Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕГІ АУДИОВИЗУАЛДЫ ҚҰРАЛДАРДЫҢ РӨЛІ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шығыс Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетін түлету мектебі КММ
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕГІ АУДИОВИЗУАЛДЫ ҚҰРАЛДАРДЫҢ РӨЛІ
Г.Т. Құрманғалиева
Еліміз егемендік алғаннан бері қазақ тілін оқыту, оның әдістемесін жетілдіру мәселесі күн тәртібінен түспей келеді.
Қазіргі кезде шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет.
Біздің баса назар аударатынымыз – мемлекеттік тіл мәртебесін арттырып, дамытудың бір жолы – қазақ тілін оқытуда нәтижеге жетелейтін тиімді әдіс-тәсілдерді қодану. Бұл қазақ тілін сапалы оқытудағы маңызды мәселелердің бірі.
Сондықтан тіл үйрету мәселесіне жаңаша көзқарастың қажет екенін аңғартады. Бұл бұлтартпас ақиқат.
Тіл үйретуде ұстанатын 4 негізгі ұстаным жадымызда нақты бекіген. Мәселен,
1) төрт негізгі дағдыны дамыту (сөйлесім, жазылым, оқылым, тыңдалым);
2) көрнекі және дыбыстық құралдарды тиімді пайдалану; (аудио, видео т.б.)
3) берілетін мәлімет әлеуметтік өмірден көрініс табуы керек;
4) адамның жас ерекшелігі мен қабылдау түйсіктерін де назарға алу керек. [1, 286] Міне, осы 4 негізгі ұстанымды бірдей алып жүріп, осы бағытта жұмыс істегенде ғана нәтижеге жетуге болады.
Тіл үйретуде көрнекі және дыбыстық құралдарды көп пайдалану бірден көп сезімнің іске қосылуын қамтамасыз ететіні белгілі. Мысалы, тіл үйренушілер естігенінің 10%-ын, естіген және көргенінің 50 %-ын, естіген, көрген және өзі жасағанының 90%-ын есте сақтайтынын ғалымдар дәлелдеп берген.
Сондықтан да өзге ұлт өкілдеріне тілді үйретуде барынша тиімді әрі қызықты тәсілдердің бірі – аудиовизуалды құралдарды пайдалану білу бүгінгі күн талабы. Аудиовизуалды құралдардың тіл меңгертудің барлық деңгейлерінде модульдік тақырыптарына сәйкес беру – әр білікті маманның міндеті.
Осы салада жұмыс істеп келе жатқандықтан, аудиовизуалды құралдардың тіл үйретудегі рөлі, тиімділігі, тәсілдері жөніндегі іс-тәжірибеммен бөліскім келеді.
Аудиовизуалды құралдардың тиіміділігіне тоқтала кетейік.
-
біріншіден, тыңдаушылардың тілге деген қызығушылығын арттыратын «сиқырлы таяқша» іспетті құрал;
-
екіншіден, сол үйретіліп отырған тілдің ерекшеліктерін, дұрыс дыбысталуын ести отырып, оны өзінің сөйлеу мәнерімен салыстыра алады, бағалай алады;
-
үшіншіден, тыңдай отыра іс-әрекеттері арқылы түсінуге дағдыландырады;
-
төртіншіден, алған теориялық білімін өмірмен ұштастырып, абстрактіден шынайы, күнделікті өмірмен байланысты болады;
-
бесіншіден, оқытушы мен тыңдаушылардың шығармашылықпен айналысуына, сабақты түрлендіруге мүмкіндік береді, жалпы олардың қиялын, арманын, өзін-өзі тануына да септігін тигізеді;
-
алтыншыдан, көрсетіліп отырған бейнефильм не болмаса қандай да бір шоу-бағдарламалар фрагменттері болсын сондағы кейіпкерлердің проблемасын шешуге ықпал етеді.
Сонымен, видеосабақ - дыбыс пен көріністі пайдалана отырып, тыңдаушылардың көру және есту қабілетін жаттықтыратын сабақ түрі. [2, 47]. Видеосабақты дұрыс ұйымдастыра білу де оқытушының бірқатар білігін аңғартса керек. Сол себепті аудиовизуалды құралдарды қолдануда мынадай мәселелерге назар аударған жөн.
-
Деңгейі мен модульдік тақырыбына сай келетін фильм немесе басқа да аудиовизуалды құралдар көзін айқындап алу;
-
Айқындап алынғаннан кейін қажетті фрагментті Freemake Video Converter бағдарламасы бойынша сізге қажетті үзіндіні кесіп алу;
-
Фрагмент бойынша жаңа сөздерді белгілеу;
-
Уақытты үнемді пайдалану үшін үзіндіні он минуттан асырмау керек.
-
Жаңа сөздерге тоқталып, мағынасын анықтап, сөйлем құрату т. б. тапсырмалар беру;
-
Жаңа сөздерді дұрыс айтуды үйрету үшін фильмді кері айналдыруға болады;
-
Үзіндіге қатысты сұрақтарды алдын алатақтаға жазып немесе көбейтіп қолдарына таратып, материалды олардың алаңдамай көруіне мүмкіндік жасау;
-
Қорытындылау кезеңінде міндетті түрде үзінді бойынша деңгейлеріне сай диалог, монолог жүргізіледі.
-
Үзіндінен түсінгендерін жаздыру. Бұл мазмұндама, шығарма, эссе түрінде жазылады.
-
Пікірталас, дебат, ойталқыға салу. (В1, В2 деңгейлеріне)
Сабақ барысында аудиовизуалды құралдарды төмендегі тәсілдерді пайдаланғанда қолдануға болады.
