда қазақ тілін оқытуда, ең алдымен аудиторияның ұлттық құрамына назар аударған жөн.

Жоғарыда аталған аудиторияларда яғни, орыс мектебін бітірген, ұлты қазақ студенттерімен қазақ тілі сабақтарында кең түрде пайдалануға болатын нәрсе - халықтық педагогика элементтеріне баса назар аудару.

Халық педагогикасы дегеніміз – қанша заман өтсе де ең үлкен тақырып, ұлттық қазына. Осы ұлттық қазынаны кейінгі ұрпақтың бойына сіңіруіміз қажет.

Қазақ тілі сабағында орыс тілді дәрісханада оқушыларға қазақ халқының салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, тарихы, тілі жайлы сөз еткенде жалпы халық ауыз әдебиетінің мол мұрасын әдебиеті мен тілін, ұлттық ерекшеліктерін таныстыру. Халық ауыз әдебиеті сарқылмас бай, асыл қазына. Одан біз халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Орыс тілінде оқыған қазақ балалары халқымыздың салт - дәстүрін, тарихын, тілін көп біле бермейтіндіктен әуелі оларға салт - дәстүрдің түрлерін топ - топқа бөліп түсіндіру керек.

  1. Қазақтың салт - дәстүрлері: құда түсу, қыз ұзату, келін түсіру, неке қияр, шілдехана, бесік той, тұсау кесу, сүндет тойы, наурыз тойы, ораза, айт.

  2. Ұлттық ойындар: Бастаңғы, сақина салу, белбау тастау, күрес, теңге ілу, ақсүйек т.б.

  3. Ұлттық болмыс ұғымдары: Төрт түлікті тани білу, киіз үйдің жасау - жабдықтарының атаулары, күйеу кәделері, халқымыздың кие тұтқан сандары.

  4. Қазақтың төрт тойы: Наурыз, қымыз мұрындық, сабан тойы немесе мизам, соғым басы.

  5. Бата беру: Халық батасы, Наурыз батасы, Төле бидің батасы т.б.


Аталған сөздер жайында өлең - жырларды, ұлағатты сөздерді, мақал - мәтелдерді тапқызып, оларды таныту арқылы дәстүрімізді қастерлеп, құрметтеуге, өз бойына сіңіруге үйретеміз.


Халқымызда әдет - ғұрып, салт көбіне ән, өлең жыр арқылы бейнеленеді.

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең,

Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,

Ойлансаңшы, бос қақпай елең - селең

- деп Абай атамыз біліп айтқан.

Ауыз әдебиетінің інжу - маржаны шешендік сөздер. Бұл сөздердің де қаны мен жаны - төзім, мәрттік, кендік, адалдық, ақ жүрек қайрымдылық сияқты халықтық қасиеттер.

Халқымыздың атақты шешендері жайында түсінік беріледі. Халқымыз аталы сөзді, шешендік өнерді қадір тұтқаны, дау - жанжалдардың бітімін екі - ақ ауыз сөзбен түйіндеп тындырғанын айтамын. Осындай сөздерге шешен адамдардың халқымызда көп екендігін, соның ішінде Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би жайында түсінік беремін. Ондағы мақсат тағы да ауызекі сөзді жетілдіру, сонымен қатар қазақ халқының тарихынан мағлұматтар беру.

Мысалы: Әйтеке бидің шешендік сөздерін айтар кезде, осы бидің қайдан шыққанын, қай жерде өмір сүргенінен мәлімет беремін. Сонда тарихқа келіп жүгінеміз. Бұл ұлы тұлғаның Тәуке ханның тұсында өмір сүріп, бір орталыққа бағынатын қазақ хандығын құруға ат салысқанын айтып түсіндіремін.

Шешендік сөздерден үзінді келтірейік.

«Енді бір аңызда ауылында отырған Төле би мен Қазыбек би Әйтеке биден: Жігіттің жақсысы қандай болады?» - деп сұрапты.

  • Дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген, - дейді

Әйтеке.

Осы үзіндіні оқытып, орыс тіліне аудартып, Әйтеке бидің жауабына мұқият тоқталып, талдап өтеміз. Әсіресе бұл жерде қазақ халқының ер жігітіне тән қандай қасиетін бағалағандығын түсіндіремін.

Оқу барысында орыс тілді дәрісханаларда ана тілімізді үйретуде осындай ұлттық озық салт - дәстүрлерді кеңінен пайдалану шәкірттердің ынта ықыласын арттырады, білімін көтереді.

Сабақтың тағы бір мақсаты - қазақ халқының тәлімдік, танымдық рухани мұрасының жағымды қырларын оқушыларға меңгерту. Студенттердің қазақ халқының қонақжай, бауырмал, өнерпаз халық екенін біліп, өз ұлтына деген мақтаныш сезімін ояту.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!