Материалдар / ҚАЗАҚ тілін жақсы меңгергені және білген үшін
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАЗАҚ тілін жақсы меңгергені және білген үшін

Материал туралы қысқаша түсінік
ТУФАНОВА ФЕРАЕ Бадирқызы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2020
456
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Н.Ф.Сайфулина, Н.М.Танабаева

ФАРМАЦИЯ ТАРИХЫ


Оқу құралы























қарағанды 2009

ӘОЖ 615 (09)

КБЖ 63.3 + 52.82 я 7

С 12

ПІКІР БЕРУШІЛЕР:

Д.М.Джангозина - «Болашақ» ҚУ фарамцевтикалық институтының фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., профессор


С.К.Жаугашева – ҚММУ клиникалық фармакология және фармакотерапия курсымен жалпы фармакология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор


О.К.Никитина– ҚММУ Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі


С 12 Сайфулина Н.Ф., Танабаева Н.М. Фармация тарихы: Оқу құралы. – Қарағанды, 2009. – 140б.

КБЖ 63.3 + 52.82 я 7


Оқу құралында ерте заманнан бастап Қазақстанда ХІХ-ХХ ғасырларда дәріханалық істің дамуы мен нарықтық экономика жағдайына дейінгі фармацияның даму барысы баяндалған

24 сәуір 2008 ж. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің білім, ғылым және кадр ресурстары Департаменті бекіткен фармация тарихы бойынша Типтік бағдарламаға сәйкес дайындалды.

Оқу құралы фармацевтикалық жоғары оқу орындары мен медициналық жоғары оқу орындарының фармацевтикалық факультеттерінің студенттері мен оқытушыларына, дәріхана қызметкерлеірне, өз мамандығының тарихына қызығушылық танытатындарға арналған.



Әдістемелік құрал ҚММА Әдістемелік кеңесінің отырысында талқыланып, мақұлданды. Хаттама № 8 08.04.2009

ҚММА Әдістемелік кеңесімен бекітіліп, басылып шығарылуға рұқсат етілді. Хаттама № 8 30. 04. 2009


©DrawObject1 Н.Ф.Сайфулина, Н.М. Танабаева, 2009

МАЗМҰНЫ




КІРІСПЕ……………………………………………………………………

4

1

ФАРМАЦИЯ ТАРИХЫ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ. ДӘРІТАНУДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ .............................................................


5


1.1 Ағашқы қоғамдағы дәрітану ................................................................

6

2

ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ ..........

12


2.1 Ежелгі Мысырдағы дәрітану ..............................................................

13


2.2 Месопотамиядағы дәрітану ...............................................................

16


2.3 Ежелгі Үндістандағы дәрітану ..............................................................

20


2.4 Ежелгі Қытайдағы фармацияның дамуы...............................................

23

3

ЕЖЕЛГІ ГРЕЦИЯ МЕН ЕЖЕЛГІ РИМДЕГІ ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ.........................................................................................................


30


3.1 Ежелгі Грециядағы фармация ...............................................................

30


3.2 Ежелгі Римдегі фармация .....................................................................

42

4

ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ФАРМАЦИЯ.....................................................

51


4.1 Батыс Еуропадағы фармация .............................................................

51


4.2 Византия империясындағы фармация ..............................................

57


4.3 Араб халифатындағы фармация .........................................................

59

5

ХVІІІ-ХІХ ҒАСЫРЛАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ. ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ХИМИЯ МЕН ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ....................................



68


5.1 Ғалымдардың химия мен фармацияға қосқан үлесі ........………..…..

70

6

І ПЕТР РЕФОРМАСЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ РЕСЕЙДЕГІ ФАРМАЦИЯ ........

83

7

ХІХ-ХХ ҒҒ. РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДӘРІХАНАЛЫҚ ІС....

101


7.1 ХІХ ғасырдағы Ресейдегі дәріханалық іс.............................................

