Материалдар / Қазақ тілі сабақтарында диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақ тілі сабақтарында диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінің мамандарына арналған. диалогтік оқытудың тиімділігін білесіз.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дүйсенбаева Ләззат Оралбайқызы -Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог –зерттеуші



ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

Заман дамып, түрлі технология, гаджеттер шыққан сайын балалардың сөйлеу қабілеті төмендеп бара жатқаны бәрімізге белгілі. Себебі, балалар күнделікті өмірде соны қолданып, тіршілігінің айнымас бір бөлшеліген айналдырды. Соның нәтижесінде балалардың сөйлеуі, ойлауы, пікір алмасуы кері кетіп бара жатыр. Сол себепті мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде «диалогтік оқытуды» қолданудың тиімді екеніне көз жеткіздім.

Қазақ тілі сабағында диалогтік оқытуды қолдана отырып оқушылардың сөйлеу мәдениеті қалыптасып, ойлау қабілеті дами түседі, білім сапасының артуына қол жеткізіп, оқушылардың тіл үйренуі мен пікір білдіруі, пікір алмасуы дамиды. Диалогтік оқыту кезінде оқушылардың назары пікір білдіруші адамға ауғандықтан, оқушылардың айтқан сөзіне жауапкершілікпен қарауы қалыптасады. Сонымен қатар тілдік дағдылары жетіліп, оқылым мәтіні есінде ерекше сақталады. Мәтінді, ақпаратты тез меңгереді.

Диалогтік оқыту әдісі мұғалімге де тиімді. Осы арқылы оқыту да жеңілдей түседі. Диалогтік әңгіме барысында мұғалім де, оқушы да сұрақтар қойып, оған берілетін жауаптың да маңыздылығы артады. Осы арқылы мұғалім оқушылардың өз ойын анық жеткізіп, ой-өріс пен көзқарастарын дамытуға, кеңейтуге мүмкіндік береді. Қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілін оқытуда диалогтік оқытуды жиі қолданған абзал. Оқушылардың тақырыпты түсіну, түсінбеуін анықтау және ауызекі сөйлеу тілін дамыту үшін тиімді болмақ.

Ғылыми зерттеу нәтижелері де сабақта диалогтік оқытудың маңызды рөл атқаратынын көрсетіп отыр. Ғалымдардың пікіріне назар аударатын болсақ, Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалогтік оқыту оқушылардың қызығушылығын арттыруда және білім деңгейінің өсуіне ықпал ететінін жазып қалдырған. Ал Выготский болса кіші жастағы балалар диалог арқылы, яғни, анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу, қорашаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы ересектерше ойлау әдісіне үйрететінін жазады. Ғалым өзінің зерттеуінде оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істесе сөйлеу қабілеті біршама жақсаратындығын атап өткен. Диалогтік оқыту барысында оқушылар нәтижеге жетуге күш салып, Мерсер айтқандай білімді бірлесіп алу мен «пікір алмасуда» тең құқылы екендігін сезінеді.

Оқушылардың білім алуында қолдау білдіру үшін «диалогтік оқытуда» сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау секілді әртүрлі техника-әдістерін қолдануға болады.

Диалогтік оқыту арұылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеті дамып, қоршаған ортасын ғылыми бейнесін жасай алатын өзіндік тұлғаға айналдырады. Сабақ барысында диалогтік оқытуды қолдана отырып, оқушылардың сөйлеу қабілетін дамытуда мына нәтижелерге қол жеткізуге болады:

оқушы сындарлы сөйлеуге қалыптасады;

сыни тұрғыдан ойлана алады;

басқа оқушылардың да ойын тыңдап, құрметпен қарауға үйренеді;

білім алуға деген қызығушылығы артады.

Осы нәтижелерге қарай отырып, Выготскийдің «кіші жастағы балалар қоршаған ортамен қарым-қатынас жасап, ересектерше ойлай түседі» деген пікірмен толық келісуге болады. Шынымен де диалогтік оқытудың білім беру саласында алатын орны да, рөлі де ерекше. Сыныпта оқушыларға диалогтік оқыту өз ойларын жеткізуде зор пайдасы тиетінін дәлелдейтін біршама дәлелдер бар. Олар:

  • Оқушылардың тақырып бойынша түсінгендерін білдіруге мүмкіндік жасайды;

  • Басқа адамдарда түрлі ойлардың, тұжырымдардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне мүмкіндік береді;

  • Өз ойларын дәлелді түрде жеткізуге көмектеседі;

  • Оқушы өзінің қандай деңгейде екенін көрсетеді.

