Материалдар / Қазақ тілін лингвомәдени аспектіде оқытудың практикалық маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілін лингвомәдени аспектіде оқытудың практикалық маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала Тақырыбы: "Қазақ тілін лингвомәдени аспектіде оқытудың практикалық маңызы" Мәтінде лингвомәдени аспекті тұрғысынан оқытудың маңызы мен бірнеше үлгісі көрсетілген. Лингвомәдени тұрғыдан оқыту білім алушылардың бойынша ұлттық құндылық пен қатар өзге мәдениетаралық коммуникацияға түсу дағдыларын жетілдіреді, төл мәдениетін тануда қызығушылығын арттыруға көмектеседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2022
403
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілін лингвомәдени аспектіде оқытудың практикалық маңызы

АБАЕВА К. Б.

Абай ат.ҚазҰПУ-дің I курс магистранты


Жаһандық білім беру кеңістігінде оқытудың жаңа парадигмалары пайда болғалы бері ұлттық құндылықтар мен ғылыми-техникалық революцияның,инновациялардың үндесуі және интеграциясы озық елдердердегі оқытудың басты тенденциясына айналды. Адамзат өркениетінің үдемелі дамуы мен жаңашыл траекторияда бет алуына байланысты өскелең ұрпақ бойында болуы тиіс қабілеттер мен дағдылардың жаңа критерийлері пайда болды.
Заманауи білім беру жүйесі де, еңбек нарығы да ақпарат пен деректі күнделікті өмірге қажет деп қана қарастаратын тұлғаларды емес, меңгергенін еш қиындықсыз практикалық тұрғыда шебер қолдана алатын мамандарды құнды деп санайды, дегенмен сұраныс тек кәсіби біліктіліктен бөлек адамның рухани құндылықтарға көзқарасы, коммуникативтік дағдылары мен жалпы таным-көкжиегінің кеңдігі, өмір бойы оқуға ұмтылысын бағалайды. Антропоцен дәуіріндегі құндылықтар мен дағдылардың деформациясы мектеп қабырғасында оқытылатын пәндердің құрылымы мен мазмұнын жаңарту қажеттілігін тудырды. Әсіресе, тілді оқыту барысында мультилингвалды кеңістікте ана тілі арқылы білім алушылардың линвокультуремалық танымы мен сауатын арттырып, мәдениет пен жаңашылдық негізінде, ана тілінің жаһан кеңістігіндегі өзектілігін түсіндірудің рөлі артты.

Өзгерістерді сыни әрі саналы тұрғыда қабылдамаса, қоғамдағы мультимәдени орта мен полиэтникалық кеңістік, унификация мен жаһандану үрдісі ұлттық кодты деформациялап, ұлттық сананы тобырлық қоғам деңгейіне қарай кері регрессияға апаруы мүмкін болжамын отандық тілші-ғалым Нүpгелдi Yәли де атап өткен.

Қоғамды құрайтын - тұлға, ал тұлғаны әлеуметтендіретін орта - мектеп болғандықтан, оқушының ұлттық дүниетанымын кемелдендіру, сана-сезім көкжиегін кеңейтуде ана тілі, яғни қазақ тілі пәнінің білім мазмұны ұзақмерзімді стратегиялық мақсаты бар, тұтас елдің даму траекториясын салатын фактор, лингвомәдени тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақ бойындағы ұлттық сананың жаңғырып, ұлттық кодтың орнығуының негізгі критерийі деп есептеймін.

Біріншіден, ұлттық дүниетанымның тетігі - тіл, себебі құрал ретінде мәліметті тану,талдау, қабылдау қызметін атқарады және тілдің негізгі лексикалық қабаты мәдени кодтар қоры ретінде халықтың болмысын, менталитетін бейнелейтін көрсеткіш. Қазақ тілін оқыту әдістемесі призмасы тұрғысынан қарастырсақ, тілдік білімнің ұлттық мүддемен тоғысуын практикалық тұрғыда сәтті меңгерту мүмкіндіктері көп, бірақ ол педагогтің шеберлігіне тәуелді деп ойлаймын.Қазақ тілінде конверсия, перифраз, сынды лингво-құбылыстардың молдығы тілді көпжақты құбылыс ретінде оқытуға мүмкіндік береді. Бүгінде өзекті функционалдық сауаттылық пен практикалық білім принциптерінің ұтымдылығы - жаңа ақпаратты бес қаруды сайлағандай дайындап беруден бас тарту, керісінше, оқушының өзіне ойлануға мүмкіндік беру. Қалыптасқан қағида бойынша оқулықтарда ұлттық таным мақал-мәтелдер, этнофразеологизмдер мен нақты тақырып аясындағы шешендік сөздер арқылы беріледі де, оқушы санасында “ұлттық мәдениет” ұғымының өзі күнделікті қажеттіліктен тыс өмір сүретін құьылыс ретінде трансляцияланады.