101


7.2 Кеңестік билік кезеңіндегі дәріханалық істің дамуы..........................

104


7.3 ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы дәріханалық іс ................................

108


7.4 ХХ жүзжылдықта Қазақстандағы дәріханалық істің дамуы.............

112

8

НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОТАНДЫҚ ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ ......................................................................


117


Білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары....................................

130


Әдебиеттер тізімі ...........................................................................................

138












КІРІСПЕ

Өткенді оқып-үйрену бізге бүгінгімізді жақсы түсінуімізге септігін тигізеді. Кез келген құбылыстардың даму заңдылықтарын тану оның болашақтағы дамуын жақсы түсінуге көмектеседі.

Кез келген басқа да білім саласы тәрізді, фармация нақты шынайылылықтардың қосылыстарын емес, ұзақ та күрделі даму процессінің қорытындысын ұсынады. Сондықтан да, фармацияны оның тарихи дамуынан бастап оқып-үйрену қажет. Фармацияны оқу, басқа да білім салаларындағыдай, оның тарихымен танысу міндетін қарастырып қана қоймай, сондай-ақ, ғылыми көзқарасты қалыптастыруға, алғашқы тарихи мәліметтермен жұмыс жасай білуге тәрбиелеп, жалпы мәдени танымды кеңейтуге септігін тигізеді.

Әрбір фармацевтикалық пәндерді оқу оның тарихи даму жолына сараптама жасаудан басталады. Фармацевтикалық ғылым мен тәжірибенің жекелеген бағыттарының тарихымен жүйелі түрде танысу, студенттің материалды жақсы меңгеруіне және мамандардың кәсіби және шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруына мүмкіндік береді.














  1. ФАРМАЦИЯ ТАРИХЫ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ.

ДӘРІТАНУДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Өткенді оқып–үйрену бізге бүгінімізді жақсы түсініп, болашақтағыны жорамалдауға көмектеседі. Біз өмір сүріп жатқан уақыт білімнің бүкіл саласы бойынша, соның ішінде фармацияда да жедел дамуда. Сонымен қатар, біздің уақытта дайын материалдарды оқып-үйрену ғана емес, әрбір маманның өзіндік ғылыи жұмыстарының да, соның ішінде фармацевтердің де ролі өсіп келе жатыр. Осымен байланысты қазіргі ғылымды жетілдіре меңгеру үшін бұрынғы заманғы тарихтық қазыналардың да үлесі көп. Тек сонда ғана тарихи білімді және тарихи ойлай алатын маман болашақта оған кездесетін фармациядағы ауқымды өзгерістерге дайын бола алады. Фармация тарихы- халықтың жалпы тарихи мәдениетімен, бұқаралық- экономикалық дамуы және ауысуымен байланысты фармацевтикалық қызымет пен фармацевтикалық білімнің дамуын оқып зерттейтін ғылым. Фармация тарихының мағынасы әйгілі ғалымдардың фармацевтикалық ғылымды дамытудағы жетістіктері мен ролінің әлемдік прогресстегі деңгейін көрсетеді. Және де бір маңызды мәселе, өз мамандығының тарихын білу қазіргі уақытта оның жақсы дамуының бірден- бір белгісі және оның бәрі адамның өз қолында. Денсаулыққа әсер ететін қоршаған ортаны қорғау, бұқаралық- экономикалық, әлеуметтік және мәдени шарттарын зерттеудің нәтижесінде фармация ғылымы мен пәні дамыды. Әрбір фармацевтикалық пәнді оқып - үйрену, оның дамуының тарихи сараптамасынан бастау алады. Фармацевтикалық ғылым мен тәжірибенің жеке бағытындағы тарихпен бөлшектеп және нақты танысу – зерттелген материалды толық игеруге, жас маманның және студенттің шығармашылық мүмкіндігін жандандыруға ықпал етеді.

