Материалдар / «Қазақ тілі сабақтарында диалогтік оқыту негізінде оқушылардың тілдік коммуникациясын дамыту»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қазақ тілі сабақтарында диалогтік оқыту негізінде оқушылардың тілдік коммуникациясын дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогикалық қызметтер бойынша пайдалы кеңес болып табылады. Оқушылардың тілдік коммуникациясын дамытуға тиімді әдіс болады деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2021
473
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тобыл қаласы мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сомтемирова Шынар Тойкеновна



«Қазақ тілі сабақтарында диалогтік оқыту негізінде,

оқушылардың тілдік коммуникациясын дамыту»



Диалог сабақта оқушылардың

қызығушылығын арттырумен

қатар олардың білім деңгейінің

өсуіне үлес қосады.


Мерсер мен Литлтон


Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Ол диалогтың келесі үш түрін атап көрсетті:

  • Әңгіме – дебат. Ой - пікірлерде үлкен алшақтық болады, әрқайсысы өз шешімінде қалады; Қарым – қатынас “ия, солай”, “жоқ, олай емес” қатынастарын жүзеге асырады;

  • Топтық (кумулятивтік) әңгіме. Айтылған пікірге механикалық келісу;
    Білім алу мақсатында идеяларды төзімділікпен тыңдау;
    Идея қайталанады және жасалынады, үнемі мұқият бағалана бермейді.

  • Зерттеушілік әңгіме. Әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;
    Мұқият бағалау жүргізеді. Бір-біріне сұрақтар қояды.
    Айтқандарын дәлелдейді. Келісімге жетуге тырысады.

Диалогтық оқыту ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай және қолдау жасап оқыту әдісі болып табылады. Бұл әдісте оқушы тапсырманы мұғаліммен бірлесіп орындайды. Мұғалім және оқушы бір-бірін тыңдап, өз ойларымен , идеяларымен бөліседі.

Диалогтік оқытудың ерекшелігі – оқушылар қате жауап бергені үшін қорықпай , өз ойларымен еркін жеткізіп, бір-біріне өзара түсінікке жетулеріне көмектеседі.

Диалог – екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма. Егер сөйлеушілер екеуден көп болса, онда ол «полилог» деп аталады.

Монологтан айырмашылығы диалогта сөйлеумен қатар, тыңдау механизмдері қатар жүреді.

Диалог барысында : мұғалім – оқушы, оқушы – оқушы , оқушы – мұғалім

өзара сөйлесу арқылы жүзеге асады.

Диалогтік оқыту механикалық әңгіме, жауап алу, түсіндіру және талқылау сияқты әңгімелесуге үйретудің барынша дәстүрлі түрлерімен тығыз байланысқан.

Диалогтік оқыту сабақ барысында танымдық және өзара қарым-қатынасты қалыптастыратын стратегиялар жиынтығы.

Александердің пайымдауынша диалогтік оқытудың негізгі бес үлгісін анықтады:1) механикалық (мұғалім –сынып): қайталау арқылы фактілер мен

идеяларды зерттеу;

2) ауызша жауап (мұғалім-сынып немесе мұғалім-топ) : мұғалім

сыныпқа қайталауға арналған сұрақ қойып, оқушылардың

жауаптарын бағыттап отырады;

3) нұсқаулық/түсінік беру (мұғалім-сынып, мұғалім- топ немесе

мұғалім-оқушы) оқушыларға ақпарат ұсыну немесе түсініктеме беру;

4) талқылау ( мұғалім-сынып, мұғалім-топ немесе оқушы-оқушы) ақпарат

алмасу және проблемалық мәселелерді шешу мақсатында идеялармен

танысу;

5) диалог (мұғалім-сынып, мұғалім-топ,мұғалім-оқушы немесе оқушы-

оқушы) құрылымдалған сұрақтар және нысаналы талқылау арқылы

ортақ түсінік қалыптастыру.

Диалогтік оқытуда келесі әдіс-тәсілдер белсенді болып табылады: «ыстық орындық» , «иә» - «жоқ» , «ойланудың 6 қалпағы» , «өрмекші торы», «айналмалы бекет» , «миға шабуыл», «джигсо» .

Диалогтік оқыту барысында мұғалім – оқушы, оқушы – мұғалім болып бірлескен сұхбат жүргізеді. Диалог арқылы идеялар екіжақты бағытта жүреді, соның негізінде, білім алу үдерісі алға жылжиды. Оқушылар мен мұғалімдер нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайды. «Пікір алмасуда» тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмаса талқылайды, баға береді, бірге ойланады.

Диалогтік оқытуда сұрақ қою маңызды орын алады. Сұрақтың түрлері төмен деңгейлі және жоғары деңгейлі болады. Сұрақ қою техникасы түрткі болу, сынақтан өту, қайта бағыттау болып табылады. Түрткі болу: сұрақты қарапайым етіп қою, өткенді пысықтау. Сынақтан өту: толық жауап беруге, ойын толық айтуға ықпал етеді. Қайта бағыттау: сұрақты қайтадан басқа оқушыға бағыттау, жауабын тыңдау.

Аталған әдістің қиындықтары мен оны шешу жолдары бар. Сонымен қатар, жақсы нәтижеге жету жолы да анықталған. Қиындықтары: сөздік қорларының жетіспеуі, өз ойын жүйелі жеткізе алмауы, өзгенің пікірімен санаспау. Шешу жолдары: әртүрлі жаттығулар жүргізу, рөлдік ойындар, суретке мәтін құрау, топтың басқа мүшелерінің пікірімен санасу. Нәтиже: кері байланыс туды, күрделі сұрақтарға жауап бере алды, өз ойланын еркін жеткізіп, дәлелдей алды.

Диалогтік оқытуды қолданудың нәтижесінде оқушылар тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге жаттығады. Олар өзара пікір алмасып, идеяларын талқылайды, баға береді,ұжымдық білім мен түсініктерді жақсы қалыптастырады.

Оқушылар жауап беру арқылы өз ойларын айтуға мүмкіндік алады. Оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектеседі. Оқушылардың қызығушылығына арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады.

Менің тәжірибем бойынша аталған әдісті сабақта қолданудың әсерінен оқушылар тілді жылдам меңгеруге жаттығады. Өзара тілдесу мен сұраққа дұрыс жауап беруге қалыптасады. Оқушылардың бір-бірін тыңдауы мен нақты жауап айту қабілеті дамиды. Диалог арқылы оқушылардың арасында бір-біріне ықпал ету, көмек беру, достық қалыптасады. Оқушылардың тілдік коммуникациясы дамиды және тақырып бойынша сұрақ-жауап, пікір алмасу арқылы сөздік қорлары молаяды. Сонымен қатар, мұғалім – оқушы, оқушы – оқушы арасындағы диалог арқылы бірін-бірі дамыта алады. Диалогтік оқыту әдісі тақырыпты толық түсінуге жақсы көмегін тигізеді. Бұл – әдіс ең тиімді және қызықты деп ойлаймын.















































































































































































Shape1

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!