Материалдар / Қазақ тілі "Тапсырыс қабылдаңызшы. Еліктеу сөздер" 9-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі "Тапсырыс қабылдаңызшы. Еліктеу сөздер" 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілді емес 9-сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерге арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2018
694
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Сынып: 9 Б

Күні: 3.10.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: «Тапсырыс қабылдаңызшы». Еліктеу сөздер

Сабақтың білімділік мақсаты: Тақырып бойынша меңгерген білімдерін тексеру. Еліктеу сөздердің мағыналық ерекшелігін таныту, лексикалық сөздік қорларын дамыту, білім, білік дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушыларды халықтық педагогика тұрғысынан тәрбиелеу, сөз өнерін қадірлей білуге үйрету.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Сөздерді байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру, оқушыларды жинақылыққа, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, туған халқының салт - дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білік пен дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: мультимедия, сөзжұмбақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, суретпен жұмыс, мәтін құрау.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.


Сабақтың жүру барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын сұрау.

«Тапсырыс беріңізші» атты диалог;

Жаттаған сөздерді тексеру үшін сөзжұмбақ шешу:

  1. «официант» сөзінің аудармасы?

  2. Дастархан басында қол жайылып берілетін тілектер, жақсы, игі сөздер?

  3. «Заказ» сөзінің аудармасы?

  4. Түйеден өндірілетін сусын?

  5. «ресторан» сөзінің аудармасы?

  6. «Меню» сөзінің аудармасы?

  7. «кафе» сөзінің аудармасы?

  8. Еттен жасалатын қазақтың ұлттық тағамы?

  9. Бауырсақ, шелпек неден жасалатын тағамдар қатарына жатады?

II. Жаңа сабақ

Өткен сабағымыздың жалғасы ретінде еліктеу сөздерді еске түсірейік.

1) Еліктеу сөздер мағынасы жағынан айналадағы әртүрлі дыбысқа және жеке қимылға, іс - әрекетке еліктеуді білдіруіне байланысты еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер болып екіге бөлінеді

Еліктеу сөздер

Мағынасы қарай

Еліктеуіш сөздер Бейнелеуіш сөздер

Түрлі дыбыстарға еліктеуден туындаған еліктеу сөздер Көру арқылы сипаттайтын еліктеу сөздер

Тарс, сарт - сұрт, тасыр - тұсыр, салдыр - гүлдір, арс - арс, т. б. Маң - маң, сылқ, жалт, морт, қисаң - қисаң, ербең - ербең т. б.


2. «Ойлан, тап!» айдарымен оқушылар сөйлем ішінен еліктеу сөздерді тауып, астын сызу керек.

а) Жүрегім лүп - лүп етіп, алқымыма тығылады.

ә) Өзі құп - қу болып сылқ етіп құлап бара жатыр.

б) Федоровтың көз оты жарқ етіп, дүние тұманданып, теңселіп бара жатқандай болды.

Федоров жалт етіп, тұздай көк көзімен Еламанға қадала қарады.

в) Кісендер даусы гүрс - гүрс етеді.

г) Ақша маңдайлы, кең сұлу жүзді Үмітей ашық үнмен сыңқ - сыңқ етіп, үй ішіне естірте күледі.


3. Біліміңді тексер.

Еліктеу сөздердің қатарына сәйкес келетін түрлерін белгілеңдер

4.Сергіту сәті.

5. Шылау мен еліктеу сөздерді ажыратыңдар

Бүлк, жалп-жалп, әйткенмен, қиқаң, дейін, немесе, шаңқ, жылтың, дегенмен, дүңгір, яки, арс


III. Бекіту сұрақтары:

  1. Еліктеу сөздері бар сөйлемге мысал келтір.

  2. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

  3. Қазақтың тағамдары неше түрге бөлінеді?

  4. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата?

IV. Қорытынды. Сабағымыз аяқталып келеді, ендеше біз еліктеу сөздердің мағыналық жағынан еліктеуіш, бейнелеуіш сөздер болып бөлінетінін білдік және ең маңыздысы, басқа сөз таптарына ұқсамайтын мағыналық ерекшелігі: еліктеу сөздер көбінесе көмекші етістіктермен тіркесіп, кейде қайталанып, қосарланып келіп отыратынын білдік.

V. Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Еліктеу сөздерді қатыстырып, 5-6 мақал - мәтел жазып, жаттап келу.

«БАЛҚАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ГИМНАЗИЯСЫ» КММ



















Ашық сабақ

«Тапсырыс қабылдаңызшы». Еліктеу сөздер

9-сынып





Өткізген мұғалім: Қалибекова Г.Қ.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі













БАЛҚАШ-2016

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!