Фармация тарихын оқи отырып, біз оны бұқаралық – экономикалық құрылымдар бойынша адамзаттың жалпы қадамына жауапты дәуірлерге бөлеміз. Бұл құрылымдар мыналар: алғашқы-қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, әлеуметтік. Әрбір осы құрылымда фармацияның өзіндік ерекше әлпеті болды. Бірақ, әр құрылымның шегінде медициналық тәжірибе мен ғылым сол заманғы экономиканың, ғылымның, техниканың өзгеруіне қарай ауысып отырды. Фармация тарихы бізге қоғамдағы өзгерістермен байланысты фармацияда болып жатқан тамырлық өзгерулер мен қадамдарды көрсетеді.


    1. Ағашқы қоғамдағы дәрітану


Алғашқы қоғам тарихы өзінің ұзақтығымен барлық адамзат тарихының 99% құрайды. Алғашқы қауымдық құрылысты жер жүзінің әр қоғамы басынан өткерді, сондықтан да, адамзаттың болашақ қадамын түсіну үшін адамзат дамуының бастапқы кезеңдерін жете білу керек.


Алғашқы қоғамның қалыптасуы және дәрітанудың пайда болуы

/2 млн. жыл бұрын – шамамен 40 мың жыл бұрын/


Адамның жақын туыстастығының (австраопитектердің) гоминидтерге ауысуы үштік және төрттік кезеңде жүзеге асты. Ч. Дарвиннің адамдардың адам тәрізді маймылдардан жаралды деген гипотезасы «Түрлердің табиғи сұрыпталу жолымен дамуы немесе өмір үшін күресте жіктеліп қалған тұқымдардың сақталуы» (1859) атты еңбегінде келтірілген. Ч.Дарвиннің айтуы бойынша, адамның пайда болған жері Африка континенті, онда адамға жақын антропоидтар – шимпанзе мен горилла бар. Бұдан да басқа көзқарастар бар. Бұл сұрақтың соңғы шешімін болашақтағы ғылыми зерттеулер нәтижесі ғана бере алады.

Ежелгі адамдар қауымына ағашқы адамдар тобыры бастау болды. Ежелгі адамдар (архантроптар) тік жүретін болған, көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын жүргізген. Архантроптардың еңбекке қабілеттілігі олардың тілінің дамуына, сөйлеу, ойлау, сезінудің дамуына бастау болды. Адамның палеопсихологиясы алғашқы адамдардың сана-сезімінің үш саласын анықтайды: 1) эмпирикалық қабілет; 2) эмпирикалық қабілеттің ара- қатынасының нәтижесі; 3) абстракты ақыл-ес. Бірінші және екінші сала хронологиялық бөлінбеген және ол архантроптарда алғашқы ойлау, сөйлеу қабілеті және тідің дамуымен қатар жүрді. Естің үшінші саласы- абстрактты ойлану- архантроптарда әлі толық дамымаған, сондықтан да, оларда өлікті жерлеу, нанымдық сенімдер, салт-дәстүрлік, сиқырлы әрекеттер, ағашқы өнерге тән тасқа сурет салу сияқты әрекеттер болған жоқ.

Ежелгі адамдар (палеонтроптар) – қазіргі заманғы адамның ата- тегі – тас индустриясын ойлап тапты, балықшылықпен, құрылыспен, аңшылықпен айналысты және от тұтатты, жануарлардың терісін киім ретінде, баспаналарын жылыту үшін пайдаланды. Палеонтроптардың сөйлеу қабілеті қазіргі заманғы адамдарға ұқсай бастады. Ең бірінші өлгендерді жереуді неандертальдықтар бастады / Франция шекарасындағы Ла Ферраси, Ле Мустье үңгірі; Қырымдағы Киік - Қобада және т.б./, бұл олардың абстракты ойлауының пайда бола бастағанын көрсетеді.

