Материалдар / Қазақ тілі Түбір мен туынды сөз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі Түбір мен туынды сөз

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек. Түбір мен туынды сөздің жасалу жолын және туынды сөздің құрамын талдай білуге үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2018
1421
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Қазақ тілі

Бөлімі:Сәулет

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Байшева Г. А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Түбір және туынды сөз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

3.3.6.1кеңжолдыдәптердебасәріппенкіші әріптіңбиіктігіменмөлшерінсақтапкөлбеу,үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

Сабақтың

мақсаттары:

Оқушылардың барлығы:

  • түбір сөзге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды;

  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады.

Оқушылардыңкөбі:

  • туынды сөздердің құрамына ажырата алады;

  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;

Оқушылардыңкейбірі:

  • туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады, туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады;

  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады

Бағалау критерийлері

негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

дәлізхана, құжырахана, қабірхана,мешіт, кесене, ескеркіш.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

1. Арыстан баб кесенесі қайда орналасқан?

2. Арыстан баб кімнің ұстазы болған?

3. Кесене қандай бөлмелерден тұрады?

4. Кесененің ең көне бөлігін ата.

5. Соңғы құрылыс қай жылы жүрді?

Құндылықтар

Арыстан баб кесенесі туралы мағлұмат беру арқылы өз еліне деген патриоттық тәрбие қалыптастыру.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, интерактивті тақта.

Бастапқы білім

Оқушыларда сөздің құрамы, түбір сөздер туралы білімі бар.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

1-5 минут

5 минут


Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал

  • Балалар, сабаққа дайынбыз ба?

  • Онда, қане, көңіл-күйімізді реттеп алайық.

Армысың, алтын күн!

Армысың, жақсы дос!

Бос өтпей әрбір күн

Білімге білім қос!


(Ж,Қ) Үйге тапсырмасын тексеру. Білімді бекіту.

Сөз

түбір-

жұрнақ-

жалғау-

сәулетшіге

құрылысшыға

уақыты

іскер

кітапхана

шеберлік




Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау.Бағалау критерийлерін оқушылармен бірге белгілеу.



Сабақтың ортасы

5-35 минут

5 минут











5-7 минут











1минут









10 минут


3.4.2.1(МК; Ө; ЖЖ) Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды қосып жаз.

Жұмыс, дос, сый, талап, қызмет, дойбы, ас

-лық, - шы, -ші, -кер, -тық


Дескриптор:

  1. Түбір сөздерге жұрнақтарды қосып жазады.

2. Түбірлес сөздердің мағынасын ажыратады


(ЖЖ)Мәтінді оқы. Мәтін мазмұнына тірек болатын сөздерді тап. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір.Мәтін бойынша бір-біріңді сұрақ қой.

Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші.Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидіңұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана,мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғ. шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Арыстан баб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35x12 м, биіктігі 12 м, бұрынғы Меккеге қараған есігі  Түркістанға,Әзірет Сұлтанға бағытталып, Солтүстік жағы кесене, Оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жәнделді. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген.

(Ө) Сауалнамалық тапсырма
1. Түбір сөзді тап
а) аға

b) ағайын

c) ағалар

d) ағайындас
2. Қосымша деген не?
а) түбір, жұрнақ

b) түбір, қосымша

c) түбір, жалғау
d) жұрнақ, жалғау
3. Түбірлес сөзді тап?
а) балықшы, әнші

b) күйші, ақын

c) сыйлық, сыйлы
d) қала, сабақ
4. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз
а) түбірлес сөз

b) туынды сөз

c) негізгі сөз

d) дара сөз
5. Түбірлес сөздер қалай жасалады?
а) бірнеше түбірден

b) екі түбірден

c) бір түбірден

d) әртүрлі түбірден


(Ұ)Жұмбақ шешу.
Жылт - жылт еткен, жылғадан өткен. (су)
Интерактивті тақтада мына сөздер көрсетіледі
Су, суат, сушы, суық, сулы, сусын, сулық.
Сөздерді оқыту, әр сөздің мағынасын ашу, сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату.
- Қандай ерекшелік байқадыңдар?
- Барлық сөздің түбірі бірдей.
- Ондай болса, қандай қорытынды жасауға болады?Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасауға болады.

(МК,Ұ)Мәтінді оқы. Туынды сөздерді теріп жаз.

Медеу – Алматы қаласындағы жасанды мұзайдын. Медеуде коньки спортынан жарыстар өткізіледі. Сонымен қатар мұнда алматылықтар мен қала қонақтары демалады.

Медеу дүниежүзі конькишілерінің өнер көрсететін сүйікті орнына айналды. Мұнда спортшыларға барлық жағдай жасалған.

«Ол кім?, Бұл не?» кітабынан


Берілген сөздерді жұрнақтар арқылы туынды сөзге айналдырып жаз.

Тау, ақыл, өнер, көйлек, біл, өнер.

























































Қорытынды бөлім

35-40 минут

5 минут




Қорытынды Рефлексия. Бәрін жақсы түсіндім деген оқушы №1, әлі де сұрақтарым бар деген оқушы №2, ешнәрсе түсінбедім деген оқушы №3 суретті көтеру арқылы сабаққа кері байланыс жасайды.

Үй тапсырмасы: Мақалды көшіріп жаз. Туынды сөздерді тауып, белгісін қой.

Жер-байлықтың көзі,

Еңбеккер-иесінің өзі.


Ердің сыншысы-елі.

Құрамында туынды сөзі бар 3 мақалды тауып жаз.








Қосымша ақпарат

Саралау -оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қиюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Тапсырма көлемі бойынша саралау, сұраулы сөйлемдерді топтастыру барысында;

  • Үй тапсырмасы бойынша мүмкіндігіне қарай таңдау

  • Бақылау негізінде қолдауды қажет ететін оқушыларды белгілеу

  • Жазба жұмысын «Бағалау бағдаршамы» негізінде ұйымдастыру

  • Өзін-өзі бағалау кестесі

Белсенді қимыл іс-әрекеттер, сергіту сәтін ұйымдастыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!