Материалдар / «Қазақ тілі сабақтарында оқушылар бойына қазақ халқының салт-дәстүрлерін дарыту»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қазақ тілі сабақтарында оқушылар бойына қазақ халқының салт-дәстүрлерін дарыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақ тілі сабақтарында оқушылар бойына қазақ халқының салт-дәстүрлерін дарыту» қазақ халқының салт дәстүрлерін дәріптеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2021
261
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қазақ тілі сабақтарында оқушылар бойына қазақ халқының салт-дәстүрлерін дарыту»

Абдижанова Лариса Алипбековна

Степногорск қаласы А.Байтұрсынұлы атындағы №2 ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне өте ерекше мән беретін халық. Салт – дәстүр ұлт үшін, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тірбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухан байлық – өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптарды халық бұлжытпай орындайтын болған. Сонымен қатар орындамаған адамдарды жазалап та отырған көрінеді. Осылай салт-дәстүр адамдар түсінігінде бұлжымас Заң орнында болған. Уақыт өткен сайын заман мен адам өзгерген сайын қарапайым халық арасында салт-дәстүрімізді сақтап, дәріптеп жүргендердің азайып жатқандығы көз алдымызда көрініс тауып жүргені жасырын емес. Осы себепті сабақтарымда салт-дәстүр туралы көбірек насихаттап, келе-келе сабақтарыма ұлттық ойындар, ұлттық тәрбие, ұлттық салт-сана деген ұғымдарды кеңінен қолдана бастадым. Салт-дәстүр ұғымы бала дүниеге келгеннен бастап жас сәбидің «Шарана шайқау», «Жарыс қазан», «Ат қою», «Қырқынан шығару», «Тұсау кесу», «Сүндетке отырғызу», «Тілашар» тойы т.б. дәстүрлерді күнделікті өмірде қолданыста екенін көріп жүргендер бар, екінші тарапта қолданбайтын да орталар кездесіп жатады. Салт – дәстүрді ескіліктің әдеті деп те қабылдайтындар болады. Біз оқушылар санасына үстіртін ғана жаттанды жолмен атап көрсетіп қана қоймай тереңінен, оқушылар санасына қандай мақсатта, не үшін, бұрын осы туралы қандай ұғым, сенім болған барлығы туралы терең түсінік қалыптастыруымыз керек.

Қазақ халқында көптеген ырымдар да жоқ емес. Дәл осы ырым ен салт-дәстүрді ажырата алмайтындар да жеткілікті. Ата-баба өсиеті болып бізге жеткен салт-дәстүрлердің өзіндік ерекшеліктері болса, ырым-сенімдер арнайы тыйымдар үшін қолданылған.

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі кезеңдегі әлемдік жаһандану жағдайында заман ағымына икемделуді, жаңа дәуірдің озық үлгілерін бойымызға сіңіруді міндеттеді. Егер жаңғыру елдің ұлттық – рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды деген болатын.





«Ел болам дсең, бесігіңді түзе» деп ұлы қаламгер Мұхтар Әуезов айтқандай, қай ғасырда, қай қоғамда болмасын біздің міндетіміз – салиқалы да саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ендеше ұлт үшін салт – дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!