Диалогтік оқыту дегеніміз қысқаша бір сөзден айтатын болсақ, әңгімелесу. Ал әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бір бөлшегі. Әңгімелесудің 3 түрі бар:

  1. Әңгіме-дебат;

  2. Топтық әңгіме;

  3. Зерттеушілік әңгіме.

Сабақ процесі кезінде әңгіменің осы үш түрінде қолданып көру керек. Мен өзім қолданған кезде әңгімелесудің зерттеушілік түрі басым болды. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар шағын топта бірлесе жұмыс істеді. Сондай-ақ, өзіме, яғни, мұғалімге де тиімді болды. Сабақта оқушылардың білімі қандай деңгейде екенін түсіндім. Мысалы, «Денсаулық» тақырыбы бойынша оқушлылар постер дайындаған уақытта топта бір-бірімен пікір алмасып, тақырып бойынша жан-жақты зерттеу жүргізіп, бір-бірінің идеяларын талқылап, оған баға берді. Ұжымдық жұмыс істеу механизмі қалыптасып, ортақ бір шешімге келді. Нәтижесінде, оқушылардың өздеріне берілген тақырыпқа байланысты бірлескен түсінігі пайда болды.

Оқушыларға диалогтік оқыту әдісін қолдана отырып, мынадай жұмыстар жүргізуге болады: мәтінді талқылау, әңгімені бірлесіп құру, рөлдік ойын ұйымдастыру. Оқушылар әр сабақ сайын осы тәсілдер арқылы сұрақ қойып, өз ойларын айтуға мүмкіндік алды. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойларын жеткізіп, сабақты түсінуде бір-біріне көмектесті.

Сұхбаттасу арқылы оқушылар өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Өз деңгейін де түсініп, дамыту процесіне күш салды. Диалогтік оқыту оқушылардың ашылып сөйлеуіне, өз ойын жеткізуге, сөздік қорының артуына көмектесетінін түсіндім. Мысалы, рөлдік ойын көрсеткеде оқушылар сабаққа белсенді түрде қатысатын болды. Мысалы, «Дәрігерлік қызмет көрсету сабағында» оқушылардың «Ауруханада» тақырыбындағы рөлдік ойынына белсенді оқушылармен бірге сабақта аса белсенділік танытпайтын оқушы да қатысып, өзінің ойын-пікірін бөлісті. Бұл оқушының сыныптастарымен бірігіп жұмыс істеу нәтижесі деп білеміз. Осылайша, диалогтік оқыту арқылы сабаққа дұрыс қатыспайтын және тұйық оқушылардың ашылуына көп көмегін тигізетініне көз жеткіздік.

Тағы бір айта кететініміз, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында диалогтік оқыту оқушылардың жауабын түзетуге көмектеседі. Мысалы, күрделі сұрақтарды қарапайым етіп қою, өткен сабақтың материалына оралу, ойға салып дұрысын қабылдау және олығырақ жауап беруге итермелеу үшін қажет. Сонымен қатар, қазақ тілі сабағында диалогтік оқытуда идеялар екі жақты жүріп, соның негізінде білім алу үдерісі алға қарай жылжиды. Диалогтік оқыту барысында оқушылар мен мұғалімдер нәтижеге жету үшін тең дәрежеде күш-жігер жұмсап, өз ойларын жеткізеді. Пікір алмасып, бірге ойланады. Кері байланыс орнатып, өздерін әділ бағалай алады.

Қopыта кeлe, oқyшылapдың білімі жетілу үшін диалогтік оқытудың маңызы зор. Оған жоғарыда біраз дәлелдер мен мысалдар келтірдік. Диалогтік оқыту кезінде оқушылар нәтижеге жету барысында белсенділік танытып, ынтасы артады. Өз ойымен бөлісіп, пікірлеседі. Білімді де жан-жақты талқылау арқылы бірлесіп алады. Әңгімелесу арқылы оқушылардың оқуы тиімдірек бола түседі. Сондықтан, диалогтік оқытуды дамытып, оқушылардың сөйлеу қабілетін арттыруымыз керек.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!