Ежелгі адамдар пайдалыны пайдасыздан, емдік өсімдікті улыдан ажырата отырып, эмпирикалық жолмен өсімдіктер арасынан қайсысы қоректік, улы, емдік екенін ажырата білуге мүмкіндік ады. Олар мыналар: пасленді (дурман, белладонна, скополия), наркотикалық (қалампыр, темекі, үнділік конопля), асқорыту жүйесіне тітіркендіргіш әсер беретін өсімдіктер (жусан), сондай-ақ, салқындатқыш әсер беретін өсімдіктер (женьшень, лимон).


Алғашқы қоғамның гүлдену кезеңіндегі дәрітану

/шамамен 40 мың жыл бұрын- б.э.д. Х- У мың жылдық/


Жоғарғы палеолиттің басталуына қарай антропогенез бен қазіргі түрдегі адамдардың – Homo sapiens даму процесі аяқтала бастады. Осыдан нақты гоминидті үштік қалыптасты. Ойкумен әжептеуір кеңейді. Қоршаған ортаның шарттарына бейімделумен қатарлас қазіргі заманғы нәсілдердің (негроидты, европеоидты, моңғолоидты, австралоидты) құрылуы жүрді.

Қауымның, қару - жарақтың, садақ пен жебенің дамуы өндіргіш күштердің өркендеуіне әкелді, аңшылардың туыстық қоғамдары, құрылысшылардың, балықшылардың жиыны пайда болды.Кейін жер өңдеушілер мен мал бағушылардың тобы құрылды.

Аңшылық шаруашылыққа өту кезеңінде адамдардың көзқарастары да өзгере бастады. Алғашқы аңшы жануарларды тіршілік көзі ретінде ұға бастады. Көптеген тобырлар қандай да бір жануарды өздерінің топ басшсыы ретінде қабылдады, олар өздерінің топтарының белгілі бір жануар түрімен туыстық қатынасы бар екендігіне сенді. Осыдан барып олар жануарларға сыйынуды бастаған. Солтүстік Африкада сыйынатын жануар буйвол болса, Сібірде- аюға, Үндістанда – сиырға, Грецияда – ешкіге сыйынған. Кейбір топтардың аңшылары тастан, сүйектен және ағаштан өздерінің сыйынатын жануарларының бейнесі тәрізді тұмарлар жасап алып, оларды қатерден қорғап, денсаулықтарын сақтау үшін өздерімен бірге алып жүрген.

Алғашқы аңшылар мен балық аулаушылар ұжымынан – адамзат қоғамы қалыптасты. Алғашқы ұжымдастыру кезінде - әйелдер қоғамның тұрақты бөлігі болды. Олар балаларға қарап, шаруашылықты жүргізді. Осыдан аналар шаңырақтың шырағын жағып, қорғайтын жан деп саналды. Бірақ рулық қауымда төменгі кәсіби еңбекте әйелдер мен ерлердің атқаратын қызметі бірдей болды, ал рудың көсемі сол руда дүниеге келген қыз немесе ұл бала болды.

Ертедегі тайпалардың жандүниелік мәдениеті рационалды және иррационалды ұсыныстардан қалыптасты. Рационалды дүние танудың нәтижесі - білім мен дәрігерлік емдеуді қабылдау болып табылды. Австралияның аборигендері тас дәуірінде өмір сүрген. Олар асқазан ауруларын емдеп, қан кетуді -күлмен, өрмекші өрнегімен тоқтатып, ал тері ауруларын зәрмен жуып, топырақ басқан; сынықтарға шиналар қойып; өсімдіктерден, жануарлардан, минералдық заттардан дәрілік заттарды жасап, қолдана білген.

Сүндетке отырғызу мен кесар тілігін жасауды білген. Бірінші хирургиялық құралдар ретінде тас пен сүйіктен жасалған пышақтар мен балық қабыршағымен тікенектерін қолданған.

Ал Америкалық аборигендер эмпириялық жолмен жансыздандыру мақсатында есірткі заттарды қолданған. Кактустың шырындары мен тұнбалары бірнеше күнге дейін жансыздандыру заттары сияқты әсер еткен.

Алғашқы адамдардың құрылыстық өмірінің күрделенуі олардың санасын дамытты: санады үйрене бастады, діни сенімдері күрделене түсті. Ауруды – ауырып өлген ата-бабаларының аруағы сау адамдарға келіп енеді де, ауру пайда болады деп түсіндірді. Сондықтан емшілердің бірінші мақсаты- науқастың денесіне енген аруақты шығару болды. Науқастың денесінен аруақты қуудан басқа бас қаңқасына трепанация операциясын да жасаған. Бірінші трепанация жасаған адамның бас қаңқасы біздің планетамызда Латын Америкасының Куско (Перу) қаласында 1865 жылы табылды. Алғашқы адамның трепанация жасалған бас қаңқасының сараптамасы трепанацияның сәтті өткендігін көрсетеді, оны бас сүйегіндегі біріккен қаңқалары куәландырды.

Қарағанды облысы Қарабие ауылында еуропейдке жататын ер адамның бас сүйегі табылған (б.э.д. V-ІV ғ.). Бас сүйекке бір-біріне жақын өте өткір қашаумен ойып тескен бес ойық бар.

Қазіргі нейрохирургтерді таң қалдырған VІ ғасырда трепанация жасалған түрік жауынгерінің бас сүйегі. Бас сүйек Оңтүстік Қазақстан облысында табылды. Мамандардың болжамы бойынша жауынгер осыдан кейін бірнеше жыл өмір сүрген.

Алғашқы қоғам адамдары - бас сүйегі тесігінен ауру шығады деп сенген. ХІХ ғ. ортасына дейін Тынық мұхитының Увей аралында аурулардың алдын алу мақсатында нәрестелердің бас сүйегіне жүз пайыз трепанация жасалған.

Осылардың ішінде бұрынғы адамдар пайдаланған тәсілдер қазір де қолданылады: эфедра емдік өсімдік ретінде Қытайда 5 мың жыл бұрын пайдаланылған. Хин ағашының емдік қасиетін инктер ашқан. Көктемгі тау гүлімен қызылша мен ентікпені емдеген. Арнайы білімдер де қалыптаса бастады, кейін олар халық медицинасында қолданыла бастады. Лалагүлдің, оймақшөп жапырақтарының әлсіреткіш әсері; сүлік, оңқалар, минералды сулар біздің ата - бабаларымыздың халық медицинасынан қалған емдері. Фармакопеяға енген көптеген дәрі-дәрмектер мен емдік заттар осы халық медицинасының жемісі.

Адамзаттың дамыған қауымдық қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық дамуы жеке меншік пен алғашқы қауымдық құрлыстың туындауына әкелді.

Алғашқы қоғамның ыдырауы кезеңіндегі дәрітану

(б.э.д.Х-Ү мың жылдық)


Алғашқы қоғамның ыдырауы екі түрде жүрді: патриархатты кейіннен матриархатты. Олар қатарласа дамыды.

Патриархат кең таралды. Мұнда басты рольді ер адамдар алды.

Матриархат – қауымдық қатарда сирек таралған, басты экономикалық рольді - әйел адамдар басқарған. Біздің планетамызда ежелгі матриархат саясатымен өмір сүретін тайпалар бар (ирокездер, минангкабау және т.б.).

Алғашқы қоғамның ыдырауы экономикасы жақсы аудандарда б.э.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықта аяқталды. (Месопотамия, Египет, Инда бассейні). Қолайсыз аудандарда, Австралия, Африка елдерінде қазірге дейін жалғасып келеді.

Бұл кезеңнің маңызды жаңалығы б.э.д. ІҮ ғасырда иероглификалық жазуларды ойлап шығарулары: бірінші египеттіктер, кейіннен - қытайлықтар.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!