-
Жорамалдау тәсілі. Модульдік тақырыпқа сәйкес көркем фильм, бейнефильмдердің фрагменттерін көрсетіп, кейіпкерлердің кім екендігі, олар немен шұғылданады, бұл кейіпкерлер бір-біріне кім болуы мүмкін сияқты жетелеуші тапсырмалар арқылы сөйлету. Сонымен қатар фрагменттің соңын көрсетіп, оқиғаның осылай аяқталуы немен байланыстыекенін сұрау, анықтау. Мұндай тәсілді көбінесе орта деңгейде тіл дамыту жұмыстары ретінде де ұсынуға өте тиімді деп есептеймін.
-
Көріп-тыңдау тәсілі. Бұл тәсіл бойынша міндетті түрде сөзі аз, көрінісі көп үзінді алу керек. Тіл үйренушілерді 2 топқа бөліп, сабақтың шартын түсіндіру қажет. Мәселен, 1-топ үзіндіні көріп отырса, 2- топ теріс қарап отырады. Үзіндіні көрген топ не көргендері туралы айтса, көрмеген топ сұрақтар арқылы үзіндінің қайда, кім туралы, оқиғаның өту уақыты т.б. мәліметтерді білуі керек. үзіндіні қояды, үзінді біткен соң бірінші топ екінші топқа киноүзіндіні айтып береді. Киноны көрмеген топ үзіндіні айтып беруі керек. Тексеру мақсатында үзінді қайта қойылады. Бұл жолы барлығы бірге көреді. Жазуға да болады. Бұл тәсіл бойынша оқытушының ойының ұшқырлығына байланысты тапсырмаларды түрлендіріп беруге болады. Бұл өте қызықты әрі сабақ барысында тіл үйренушілердің позитивті жұмыс істеуіне ықпал ететінін тәсілдердің бірі екендігін айта кеткен абзал. (В1, В2 деңгейлеріне)
-
Дұрыс-бұрысын анықтау тәсілі. Бұл тәсіл бойынша киноны көріп болған соң, алдын ала дайындалған тапсырманы таратып береді. Мұнда үзіндідегі сөйлемдер (сұраулы, хабарлы) беріледі. Сөйлемдер дұрыс не бұрыс берілген. Дұрыстың жанына «д» қатенің жанына «қ» белгісін қояды.
-
Сұхбат құру тәсілі. Бұл тәсіл бойынша үзіндіні көріп болған соң сұхбатты рольмен ойнатып құрастырады. Үзіндіні екінші рет көрген кезде, міндетті түрде дыбыссыз көріп, кейіпкерлерді тіл үйренушілердің өздеріне рольмен ойнату қажет. [3, 105] (А2, В1 деңгейлеріне)
-
«Қайсысын естідіңіз?» тәсілі. Тіл үйренушілерге үзіндіні көріп болған соң, алдын ала сюжетке сәйкес сөздер жазылған парақты ұсыну керек. Олардың міндеті - сюжетті көргеннен кейін парақта жазылған сөздердің қайсысын естіді, соны түртіп белгілеу. (А1, А2 деңгейлеріне)
-
«Қайсысын көрдіңіз?» әдісі. Бұл әдісте 5-әдісте қолданылған сюжетті ұсынып, енді не көргендерін жазу. Парақта 5-әдістегі сөздер жазылады. Осы әдісте салыстырма жұмысын да ұйымдастыруға болады. Бұл әдістің тиіміділігі – сөздік қорды молайтуға көп септігін тигізеді. (А1, А2 деңгейлеріне)
-
Үзіндідегі негізгі ой. Қазақ тілін меңгеру деңгейін «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша тексеретіндіктен, осы ұсынылатын тәсіл өте ұтымды деп есептеймін. Мәселен, фрагментті көріп, кейіпкерлер арасындағы әңгіменің ең қажеттісін, ең негізгісін сараптап алу міндеті тұрады. Осындай тәсіл арқылы тіл үйренушінің тілдік білімі бірден байқалады. Себебі, бұл зеректік пен мұқияттылықты талап етеді. Оқытушы көмек ретінде бірнеше нұсқа беруіне болады. Дегенмен, үйренушінің өзінің нұсқасы болса тіпті керемет болады.
-
Жоспар құру. Көрген үзінділер бойынша әр үйренуші сюжетке сәйкес рет-ретімен жоспар құрады.
-
Тізбекті тапсырмалар. Ми шабуылы. Бұл тәсілдерді В1, В2 деңгейлерінде қолдануға болады.
-
Талдау тәсілі. Бұл тәсілде міндетті түрде көрген үзінділер бойынша талдау жұмысын жазу қажет. Талдау үлгісі беріледі.
Қорытындылай келе, аудиовизуалды құралдарды тиімді, ұтымды пайдалану үшін оқытушы бұл мәселеге байыппен келіп, ізденімпаздық қабілетін танытуы қажет. Ал тіл үйренушілерді қызықтыру және мотивациялау жағынан келгенде бұл таптырмас құралдардың бірі деп айтсам артық айтқандық емес.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
-
З.Ш. Ерназарова, Е.Е. Тілешев. Мемлекеттік қызметшілерге арналған үш деңгейлік оқу құралы. Қарағанды – 2010.
-
Ж.Қ. Түймебаев, Қ.Қадашева. Қазақ тілі. Деңгейлік оқу-әдістемелік кешенінің негізгі оқулығы.Алматы – 2013.
-
Қ.Ибрагимов. Жаңа үлгідегі қазақ тілінің әдістемесі. Алматы – 2007.