Осының негізінде, мысалы,грамматикалық сауаттылықты қалыптастыруда “Есімше” тақырыбына “Бүлдірген тере барғанда” (“Абай жолы”) үзіндісінен ұлттық құндылық элементтерін дәлелдеп, бір ғана “бүлдірген” сөзіне кешенді талдау тапсырмасы берілсін.

Сөз қалыптасуындағы лингвомәдени аспектіге мән беру критерийі қойылса, трансверсальді құзыреттілікке сай оқушылардың ақпаратты сұрыптау, анализ және интерпретация жасау дағдысы, критериалды ойлау қабілеті дамиды.Себебі бір сөз негізінде тұжырым, заңдылық байқау мүмкін емес, сондықтан өз бетінше осы шаблонға сай өзге сөздер жайлы ойланады,ізденеді, салыстырады және халық мәдениетінде қалай көрініс тапқанын сабақтастырады.Тілді этномәдени элементтер жиынтығы ретінде таныған оқушы семантика,морфология заңдылықтарын ұлттық құндылықтар көрініс тапқан сөздер арқылы тәжірибе жүзінде таниды.

Екіншіден, жаңартылған білім мазмұны аясында даярланған лексикалық тақырыптардағы ұлттық аксиологиялық тірек концептілер мен ҚР Білім министрлігі ұсынған жалпыадамзаттық құндылықтардың арасында байланыс жүйесіз,жұтаң болғандықтан, қазақ тілі пәнін дәстүрлі дүниетаным мен рухани мұралармен ұштастырған жөн деп есептеймін. “Ұлттық құндылық” ұғымы оқулықтарда шектеулі, таптаурын форматта ұсынылады, олар:мақал, көркем мәтін үзіндісі не шешендік сөз. Менің ойымша, заман талабына сай қазақ тілін оқыту интербелсенді әрі креативті, тілді коммуникативтік-когнитивтік тұрғыда тануға бағытталуы тиіс,себебі қазіргі оқушылар "тегін, дайын" ақпаратты құнсыз көретін талғампаз реципиенттер. Практикалық зерттеу жұмысы ретінде жағдаяттық тапсырмалардың арқасында бірегей шешім мен ұсыныстардың пайда болады, ал жазба жұмысы тілдік құзыреттілік пен пікір білдіру сауатын арттырады.Мәселен, халықаралық байқауға жіберілетін отандық кино туындыларындағы орфоэпия олқылықтары, ауызекі сөйлеу стилінің ерекшеліктерімен қатар ұлттық менталитетті қалыптастырушы фреймдерді талдап (қазақтар және басқа байқаудағы өзге ұлт өкілдері не, қалай түсінеді) қабылдау ұлттық құндылықтар бар, қандай әрекеттер ,керісінше, ұлттық болмысқа кереғар элемент ретінде көрсетілді, оның мақсаты неде?"сынды жетелеуші сұрақтар оқушылардың медиасауатын, талғамын қалыптастырады, әрі күнделікті өмірде, қарапайым іс әрекеттер арқылы ұлттық танымды мектептегі академиялық бліммен ұштастыруға болады.

Білім беруде қалыптасқан дәстүр бойынша тілді оқыту мотивациясын қалыптастыру жүйелік ұстанымынан басталады,сондықтан инновациялық әдіс-тәсілдерді, заманауи тақырыптарды кіріктіру барысында ұлттық мүддемен үйлесімін ,жүйелігін әрі ғылымилығын сақтау қажет. Ғалым Ушинский зерделеген көрнекіліктік принципінің де оқушылардың ана тілін тек таптаурын формада емес, жаңа тұсынан тануға жағдай жасайды, сондықтан ұлттық құндылықтарға баулу стереотиптік клишелерден бөлініп, білім алушылардың шығармашылдығын, ой ұшқырлығын көрсете алатындай, құндылықтардың өзектілігін дәлелдей алатындай проблемалық оқытумен сабақтаса түрлі форма мен форматта жүзеге асыруылуы тиіс.

Егер тіл білімінің ұлттық таныммен тоғысы қазақ тілін оқытудың алғышарты ретінде қарастырылатын болса, бұл пән XXI ғасыр азаматына тән “софтскилз” (“жұмсақ”дағдылар) меңгерген, теориялы білімін практикада қолдана алатын әрі меңгерген білімнің өзектілігін тиімді қолданатын, өзіндік зерттеу жұмысын жүргізіп, ғылыми тұжырымдарға негізделген көзқарастарды талдау алатын әрі ұлтының рухани байлығын бойына сіңіріп өскен сауатты азамат болары анық. Тәрбие тілден басталғандықтан, оқушы бойындағы қабілеттер мен дағдыларды дамыту, қоғам сұранысына сай бәсекеге қабілеттілікке ұмтылу білім беру жүйесінің басты стратегиялық мақсаты табылады және оның жүзеге асуы сәтті болуы үшін білім беру,оқыту да тәрбие мен тілдің гармониясы арқылы көрініс табуы тиіс.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!