"Қазақ тілім байлығым"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазақ тілім байлығым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Пайдаңызға жарасын!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілім-байлығым.

Тіл- қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры,қатынас құралы. Тіл-ең ірі қару. Әр мемлекеттің өзіне тән мемлекеттік тілі болады. Осы тіл сол елде өмір сүріп жатқан тұрғындардың мемлекеттік тілі болып қалыптасады. Дүние жүзінде мыңдаған тіл түрлері бар. Сол мыңдаған тілдердің әрқайсының ерекшеліктері, тарихи сырлары да болады. Мысалы, француз тілі әлемдегі ең сұлу тіл болса, ағылшын тілі әлемде кең таралған тіл болып табылады. Осындай тілдердің қатарына өзіміздің айбынды қазақ тілін жатқызуға болады деп есептеймін.

Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және басқа елді мекендерде өмір сүріп жатқан қазақтардың ана тілі. Қазақ тілі бастауын ежелгі түрік жазу ескерткіштерінен, Талас,Орхан-Енесей жазуларынан алады. Кейін тіліміз біршама өзгерістерден өтіп, қазіргі таңда сөздік қоры мол тілдердің қатарында. Бүгінгі күні қазақ тілін 13 млн-нан астам адам тұтынады. Осыған байланысты тіліміз сөйлеушілер саны бойынша 58- орынды алып отыр. 1997 жылы Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қабылданған болатын. Осы жылдан бастап тіліміз біршама жетістіктерге жетті. Атап өтсем, қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі сөздік қоры бай тіл. Сонымен қатар, әлемдегі ең таза тілдердің бірі. Қазақ тілінің тарихы, сөздік құрамы бай. Көріп тұрғанымыздай, қазақ тілінің мәртебесі жоғары, ұлы тіл.

Қазақ тілінің өркендеуіне үлкен үлес қосқан көптеген ұлы тұлғалар бар. Соның ішіндегі А. Байтұрсынұлының орны ерекше деп ойлаймын. А. Байтұрсынұлы- мемлекет қайраткері, қазақ тілі білімі, әдебиеттану ғылымдарының негізін салған ғалым. Сонымен қатар А. Байтұрсынұлы қазақ әліппиін қалыптастырған болатын. Қазақ тілінде оқулықтар жазып, 24 таңбадан тұратын "қазақ жазуын" қайта құрастырып шығарды. Бұл тұлғаның қазақ тілінің қалыптасуына әкелген пайдасы өте зор. Сол үшін А. Байтұрсынұлына рахмет айтқым келеді.

"Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы- тілі. Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады"- деп А. Байтұрсынұлы айтқандай, қазіргі таңда қазақ тілінің қолданысы күрт төмендеп кетті. Неге? Себебі қазіргі таңда қазақ тілін ұмытқан қазақтар көп. Олай дейтін себебін, күнделікті өмірде неше түрлі жағдайға тап болып жүрміз.Жастарымыз қазақ тілінде сөйлеуге ұялатын заманға келіп жеттік.Бұл дегеніміз- тілге деген құрметсіздік.Ал бұның шегі болады деп ойлаймын.Әйтпесе, жоғарыда айтқандай сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалу қаупі бар.

"Ана тілі алтын қазына.Ана тілін қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз"-деген екен елбасы Н.Ә.Назарбаев.Демек,менің ендігі парызым қазақ тілінің мәртебесін одан сайын жоғарлатып , беделін нығайту және мен бұл парызымды орындамағанша жай таппаймын.

Ал екінші бақытым-тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.-деген М.Мақатаевтың керемет өлеңімен өз ойымды аяқтағым келіп тұр.Қорыта келгенде, мәңгілік елдің мәңгілік тілі болып қала берейік!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2023
481
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі